Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:13, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

Содержание

КІРІСПЕ ………………………………………………………………….
3
1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ МАҚСАТЫ ………………………………………………………………..

4
2
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЫ ……………………......
12
3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ……………………………………………………………….

17

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..
30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой.doc

— 184.00 Кб (Скачать документ)

Айта кету керек, біз  қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда  соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" деп жазады В.Т. Артеменко мен М.В. Беллендир.

Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д. Шеремет мен В.С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді.

Э.А. Маркарьян мен  Г.П. Герасименко да дәл осындай  көзқараста. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.

Кәсіпорынның   қаржылық   тұрақтылық  жағдайын көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:

1)  пайда  болу  орнына  байланысты  ішкі  және  сыртқы;

2)  нәтижесінің маңыздылығына  байланысты - негізгі және негізгі  емес;

3)  құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;

4) әрекет ету уақыты  бойынша    тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын  еркіне бағынышты емес.

Кәсіпорынның  шаруашылық қаржысын жүргізу қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашыльиъі, құрылыс, көлік, жабдықтау еткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардын, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің  қаржыларын кіріктіреді.

Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімдлігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

Қаржылық есеп берудің  жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық   құпиясы   болып   табылатын   ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЫ

 

         Кәсіпорын кассасындағы қолма – қол ақша банктің белгілеуімен кәсіпорын жетекшісінің келісуі бойынша шекті болады. Қажетті жағдайда касса қалдықтарының шектелуі қаралады. Кәсіпорындар банкке барлық қолда бар ақшаларды тәртіп және уақыт бойынша қызмет көрсету банктің келісімімен өткізіледі. Қолма – қол ақша күндізгі немесе кешкі кассаларға банк инкассаторларына және біріккен кассаларға кәсіпорынның соңғы өткізулерін банке өткізіледі.

        Кәсіпорынның банк шотынан аудару  келісім – шорт жасайды. Кәсіпорын  кассасында шектеулі қолма –  қол ақшалар сақталынады. Банк мекемелерінің қызмет көрсетуі. Осы кәсіпорын жетекшілерінің келісімімен белгілінеді. Кассадағы қолма – қол ақша қалдықтарының шектелуі жыл сайын барлық кәсіпорынға банк мекемелеррі белгілейді. Ұйымдық – құқық нысаны және қызмет саласынан тыс, кассасы бар қолма – қол ақша есебіне жүзеге асырылады. Касса қалдықтарының шектелуі кәсіпорынның қолма – қол ақша айналымының көлемінің азаюы, оның қызмет мерзімінің ерекшелігі, қолма – қол ақша құралдарын тәртіпті және уақыт бойынша банк мекемелеріне тапсыру, кездейсоқ құндылықтарды тасымалдауын сақтау және қысқаруын қамтамассыз ету арқылы анықталады. Кәсіпорын өз кассаларында қолма – қол ақшалар үстінен белгіленген шектеулерді сақтау, тек қана жалақы беру, әлеуметтік төлемдер және стипендия 3 күннен көп емес, банк мекемелерінде ақша алу күні іске асырылады. Қолма – қол ақшаның осы мерзімнің өтеуі белгіленуі бойынша қолданбаса банк мекемесіне тапсырылады. Көрсетілген құралдар кезек бойына және федералдық заңмен белгілеуі арқылы береді.

        Қорыта келгенде, қолма – қол  ақша және қолма – қол ақшасыз айналымында өзара байланыс және өзара тәуелділік болады. Ақша әрқашанда бір айналым сферасынан екіншіге ауысады. Қолма – қол ақша формасы несие мекемелерінің шотына ауысады және керісінше қолма – қол ақшасыз айналымы қолма – қол ақшаны несие мекеменің шотына салғанда пайда болады. Ал қолма – қол ақшасыз айналымы қолма – қол ақша арқылы бола алмайды. Осы уақытта тапсырыскерде несие мекеме шотынан қолма – қол ақшаны алу кезінде пайда болады.

Негізгі ішкі факторларды  қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін  өнім және өндіріс технолргиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдагы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

 Қаржылық тұрақтылықтың  ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы  мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек  таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен  қатар оны тарату құрылымы, әсіресе  өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық калиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен  әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? деген қауіп туады.

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақьп қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал ке болуы — дамуға кедергі жасап, басы артық қорларме және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуп әкеліп соқтыруы мүмкін.

        Кәсіпорынның банк шотынан аудару  келісім – шорт жасайды. Кәсіпорын  кассасында шектеулі қолма –  қол ақшалар сақталынады. Банк мекемелерінің қызмет көрсетуі. Осы кәсіпорын жетекшілерінің келісімімен белгілінеді. Кассадағы қолма – қол ақша қалдықтарының шектелуі жыл сайын барлық кәсіпорынға банк мекемелеррі белгілейді. Ұйымдық – құқық нысаны және қызмет саласынан тыс, кассасы бар қолма – қол ақша есебіне жүзеге асырылады. Касса қалдықтарының шектелуі кәсіпорынның қолма – қол ақша айналымының көлемінің азаюы, оның қызмет мерзімінің ерекшелігі, қолма – қол ақша құралдарын тәртіпті және уақыт бойынша банк мекемелеріне тапсыру, кездейсоқ құндылықтарды тасымалдауын сақтау және қысқаруын қамтамассыз ету арқылы анықталады. Кәсіпорын өз кассаларында қолма – қол ақшалар үстінен белгіленген шектеулерді сақтау, тек қана жалақы беру, әлеуметтік төлемдер және стипендия 3 күннен көп емес, банк мекемелерінде ақша алу күні іске асырылады. Қолма – қол ақшаның осы мерзімнің өтеуі белгіленуі бойынша қолданбаса банк мекемесіне тапсырылады. Көрсетілген құралдар кезек бойына және федералдық заңмен белгілеуі арқылы береді.

 

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорының қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді.  Кері  байланыс  та  бар,  ол  ақша  қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауьи әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс  процесінің тиімділікі деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы  айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.

Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау: жүргізгенде  баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы бар табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы   ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес,  ол капитал қозғалысы,   есепті   кезеңдегі   субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады.  Сондықтан  кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті -мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңа зеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс   фирмалары   қызметіндегі   маңызды   көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайданушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.

Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 "Қаржы-шаруашылық қызметі-нәтижелері туралы есеп" стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында  қаржы-шаруашылық  қызметінің   нәтижесі йніңдегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі  қаржылық  есебі  мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

•   кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын  талдау;

• кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;

• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

•   баланс өтімділігін талдау;

•  кәсіпорынның төлем қабілеттілігін  және  несие қабілеттілігін талдау.

Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны жағылық капиталды жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмүнын анықтайды.

 

3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Кәсіпорынның қаржысын басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оператиитік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді.

Кәсіпорын  қаржысын жалпы басқару кәсіпорындағы ақша  қаражаты, ақша  айналымы, алдағы  жоспарды  болжау,  шағынды  азайтып, қызметкерлерді  жалақымен қамтамасыз ету. Кәсіпорын өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.

Кәсіпорынның кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды салық қызметшісі орындайды.

Салық қызметшісі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.

Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы  тәртібін сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен мекемелері жасаған жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау