Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері және нысандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 19:31, реферат

Краткое описание

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

предпренимательская деятельность.docx

— 36.51 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік  реттеу принципі. Ең бастысы, кәсіпкерлік  қызметті мемлекеттік реттеу барысында  – кәсіпкерлердің және мемлекеттің  жұрт алдындағы және жалпы қоғамның мүдделерінің сақталуына қол жеткізілуі тиіс.

Заңдылық принципі. Ол өте  маңызды және оның іске аырылуы құқықтық мемлекетті құрудың негізі. Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары  қатал сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден, маңыздырағы, мемлекет құқықтық актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті  реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс.

Кәсіпкерлердің, солар сияқты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды кәсіпкерлік  принциптерінің қатарына жатқызуға  болады. Бұл принцип түпкі мақсатты – тұтынушылардың мүдделерін толық  қанағаттандыру жолымен кәсіпкерлікті  дамытуды көздейді. Екінші жағынан, кәсіпкерлердің өздері өз құрылымдарын құру тәртібін оңайлатуға, дәлелсіз тексерулерге және керексіз мемлекеттік  бақылауға  жол бермеуге, коммерциялық құпияны  сақтауға, әділ салық салуға мұқтаж болады[8, 15].

Кәсіпкерлердің үстел  үстіне қоятын кітаптар қатары мынадай  болуы керек:

1995ж. 30-тамыздағы Қазақстан  Республикасының Конституциясы;

1994ж.27-желтоқсандағы ҚР  Азаматтық кодексі(Жалпы бөлім);

2001ж. 12-маусымдағы ҚР «Салықтар  және бюджетке төленетін басқа  міндетті төлемдер туралы» кодексі;

2001ж. 30-қаңтардағы ҚР «Әкімшілік  құқық бұзушылықтар туралы» кодексі

1995ж. 17-сәуірдегі ҚР «Лицензиялау  туралы» заңы;

1999ж. 10-желтоқсандағы ҚР  «Қазақстан Республикасындағы еңбек  туралы» заңы;

2004ж. 28-ақпандағы ҚР «Еңбек  қауіпсіздігі және қорғау туралы»  заңы.

1992ж. ҚР «Жекеше кәсіпкерлікті  қорғау мен қолдау мәселелері  туралы» заңына өзгертулер мен  толықтырулар енгізілді. Бұрын  Заңда кәсіпкерліктің нысаны  – жеке және жекеше нысандары  жайлы айтылса, қазір көрсетілген  заңның  жаңа  редакцияда баяндалған  бабы жекеше әсіпкерліктің барлық  субьектілеріне – жеке кәсіпкерліктің  субьектілеріне, микробизнес субьектілеріне, шғын, орта кәсіпкерліктің  және  ірі бизнестің субьектілеріне  бөлінеді.

 

Кәсіпкерлікті ұйымдастыру  формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

 

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықытық  формалары:

Жеке иелік ету –  бұл бір адамның иелігіндегі  іс, бұл оған мынадай белгілі артықшылықтарды  береді:

а)  әр меншік иесі кәсіпорынның барлық табысына иелік етеді;

ә) меншік иелері өз-өзіне  билік етеді және кез келген өзгерістер енгізуге құқылы;

б) заңдар жеке иелерге  ең төменгі шектеулер қояды.

Жеке иеліктің кемшіліктері:

а) толық меншікті жауапкершілік;

ә) капитал көлемінің шектілігі.

 

2) Серіктестік  дегеніміз  – кәсіпорынның екі немесе  бірнеше иеленушілерінің болуы.  Оның артықшылықтары:

а) серіктестердің бірігуі  қосымша қаржыны тартуға мүмкіндік  береді;

ә) әр серіктес бұл іске өзінің жаңа шығармашылық идеяларын немесе       талантын ендіреді;

б) серіктестік салыстырмалы түрде оңай ұйымдастырылады және оған ерекше салық салынбайды.

Кемшіліктері:

а) көп жағдайда серіктестіктің барлығы шектелмеген мүліктік жауапкершілікке  ие болады;

ә) егер серіктестердің біреуі істен шығатын болса, онда серіктестік  өзінің жұмысын тоқтатады. өз қызметін әрі қарай жалғастыру үшін серіктестік  жаңа келісім  жасауы керек;

б) серіктестіктің өзіне  тартатын капитал көлемінің шектілігі;

в) серіктестердің фирманы  басқарудағы көзқарастарының сәйкес келмеуінің салдарынан фирманың өміріне  қауіп төнуі мүмкін.

Серіктестіктің түрлері:

Толық серіктестік – ол барлық мүшелерінің толық мүліктік жауапкершілігімен ерекшеленеді;

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

Аралас (командиттік) серіктестік;

3)  Акционерлік қоғам  немесе корпорация бұл - өзінің  әр түрлі тауарларды өндіру  мен қызмет көрсетулерді жүзеге  асыру және сатудағы өз қызметін  атқаруға қажетті жеке және  заңды тұлғалардың қаражаттарын  тарту үшін акцияларды шығаруға  негізделген кәсіпорын.

     АҚ артықшылықтары:

а) мүшелерді біріктірудің ұйымдық-корпоративтік сипаты;

ә) шектеулі жауапкершілік;

б) операцияларды жүзеге асырудың қарапайымдылығы;

в) өмір сүруінің шексіздігі.

     АҚ кемшіліктері:

а) құрудың күрделілігі  және қымбаттылығы;

ә) ерекше салықтарды төлеу  қажеттілігі;

б)  акцияларды ашық сатылуда орналасқан корпорациялардың коммерциялық құпияға деген құқықтарынан бас  тартуы.

Акционерлік қоғамдар ашық және жабық АҚ деп бөлінеді. Ашық түрдегі АҚ жарғылық қоры акциялардың  ашық нарықта сатылуының нәтижесінде  қалыптасады. Жабық түрдегі АҚ жарғылық қорын өзінің құрылтайшыларының  акциялары негізінде қалыптастырады[2,50].

Бірдей бөліктерден тұратын  жарғылық қор көлеміне сәйкес келетін  АҚ шығарған құнды қағаз акция  деп аталады және бұл акциялар әр акционерге олардың қосқан үлесіне  сәйкес бөлінеді. Акцияға келетін табыс дивиденд деп аталады.  Дивиденд көлемі АҚ шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелді.

Акциялардың сатылу бағасы оның бағамы деп аталады. Акциялардың  бақылау пакеті – АҚ шығарған акциялар санындағы белгілі бір акционерден  басқа акционерлердің акциялар санымен  салыстырғандағы үлкен үлесі (50%-тен  көп). Акциялардың бақылау пакеті оның иесіне АҚ қабылдайтын шешімдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жеке кәсіпкерліктің субьектілеріне заңды тұлға құрылмай кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі  салық комитеттерінде тіркеледі.

Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар, жұмыскерлердің  жылдық орташа саны 10 адамға дейінгі кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын заңды  тұлғалар микробизнес субьектілері болып табылады. Микробизнес субьектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді және тиісінше шағын кәсіпкерліктің субьектілері үшін көзделген жеңілдіктерді  пайдаланады.

Шағын кәсіпкерліктің субьектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заіды тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.

Орта кәсіпкерліктің  субьектілеріне заңды  тұлғасы құрылмаған жеке  тұлғалар және жұмыскерлердің  жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы  құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен  аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Ірі кәсіпкерліктің субьектілеріне жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын, кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің    жалпы құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен  асатын заңды тұлғалар жатады


Информация о работе Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері және нысандары