Кәсіпорынның еңбек ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2015 в 10:30, реферат

Краткое описание

Еңбек ресурсы – қызмет көрсету мен материалдық игілікті өндіру үшін физикалық және интеллектуалдық мүмкіншілігі бар мемлекет халқының жұмысқа қабілетті бөлігінен тұратын қоғамның негізгі өндірістік күші. Еңбек ресурсына жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыспен қамтылмаған және экономикаға қатысатын азаматтар жатады.Адамның еңбекті жүзеге асыру үшін қажетті табиғи және интеллектуалдық сапасының қажеттілігі оның жасына байланысты анықталады. Дәл осы көрсеткіш бұқара халықтың ішінен еңбек ресурсын таңдап алудың негізгі критериі болып саналады.

Содержание

КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ
1 Еңбек мүмкіншілігі мен еңбек ресурсы, олардың құрамы мен құрылымы, қалыптастыру көздері
2 Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы
3 Түрліше барлық ресурстарды түрлі көзқарастарда сәкес топтастыру
4 Ресурстарға сұраныстың ерекшеліктері
5 Еңбек ресурстарын балансын жасау
6 Еңбек ресурстарнының жиынтық балансы
7 Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

экономика2.docx

— 36.65 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР 

 

КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ

 

1 Еңбек мүмкіншілігі мен еңбек ресурсы, олардың құрамы мен құрылымы, қалыптастыру көздері

2 Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы

3 Түрліше барлық ресурстарды түрлі көзқарастарда сәкес топтастыру

4 Ресурстарға сұраныстың ерекшеліктері

5 Еңбек ресурстарын балансын жасау                                                          

6 Еңбек ресурстарнының жиынтық балансы

7  Еңбекақы төлеудің тарифтік  емес жүйесі

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Еңбек мүмкіншілігі мен еңбек ресурсы, олардың құрамы мен құрылымы, қалыптастыру көздері

Еңбек ресурсы – қызмет көрсету мен материалдық игілікті өндіру үшін физикалық және интеллектуалдық мүмкіншілігі бар мемлекет халқының жұмысқа қабілетті бөлігінен тұратын қоғамның негізгі өндірістік күші. Еңбек ресурсына жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыспен қамтылмаған және экономикаға қатысатын азаматтар жатады.Адамның еңбекті жүзеге асыру үшін қажетті табиғи және интеллектуалдық сапасының қажеттілігі оның жасына байланысты анықталады. Дәл осы көрсеткіш бұқара халықтың ішінен еңбек ресурсын таңдап алудың негізгі критериі болып саналады.Қазіргі уақытта еңбек заңдылығына сәйкес Қазақстанда еңбекке қабілетті жастың төменгі шегі болып 16 жас, ал жоғарғысы зейнетақы алу құқығына сәйкес — 63 жас ер азаматтары үшін және 58 жас — әйел азаматтары үшін белгіленген. Кейбір адам организмінің жоғарғы психофизиологиялық жүктемесіне байланысты кәсіби қызметтің түрі үшін зейнетақылық жас 5-10 жылға дейін төмендетіледі. Бұл көп жағдайда еңбектің жағымсыз, ауыр және денсаулыққа зиян шарттарымен (мәселен, көмірді қазып алу, металды балқыту) байланысты. Көптеген дамыған мемлекеттерде жұмысқа қабілетті жастың жоғарғы шегі 64 жасты құрайды. Ал біздің Қазақстанда жоғарғы шекарасын арттыру ер азаматтардың орташа өмір сүру деңгейімен — 63 жаспен шектелген. Бірақ та еліміздегі көптеген «жеңілдетілген зейнеткерлер» бұрынғы жұмыс орнында немесе басқа жерде еңбек етуін жалғастыратын болғандықтан, еңбек ресурсының құрамында қалып отыр. Жұмыс істемейтін зейнеткер оның құрамынан алып тасталынады. Еңбек ресурсын жұмысбастылар мен жұмыссыздардан тұратын эко-номикалық белсенді және экономикалық енжар халық деп бөлеміз.Экономикалық белсенді халық – тауар мен қызмет өндірісі үшін жұмысшы күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін халықтың бөлігі. 
Жұмысбасты адамдар екі топқа бөлінеді:  
I топқа – жалданып жұмыс істейтіндер (жалдамалы жұмысшылар) жатады. Осы топқа еңбек туралы келісімнің шартына сәйкес еңбек ақы төлеуді қамтамасыз ететін; II топқа – жалданып жұмыс жасамайтындардың барлығы жатады. Бұл топқа: жұмыс берушілер, жеке негізде жұмыс жасайтын тұлғалар жатады. Осы топ жұмыскерлерінің еңбек ақысы тауар мен қызмет өндірісінен алынатын пайдаға байланысты болады. …

2 Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы

«Еңбек ресурсы» ұғымы экономика саласындағы, өңіріндегі, мемлекет деңгейінде немесе кәсіпорында еңбекке қабілетті халыққа сипаттама беру ішін қолданылады. Ал жеке кәсіпорын шеңберінде анағұрлым жақын қолданылатын термин – персонал, яғни жұмыс жасайтын меншік иелері мен барлық жалдамалы жұмысшыларды қосқандағы кәсіпорынның жеке құрамы.Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы болып жұмысшылардың саны мен құрылымы саналады.Кәсіпорынның персонал саны оның өндірістік және басқару процесінің сипатына, күрделілігіне, еңбек сыйымдылығына, сондай-ақ, механизациялау, автоматизациялау, компьютеризациялау дәрежесіне байланысты болады. Бұл факторлар оның нормативтік (жоспарлық) мағынасын анықтайды. Персоналдың объективті сипаты болып тізімдік (іс жүзіндегі) саны, яғни сол кезеңде кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылар саны жатады.Кәсіпорынның персонал құрылымы – жұмысшылардың бірқатар белгілері мен категориялары бойынша біріккен жеке топтарының жиынтығы. Олар, өндіріс процесіне қатысуына байланысты: өнеркәсіптік-өндірістік персонал – өндіріспен тікелей байланысты жұмысшылар және өнеркәсіптік емес персонал — өндіріспен және оған қызмет көрсетумен тікелей байланысы жоқ, әлеуметтік инфрақұрылымдағы (кәсіпорын балансындағы балалар бақшасындағы және медицина мекемелеріндегі жұмыскерлер) жатады. 
Еңбек функциясының сипатына байланысты өнеркәсіптік-өндірістік персонал мынадай категорияларға жіктеледі: 
- жұмысшылар – бұл өндірістік және транспорттық қызмет көрсетумен немесе материалдық құндылықтың пайда болуымен тікелей байланысты жұмысшылар. Жұмысшылар негізгі (өнім өндірісімен тікелей байланысты) және көмекші (өндіріске қызмет көрсетумен байланысты) деп екіге жіктеледі; 
- мамандар — экономикалық, инженерлі-техникалық, заңдылық, әкімшілік және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға: экономистер, инженерлер, технологтар, заңгерлер, кадр жөніндегі инспекторлар, бухгалтерлер және т.б. жатады. 
- қызметкерлер (техникалық атқарушылар) – қаржылық-есептік функцияларды, құжаттарды дайындау мен толтыратын, шаруашылық қызмет көрсететін және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға хатшылар, табельщиктер, кассирлер, экспедиторлар және т.б. жатады. 
- басшылар – кәсіпорынды басқару функцияларын жүзеге асыру. Басшыларды мынадай деңгейге бөлеміз: жоғарғы деңгей (жалпы кәсіпорын – басшы, жоғарғы басшы, басқарушы және оның орынбасарлары); орташа (негізгі құрылымдық бөлімшелердің басшылар – цехтардың, бөлімдердің басшылары, сондай-ақ, бас мамандар) және төменгі (арқарушы жұмысын орындаушылар – бюро, сектор, мастерлер басшысы). 
Кәсіпорын персоналын осылайша категорияларға жіктеу нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.Қазір біздің қоғамымыздың дамуына байланысты басшылар лауазымына менеджер лауазымы жатқызылады. Менеджер кәсіпорын қызметін (жоғарғы деңгей), оның құрылымдық бөлімшелерін (орта деңгей) немесе бизнес аясында белгілі-бір қызметті (төменгі деңгей) басқаруды жүзеге асырады. Төменгі деңгейдегі менеджерлер шағын және орта кәсіпкерліктің даму жағдайында осы қызметті ұйымдастырушылар болып табылады. Кәсіпорын персоналының жыныстық-жасының құрылымы – персоналдың жынысы мен жасының топтарының арақатынасы арқылы анықталады. Жасының құрылымы персоналдардың жалпы санындағы сәйкес жастағы тұлғалардың үлесімен сипатталады.Персоналды жасының құрамы бойынша жіктегенде, мынадай топтаулар қолданылады: 15-24, 25-54, 55-64, 65 жас және одан асқандар. 
Білімнің деңгейі бойынша персоналдар мынадай топтарға: жоғарғы білімді, аяқталмаған жоғары, орта мамандандырылған және жалпы орта білімді жұмысшыларға біріктіріледі.Стажы бойынша персонал құрылымы жалпы еңбек стажы және сол кәсіпорында атқарған өтілі бойынша қарастырылады.Кәсіпорын персоналының кәсіби құрылымы – сол саладағы жұмыс тәжірибесіне және оқудың нәтижесінде алған теориялық және практикалық машықтанған мамандардың (экономистер, бухгалтерлер, жұмысшылар) немесе әртүрлі кәсіби өкілдердің қатынасы. 
Персоналдың біліктілік құрылымы – жеке еңбек функциясы үшін қажетті әртүрлі біліктілік деңгейіндегі (кәсіби дайындық дәрежесі) жұмысшылардың қатынасы. Біздің елімізде жұмысшылардың біліктілік деңгейі разрядпен немесе класспен, ал мамандар үшін категориялармен немесе класспен анықталады. … 

3 Түрліше барлық ресурстарды  түрлі көзқарастарда  сәйкес топтастыру 
1. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал 
2. Адам ресурстары – еңбек және кәсіпкерлік қызмет. 
«Жер» ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар, егістік жерлер, пайдалы қазбалар, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары. 
«Капитал» немесе инвестициялық ресурстар ұғымы — тауар өндіру  және қызмет көрсету, оларды түпкілікті  тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға  арналған барлық өндірістік өндіріс құралдары (ғимараттар, құрылыс т.б.). 
Өндіріс процесін және өндіріс құралдарын қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп аталады.«Еңбек» ұғымы тауар өндіруде  және қызмет  көрсетудегі барлық  дене  және адамдардың ақыл–ой қабілеттілігін көрсетеді.Кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру және еңбектің соңғы нәтижесі тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесімен қызметкерлердің біліктілік деңгейіне байланысты. Кәсіпорындардың еңбек ресурстарының әлеуметтік белсенділігі – жұмысшы күші болып табылады. 
Жұмысшы күші дегеніміз – адамдар бойындағы физикалық және рухани қабілетінің жиынтығы. Еңбек ресурстары еңбек процесінде физикалық және рухани қабілетін жүзеге асырылу барысында жұмысшы күші болып табылады.Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының құрамы тұрақты,  маусымдық және уақытша болып бөлінеді. 
Еңбек ресурстары түсінігін анықтауда біріншіден, барлық халық жасына байланысты тең емес үш топқа бөледі: 
1.Еңбекке жарамды жасқа дейінгі жас адамдар(туғаннан 16-ға дейін) 
2.Еңбекке жарамды жастағы адамдар; 
3.Еңбекке жарамды жастан жоғары, яғни зейнеткерлер. 
Екіншіден, адамдар еңбек қабілеттіліктеріне байланысты еңбекке жарамды және жарамсыз болып бөлінеді. 
Кәсіпорында өнім өндіруді жоғарлату қолданылатын ресурстарының санын көбейту есебінен немесе оларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады.Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі экономикалық категориялардың бірі – еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өнім көлемі мен еңбек шығыны арасындағы арақатынасты білдіреді.Еңбек өнімділігі – нақты жұмысшының жұмыс уақытында тұтыну құнын жасауға қабілетті екендігін сипаттайды. Жұмыс уақытының бір бөлігінде немесе бір жұмысшыға неғұрлым көп өнім өндірілсе немесе өнім өндіруге неғұрлым аз уақыт жұмсалса, соғұрлым еңбек өнімділігі жоғары болады.Еңбек өнімділігі нақты жұмысшының жұмыс уақытының бір өлшемінде белгілі өнім мөлшерін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі жалпы өнім құнын бір жұмысшыға не уақыт еңбек шығыны арқылы анықталады.Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы  бір қасиетке ие, олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің пайдалы қазба байлықтардың өндіріс құралдардың, жұмыс қолдарының белгілі бір шегі болады. Ресурстардың сирек кездесетіні салдарынан өндірістің өнімі  де мардымсыз болады, осыдан  қоғам тауарлар мен қызмет  көрсетудің  межелеген барлық мөлшерін ала алмайды.Кез келген кәсіпорынның өндірістік-экономикалық іс-әрекеті өндірістік ресурстарды  заттай және ақшалай  нысаны түрінде  қалыптастырудан басталады. Көрсетілген ресурстар оларды пайдалануда қалай міндет жүктелсе, солай уақытына қарай бір-бірімен айрықшаланады. 
Ресурстар сатылатын және сатып алынатын  болғандықтан олардың бағалары  да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесінің баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы  барлық түрлері олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды. 
Ресурстар нарығының ерекшеліктері – ең алдымен олардың шектелуіне қарай  өндіріс көлемінің өзінің және ресурстар ұсынысында да шектелуінің қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда тауар мен қызмет көрсету мөлшері  тұтынушылардың  сұранысын қанағаттандыра алмайды.

4 Ресурстарға сұраныстың ерекшеліктері 
1. Ол дайын өнімнің сұранысқа  деген туындысы  болып табылады.  Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне байланысты болады. 
2. Ресурстарға сұраныс еңбек  өнімділігіне тәуелді. Оның дамуы экономикалық  ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты. Яғни орнындағы ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі. 
3. Ресурстардың туынды сұранысы  көбейеді, егер де  өнімге сұраныс көбейсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, орнындағы  ресурстардың  бағасы  төмендесе немесе  көтерілсе, қосымша ресурстардың  бағасы төмендейді.                                                       Сұраныстың икемділігі мына төмендегі нысандарға байланысты: 
• дайын өнімге сұраныстың икемділігі: ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстардың сұраныстың икемділігі де жоғары болады; 
• ресурстардың алмастырылуы: оларға сұраныстың икемділігі жоғары болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен алмастыруға немесе артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге мүмкіндігі туады; 
• жалпы шығындарда ресурстардың үлесі: егер де жалпы шығында ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе,онда бұл оларға деген сұраныстың төмендеуіне әкеледі. Жалпы шығында ресурстардың үлесі неғұрлым жоғары болса,соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары  болады.                                                                                                                       5 Еңбек ресурстарын балансын жасау                                                           Еңбек ресурстарының жиынтық балансы төмендегідей схема бойынша жасалады:

  • Еңбек ресурстары оның ішінде еңбек жасындағы еңбекке жарамды адамдар (ерлер 16-59 жас, әйелдер – 16-54 жас арасы жұмыс істемейтін 1- және 2- топқа жатқызылатын мүгедектерді және жеңілдік жағдайда кәрілік пенсиясын алатын, жұмыс істемейтін еңбек жасындағыларды қоспағанда) және еңбекке жарамды жастан асып жұмыс істеп жүргендер.
  • Еңбек ресурстары халық шаруашылығына істейтіндер (тұтас алғанда да әлеуметтік топтары бойынша да), оның ішінде өнеркәсіп пен құрылыста істейтіндер т.б. (әрқасысының жеке салалары бойынша), өндірістен қол үзіп оқып жүргендер, үй жұмысында және өздерінің қосалқы шаруашылықтарында істейтіндер болып бөлінеді.

Жиынтық баланс халықтың еңбекпен шұғылдануын анықтап, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын табуға мүмкіндік береді. КСРО-де қоғамдық еңбекпен айналысушылардың саны ұдайы өсіп отыр. 1958 жылы еңбек ресурстарының 77%-ы кәсіпорындарда істейтіндер және өндірістен қол үзіп оқып жүргендер болса, 1968 жылы олар 90%-ға жуық болды.Еңбек ресурстарының қалған бөлігі үй жұмысымен, өзінің қосалқы шаруашылықтарымен айналысады. Мұнда әйелдердің үлесі 90%-дан астам. Үй шаруашылығындағы еңбекті жеңілдетіп қысқартатын халыққа қызмет көрсету салаларының дамуы әйелдерді қоғамдық өндіріске кеңінен тартуға мүмкіндік береді. Материалдық өндіріс салалары мен өндірістік емес салалары арасында, олардың әрқайсысының өз салалары ішінде еңбеккерлердің бөлінуі еңбек ресурстарының жиынтық балансында көрсетіледі. Қоғамдық еңбек өнімділігінің артуы нәтижесінде материалдық өндірісте істейтіндердің саны азайып, өндірістік емес салаларында істейтіндердің саны өсіп келеді. 

Мұны КСРО бойынша пайыз есебімен мына деректерден көруге болады:

 

1940

1950

1968

Материалдық өндіріс

88,3

86,2

78,7

Өндірістік емес салалар

11,7

13,8

21,3


Еңбек ресурстарының балансы бір жағынан, өнеркәсіп пен құрылыста, екінші жағынан ауыл шаруашылығында істейтіндер, санының ара қатысын анықтайды және осының негізінде елдің индустриялық даму дәрежесін сипаттайды.                                                                                                            6 Еңбек ресурстарының жиынтық балансы                                                     Еңбек ресурстарының жиынтық балансының кестелері қызметшілер құрамын олардың қоғамдық топтары бойынша (жұмысшылар және қызметшілер, колхозшылар) сипаттайды. Бұл халықтың жалпы санын сол қоғамдық топтары бойынша (яғни қызметшілерді олардың жанұя мүшелерімен қоса) тегіс есепке алуға мүмкіндік береді.КСРО халқындағы жұмысшылар мен қызметшілердің үлес салмағы 1939 жылғы 50,2%-дан 1968 ж. 77,7%-ға өсті.Еңбек ресурстарының жиынтық балансы жалпы одақ бойынша және одақтас республикалар мен облыс бойынша жасалады. Бұлар еңбек ресурстарының пайдаланылу дәрежесін анықтауға, жергілікті жерлердегі жқмыс күшінің қосымша резервтерін (не тапшылығын) ашуға көмектеседі. Жоспарлы баланс еңбек ресурстарының санын халық шаруашылығының жұмыс күшіне деген қажетімен салыстыруға мүмкіндік береді.Еңбек ресурстары халық санын жасына, жынысына қарай болжау негізінде анықталады. Жұмыс күшіне деген қажеттілік еңбек өнімділігі мен материалдық саладағы өндіріс көлемін жоспарлы есептеу негізінде, сондай-ақ өндірістік емес салалардың көзделіп отырған даму дәрежесі және осы салалар мекемелері мен ұйымдарындағы қызметкерлер санының нормативіне сай белгіленеді. Мұнымен бірге халық шаруашылығының барлық салаларына жаңа техниканы қолдану, өндіріс процестерін механикаландыру, автоматтандыру, кәсіпорындағы жұмыс күшінің жаңа резервтерін жұмылдыру, жұмыс істейтіндердің еңбегін дұрыс ұйымдастыру есебінен мүмкін болатын еңбекті үнемдеу де есепке алынады. Білім беруді дамыту мен квалификациясы бар жұмысшылар мен қызметшілерді даярлаудың көзделіп отырғн мөлшері, сондай-ақ халықтың жас құрамын болжауды негізге ала отырып, тек оқуға тиітсі еңбек жасындағы халықтың саны анықталды. Жоспарлы жиынтық балансты территориялық көлемде есептеу жаңа кәсіпорындарды орналастыру және жұмыс істеп тұрғындарын реконструкциялаукезінде еңбек ресурстарының қолдағы бар мөлшері мен жұмыс күшіне деген қажеттіліктің арасындағы үйлеспеушілікті болдырмау үшін шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Территориялық баланстар негізінде халықтың қоныс аударуының (миграция) бағыты мен қажетті көлемі анықталды. Еңбек ресурстарының балансының деректерін жаңа кәсіпорындардың құрылыс орнын таңдау үшін де пайдаланады.                                                                                                   7 Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі                                                             Нарықтық қатынас жағдайында еңбекақы төлеудің бейтарифтік жүйесі кеңінен тараған. Солардың кейбіреулерін қарастырайық. Мәселен А бөлшектерді сату комбинатында жұмыскерлердің еңбекақысы сол бөлімнің еңбекақы төлеу қорының белгілі көлемін құрайды. Ол келесі үш факторға байланысты болып келеді:

Информация о работе Кәсіпорынның еңбек ресурстары