Кәсіпкерлік мәні,түрлері aksaule

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 17:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: екі бөлімді талдап қарастыру. Бірінші бөлімінде кәсіпкерлік мәнін, түрлерін, ұйымдық-құқықтық нысандарын зерттеу. Екінші бөлімінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін қарастыру.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның стегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 жж.) былай деген

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
I.Кәсіпкерлік: мәні, түрлері,
Ұйымдық-құқықтық нысандары.
1.1Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері...................................7
1.2Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері...........................................................................................8
1.3Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары, олардың артықшылық-тары мен кемшіліктері..............................................................................................10
II.Қазақстанда кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері
2.1Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару.................................................................15
2.2Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы.....................................................21
2.3Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі.................................................25
Қорытынды.................................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

кәсіпкерлік мәні,түрлері aksaule.doc

— 231.00 Кб (Скачать документ)

Өндірісті қайта ұйымдастыруды  жүргізу.

Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А.Смиттің тұжырымын толықтырған Ж.Б.Сей назар аударды.

Кәсіпкерлік қызмет тек  бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үилесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.

Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.

Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік.

Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына кері тәуелді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады.

Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:

статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап болашаққа болжау жасайды.

эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірибелі бизнесмендер көзқарастары зерттеледі.

есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді.

Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз  болуы мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.

Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады.

Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану  мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.

 

 

1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

 

Кәсіпкерлік әр түрлі  формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.

Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандыру кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады.

Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, - себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін.

бизнес көлемі шектелмеген.

қатаң бағамен шектелмейді.

Кәсіпкерлікте үш түрді  бөліп алады:

  1. жеке тұлғалар.
  2. серіктестік (жолдастық).
  3. корпорация (акционерлік қоғам).

Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.

Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.

Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналасатын бизнесті айтады. Серіктестікке де табыс салығы салынады.

Серіктестіктің артықшылығы  сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл.

Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан істе қаржы ресурстарының  тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.

Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынща бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.

Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады:

акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда  шектелмейтін мүмкіндіктер;

басқару функцияларын орындау  үшін кәсіби мамандарды тарту;

корпорация қызмет етуінің  тұрақтылығы, өйткені акционерлерінің  біреуінің қоғамнан шығып кетуі  фирманың жабылуына ықпал етпейді.

Бизнесті корпоративті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне төмендегілер жатады:

корпорация табысының  акция ұстаушыларға дивиденд түрінде  төленетін бөлігіне екі жақты  салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының  бөлігі ретінде. Кіші  корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S корпорациялары (small business corporation) статусын алуға рұқсат етеді. Бұндай жағдайда корпорация табысы олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы алынады;

экономикалық теріс  пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер. Ешқандай нақты құны жоқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;

меншік және бақылау  функцияларының бөлінуі. Акциялары  көптеген иелер арасында орналастырылған  корпорацияларда бақылау функциясы меншік функциясынан ажырайды. Акция иелері көп дивиденд алуға ұмтылады, ал менеджерлер ақшалай айналымға жіберу мақсатында дивидендтерді азайтуға тырысады.

Корпорацияның басқа  да кемшіліктері бар, бірақ олардың  орнын артықшылықтары толтырады.

Кәсіпкерлік көлеміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.

Қазіргі батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың  жартысынан көбі жұмыс табады. Кіші бизнестің әдеттегі формалары франчайзинг (franchise - жеңілдікті) және венчурлық (venture – тәуекел ету) кәсіпкерлік жүйелері болды.

Франчайзинг – ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендету, тауарды жеткізуге, құрал-жабдықты сатып алуға, кредит алуға көмек түрлерінде жеңілдіктері бар.

Ұсақ фирмалар ірі компаниялар  өнімдерінің бөлшек сатушылары болып  қалыптасады. Бұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі корпорациялардан сауда запасын, кредит алады және олардың қамқорлығына енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды, сондай-ақ өз қамқорлығындағылардан ұдайы төлем алып отырады.

Венчурлық фирма – ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі шығындарға сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты “күйіп кетуге” тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп, тезірек екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны АҚШ болып табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі күні венчурлық фирмалар Қазақстанда да құрылып қызмет ете бастады.

Орта бизнес елеулі роль атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі оның ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелесуіне тура келеді, осының нәтижесінде ол ірі кәсіпкерлікке  айналады немесе мүлдем өмір сүруін тоқтатады. Бұл жерде әңгіме қандай да бір ерекше өнім шығаруда монополист болып табылатын, тұрақты тұтынушысы бар фирмалар туралы емес (мүгедектерде арналған техниканы өндіру, қалалық сағаттарды жөндеу).

Ірі бизнес кіші және орта бизнестен өте қуаттылығымен  ажыратылады. Оның рыноктағы монополиялық жағдайы көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға есептелген жаппай және арзан өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Әрбір елдің өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар.

Қазақстанда кәсіпкерлік  қызмет формалары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған.

Соған сәйкес барлық ұйымдар (заңды тұлғалар) коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.

Коммерциялық фирмалардың негізгі мақсаты пайда алу болып табылады. Коммерциялық емес фирмалар ондай мақсат қоймайды.

Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік және жергілікті унитарлық кәсіпорындар формасында құрыла алады. Шаруашылық серіктестіктер өз кезегінде толық серіктестік, сенім серіктестік (коммандиттік), жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам, еншілес және тәуелді қоғамдар түрінде қызмет етеді.

Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативті, қоғамдық немесе діни ұйым, қайырымдылық қор фирмаларында құрылады.

 

 

Кәсіпкерліктің негізгі  нысандарының артықшылығы мен кемшіліктерінің  таблицасы

 


 

Акционерлік қоғам – өз әрекетін жүзеге асыру үшін қосымша қаржы тарту мақсатында акциялар шығаруға негізделген кәсіпорын немесе мекеме.

Акция – акционерлік қоғам шығаратын айналым мерзімі белгіленбеген, акция иесі жарғы қорына енгізгені туралы куәландырылған және дивиденд ретінде кіріс алуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акциялар курсы – акциялардың сатылымдық бағасы. (4. 23-24 бет)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Қазақстанда кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері

 

 

2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару

 

Экономикасы нарықтық бағытқа  бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті  даму мәселесі – өзекті мәселелердің  бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: “Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өзмүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік  қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар”. Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.

Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

Кәсіпкерліктің түрлі  формаларының өзара тиімді ынтымақтастық  құруы келешегі зор бағыт. Шағын  кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді  қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы  сұраныс өзгересіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі  кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұнын өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, брокерлік, маклердік делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді роль атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, маңызды фактор болып есептелінеді.

Сонымен қатар, ұжымдық  бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.

Кәсіпкерлікті дамыту кез  келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру  үшін қажет. Кісіпкерлікті дамыту мынадай  сұраққа жауап іздеуі керек: “Геосаясаттық  өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді”? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында “стратегиялық көзқарассыз” ешқандай даму болмайды.

Информация о работе Кәсіпкерлік мәні,түрлері aksaule