Лекции по "Басқару есебі"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 15:11, курс лекций

Краткое описание

Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік.

Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

6асқару есебі.doc

— 809.00 Кб (Скачать документ)

Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік.

 

  1. Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
  2. Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
  3. Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.

 

  1. Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.

Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын  дайындай кезінде, баға саясаты аясында  стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетінөнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.

Басқарушы есепті қалыптастыру мен  дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (басқарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалетрияны (қаржылық және калькуляциялық) құру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, ірі компанияларды құрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен байланысты болып келеді.

Бұл белгілі бір жағдайда біртұтас ұлттық шоттарды қалыптастыруға әсер етті. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғысқа  дейінгі континентальды Еуропа (Франция, Германия және т.б.) елдерінде ұлттық шоттар біртұтас нысанында қаржы  және басқарушы есеп шоттары болып саналады.

Екінші дүниежізілік соғыстан кейін  Еуропаның экономикалық өміріне  американдық капитал ене бастады  да,  сосын олар экономиканың басты  салаларын иеленді, онымен бірге  бухгалтерлік есепте англо-американдық  тәсілі таныла бастады. Осыдан кәсіпорындағы әкімшіліктердің мүдделерін (қызығушылығын) қамтитын қаржылық пен басқарушылық және де коммерциялық құпияны сақтайтын шоттар жоспары керек екені жөнінде теориктер мен практирдің пікірлері бір жерден шықты. Ұлттық шоттар жоспарының одан әрі дамуы қаржылық есепті жасау мүмкіндігіне бағытталды және көбінесе олар өздерінің қаржылық есеп аясында шектелді. Бұндай құрылымдқ өзгерістер ағарту саласына да өз әсерін тигізе бастады.

Басқарушы есептің дербес оқу пәні ретінде пайда болуы Американдық бухгалетрлер ассоциациясының түлектерге бухгалтер-талдаушы квалификациясын беріп, басқарушы есеп бойынша диплом алу жөнінде 1972 жылы әзірлеген бағдарламасымен байланысты. Бұл жыл бухгалетрлік есептің қаржы және басқарушы есебі болып, ресми түрде бөлінуін айқындады.

Отандық экономикада басқарушы  есепті жаңа құбылыс түрінде қарау  қателік болар. Бухгалетрлік қызметтің  атқаратын жұмысы совет үкіметінің кейінгі жылдарымен салыстырып ұарағанда, 20-30 жылдардың басында едәуір кеңірек  болған. Сол заманның бухгалетрі есептік те, ондай-ақ жоспарлы-талдамалық  жұмыстарымен де айналысқан. Социалистік шаруашылық жүргізу жүйесі мен орталықтандырылған жоспарлауды нығайтуды көздейтін елдердің даму деңгейілерінде біртіндеп бухгалетрлік қызметтен жоспарлы және қаржылық бөлімдерінің бөлінуі, оларға бугалтерлік өкілеттіліктің бір бөлігін беру орын алды. Осының нәтижесінде бухгалетердің бұл қызметі іс жүзінде кәсіпорынның шаруашылық мірінің фактілерін есетік тіркеумен ғана шектелгені баршаға мәлім.

Қайта құру кезінде, нарықтық экономиканың пайдасына орталықтандырылған басқару жүйесінен бас тартып, бірақ жоспарлаудың ролін дәлелсіз төмендетудің салдарынан – кәсіпорынның техникалық-өнеркәсіптік-қаржылық жоспарының мәні жойыла бастағаны байқалды. Басқарушы есебіндегі бюджеттеу, көбінесе отандық тәжірибеде қолданылған техникалық-өнеркәсіптік-қаржылық жоспарды жасаудың тәртібін еске салады.

Қазақстандық экономистерге жақсы  танымал, факторлық ауытқуларын  талдау кезінде пайдаланады.

Кеңестік экономикасының, тұсында  басқарушы есептің бір тұжырымдамасы (концепциясы) – жауапкершілік орталықтары бойнша басқару болып табылады, яғни осының бір белесіндей көрінген, ішкі шаруашылықтың есеп айырысуды енгізуге бірқатар табанды талпыныстар жүргізілді.

Ең бастысы, басқарушы есептің  негізі болып калькуляциялау мен шығындар жөніндегі ақпараттарды жинақтап, ұйымдастыру болып табылады. Отандық тәжірибеде калькуляциялауға байланысты мәселелер терең зерттелген. Басқарушы есетің «стандарт-кост» жүйесіне ұқсас болып келетін калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдістері аясында, бүгігде өте бай теориялық және практикалық тәжірибелер жинақталған. Олай болса, директивтік экоомикада пйадаланылған басқарушы есептің тәсілдері мен әдістері неліктен тиісті нәтижелерді бермеді, деген заңды сұрақ туады ? Жауабы оңай: өндірістік шығындарын төмендетуде мүдделі меншік иесінің болмауы. Дәлірек айтсақ, баға белгілеу, шығын механизмінің аясынан аспады, ал «экономика – үнемі болу керек» ұраны тек қана ұран болып қалды. Тек қана нарықтық қатынастар жағдайында басқару әдістерін басқарушы есептің біртұтас жүйесіне объективті түрде интеграциялау мүмкіндігі туды.

Басқарушы есептің шексіз құқына тән  кейбір мәселелерімен шаруашылық субъектінің  жекелеген бөлімшелері бүгінгі  күннің өзінде-ақ айналысуда, бірақта  бұл ақпараттар әр түрлі службалар арасында сан тарапқа бөлшектенген, сондықтан оларды дер кезінде, кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері айтарлықтай деңгейде болмай отыр.Экономикалық қызметті талдау жүргізілсе де, ол тек шыруашылық субъектілеріндегі негізгі қаржылық көрсеткіштері толық қалыптасып біткен соң барып бір шама кешіктіріліп жасалады және де оларға әсер ету мүмкіндіктері де пайдаланбайды; жеке бөлімшелердің жұмыстарының тиімділігі мүлдем талданбайды.

Шаруашылық субъектілерінде қажеттілік пісіп-жетілсе де, іс-жүзәнде салықтық жоспарлау жоқ. Сонымен бірге басқарушы есептің негізін құрайтын калькуляциялаудың ойластырып табылған тәсілі, кейбір жағдайда, ұйымдардың салықтық ауыртпалығын жеңілдетуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына кшуі, яғни жаңа экономикалық жағдайлар, міндетті түрде бухгалтерияның атқаратын қызметтері мен өкілеттіліктерін ұлғайтты. Бухгалетрлік кәсіп сапалы деңгейге дейін шықса, ал бухгалтер-талдаушы өз қызметінде шаруашылық фактілерді есептік тіркеуден өндірісті басқаруға тсе, онда есептің жаңа сатыға көтерілгені.

1997 жылдың қаңтарынан бастап  Қазақстан Республикасында қаржылық  ееп берудің халықаралық стандартына  сәйкес бухгалетрлік есепті қайта  құру бағдарламасы жасалды. Қайта құрудың мақсаты, нарықтық экономиканың талаптары мен қаржы есебінің халықаралық стандартарына сәйкес ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін, аталған талапқа сәйкес келтіру болып табылады. Бұл мақсатқа – кәсіпорын өзін-өзі тиімді басқару үшін қажет ақпараттар жүйесінқалыптастыра алса ғана жетеді. Монографияның басты міндетінің бірі, шаруашылық субъектілерінде басқарушы есепті құруда, түсіндіруде, енгізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсету болып табылады.

Бірақта, А.Д.Шереметпен, Безрукихтың  П.С. пікірлерінше, отандық тәжірибеде қазір басқарушы есеп ұғымы кеңінен қолданбайды деп жазады. Оның көптеген элементтері бухгалетрлік есепке (өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау); жедел есепке (жедел есеп беру); экономикалық талдауға (өнімнің өзіндік құнын талдау, қабылданған шешімдердің негізделуі, жоспарлы тапсырмаларды орындауды бағалау және т.б.)кіреді. Сонымен бірге, отандық тәжірибеде басқарушы есеп маркетингпен әлі де үйлеспеген, нақты шығындардың болжамды шығындардан ауытқуы анықталмайды, болашақ ақша бірлігі сияқты категориясы қолданбайды және т.б.

Басқарушы есептің қалыптасуы, деп  жазады Карпова Т.П. ол калькуляциялық есептің базасында қалыптасқан, сондықтан оның оның негізгі маөмұны  болашақтағы және өткен кезеңдердегі өндіріс шығындарының әр түрлі классификациялық аспектідегі есебін құрайды. Бұл жағдай, соңғы кездерде пайда болған аудармалы және отандық жүрген ақпараттарда, және бухгалтерлік есеп бойынша шыққан еңбектерде «Басқарушы есеп» туралы берген ұғымының анықтамасында кездеседі.

Жаңа элементтері толығымен  қалыптасып бітпесе де, басқарушы  есепті біздер үшін таныс емес нәрсе  деп қарастыруға болмайды, сондықтан  ондағы жаңа элементтерді ескере отырып, оларды қазақстандық жағдайға бейімдеу және меңгеру жұмыстарын жүргізу керек.

Авторлардың бірқатары оның аналитикалылық қырын да көрсетеді. Аналитикалық дегеніміз, деп жазады Стуков С.А., ол танымдық құндылықты көрсетпейтін, ешқандай артық  нақтылық жасамайтын, тек еептік мәліметтерді жеткілікті түрде ақпараттық тұрғысынан талдап тексеруді түсіндіреді. Бірақ бұл дегеніміз «басқарушы есеп» терминін «жедел және басқарушы талдау» терминімен бірдей деп теңестіру (саюшылық) емес, ол тек қана жеткізіп берілген (берілетін) мәліметтердің жеделдігі мен дер кезіндегі («отты із бойынша») сияқты басқарушы есепке қойылатын талаптар (немесе әдістер, немесе тәсілдер).

Басқарушы есептің құрамында, деп  санайды Карпова Т.П. және басқалары  тек онда ақпараттар жиналады, топталады, теңестіріледі, және шарушылық субъектілерінің  табыс алуы кезінде қатысу үлесін анықтау және құрылымдық блімшелердің қызметінің нәтижелерін анық және сенімді көрсету мақсатында зерттеледі.

Отандық және шетелдік әдебиеттерде үнемі «басқарушы есеп» термині  арқылы негізгі қызметпен байланысты табыстар ме шығындар есебінің бақылауының жеткіліксіз бөлігі ғана түсіндіріледі, толығымен қамтылған емес. Осыған байланысты кейде «шығындар есебі» мен «басқарушы есеп» терминдерінің арасында теңдік белгісі қойылады. Мұндай тәсіл, жай немесе қарапайым жағдайларда қолайлы (шағын және орта, негізінен бір ғана өнімді өндіретін субъектілер,) ал ірі кәсіпкерлік субъектілерге қолайсыз, өйткені онда басқарушы есептің кмегімен шешілетін мәселелер қомақты, сондықтан ол жүйемен, саламен, сыртқы ортамен байланысты болуы  мүмкін, бұл жағдайда «шығындар» ұғымы сияқты ұғымнан оның аясы едәуір кеңірек.

Бұл бағыттың дамуы, қазіргі кездегі  экономикалық кәсіби әдебиеттерде өте  жиі кездесетін «басқарушы» және «өндірістік» есеп ұғымдарының бірдей деп теңдестіруіне әкелді, ал соңғысынан, яғни «өндірістік» есепті өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар есебімен бірдей деп теңдестіруге (саюға) ықпал етті.

Бірақта «Басқарушы есеп» терминнің  мұндай ұғымымен толық келіспейтіндер де жоқ емес. Мәселен,тВахрушина М.А. тарихи өндірістік есеп басқарушы есептің негізін салушы деп санайды. Өндірістік есеп жұйесі батапқыда есеп айырысулар түрінде дамыды, оның негізгі мақсаты өнім бірлігіне шаққан түсім мен өндіріс шығындарын анықтау болып табылатын. Қазіргі уақытта өндірістік есепке үлкен талаптар қойылып отыр. Осы талаптардың қатарына мыналар жатқызылады: өндіріс шығындарын қадағалау, артық шығынның себептерін талдау, сондай-ақ үнемдердің мүмкін болатын резервтерін анықтау. Мүмкін осыдан шығар олардың ұқсастықтары мен ажыратудың күрделілігі.

Сондықтан да «Басқарушы есеп» терминіне екі жақты көқарас пайда болып отыр. Бір жағдайда басқарушы есеп өнімнің өзіндік құны, шығындары туралы ақпараттарды түсіндіру мен жинау жүйесі ретінде, яғни басқаша айтқанда терминді «контролинг» (немесе жай «бақылау») терминіне жақын келетін шаруашылық субъектінің қызметтерін (іс-әрекетін) бақылау үшін есепті ұйымдастырудың ұлғайтылған жүйесі ретінде қарастырады.

Ал, басқа жағдайда ол басқару шешімдерін қабылдау үшін дер кезінде және толық  ақпаратпен қамтитын қайнар көз ретінде қарастырады.

Бұл бизнес үшін бағдарламалық өнімдерге  өз әсерін тигізіп отыр – олар шешім  қабылдау үшін қажет ақпараттарды шоғырландырып  беруге, оның ішінде шығындардың есебін тәмтіштеп (детальдап) және оны кәсіпорынның функцияоналдық компоненттеріне таңып, яғни есептіктен біртіндеп басқарушылыққа ұласып отыр. Бірақта бұл біздің тәжірибеде басқарушы есептің кейбір элементтерінің жоқтығына қарамастан, тек олардың барын біртұтас құрылымға біріктіріп (бірінші тәсілі де, екінші де), белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін бағытталғаны маңызды.

Бұл кезде қаржы жән салық  есебінің стандарттық нысандары  басқарушы есеп жүйесінің бір  бөлігі бола бастайды. Осыдан, басқарушы  есептің мәнділігін белгілеу, кәсіпорынның ақпараттық-бақылау жүйесін тұтас  сипаттайтын, яғни: үздіксіздік мақсатқа бағытталғандығы; ақпаратпен қамтудың толықтығы; объективті түрде қоғамның экономикалық заңдарын қолданудың пратикалық жүзінде көрсету; ішкі және сыртқы жағдайларда өзгеретін басқару объектілеріне әсер ететін қағидаларының жиынтығын қарастыруға ықпал етеді, деп жазды Карпова Т.П.

Сондықтан, авторлардың көпшілігінің жорамалы бойынша, ең қарапайым түрде  баяндап жазғанда басқарушы есеп жүйесінің мәні әр түрлі деңгейдегі кәсіпорынның басқарушыларының басқарушылық шешімдерді қабылдауы үшін, қажет көлемде сезімталдық тұрғысынан жинақталған ақпараттардан тұрады делінген. Егер бұл тап осындай маөмұнда болса, онда ол бірде-бір зерттеушілердің пікір таласын туғызбайды.

Бірақта, теориялық талдамалардың  кемшілігіне мынаны жатқызамыз: авторлардың ешқайсысы нарыққа қажет басқарушы және өндірістік есеп сияқты ұғымдарды ажыратып қарамайды. Осыдан келәіп, жоғарыдағы авторлар нарыққа қажет басқарушы есеп сияқты көп жоспарлы және күрделі құбылыстың мәні мен тереңдетілігін толығымен көретпейді, басқарушы есепті бағалау барысында тек сапалылығы, маңыздылығы, құндылығы теңдей элементтері қолданумен ғана шектеледі.

«Басқарушы есеп» ұғымын біркелкі анықтау осы есептің практикалық  мәселелері, яғни есептік жүйені құру, оны құрайтын құрылымды, шаруашылық өміріндегі оның ролі, баға белгілеу мен өзара әрекеттестігі және т.б. туралы пікір сайысына әкеледі. Сәйкесінше, осы ұғыммен байланысты толық түсініспеушілікутер іс жүзінде (практикада) қатты байқалдып отыр. «Басқарушы есеп» дегеніміз не деген сұраққа біреулер – бұл менеджерлер үшін компьютерлік есеп, үшіншілері – тіптен абдырап қалып, ештеңе айта алмайды.

Өзінің мазмұнды әрі күрделі  еңбегінде Друри К. екі терминнің  екеуінде өте жиі синоним ретінде  пайдаланады. Мәселен, проф. Друри К. оны келесідей оймен тұжырымдайды: «өндірістік есеп деп өнім запастарының құнын бағалау үшін өндірістік шығындар туралы мәліметтер жиынтығын түсіндірді», ал «басқарушы есеп» термині шешім қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу сияқты басқарушылық сипаттағы іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажет ақпараттарды дайындауды білдіреді.

Информация о работе Лекции по "Басқару есебі"