Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 19:08, дипломная работа

Краткое описание

Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше 2005 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5 800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, 2015 жылы шамамен 9 000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ................................7

Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы.........................7
Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері............14
Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері...................22

«АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ....................................................................31

«Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау................31
Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау.......................42
«Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау..............46

БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ.......................................................................52

Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері...................................................................................................52
Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары.......................................................62

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................75

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорын-өнімінің-өзіндік-құнын-төмендету-жолдары.doc

— 700.00 Кб (Скачать документ)

Ескеретін жайт, өнімнің өзіндік  құнын қысқарту – бір жолғы       процесс емес, ол күнделікті кәсіпорын  басшыларының алдындағы міндет болып  табылады.

Өзіндік құнды төмендету дегеніміз  – жүйелі әдіс-тәсілдерді және жалпы  басқаруды талап ететін көп жоспарлы үрдіс.

Соңғы 34-40 жылдар ішінде дамыған мемлекеттер  өндірілген өнімге кеткен шығындарды ескергенде, қысқартылған калькуляция  әдісін қолданып келеді. Бұл әдіс тұрақты, ауыспалы, жалпы және шекті шығындарды анықтайды.

Шетелдік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын жоспарлағанда және бақылағанда, оның ішінде ауыспалы шығындарды зерттегенде «директ-костинг» әдісі қолданылады. Бұл әдісте негізгі қаржылық көрсеткіш ретінде маржиналды табыс және табыстың өзі алынады. Ол келесі кестеде көрсетілген:

 

   1-кесте - «Директ-костинг»  жүйесі бойынша табыс жайында  есеп беру 

 

Көрсеткіштер

Шартты белгіленуі

1

Өнімді сатудан түскен түсім

В (табыс)

2

Ауыспалы шығындар

Зпер

3

Маржиналды табыс

Пм = В – Зпер

4

Тұрақты шығындар

Зпост

5

Табыс

П = Пм - Зпост


 

Осы кестені ұсынған авторлардың  көрсетуі бойынша «директ-костинг» әдісі өндіріс көлемі мен оған кеткен шығындар арасында, өндіріс  көлемі бойынша ол өндіріс табысты  болып жатыр ма, әлде шығындалып жатыр ма, өндіріс көлемін ұлғайтқанда  немесе төмендеткенде өнімнің өзіндік құны қандай болатынын көрсетіп, осындай көрсеткіштер арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Осы калькуляциялық әдісте тұрақты шығындардың көлемін ерекше қарау сол шығындардың табыс соммасына қаншалықты көлемде әсер ететінін көрсетеді. Маржиналды табыс көлемінің өзгеруі шығарылатын өнімнің ассортиментіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Қорытындылап айтатын болсақ, «директ-костинг» әдісі табыстың көлемін анықтайды  және ауыспалы шығындардың өткізу бағасынан, шығаратын өнім құрылымының әсерінен табыс көлемінің ауытқуын, өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді. Осындай талдаулар негізінде кәсіпорын мен шығындарды басқарудың керекті шараларын қабылдауға болады. Мұндай жүйелерді қолдану, әсіресе, Қазақстанның нарықтық экономикасын жақсы білу үшін пайдалы. Бүгінгі күнде табыстың өсуі – біздің негізгі мақсатымыз болып табылатындықтан, оған жету үшін өнімнің бағасын көтеруіміз керек. Керісінше, өндірілген өнімге жоғары емес бағаны қоя отырып, оны бәсеке қабілетті өнім ретінде ұсынуымыз керек. Сонымен қатар, нарықты жаулап алу үшін және оны ұстап қалу үшін табыстың нормасын төмендету негізінде арзан әрі сапалы өнім сатуымыз қажет. Яғни, сату көлемін ұлғайта отырып, жоғарғы табысқа жетуімізге болады.

Сонымен, басқару шешімдерін қабылдаудағы негізгі көрсеткіш болып «шығынсыздық нүктесі» саналады. Оның негізі мынада – кәсіпорын пайда да көрмейді, шығынға да ұшырамайды.

Шетел кәсіпорындары мен фирмаларында «бәсекелестердің өндіріс шығындарының салыстырмалы талдаулары» жүзеге асырылады. Мұндай талдау өзінің өндірістік шығындарын бәсекелес кәсіпорынның өндірістік шығындарымен салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олардың артықшылықтарын біле аламыз, олардың өндірістік шығындарының көлемімен таныса аламыз. Олардың қателіктерін ескере отырып, өзіміздің өндіріс шығындарының құрылымын жақсартамыз және шығындарды төмендетеміз.

 

 

1–сурет - Табыстылық графигі

 

Бізге белгілі болғандай, жоғарғы  сапалы өнім өндірісі жоғарғы деңгейлі шығындарды талап етеді. Бірақ, 70 жылдардың аяғы және 80 жылдардың басында бұл пастулат іс жүзінде Жапонияның машина жасау компанияларымен толық жоққа шығарылды. Себебі, жоғарғы сапалы өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда еңбек өндірісі жоғары болып, өндірістік шығындар төмен болады. Жапониядағы автокөлік және электронды өндіріспен айналысатын кәсіпорындардың еңбек өндірісі сол өндіріспен айналысатын АҚШ кәсіпорындарынан 2 - 2,5 есе артық болды. Бұл айырмашылық «дәл уақыт» әдісін қолданғаны үшін ғана пайда болып тұр.

«Дәл уақыт» әдісі Жапониядағы «Тойота» атты автомобиль шығаратын фирманың басты басқару жүйесі болып табылады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – шығындарды қысқарту болып табылады. Шығындарды қысқарту үшін сұраныстың күнделікті өзгеруін, жоғарғы сапалы комплектілік бұйымдармен қамтамасыз етілуін, қызығушылықтың өсуін, жұмыскерлердің жұмыс белсенділігі мен өнімнің номенклатурасын және өнім өндірісінің көлемін үздіксіз бақылап отыру керек. «Дәл уақыт» әдісінің негізгі қағидасы болып автономизация және персоналды қолдану жүйесінің икемді болуы табылады. Бұл әдіс өндірісте қажет емес өнімді қажет емес уақытта және қажет емес көлемде талап етеді. Автономизация деген сөз ахуалды өз бетімен бақылау дегенді білдіреді, келешектегі қайта өндіріске ахуалы бар бұйымдарды болдырмау. Персоналды икемді пайдалану дегеніміз – ол өнімге деген сұраныстың өзгеруіне байланысты жұмысшылар көлемінің тербелісі, сонымен қатар серіктестікті марапаттау және ойларды жүзеге асыру. Жұмысшылар әр өнім өндірісін жақсарту жайлы және өнім сапасын жоғарылату туралы әр түрлі ойлар ұсына алады. Жұмысшылардың ұсынысы материалды түрде марапатталады.

«Тойота» фирмасының негізгі артықшылығы  неде? «Дәл уақыт» әдісімен жұмыс істегенде  белгілі бір аймаққа алдын-ала  келісілген нақты уақытта қажетті  бұйымдар жеткізіледі. Келесі кезең өткен кезеңнен өндіріске қажетті бұйымдарды суырып алған сияқты болады. Ал біздің немесе басқа да мемлекеттердің қолданатын календарлық әдісі бойынша, алдағы аймаққа өткен аймақ алдын-ала болжамдалған және өндірілген бұйымдарды итеріп тыққандай болады. «Тойота» жүйесі күнделікті шығаратын өнім көлемінің өзгеруін, яғни ұлғайғанын немесе қысқарғанын қарайды. Жалпы, бұл жүйе жұмыс күшіне және қорларға шығын шығармау арқылы оларды қысқартады. Нарық сұранысының құбылмалылығын әрқашан бақылап отыру арқылы өндірістік және ауыспалы шығындарды қысқартуға болады. Бірақ, нарық жағдайында бұндай жүйені қолдану тиімді емес, себебі онда дамыған маркетинг жүйесі, материалдарды жеткізу және өнімді өткізу жоқ.

Қазақстан үшін шығындарды басқарудың жапондық тәжірибесі қызықты. Оның үшбұрышты құраушы тастарына: «таргет-костинг», «кайдзен» және қалыптасқан өзіндік құнды қолдау функциясы жатады.

«Таргет-костинг» концепциясы жобаны жоспарлау мен жобалау кезінде  қолданылса, «кайдзен» өндіріс барысында  қолданылады. «Таргет-костинг» жүйесін шығарғанда жапондық менеджерлер дәстүрлі басқару функциясын мүлдем өзгертті:

Өзіндік құн + Пайда = Баға (3) болса, «таргет-костинг» жүйесінде формула төмендегідей болды:

Мақсатты баға – Мақсатты пайда = Мақсатты өзіндік құн. (4)

Ең алдымен, маркетингтік зерттеу арқылы өнімді өткізудің мүмкін бағасы анықталады. Содан кейін, өзіндік құнды анықтау үшін жобаны жүзеге асырудан кәсіпорынның көздеген табыс көлемі есептелінеді, ары қарай өндіріс үрдісінің қатысушылары, менеджерлер, жұмысшылар мақсатты өзіндік құнға сәйкес, өнімді жобалау мен жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді.

«Кайдзен» сөзі жапон тілінен аударғанда «кішкентай қадаммен жетістікке жету»  дегенді білдіреді. «Кайдзеннің» мақсаты  – ірі-ірі кәсіпорындардан инвестиция тартпай, кәсіпорындардың ішкі резервтерінің көмегімен қызметті жетілдіру. Бұл жүйе өте күрделі және көптеген элементтерден тұрады:

  • Тұтынушыларға бағыттану;
  • Өнім сапасын бақылау;
  • Автоматизация;
  • Сапаны жақсарту үйірмелері;
  • Новаторлық ұсыныстар жүйесі;
  • Жұмыс орнындағы тәртіп пен қарым-қатынас;
  • Көп станокты жұмыс орындары;
  • Канбан жүйесі;
  • «Дәл уақыт» жүйесі;
  • Ахуалдардың болмауы;
  • Шағын топтардың қызметі;
  • Өнімділікті жоғарылату;
  • Капитал мен еңбектің қатынасы;
  • Жаңа өнімді құрастыру;
  • Жалпы эксплуатациялық жүйе.

«Кайдзен»жүйесінің негізгі бағыты – шығындарды минимализациялау. Ол шығындар кәсіпорын қызметі барысында, қайта өндірісте жарамсыз бөлшектерден шығуы мүмкін, яғни өндірістік жоғалтулар пайда болады.

 

 Қайта өндіріс жоғалтулары  Тұтынушыға бағыттану


 

Қор жинаумен және

 тасымалдаумен байланысты  «Дәл уақыт» жүйесі


жоғалтулар 

 

Жөндеумен, құралдардың

 босқа тұруымен байланысты Жалпы эксплуатация жүйесі


жоғалтулар                            (ЖЭЖ)

 

Ахуалмен байланысты

 жоғалтулардан сақтану         Сапаны жақсарту жүйелері


 

2–сурет - Жоғалту түрлері және оларды минимализациялау жүйелері

 

Осы жоғалтуларды төмендету жүйелерін  қарастырайық. Мысалы, Жапония кәсіпорындарында қайта өндірумен және дайын өнімді қоймалаумен байланысты жоғалтуларды жояды. Олар тұтынушыларға бағытталып, жалпы өндірістен кіші сериялы өндіріске көшті.

Сонымен қатар, «Дәл уақыт» жүйесі іске асады. Бұл жүйеде өндіріске қажетті  құрал-жабдықтар цехта қажет мөлшерде тура уақытысында жеткізіледі.

«Дәл уақыт» жүйесі жұмыс істеу  үшін 100 % сапалы өнім жеткізілуі қажет. Сондықтан, бұл жүйе сапаны жақсартумен, оның ішінде сапа жақсарту үйірмелері, ахуалдарды болдырмаумен байланысты болады. Бұл автоматизация деп аталады.

Қазіргі кезде өндірісті автоматизациялау кең тараған. Ол еңбек күшін үнемдейді, өндіріс қуатын қысқартады және өнім сапасын жоғарылатады. Бірақ, құрал-жабдықтардың сынып қалуынан оларды қайта жөндеуге қажеттілік туады. Құрал-жабдықтардың бұзылуын кетіргенде ғана өнім сапасына кепілдік беруге болады. Құрал-жабдықпен жұмыс істеу үшін жалпы эксплуатациялық жүйе іске асырылады. Оның ерекшелігі – операторлар өз құрал-жабдығына өздері қызмет көрсетіп басқарады, сонымен қатар ОЭС бұзылуынан болған шығындарды минимализациялайды.

Сөйтіп, «кайдзен» жүйесі көп жақты  қолданыс табады. Қазақстанда бұл  жүйені жүзеге асыру үшін, алдымен, бірқатар бөгеттерден өту қажет. Олар:

    1. Корпоративті рухты жоғарылату. Қазақстандық кәсіпорындарда әр жұмысшы өзінің жеке мақсаттарына жетуге ынталы, ол бір мақсаттық, онда жанұя рухы мүлдем жоқ.
    2. Кәсіпкердің ерекше менталитеті. Кәсіпкерлер табысқа салынатын салық мөлшерін азайту мақсатында әдейі шығындарды жоғалтады, бұл жағдайды тоқтату қажет.
    3. Нарықтық инфрақұрылымның толық дамымауы, сонымен қатар транспорттық коммуникацияның дамымай қалуы. Бұл маркетингтік жүйеге қатысты нақты мәліметтердің жоқтығы, ол «таргет-костинг» жүйесін ендіргенде қажет.
    4. Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін өндіріс деңгейінің техникалық жағынан төмендігі.
    5. Сапаны қадағалау үрдісінің төмендігі.
    6. Келісім-шарттардың өз уақытында орындалмауы.

Біздің ойымызша, Қазақстан жағдайына сай, «кайдзен» жүйесіне қарағанда, «таргет-костинг» жүйесін енгізу жағымды болар еді.

 

 

 

2. «АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК  ҚҰНЫН ТАЛДАУ

 

2.1 «Адал» АҚ қаржылық-экономикалық  белсенділігін талдау

 

Отандық сүт және сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар үшін өндірісте жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтарды өздерінің қызметтерінде қолдану қажет болып жүр, себебі осы арқылы нарықтағы қызметі дұрыс жүре алады. Дүкендерде сүт өнімдерінің кең ассортименті пайда болады және олар импортталған тауарларға төтеп тұрарлықтай бәсекелестік білдіреді. Оны Батыс өндірушілері өздеріне өзі дайындаған. Мысалы, «Альфа - Ловаль» фирмасы (Есік қ.) «ФудМастер» компаниясына инвестиция ретінде қымбат құрал–жабдықтар сатып алған болатын. Бұл компания қазіргі  кезде Қазақстан нарығында беделді орын ала отырып, Шымкентте, Астанада, Қордайда өздерінің филиалдарымен жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, Қазақстанның қайта  өңдеу кәсіпорындарының жандануына қажетті материалдарды өндіретін  кәсіпорындар қол ұшын береді. Мысалы, «ТетраПак» компаниясы қораптау материалдарын жеңілдік негізінде өз бұйымдарымен қамтамасыз етеді. Техникамен қарулануы сүт өнімдерінің ассортиментін қазіргі заман талаптарына сай жасауға тураланған. Мысалы, ол сүт өнімдерін ұзақ сақтаудан бастап, оны әр түрлі майлылық деңгейіне бөлу. Ол - жоғарғы температура технологиясымен өңделген «Космис» фирмасының (Қостанай қ.) өнімдері және кең таңдаудағы йогурттар.

Бұл деңгейде қазақстандық өндірушілер  үшін актуалды болып өндірістік қағидалар  және тауар концепциялары саналады, себебі шетел өндірушілерімен бәсекелестікке түсе алады, егер олар өз өндірісіне қазіргі кездегі технико-экономикалық әдістерді қолданса. Алайда, белгілі бір позицияларға байланысты отандық өндірушілер шетелдіктермен бекер салыстырылған жоқ. Олардың ішінде асып түскендері де бар, өйткені отандық тауарларға ассортимент енгізу шетелмен салыстырғанда кең болып отыр. Оған себеп - күнделікті тауарлар қорына қазақтың ұлттық сүт өнімдері енгізілген. Өз өнімдерін сол сияқты басқа компаниялардың өнімдерінен айыру үшін, тұтынушылардың жағымды әсерлерін тарту үшін және оларды тұрақты тұтынушыларға айналдыру үшін белгілі бір өзіндік белгілер енгізу қажет болды. Сондықтан, «Адал», «Қайсар» және тағы басқа кәсіпорындар өз өнімдері үшін тауарлық белгілер қолдана бастады, әдеттегідей, ол сүттен бастап, ақырындап, өз белгісін барлық ассортиментке таратқан («Пеппи» йогурты, «Деревенская» қаймағы және т.б.). Қазіргі күнде сүт нарығында әр тұтынушыға өз қызметін көрсетеді.

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары