Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 17:07, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: екі бөлімді талдап қарастыру. Бірінші бөлімінде кәсіпкерлік мәнін, түрлерін, ұйымдық-құқықтық нысандарын зерттеу. Екінші бөлімінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін қарастыру.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның стегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 жж.) былай деген
Кіріспе...........................................................................................................................5
I.Кәсіпкерлік: мәні, түрлері,
Ұйымдық-құқықтық нысандары.
1.1Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері...................................7
1.2Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері...........................................................................................8
1.3Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары, олардың артықшылық-тары мен кемшіліктері..............................................................................................10
II.Қазақстанда кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері
2.1Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару.................................................................15
2.2Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы.....................................................21
2.3Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі.................................................25
Қорытынды.................................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................................31
Фирма алуан түрлі бағдарлар мен шектеулер, реттеуші нормалар, заң нұсқамалары, әлеуметтік, этникалық және басқа талаптар ортасында жұмыс істейді. Солардың ең бастылары:
Фирманың тіршілік философиясы – жалпы алғанда фирманың, сондай-ақ оның жекелеген қызметкерінің өзіндік іс-қимыл кодексі болып табылатын, мезгіл-мезгіл жаңартылып отыратын және баспаханада басып шығарылатын ресми құжат (біздің практикамызда кездеспейді). Мемлекеттік басқарудың орталықтандырылған жүйесі жағдайында бейіні мен көлемі бірдей кәсіпорындардың бір-бірінен айырмашылығы шамалы. Ал рынок жағдайларында әрбір кәсіпорынның, керісінше, өз бейнесі, нақты жұмыс стилі, өз тіршілік философиясы бар. Фирма философиясы – бастапқы база, принципті идея, фирманы дамытудың басты қозғаушы күші.
Философия кәсіпкердің ойы мен ісі түрткі болған себептерді іздеуге неліктен бағытталғаны жөнінде сұрақ қойып, сол сұраққа жауап қайтарады, фирма іс-қимылының мәні мен мақсатының себептері мен түпнегізін зерттейді, іске қосылатын активтерге баға береді.
Фирма философиясының аса маңызды құрамдас бөлігі – басқару моделі. Онда кәсіпорын жұмысының, оны ұйымдастырудың негізгі принциптері, ұзақ мерзімді өндірістік, кәсіпкерлік және әлеуметтік нұсқамалар, өнім өткізілетін рыноктардың, қызметкерлердің жұмысын ынталандыру түрлері және әлеуметтік әріптестік шарттары сипатталған. Әзірленетін және үнемі жаңартылатын модель нақты жүзеге асатын, іске аспайтын элементтерсіз болуға, басшылықтың жоспарланған мақсаттарға жетуге әзірлік деңгейімен және қабілетімен сәйкестендірілуге, өндіріс мәдениеті мен әлеуметтік әділдік талаптарын білдіруге тиіс.
Фирманың мақсаттары белгіленген кезде оның нақты потенциалы мен қоршаған орта жағдайы – рынок потенциалы өскеріледі. Фирма потенциалының негізгі көрсеткіштері – пайда мен рентабельділік, шығынның орнын толтыру дәрежесі мен сипаты, қорлар мен инвестициялардың жаңаруы, зерттеулер мен талдамалардың қарқыны.
Рынок потенциалы негізінен рыноктың өсуімен және фирма конъюктурасы жүйесіндегі жалпы жағдаймен сипатталады.
Екі түрлі мақсаттар белгіленеді:
Сан – (рыноктық – айналым, өсім, рыноктағы үлес; экономикалық пайда, рентабельділік; қаржылық – капитал, бейне, фирмадағы жұмыстың әлеуметтік жағдайлары.
Модельде сондай-ақ басқару механизмінің сипаттамасы болып, онда фирма жұмысының ерекшелігі көрсетіледі. Басқарудың қосалқы жүйелерінің құрылымында мыналар болады: 1) материалдық шаруашылық; 2) өндіріс; 3) өнім өткізу; 4) жұмысшылар; 5) капитал мен инвестициялар; 6) ақпарат.
Қосалқы жүйелердің әрқайсысы
шеңберінде басқару функциясы жүзеге
асырылады, олар үшеу: ұйымдастыру, жоспарлау,
контроллинг. Ұйымдастыру менеджердің
жекелеген процестерді
Кәсіпкерлік идеяларды тікелей жүзеге асыру мына факторларға байланысты: мақсаттар мен міндеттерді дұрыс, айқын тұжырымдау; ақшалай қаржыландыру мөлшері; өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру; маркетинг қызметінің потенциалы. Идеяларды нақты жүзеге асыру (фирманы құру немесе дамыту) жоспарлар жүйесін жасаумен байланысты. Олардың құрылымы мен жүйелілігі мынадай:
Өнім өткізу жоспары тұтынушылар мен рыноктар топтарына орай сан бойынша бірнеше жылға белгіленеді.
Айналым жоспары өнім өткізу жоспарының деректері бойынша есептеледі. Сан өнімнің даналап сатылатын бағасына көбейтіледі.
Өндіріс жоспары өнім
өткізу жоспарының деректері бойынша
есептеледі; уақыт пен жұмыс күші
жөніндегі қажетті анықтай отыр
Қуаттар жоспары өндірістік алаңдар, машиналар, коммуникациялар түрінде белгіленеді және т.т.
Инвестициялар жоспарында қызметкерлер жөніндегі қажет, олардың біліктілігі, ақы төлеу принципі мен тәртібі анықталады.
Материалдық-техникалық жабдықтау жоспары ассортимент тұрғысынан өндіріс көлемін негізге ала отырып есептеледі.
Материалдық қор жоспары – ағымдағы материалдық қорлар анықталады.
Дайын бұйымдар қорларының жоспары – қоймадағы дайын бұйымдар қоры анықталады.
Қаржы жоспары – қаншама капитал қажет болатыны және оны тарту көздерінің қандай екені белгіленеді.
Өтімділік жоспарында оралымды қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпорынға қаншама (ағымдағы) қаражат қажет екені туралы қажетті мәліметтер болады.
Жоспар балансында кәсіпорынның қаржы жағдайы оның қарыздарымен салыстырылады.
Фирмада басқару процестерінің басым бөлігі әміршіл емес режимде жүзеге асырылады. Міндет - әрбір жеке адамның күш-жігерін фирманың басты мақсатына жетуге жұмылдыру. Осыған байланысты фирманың тіршілік қабылетін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар жиынтығын алып айсбергпен теңеуге болады, оның үштен бірі – көзге көрінетін бөлігі (өндірісті ұйымдастыру, жабдықтау, өнім өткізу, инвестициялар, қуаттар, жоспарлау, контроллинг, кадрлар және т.т.) және үштен екісі – көзге көрінбейтін бөлігі, яғни қызметкерлер жөніндегі менеджмент, ол рынок организмінің субъектілері – адамдардың іс-қимылын сипаттайтын ерекше факторлар мен импульстерге негізделген. Олардың негізгілері мыналар:
Құндылықтар:
Фирма мақсаттарына жету үшін менеджменттің түрлі әдістері пайдаланылады. Ауқым, интенсивтілік және әдістерді қолдану саласы жағдайға, фирманың дәстүрлеріне, қызметкерлердің даярлық деңгейіне байланысты. Осы әдістердің қайтарымы менеджердің кәсіптік біліктілігі мен тәжірибесіне, инициативасына, шығармашылығына, іс-қимыл ширақтығына, пысықтығына, қабылданған басқару стиліне, себеп-салдар түрлеріне байланысты.
Менеджмент әдістері өкілеттіктер беру құралдары мен тәсілдерін пайдалануға, фирма мақсаттарын орындаушылармен қатаң түрде байланыстыра отырып саралауға, ауытқуларға қатысты процестерді бақылауға, қызметкерлердің күш-жігерлерін үйлестіруге, коммуникациялық байланыстарды дамытуға, дәлелдеуге, жүйелі амалдар қолдануға, кадрлардың кәсіптік даярлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді және т.т.
Жаңадан бастайтын кәсіпкер бастапқыда мазмұны мен логикасын түсінуге тиісті мәселелер жалпы алғанда міне осындай. Келешекте ол менеджер ретіндегі өз потенциалын арттырып, негізінен алғанда, рыноктағы операциялар жөнінде, онымен байланысты барлық проблемалар бойынша шешімдер қабылдау тәсілдерін меңгеретін болады.
Қорытынды
Кәсіпкерлікті шаруашылық искусствосы, экономикалық және ұйымдық творчество, еркін бастамаға, жаңалық жаңашыры, тәуекелге бас ұру арқылы түсіндіреміз, мұның бәрі пайда әкелу. Мұның өзі табиғи, әрі дұрыс: басқарудың өзі “мүмкіндік - искусствосы”. Оның үстіне әңгіме тауарлы және бәсекелі шаруашылықтың туумен байланысты өндірісті басқару және ұйымдастыру жөнінде болып отыр. Мұнда жеке бастың бейімділігі, қабілеті, батылдығы маңызды рөл атқарады. Бұған қосарымыз Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікке жол ашқан, оның құқы мен жауапкершілігі туралы алғашқы қабылданған заң актілірінің бірі “Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы” болды. Мұнда кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің жеке дара бастамасы, іс-қимылы, ол пайда алу мақсатын көздейді, тәуекелділік көрсетеді, өзгерістерге деген жауапкершілігі бар деп анықтама берілген.
Кәсіпкер қабылданған
заңға қайшы келмейтін
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетің кезкелген қызметтің түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда “кәсіпкерлік қабілеттілік” ұғымда бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: “Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өзмүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар”. Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек. Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге “Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы” туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктері анықтап берді.
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны.
Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы “Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы” Жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген.
Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше секторы ретінде өмір сүріп келді және әрқашанда өмір сүре береді. Оны тікелей шектеу, реттеу және бақылау жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі деңгейінен көрі бір мысқалдай кемдеу шығады. Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселесі – салыстырмалы түрдегі нашар өміршендігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстармен және халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.