Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 19:04, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарлады экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау-тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға сату; импорттау-тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................. 3
I. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
1.1 Сыртқы экономикалық қызметтердің жалпы мәселелері ......................5
1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі .................................................9
II. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру
2.1 Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операцияның есебі ............11
2.2 Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операцияның есебі.............15
2.3 Толлингтік операциялардың есебі ................................................................18
2.4 Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі ......................19
III. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін жетілдіру мәселелері ............................21
Қорытынды ........................................................................................................ 27
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_2912.doc

— 146.00 Кб (Скачать документ)

ЦП-жабдықтаушының бағасы;

К-жалпы шығынның жабдықтаушының шотында көрсетілген жалпы шығын  сомасына қатынастық коэффициенті.

Өз кезегінде,

К=ОЗ/СП,

Мұнда:

ОЗ-жалпы шығын;

СП-жабдықтаушының шотында  көрсетілген жалпы сомасы

Бұл жерде жабдықтаушылармен  есеп айырысу тек шетелдік валютада жүреді,сондықтан есеп жазбаларын қалыптастырған кезде мынаны ескірген жөн.

Ал олар бухгалтерлік есепте тек теңгемен көрсетіледі,яғни ҚР  ҰБ белгілеген бағам бойынша операцияның болған күніне сәйкес шетелдік валютадан теңгеге ауыстырылады.Шетелден әкелінген тауарға тиісті кеден төлемі мен салығын төлеген соң,олар Қазақстан Республикасының аймағына еркін айналысқа түседі.

Қазақстан Республикасының  әрекет етіп тұрған заңдарымен сәйкес кедендік төлемдермен алымдардан басқа  тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын (осы салықтардан  босатылғандардан басқасы) және акцизделетін тауарлар бойынша акцизін төлейді.

Импортталатын акцизделген  тауарлар бойынша кеден заңдарымен сәйкес анықталатын құн немесе натуралдық көлем салық салынатын обьект болып табылады.

Әкелінген тауарлар бойынша  ҚҚС мына формула бойынша            анықталады:

Мұнда:

Тст-кедендік құны;

Ит.п.-импорттық кедендік баж салығы;

Тсб-кедендік алымдар;

А-акциздер;

 

      ҚҚС=(Тст+Ит.п.+Тсб+А)хН/100

 

Н-ҚҚС мөлшерлемесі.

Қосылған құн салығы және акцизді импорттаушы(декларант),не кедендік төлемін қосып төлеген  басқа тұлғалар төлейді және оған зачетқа немесе төлемі кейінге қалдыратын қосылған құн салығы қосылмайды.

Кедендік процесін рәсімдеу кезінде төленген қосылған құн салығы зачетқа жатқызылады.

Мысал.Қазақстан Республикасының  аймағына 2002 жылы 10 ақпанда тауар  импортталды делік.Ол тауар өңдеу өнеркәсібіне арналған.Осы тауарға салынатын ҚҚС салық төлеушінің өтініші бойынша үш айға кейінге қалдырылған. Оның кейінге қалдырылған сомасы 160 мың теңге құраған. Бірақ салық төлеушінің бұған дейін және үш ай барысында ҚҚС бойынша артық төлемдері болса, онда кейінге қалдырылған ҚҚС зачетқа жатқызылады. Ал егер де үш ай барысында ҚҚС бйыншща төлеген сомасы кем болса, яғни бар болғаны 100 мың теңге төлесе, онда кәсіпорын 11 мамырдан бастап 60 мың теңгеге айыппұл төлей бастайды.

Өз өндірісінің қажеттілігі үшін әкелінген запас бөлшектер, құрал-жаб-дықтар үшін қосылған салығын төлеген кезде зачеттық әдісін пайдалана алмайды. Бірақ құрал-жабдықтардың және запас бөлшектердің тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2Тауарлардың  экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі

 

Тауарды экспорттау-бұл  оларды сатып алушы елге жөнелтіп, шетел сатып алушыларын сатылған тауар.

Экспорттауға арналған тауардың қозғалысын рәсімдеудің негізі болатын құжаттар қатарына мыналар  жатады:

-жабдықтаушылардың шоттары (инвойстары), көліктің барлық түріне жасалатын тауарлы-көліктік накладнойлары, спецификациялау, сертификаттар, коносаменттер және т.б. құжаттары қоса тіркелген төлемдік талап тапсырмалары;

-материалдарды қабылдауға  жасалған тауарлардың станция (айлақтық) жанындағы және тағы басқа да қалаларға келіп түсетінін куәләндыратын актілері;

-тауарлардың кем түскен, артық шыққан, бүлінген не табиғи  кему фактілерін кәуландыратын  коммерциялық актілері;

-сақтандыру полисі (егер  де жүк жабдықтаушымен сақтандырылса);

-контракт бойынша  қарастырылған басқа да құжаттар.

Тауарды экспорттау бойынша  жазалатын жазуларды бухгалтерлік есепте рәсімдеу мәміленің нақты  жағдайына және валюталық есеп айырысу  нысанына көп жағдайда тәуелді болып  келеді.

 

 

 

Кесте 2 – Шаруашылық операция.

Шаруашылық операцияларының  мазмұны

Сомасы, теңге

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

3

4

5

1.

Шетел сатып алушысына  тауар жөнелтілді

-алынған құнына

-контракт құнына (ҚҚС  0-ді мөлшерлемесі бойынша) 2869000 теңге  (19000х151)

 

 

1600000

 

 

2869000

 

 

802

 

 

301

 

 

222

 

 

702

2.

Кеден төлемі-кеден алымы  бойынша есептелінген (0,2%) 5738 теңге (2869000х0,2%)

 

 

5738

 

 

811

 

 

687

3.

Кеден төлемі төленді

5738

687

441

4.

Сатылған тауар үшін шетел әріптесінен төлемі келіп  түскен 2865200 теңге (19000х150,8)

 

2865200

 

431

 

301

5.

Тауардың сатылған күні мен тауардың төленген күнінің арасындағы пайда болған бағамдық айырмасы көрсетілді 3800 теңге (19000х151-19000х150,8)

 

 

 

3800

 

 

 

844

 

 

 

301


Мысалыға, егер де тауар  сатып алушыға франко-қойма шарты бойынша экспортталатын болса, онда экспортер сатып алушының еліндегі қоймасына дейін жеткізіп беруді өз міндетіне алады және тасымалдау, тауарды сақтандыру, арту, түсіру сатып алушының қоймасына дейін жеткізіп беру шығыстарын түгел көтереді, ал сатып алушы банкке кепілдік бере отырып, онда валюталық операциялар бойынша есеп айырысу үшін «ашық шоты» ашылады, ал сатушы тауарды сатып алушыға жөнелтіп, ол банкіні жанай өте, почта арқылы оған шот-фактурасын бағыттайды. Құжатты алып және оны тексеріп, импортер өзінің банкісінен экспортердың банкісіне валютаны аударады. Экспортты көрсету бойынша шоттар корреспонденциясы төменде келтірілді.

             Экспортер осы аталған құжатқа  сәйкес заңмен белгіленген тәртіпте  Қазақстан Республикасындағы өзінің  банктегі шотына валюталық түсімін аударуды қамтамасыз етеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Толлингтік  операциялардың есебі

 

Толлингтік операция деп өңдеуге берілген (немесе әкелінген) давальчестік шикізатпен байланысты операцияны айтамыз. Бұл операциялар Қазақстан  Республикасында да (материалдар мен шикізаттарды өңдеуге әкелу), сондай-ақ одан тысқары жерлерде де (материалдар мен шикізаттарды өңдеуге шығару) орын алуы мүмкін.

  Өңдеуге әкелінген тауарлар, кеден заңына сәйкес, кеден бекетінен өтеді, сондықтан кедендік тәртіпте оларға салық салынады.

Толлингтік операцияларды  жүзеге асырған кезде бір кәсіпорны («Тапсырыс беруші») өзара жасасқан шартта анықталған төлем бойынша  басқа бір елде орналасқан кәсіпорынға («Орындаушыға») сол елдің аумағында  өңдеу үшін берілген (немесе әкелінген) шикізатты тапсырады, «Тапсырыс беруші» берген бұл шикізаттан өтімділігі бар тауарлар алып, содан соң оларды «Тапсырыс берушінің» еліне әкеледі немесе үшінші бір елдерге апарады.

Толлингтік операциялар  шикізат пен материалды қайтадан өңдеу; тауарларды өңдеу, оған қоса оларды монтаждау және құрастыру; тауарларды жөндеу, оларды қалпына келтіру; өтімділік тауарларын өндіруде қолданылатын материалдар мен тауарларды пайдалану жөнінде жасалатын операцияларды білдіреді.

 

 

2.4 Сыртқы экономикалық  қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі

             

      Сыртқы  экономикалық қызметінің мәмілесіне  сай, тауардан басқа жұмыстардың  атқарылуы, қызметтің көрсетілуі  мүмкін. Сыртқы экономикалық қызметтегі  бұл мәміленің артықшылық белгісі  салық салу тәртібі болып табылады. Мысалға, қазақстандық кәсіпорындарының атқаратын жұмысын, көрсеткен қызметін сату орны Қазақстан Республикасы болмаса онда оларға қосылған құн салығы салынбайды.

     Франчайзинг бойынша жасалатын операциялардың есебі. Франчайз –бұл кіші дербес кәсіпорын мен ірі шетелдік немесе отандықкәсіпорындары- ның арасында жасалатын келісімшарттық қатынас. Сол қатынастың мақсаты біріншісіне белгілі бір қызметпен және тауар түрімен бәсекелестік нарығында бас кәсіпорынның сауда маркасымен сатуына және өндіруіне ерекше  құқық беру деп түсінеміз. Іс жүзінде франчайзингті үш түрге бөлуге болады: тауарлық – бұл кезде келісім-шартта қаралғандай, шағын кәсіпорын  бас кәсіпорынның тауарын сатумен шұғылданады; өндірістік –бұл кезде келісім-шартта қаралғандай, шағын кәсіпорын бас кәсіпорынның шығаратын өнімін шығарумен шұғылданады, бірақ оның сауда маркасын сақтайды; іскерлік-бұл кезде нарықтағы жекелеген өнім түрлерінің, жұмыстарының, қызметтердің бағасы, тауар нарығы туралы ақпараттармен ой бөліседі.

Франчайзигке қатысушылардың екі түрі болады: франчайзер және франчайзи.

Франчайзер (немесе марка  ұстаушы) - бұл нарықта үлкен сұранысқа  ие өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді  жасаушы ірі компаниялар.

Франчайзи – франчайзермен  жасалған келісім-шарттың жағдайында франшиза құқығын алатын шағын кәсіпорындар.

Егер де франшиз 1 жылдан артық мерзімге алынған болса, онда ол франчайзиде материалдық емес активтер есебінде есепке алынады; ал 1 жылдан аз болса – болашақ кезеңнің шығысына жатқызылады.

Франшиздың өтелуі мен  алынуы мына шоттарда көрініс табады: 106,343 шоттары дебеттеледі де, 441 шоты кредиттеледі.

Франчайзинг келісім-шартында франчайзер мен франчайзидің арасында есеп айырысудың келесі жағдайлары қарастырылуы мүмкін:

-франчайзи франчайзердің  пайдасына алынған таза табысынан балгілі бір пайыз түрінде роялтиді аударады. Ол өз қызметінің алғашқы 3 жылында төменгі пайызда, ары қарай- жоғары пайызда төлейді. Осы есептелген пайыз

821 шотының дебеті бойынша  көрініс табады, содан соң ол  төленген кезде 686 шоты дебеттеліп, 441 немесе 431 шоттары кредиттеледі.

 

 

 

 

 

 

III. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін жетілдіру мәселелері

 

Өкілетті орган нарықтық бағадан мәміле бағасының ауытқуын анықтаған кезде олар салық салынатын  объектілеріне түзетулер енгізеді, корпоративтік табыс салығына, ҚҚС, акцизге, роялтиге және табысқа салынатын салықтарға, кеден төлемдеріне қайта есептеуді жүргізеді, демек осы мәмілерден түсетін табыстарын айыппұл мен өсімдерді қолдана отырып, нарықтың бағасынан шығарады.

Бұл жағдайда келесі шарттары ескеріледі:

  • жеткізіп берілетін тауардың, атқарылатын жұмыстың көрсетілген қызметтің  саны;
  • жеткізіп берілетін тауардың сапасы;
  • міндеттемені орындау мерзімі;
  • төлем шарты;
  • бір-біріне тәуелді кәсіпорындар өзара мәміле жасақан кезде қолданатын жеңілдіктер (1 кезекте бағадан жасалатын жеңілдіктер).

Кеден органы қойма иесінің  пікірін ескере отырып, қоймада сақталатын тауарлардың түріне, конструкциясына, босату қабілетіне және де басқа да қойманың нақты функционалдығын  қозғайтын фактілеріне байланысты кеден қоймасының қолдану режимінің процедурасын бекітеді.

Тауар қоймада 3 жылға  дейін сақталады. Көрсетілген мерзім кейбір жеке тұлғалар үшін шектелуі мүмкін. Тауарды сақтаудың нақты мерзімі  тауар сақтаушы мен қойма еисінің  арасында анықталады.

   Сақтау мерзімі  аяқталған тауарлары бойынша олардың басқа кеден тәртібіне көшкендігі туралы хабарландырады. Тауарлардың кедендік құны олар еркін айналысқа түспей тұрып және жаңа кеден тәртібіне көшпей тұрған кезінде анықталады. Бұл кезде тауардың құны кеден қоймасына өткізбей тұрғандағы бағасынан кем болмауы тиіс.

Кәсіпорын импорттардан консигнацияға қабылданған тауарды  сатқанға (меншік құқығының ауысыуына) дейін, олар кеден қоймасының тәртібі  бойынша рәсімделуі мүмкін.

Экспортқа шығарылған тауарлардан  түсетін толық және дер кезінде түсуін қадағалау мемлекеттің сыртқы сауда жүйесін қадағалап отыратын органдарға (банктерге) жүктеледі.

Тауарды жабдықтауға  шетел әріптестерімен контракт жасар  алдында, экспортер мәмілені екі  данада рәсімдейді және онда түсетін  түсімді бақылап отыратын банкі көрсетілед, сол банкте валюталық шот ашылады. Банк мәміленіңдұрыс жасалғанын тексеріп қол қояды. Жасалған мәміленің бір данасы – экспортерде, екіншісі – банкіде сақталады. Экспортер кедендік рәсімдеу кезінде кедендік жүк декларациясын (КДЖ) және мәміленің төлқұжатын  ұсынады. Аталған екі құжаттың мәліметін бір-бірімен салыстырып, нәтижесінде олар сәйкес келсе, онда кеден органы  екеуіне де мөр басады.

Кесте 3 – Шаруашылық операциясы.

Шаруашылық операцияларының  мазмұны

Сомасы, теңге

Шоттар корреспонденция-сы

дебет

кредит

1

2

3

4

5

1.

Кәсіпорын консигнатор  кеден қоймасының шартымен тауарларды консигнацияға қабылдап алды 2508000 теңге

 

   2508000

 

   004

 

       -

2.

Вагоннан жүкті түсіруге байланысты болған шығыстарды, келісімшарт  бойынша тиесілі консигнация  шығындарына жатқызылды: жалақы 8000 теңге, әлеуметтік салық 1512 теңге

 

 

 

 

9512

 

 

 

 

811-2

 

 

 

 

681,634

3.

Консигнатордың кеден  қоймасында тұрған тауарына алдын-ала төлем ретінде сатып алушылардан алынған ақша қаражаты 2508000 теңге

 

  2508000

 

441

 

661

4

Тауарды шығару үшін, оның еркін айналымынан есептелген есептеулер:

  • кеден құжаттарын рәсімдегені үшін салынған салым сомасы 3036 теңге (1518000х0,2% )
  • кеден салығының сомасы 227000 теңге (1518000х15%)
  • ҚҚС сомасы 279798 теңге ((1518000+3036+227700)х15%)

 

 

 

 

      3036

 

227700

279798

 

 

 

 

     222

 

222

331

 

 

 

 

     687

 

687

687

 

5.

 

Кеден төлемі мен ҚҚС  сомасы аударылды

 

510534

 

687

 

441

6.

Тауар еркіңн айналысқа шыққан кейін, тиесілі кеден процедурасынан өткен соң тауар кәсіпорын-консигнаторға ауысып меншік құының өткендігін білдіреді (ҚР ҰБ бағамы бойынша контракт құны 122 теңгеден есептелінді: 122000(10000х122))

1220000

222

671

7.

Бұрындары консигнацияға қабылданған тауар, консигнатор меншігіне өтеді

250800

-

004

8.

Сатып алушыларға тауар  босатылды:

  • сатып алу сомасына 1748736 теңге (1518000+3036+227700)
  • сатылған сомасына (контракты құнына 65 пайыз құрамындағы үстеме шартын бұзбай орындаған)
  • ҚҚС сомасына (15 пайыз)

 

 

1748736

 

2487426

 

397988

 

 

802

 

301

 

301

 

 

222

 

702

 

633

9

Сатып алушыларданалынған аванс сомасы зачетқа жатқызылған

 

2506350

 

661

 

301

10

Сатып алушыларға қалған сомасы төлеген 379064теңге (2885414-2506350)

 

379064

 

441

 

301

11

Консигнант бойынша  қарызы аударылды (ҚР ҰБ бағамы 1х122 теңге

Бойынша – 12200000теңге (1000х122))

 

 

1220000

 

 

671

 

 

431

12

Бағамдық айырмасы көрсетілген 12000 теңге (1220000-1518000)

 

27000

 

844

 

671

13

ҚҚС зачетқа жатұызылған

279798

633

331

14

ҚҚС сомасы бюджетке аударылған 118190 теңге (397988-279798)

 

118190

 

633

 

441

Информация о работе Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері