Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 16:59, дипломная работа
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан):
«Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше 2005 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ................................7
Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы.........................7
Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері............14
Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері...................22
«АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ....................................................................31
«Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау................31
Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау.......................42
«Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау..............46
БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ.......................................................................52
Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері...................................................................................................52
Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары.......................................................62
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
«ЭКОНОМИКА» факультеті
«Экономика» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары»
тақырыбына жазылған
Бейбит Ажар
Ғылыми жетекшісі:
э. ғ. к., доцент Желдібаев А. Е.
Рецензент:
Жакупова С.
АЛМАТЫ – 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады.
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан):
«Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше 2005 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5 800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, 2015 жылы шамамен 9 000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол,» - деп жазған. [1]
Осыған орай, біз ұлттық табысты арттыруымыз қажет. Ал ол үшін, ең алдымен, табыс, пайда әкелетін кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті, олардың субъектілерін одан әрі дамытып, өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттырып, табысын көбейту керек. Яғни, кез келген өндірістік кәсіпорын өзінің өндірістік шығындарын қысқартқаны, төмендеткені жөн. Бұл пайданы арттырудың негізгі кепілі болып табылады. Сондықтан, осы дипломдық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары» - қазіргі кездегі өндірістік кәсіпорындар үшін өзекті мәселе болып отыр.
Жалпы, өнімнің өзіндік құны дегеніміз – кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы. [16]
Ол кәсіпорынның жалпы өндірістік
тиімділігін анықтайды. Өзіндік
құнды, яғни өндірістік шығындарды жүйелі
түрде төмендету –
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына негізгі бағыттарын айтуға болады:
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл, бір жағынан, өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан, тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық үрдістерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгендегі басты талап болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігінен неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық үрдістердің түсімін өсіруге, шығындарын, бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының
ішкі шаруашылық резервтерін тауып,
пайдалануының негізгі бағыттар
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс - ысырапты қысқарту есебі мен шығындарды үнемдеу, сонымен қатар нақты еңбектің шығынын үнемдеу болып табылады. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда, едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: американдық және жапондық. Бұл - өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және тағы басқа көптеген жүйелер.
Сонымен қатар, өндіріс шығындарын
төмендетуде мемлекеттік
Дипломдық жұмыстың мақсаттары –
қазіргі нарық жағдайындағы кәсіпорындардың
өнімдерін өндіруге кеткен шығындарын,
яғни өнімнің өзіндік құнын
Ал дипломдық жұмыстың міндеттері – таңдап алынған тақырыпқа сай келтірілген кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық құжаттарын өз бетінше қолданып, оған талдау жасау, кәсіпорынға іс жүзінде нәтиже берерлік жаңа ұсыныстар, идеялар ұсыну.
Дипломдық жұмыс негізгі 3 тараудан тұрады:
Бірінші тарауда тақырыпқа қатысты теориялық анықтамалар, аспектілер қарастырылады. Мәселен, көптеген әдебиеттерді, оқу құралдарын қолдана отырып, өнімнің өзіндік құны дегеніміз не, өндірістік шығындар, олардың мазмұны, құрылымы, жіктелімі, ерекшеліктері, өзіндік құнды төмендету резервтері, тағы басқа мәселелерді теориялық тұрғыда сипаттау.
Екінші тарауда таңдап алынған тақырыпқа сәйкес талдаулар практика жүзінде «Адал» АҚ кәсіпорнының мәліметтерімен жасалады. Бұл тарау кәсіпорынның экономикалық белсенділігін, өнімдерінің өзіндік құн құрылымын, шығындарының қалыптасуын талдап көрсетеді.
Үшінші тараудың ерекшелігі – бұл тарауда осы дипломдық жұмыстың авторының өз пікірі мен ұсыныстары жазылады. Ол тақырыпқа сәйкес, қазіргі нарық жағдайында әр түрлі ұсыныстар жасап, осы өндірістік салаға өз үлесін қосу керек.
1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА
ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН
1.1 Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы
Көп экономистер шығындарды анықтау үшін айтарлықтай өз үлестерін қосқан. К. Маркс 2 дәрежелі қағидаға негізделеді, олар: өндірістік шығындар, айналым шығындары.
Өндірістік шығындар түсінігінде жолақыға, шикізатқа, материалдарға кеткен шығындар кіреді, сонымен қатар мұның ішіне еңбек құралдарының амортизациясы да кіреді. Тағы басқа өндірістік шығындар түсінігіне тауарды шығару мақсатында кәсіпорын ұйымдастырушыларының жұмсаған шығындары жатады. Бір тауар құнының екіден бір бөлігін өндірістік шығындар құрайды.
Айналым шығындарының жіктелуі сол тауарды өткізу үрдісімен байланысты. Ол өндірістік инфрақұрылымға жақынырақ болып келеді және тауар құнына кіріп, соңғысын ұлғайтады. Қосымша шығындар тауар сатылғаннан кейін түскен ақшадан ғана төленеді. Таза айналым шығындары – сату шығындары (сатушылардың жолақысы және тағы басқа), маркетинг (тұтынушылардың сұранысын анықтау), жарнама, штаб-пәтер персоналының жолақысы және тағы басқа. Таза шығындар тауар құнын ұлғайтпай, тауарды өндіру үрдісі кезіндегі сатылғаннан түскен пайдамен төленеді.
Қазіргі кездегі шығындар концепциясын Шығыс экономистері енгізген, олар көбінесе жоғарыда айтылып кеткен екі кезді де қамтиды. Жалпы теорияда экономикалық және бухгалтерлік шығындар қалыптастырылады.
Өндірістік шығындарға ақша түрінде көрсетілгенімен, белгілі бір өнім өндіруге, қызмет көрсетуге кеткен материалдық және еңбекке кеткен шығындар жатады. Сонымен қатар, олар өзіне өндіріс құралдарына жұмсаған шығындарды (шикізат, материалдар, бұйымдардың жиынтығы, жанар май, электр энергиясы және тағы басқа) және өндіріс қызметкерлерінің жалақысын жатқызады. Осы арқылы тауар өндірісі кәсіпкерге қаншаға айналатынын көруге болады.
Берілген анықтама бухгалтерлік шығындарды анықтап, сатып алынған ресурстардың төлемі ретінде тек нақты шығындарды қосады. Осылайша, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан ерекшеленеді. Ал сол экономикалық шығындар болса, өнім өндіру үшін нақты емес шығындарды қоса есептейді.
Нақты емес шығындар – бұл өнім процесінде қолданылатын өндірістік фактор, бірақ ол белсенді емес. Оған фирманы басқаратын адамдардың өзіндік еңбегін, оның өнім өндірісінде қолданылатын өзіндік капиталын немесе жерді жатқызуға болады, бірақ ол кәсіпорын меншігінде болуы керек. Нақты емес шығындарды фирманың экономикалық шығындарына қосу үшін оларға ақшалай түрде баға беру керек. Ал егер ресурстарды сатып алмаса, оны қалай істеуге болады? Ол үшін берілген ресурстардың «альтернативті құны» деген түсінік қолданылады. Мысалы, белгісіз бір кәсіпкер өндіріске өзінің қаржысын салды дейік.
Бұл қаржыны қолданудың альтернативті нұсқауы ретінде машиналарды жатқызуға болады. Кез келген кәсіпорынның акциясын сатып алатын болса, соған байланысты ол дивиденд алады және коммерциялық банктің депозитіне ақша салып, процент алады. Берілген ресурстардың жоғарыда айтылып кеткен альтернативті нұсқауларына қарағандағы ақша салымының альтернативті құнын бағаласақ, кәсіпкердің өз өндірісіне салғаны тиімді болады, әрі ақшалай табыс әкеледі. Егер акцияны сатып алуды альтернативті жағынан пайдаланатын болсақ, онда өз өндірісіне салынған салым жіберіп алған дивидендтер қатынасының альтернативті құнын құрайды, яғни нақты емес шығындар көлемі бухгалтерлік шығындармен қосқандағы өндірістік шығындардың нақты көлемін көрсетеді.
Информация о работе Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары