Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 17:50, реферат

Краткое описание

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

53___.doc

— 284.00 Кб (Скачать документ)

1. Кәсіпкерлік қызметтің  теориясы және кәсіпорынның

ұйымдық нысандары.

 

1.1.  Кәсіпкерлік қызметтің  негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы 

мен олқылығы.

         Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

        Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік  пен бизнес ұғымдарын балама  түрінде қарастыру жиі кездеседі.

        Бизнес пен кәсіпкерлік жақын  ұғымдар болғанымен, оларды бір  бірімен баламалап, теңестіріп  қарауға болмайды.

        Бизнес – табыс әкелетін кез  келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік  (предпринимательство) – новаторлық  іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

        Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік  қабілеттілік» деген ұғым бар.  Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз  – адамның бизнесте жаңалықты  аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

        Кәсіпкерлік бизнес саласында  жүзеге асады, сондықтан да  экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

        Қазақстан Республикасы Президентінің  «Шаруашылық серіктестігі жайлы»  және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:

  • жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

 

3

-    толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

  • жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің

     жауапкершілігі  жүктеледі;

  • коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);
  • қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
  • өндіріс және тұтыну кооперативтері;
  • консорциумдар;
  • акционерлік қоғамдар.

       Мемлекеттік  және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі,  шаруашылықты жүргізу құқығына  негізделсе, екіншісі – оперативті  басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.

       Кәсіпорын  (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік  звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.

   Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

   - азаматтар меншігіне  негізделген жеке кәсіпорындар;

   - ұжым меншігіне  негізделген кәсіпорындар (1-кесте).

Кесте – 1.

Кәсіпкерліктің түрлері

Артықшылығы

Олқылығы

Бір тұлғалы жекелеген  кәсіпорындар

Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы; қызмет жасаудың толық еркіндігі; нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі; қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі; барлық табыс табудағы максимальды мүдделігі

Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары; болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі; барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірулігі қажеттілігі.

Серіктестіктер

Басқару бойынша міндеттерді  бөлу; қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер; еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі.

Әріптестердің өзара  өнімсіздігінің ықтималдылығы; сенімсіздік  арқасындағы әлеуметтік-психологиялық  комфортсыздық; Әріптестердің өзара  келіспеушілігінің арқасындағы  бұл түрдің тұрақсыздығы.

Акционерлік қоғамдар

Қосымша капиталды тезірек  және кеңірек тарту мүмкіндігі; корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі; акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.

Басқарудың тым күрделілігі  және  оның  оперативтілігінің  төменділігі; акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі; кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.


 

    Ұжымдық кәсіпорындар  кооперативтік немесе акционерлік  түрде болуы

мүмкін. Кооперативтік  кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі  мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

    - акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционр меншігінің негізінде қызмет жасайды;

  • мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
  • құрылтайшылар мүлігінің 0осылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.

    Қазақстан  Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық 

қызметінің еркіндігі  және кәсіпкерлікті дамыту туралы» республика заңдарына кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған. 

 

    1. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау.

 

    Қазіргі кезде  нарықтық экономикасы дамыған  елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет (2-кесте).

 

 

 

 

5

Кесте – 2.

Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша

Шаруашылық сипатына қарай

Салалық қызметіне қарай

Меншік нысаны бойынша

Картелдер,

Синдикаттар

(консорциумдар),

Трестер,

Концерндер,

Концерн-конгломераттар,

Холдинг-компаниялар,

Акционерлік қоғамдар

(корпорациялар),

Кооперативтер,

Серіктестіктер.

Өндірістік,

Саудалық,

Делдалдық,

Банктік,

Сақтандырушылық

Инвестициялық,

Инновациялық,

Инжирингтік,

Венчурлік (тәуекелділік), Консалтингтік,

Аудиторлық,

Трастолық.

Өнеркәсіп,

Ауыл шаруашылығы,

Сауда,

Байланыс,

Көлік

Қаржы,

Несиелік,

Мәдениет,

Өнер,

Білім,

Ғылым, Денсаулық сақтау,

Тұрғын үй шаруашылығы.

Мемлекеттік,

Қазыналық, Ұжымдық,

Жалгерлік,

Кооперативтік,

Акционерлік,

Жекелеген,

Аралас (біріккен), Мемлекеттік

кооператив-

тікпен бірге,

Ұжымдық жекемен бірге,

Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын)


 

    Бір қолға  біріккен фирмалар саны мейлінше  көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде  олардың саны 7млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

2. Өтпелі экономика кезеңдегі кәсіпкерлік.

 

2.1. Шағын кәісіпкерліктің  ролі мен алатын орны.

     Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызметә шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын  өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.

     Сондықтан  да барлық кәсіпорындар меншік  түріне байланыссыз-ақ экономикалық  қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:

  • өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;
  • алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс

     іс-әрекетінен  алынған табыс өндірісті ұлғайтуға  және ұжымды           әлеуметтік дамытуға жұмсалады.

        Монополды мемлекет экономика  жағдайында кәсіпкерлік қызмет  құқығы тек мемлекетке ғана  жатады. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорын мен индивидке мүмкіндіктер жасалады. Бұл нарықтық экономиканы тап-тинақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі – кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде шағын, орта және ірі кәсіпкерліктерге бөлеміз. Кәсіпкерлік субъектісі бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер, жеке тұлғалар және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкрліктерді айта аламыз.

       Неміс  ғалымы әрі экономисі Йозеф  Алоиз Шумпетердің (1883-1950ж) ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға  немесе басқа бір сапалы жаңа  игілікті жасауға бағытталған.  Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді  ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге; жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.

       Кәсіпкерлік  өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке  негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.

       Кәсіпкерлікті  құрудың өзекті мәселесі –  мемлекеттік меншікті мемлекеттен  алу мен жекешелендіру болып  табылады. Олар нарықтық

7

экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды,  сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай,  нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А.Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші.

       Нарықтық  экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке  жол ашты, бірақ барлық мәселені шеше алмады. Оны шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.

       Нарық  жағдайында кәсіпкерлік қызмет  көп нышанда болады, оларды мына  түрде бөлуге болады:

  • масштабы бойынша шағын, орта және кәсіпкерлік;
  • кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.

     Кәсіпкерліктің  субъектілері экономикалық қызметтің  әр түрлі қатысушылары – жеке  тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен  және де ортақ экономикалық  мүдделерімен, біріккен адамдар  тобы, яғни, ұжымдық  кәсіпкерлік,  серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.

     Өтпелі  кезеңде кәсіпкерлік қызметтің  даму кешенді және көп деңгейлі  сипат алуы керек. Себебі аталған  қызмет Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық саясатының  стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.

      Еркін  кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі  жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау  мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік  қажетке негізделген бастама.  Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі  күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

     Кәсіпкерлік  дамытудың басты сәті нарық  экономикасында бәсекелестік ортаны  құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары