Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:13, курсовая работа
Кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
КІРІСПЕ ………………………………………………………………….
3
1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ МАҚСАТЫ ………………………………………………………………..
4
2
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЫ ……………………......
12
3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ……………………………………………………………….
17
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..
30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….
Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бу: терлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан адам емес, олардың ең маңыздылары келесілер больып табылады:
1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық талдау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус-квоны сипаттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпорын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жау береді, бірақ бұл жағдайға ненің нәтижесінде жеткені жауап бермейді. Бұл сүраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсетілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми-техникалық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).
3. Баланста салыстырмалы шаруашылық арал талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ. Ол кеңісті және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше көрсеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығына шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажетті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен салыстырғаннан кейін ғана жасауға юлады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланстарындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екіншеде 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қоры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді.
5. Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиынтығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім", "тауарлар", "дебиторлық борыш" және басқалар. Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының үлес салмағының көп болуы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды, дегенді білдірмейді.
6. Баланста қәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи батаны қолдану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәрежеде бұрмадайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Инфляция, кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің темен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектілерінің кұны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуын әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарының "бағасын" (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл кедергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құны көрсетпейтіндігін дәлелдейді. Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік бағасыі ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықті бағасы мүлдем басқаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланс көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылық соншалықты көп болады.
7. Баланс және қаржылық есеп берудің басқа нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ факторлардың да ықпалында болады. Олардың қатарында: мүмкін болатын саяси және жалпы экономикалық өзгерістер, саланың және кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы қызметкердің кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар. Сондықтан қаржылық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді; экономикалық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.
Осы шектеулерғе қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болы табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатын өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателер, түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындар, ашудың тәртібін анықтайды.
Табыстар мен шығындар баптарының арасына қойылған шектеулер тәжірибеде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.
№3 "Ақша қаражаттарының қозғалысы тура есебі" ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есеп кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайда жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңінде жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негіз қызметтен алынатын қаражаттары жеткілекті ме, сол көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорын операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті қезеңдегі қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны тура ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттары - бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.
Операциялық қызмет деп субъекгің табыс жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.
Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелмеген несиелерді беру және алу.
Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері қаражаттарының келіп тусуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәлімет және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қорытынды
Курстық жұмысты қортындылай келе, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдарын қарастырдым.
Кәсіпорын қаржылық жағдайын бағалауды ұйымдастыру адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты
қызметі ретіндегі басқару
Нарықтық экономикада ел шаруашылығының негізін сан жағынан шағын немесе орта кәсіпорындар қалыптастырады. Мұндай кәсіпорындарды ұйымдастырушылар кәсіпкерлік іс-әрекетімен шұғылданушылар деп атаймыз. Осы курстық жұмыста сол кәсіпкерліктің іс-әрекетін талдау жолдары көрсетілген, экономикалық дәлелдемедегі жұмыстардың негізгі есептеу әдістері келтірілді.
Табыс есебінен, сондай-ақ
кәсіпорынның бюджет алдындағы,
банктер мен басқа да кәсіпорындар,
ұйымдар алдындағы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау