Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 16:59, дипломная работа
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан):
«Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше 2005 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ................................7
Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы.........................7
Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері............14
Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері...................22
«АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ....................................................................31
«Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау................31
Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау.......................42
«Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау..............46
БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ.......................................................................52
Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері...................................................................................................52
Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары.......................................................62
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................
Кәсіпкер үшін, көбінесе, жалпы шығындарының көлемі емес, орташа шығындар көлемі – бір бұйымды өндіру үшін орта есеппен неше шығын жұмсайтыны маңызды болып табылады. Орташа шығындарды есептеу үшін жалпы шығындарды өндіретін өнім көлеміне бөлу керек. Орташа шығынды тауар бағасымен салыстыра отырып, бұл өнімді өндірудің тиімділігін анықтауға болады.
Шекті шығындар бір өнім данасын артық шығарса, қаншалықты өсім болатынын анықтайды. Бұл фирмаға бір дана өнімді артық шығарғанда қаншалықты табысты болатынын көрсетеді.
Шығындар ұзақ және қысқа мерзімді болып ажыратылады. Қысқа мерзімде тұрақты шығындар көрсетіледі. Ал ұзақ мерзімде ауыспалы шығындар көрсетіледі.
Өнімді өндіруге кететін шығындар, яғни өндірістік шығындар келесідей факторларға байланысты болады:
Әрине, кәсіпорын қызметінің нәтижесі оның өнімінің қаншалықты сатылғанынан (қызмет көрсетілгенінен) көрінеді. Ал оның ақырғы нәтижесі сатылған өнім көлемі мен сол өнімді өндіруге кеткен шығыны арқылы анықталады.
Жалпы, нарықтық экономика жағдайларында жақсы нәтиже беретін шығындарды қалыптастыру керек. Сондықтан, шығындарды басқаруға аса маңызды көңіл бөлінеді. Кез келген объектінің басқарушылығына сәйкес, кәсіпорын шығындарын басқару - оның барлық қызметінің орындалғанын болжау қажет.
Шығындарды басқару қызметі басқару элементтерінің циклы арқылы жүзеге асады: жоспарлау, ұйымдастыру, координациялау және реттеу, ынталандырушы және активизация, есеп және талдау.
Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті – жоспарлау кезінде материалды, өндірістік және айналым процесіндегі еңбек және басқа ресурстарды үнемдеу арқылы өндірістік шығындарды дұрыс анықтау. Кәсіпорын шығындарын жоспарлау үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі ең негізгілері – бұл бір дана өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және бір теңгеге шаққандағы шығыны. Сонымен қатар, өткізген өнімнің өзіндік құнын жоспарлағанда, шығындар элемент түрінде көрсетілген, өнімге кеткен өзіндік құнды құрайтын шығындар сметасы жасалынады.
Өндірістік шығындар сметасы –
кәсіпорынның өндірістік қызметтерінің,
экономикалық элементтерінің, кесіп
алғандағы, оның барлық шығындарының соммасы
көрсетілген жалпылама
Өндіріс шығындарының сметасын жасау үрдісін келесі кезеңдерге бөлуге болады:
- пайда болған орнында
- шығындардың пайда болған
Басшылар сметаның көмегімен, өздерінен төменгі деңгейдегі басшыларға өздерінің жоспары туралы хабарлайды. Оны дайындау үрдісі басқарушылық шешімдерді қабылдауға, үлкен көлемдегі қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Егер смета фирмадағы үлкен көлемдегі жұмысшылардың қатысуымен жасалса, онда ол барлық бөлімшелердің өте тиімді ынталандырғышы болады.
Негізделмеген баға құруды және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін басқару үшін тек кәсіпорын бойынша ғана емес, оның бөлімшелерінің, өнім түрінің шығындарын ғана емес, сонымен бірге бір өнімге кеткен шығынды есептеу керек, яғни өзіндік құнның калькуляциясын, өнімнің калькуляциясын – бір бұйымның немесе жартылай фабрикаттың бір данасын анықтап есептеу керек.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны болып табылады. Ол - өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай, ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорын өнімінің өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбек ақы – бұл шығындардың басты статьялары. Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өз қызметкерлеріне сый ақы, банктік несиеге пайыз төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды. Бірақ, өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана, жатақхана, мектеп, клуб, тағы басқа) кірмейді.
Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:
Өзіндік құн өндіру сатыларына байланысты: цехтық, фабрика-зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны – өндірілген өнімге цехта, учаскілерде, бригадаларда шыққан шығындар.
Фабрика-зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн – бұл цехтық шығындармен қоса, жалпы өндірістік шығындар немесе:
ӨӨҚ = ЦӨҚ * (1 + Әж.ө.ш.). (1)
Мұнда жалпы өндірістік шығын (Әж.ө.ш.) коэффициент арқылы беріледі. Мысалы, цехтық шығынға щаққандағы жалпы өндірістік шығынның коэффициенті 0,5 болса, онда ӨӨҚ = ЦӨҚ * (1 + 0,5) =1,5 ЦӨҚ болады.
Өнімнің толық өзіндік құны - өндірістік өзіндік құн және өнімді өткізуге кететін шығындар (кезең шығындары):
ТӨҚ = ӨӨҚ * (1 + 0,03). (2)
Мұндағы 0,03 коэффициенті өндіріспен байланысы жоқ шығындар мөлшері болып табылады.
Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай оны бірнеше түрге бөлуге болады: жоспарлы, болжамды (есеп) және нақтылы.
Жоспарлы өзіндік құн – ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайына байланысты қажетті шығындар.
Болжамды өзіндік құны – технико-экономикалық есептерді ескере отырып, жаңа енгізілген ғылыми жетістіктерге кеткен шығындар.
Нақтылы өзіндік құн – барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн. [19]
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері – пайда және пайдалылықтың деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады:
1.2 Өзіндік құнның жіктемелік
белгілері, олардың
Кәсіпорын өзінің қызмет ету барысында жай және күрделі өндіріс үшін материалды және ақшалай шығындарға ұшырайды, мысалы: негізгі қор және айнымалы құралдарға, өнімді өткізуге, еңбек коллективінің әлеуметтік дамуына және тағы басқаға кететін шығындар. Ал кәсіпорынның ең көп шығындарды талап ететіні – ол өнім өндірісіне кететін шығындар болып табылады.
Кәсіпорынның еңбек
Өндірістік шығындар - өзіндік құн экономикалық категориясының бастысы болып есептеледі. Олардың деңгейі, көбінесе, пайданың көлемін, кәсіпорынның рентабельділігін, оның шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Өндірістік шығындарды қысқарту және оптимизациялау - әр кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын білдіретін экономикалық қызметінің негізгі бағыты.
Жалпы, шығындарды жақсы түсіну үшін олардың түрлерін қарастырайық. Біріншіден, мынаған көңіл бөлген жөн: экономист өндірістік шығындарды қысқартуды ойластырады, ал бухгалтерді фирманың қаржылық балансы қызықтырады. Бухгалтер фирманың бұрынғы қызметінің тиімділігін бағалап, активі мен пассивін қадағалайды және фирманың қаржысына ретроперспективті көзқараспен қарайды. Экономистер мен басқарушылар, керісінше, фирманың перспективасына қызығушылық білдіреді. Олар болашақ шығындарды қалайша азайтамын және рентабельділікті қайтіп көбейтемін деп қам жейді.
Сонымен, шығындар экономикалық және бухгалтерлік деп бөлінеді. Экономикалық шығындарға ресурстарды қолдану үшін кәсіпорынның жабдықтаушыларға төлейтін барлық шығындары жатады. Олар сыртқы шығындардан тұрады, яғни жабдықтаушыларға, ресурстарға, жанар майға, материалдарға, шикізатқа, жұмыс күшіне және тағы басқаға төленетін ақшалай төлемдер. Сонымен қатар, экономикалық шығындарға ішкі шығындар да жатады, яғни кәсіпорын иесінің өндірістік ресурстарды қолданғаны үшін төлейтін шығындар. Ішкі шығындар кәсіпорынның қосымша ресурстарын және нормалды пайданы көрсетеді. Экономикалық шығындар деген түсінікті жоспарлы есепте, құрылымдық талдауда, шығындарды қысқарту резервтерін шығаруда, өнімнің құнын белгілегенде және тағы басқа жағдайларда қолданады. Ал бухгалтерлік шығындар фирманың практикалық қызметін шығарғанда, шығынның нақты соммасын есептегенде, салық салынатын пайданы анықтағанда және тағы басқа жағдайларда қолданады.
ТМД елдерінде жалпы
Бұл классификация бір өнім өндірісіне кеткен шығындар минималды
Информация о работе Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары