Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 11:01, курсовая работа
Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән. Кластерлік бастама аймақ бойынша кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.
"Кластер" ұғымына көптеген анықтама беруге болады. Ең негізгі анықтаманы XX ғасырдағы стратегиялық жоспарлау саласындағы ең мықты эксперттердің бірі профессор Майкл Портер берген. Қазіргі уақытта кластерлік концепция индустриалды кластермен (Competitive advantages of the nations, 1990 және аймақтық кластерлермен (Competition, 1998) тығыз байланысты. Кәсіпорындардың бәсекелестігі және өндіріс салаларымен кластерлік одақ арасында тығыз байланыс бар.
1 Кластерлік дамудың теориялық аспектілері
Кластер түсінігі және түрлері
Аймақ экономикасында кластерді дамыту бәсекеге қабілеттілікті көтерудің факторы ретінде
Қазақстан Республикасының аймақтардында кластерлердің рөлі және олардың дамуын талдау
Қазақстанда кластерлік жүйенің қалыптасуы
Шығыс Қазақстан облысындағы кластерлік әдістің негізгі формаларының дамуын талдау
Кластерлік жүйені дамытудың бағыттары
Кластерлік жүйенің әлемдік тәжірибедегі ролі
Кластерлік жүйенің тиімділігі және дамыту бағыттары
Қорытынды
Барлық кластердің қолда болуы ішкі бәсекелес тобы бар салаларға факторлар жасауды тездетеді. Кластердегі барлық фирмалар (өзара байланысты) инвестицияны мамандырады т.б. Осы жағдайлар жаңа фирмалардың көптеп пайда болуына әкеліп тірейді. Кластер ірі капитал жұмсауға және мамандануға итермелейді.
Үкімет пен университеттер кластерге көп көңіл аударады. Кластерге барлық жаңа дарынды адамдарды тартады, сөйтіп елдің халықаралық деңгейде беделі өседі.
Кластер кеңею үрдісіне ие болады. Өйткені бәсекеге қабілетті сала басқа, жаңа саланы туындатады. Осы өсу бағыты кластердің құрылымына тәуелді. Бұл әр елде біркелкі емес. Ақындайтын екі мысал келтірейік. Жапонияда кластерлердің даму үрдісі горизанталь бағытта болды. Өйткені мұндағы компаниялар көршілес салаларға еніп кетуге дайын. Бұған олардың мақсаттарының табиғаты және ішкі диверсификацияға бейімділігі әсер етеді. Италияда кластерлер вертикальды бағытта дамиды. Жұмыс істеп тұрған компаниялардың аралас диверсификациясы неғұрлым сирек кездеседі.
Кластердің даму процесінде оқшауланған салалардан экономикалық ресурстар құйыла бастайды. Егер де сала халықаралық бәсекеге бет алса, кластердің пайда болуы ерекше көзге түседі.
Қорыта айтқанда, ұлттық бәсекеге қабілеттік көп жағдайда жеке салалардағы кластерлердің даму деңгейіне байланысты. Осы жағдай үкімет саясатына және компания стратегиясына барынша маңызды болады.
Кластерлердің ішіндегі өзара алмасуы - ұлттық ромбаның негізінде және кластерлердің құрылуында алмасатындар мыналар: қажеттілік жөніндегі ақпарат, сатып алушы салалар арасындағы жабдықтаушылар мен тектес салалардың арасындағы техника мен технологиялар. Осындай алмасу жүзеге асқанда және әрбір салада белсенді бәсекені қолдағанда бәсекеге қабілеттілігіне жақсы жағдайлар жасалады. Ендігі сөз кезегінің тізгіні жоғарыда аталғандардың өзара әсерлерінің механизмдері жөнінде болмақ. Ұлттық кластерлердегі фирмалардың айырмашылықтары бар, тіпті кейде қарама-қарсы мақсаттары да болады. Жабдықтаушылар мен сатып алушылар баға мен пайданы бөлісу жөнінде жанжалдасып қалады.
Осындай жағдай ақпаратпен алмасуға кері әсер етеді, өйткені әрқайсысы жеке дара пайдаланғысы келеді. Бәсекеде өзара алмасу жергілікті фирмаларға пайдалы жағдай жасайды.
Әрбір елде және сол елдің ішінде, әрбір салаларда кластерлердің сипатында және тиімді әсер етуінде айтарлықтай өзгешеліктер болады. Егер де кластерлердің ішінде өзара алмасу (жеке салаларда немесе нарық сегментінде) бәсеке қабілеттілігіне тез қол жеткізеді және ұзақ мерзім сақталады. Бұған дәлел – шведтік тау-кен өнеркәсібі және оған құрал-жабдық шығару.
Кластерлердің
өзара алмасуына көмектесетін тұтқалар
ақпарат ырғағын жеңіл
Ақпарат ырғағын жеңілдететін факторлар:
- бірге
оқу және міндетін атқарп
- ғылыми
қоғамдастықтарға немесе
- географиялық
жақын орналасудан туған
- кластерге қызмет көрсететін салалық ассоциациялар;
- ұзақ та берік
өзара қарым-қатынасқа деген
Мақсаттардың сәйкес келуін анықтайтын және кластерлер ішіндегі сәйкестік факторлары мына төмендегідей:
- фирмалар арасындағы отбасылық немесе отбасы маңындағы байланыстар;
- өнеркәсіп топтары ішіндегі жалпы меншік;
- акционерлік жеке меншікке үлестік қатысу;
- фирмалар директорларының арасындағы өзара әрекет;
- ұлттық патриотизм.
Жапония жақсы жұмыс істейтін кластерлер еді. Алдымен әдепкі көзге түсетіні ірі топтар. Бұлар акционерлік капитал арқылы өзара байланысы бар, еркін фирмалар тобы, соғыс алдындағы қатаң детерминантталған өнеркәсіптегі холдинг компаниялары. Әрбір топтың орталығы – банк. Мысалы, “Сумитомо бэнк”, немесе “Мицубиси - бэнк” осындай орталықтар. Алайда іс жүзінде топ стратегиялық немесе тіпті тактикалық шешімдер қабылдауда салыстырмалы түрде көп ықпал көрсете алмайды. Алайда топішілік өзара байланыс кластерлердің жұмысын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Компаниялар бір-бірімен өзара кеңеседі және қарым-қатынастары негізінде жақсы жұмыс істейді.
Жапонияда кластерлер ішінде өзара ықпал етуге көмектесетін басқа да маңызды механизмдер бар. Солардың бірі – акционерлік меншікке үлестік қатысу. Тағы бір маңызды фактор бар, ол – фирмалардың географиялық жақын орналасуы. Кластерлер ішіндегі өзара байланыста жеке таныстықтың рөлін жоққа шығаруға болмайды. Жапондықтар университетте бірге оқыған курстастарымен өмір бойы қарым-қатынасын үзбейді. Бұл тектес фирмалар арасындағы өзара алмасуға жол ашады, жапондық салалық ассоциациялар, сондай-ақ үкіметтің заңдастырылған демеушілігімен жиі ақпараттық және техникалық алмасуды қажет етеді.
Жапондық кластер басқа да маңызды мәселелерді айқын көрсетеді. Қолданыстағы механизмдер өзара байланысты салалардағы өзара алмасуға жағдай жасағанмен, жекелеген салалар ішінде бәсеке жүреді. Сатып алушылар мен сатушылардың арасындағы мәміле кейде аса киындықпен іске алады.
Италияда класстерлер қызметіне тиімділігі шамалы механизмдер әсер етеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы отбасы және отбасы маңындағы байланыстар болып табылады. Бұған қоса итальяндық өнеркәсіптің географиялық шоғырлануы күшті, көптеген салалар бір немесе екі қалада шоғырланған. Швейцариялық топтасудың басқа ерекшелік белгілері бар. Мысалы, жеке бастың өзара қарым-қатынас жүйесі міндетті әскери қызметті өтеп жүргенде туындайды. Швецияда маңызды рөлді қаржы топтары және директорлар арасындағы қатынастар атқарады. Германияда осындай рөлді банк орындамайды.
Кластерлердің ішкі өзара қатынасын жеңілденетін механизмдер Жапонияда, Италияда, Швецияда неғұрлым күшті, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та әлсіздеу. Бұны барлық салалар бойынша айтуға болмайды. Мысалы, АҚШ-та денсаулық сақтау жүйесінде және компьютер шығаруда кластерлер барынша жеткілікті рөл атқарады. Осы салалар әлемдік нарықта әйгілі болып тұр.
Географиялық шоғырланудың
маңыздылығы халықаралық
Ішкі бәсекелестердің шоғырлануы жабдықтаушылар мен негізгі сатып алушыларға жақын орналасқан. Сөйтіп қала немесе аймақ бәсеке алаңына айналады. Қорыта айтқанда, география жақын орналасу әлемдік деңгейдегі бақталастарға бәсеке процесінде үлкен әсер етеді. “Ромб” детерминанттары өрлеп тұрған салаларға географиялық жақындығы негізінде өзара әсерін күшейтеді. Бақталастардың шоғырлануы, олардың сатып алушылары және жабдықтаушылары өндіріс тиімділігінің өсуіне және мамандануына көмектеседі. Географиялық жақындық өндіріс процесін жетілдіруге және жаңалықты енгізуге маңызды екендігін ерекше айтқан жөн. Жақын орналасқан бәсекелестерге эмоционалды және қызғаныш сезімдері де жат емес. Бұны көбінесе жақын орналасқан университертер байқап, оған өз дәрежесінде көңіл бөледі. Өз кезегінде бәсекелестер жергілікті университеттердің қызметтерін қаржыландырып қолдап отырады.
Географиялық шоғырландыру жаңа фирмалардың пайда болуына көмектеседі. Бөлініп шыққан фирма компанияның отауы іспеттес жақын орналасқанды қалайды, ондағы орныққан қатынастарды бағлайды.
Географиялық жақын орналасу ақпаратты шоғырландыруды күшейтеді, сөйтіп оны оңай алудың сәті түсіп, қажетінше пайдаланады. Ақпарат ағымының тасқыны күшейеді және жылдамдаланады. Бұның келеңсіз жағы бар. Ол ақпаратты басқа аймаққа таратуға кедергі келтіреді. Жақын орналасу бақталастарының тәртібін жеңіл бақылауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, көршілеріне қарай отырып өндірісті жетілдіреді. Жергілікті патриотизм таза экономикалық уәждермен арқауласып кетеді, бұл фирмаларды құлшына жұмыс істеуге итермелейді. Географиялық жақын орналасу кластерлерді қалыптастыру процесіне және салалардың кластер негізінде өзара айырбасы белсенді түрде жүреді. Қорыта айтқанда, географиялық жақын орналасу “ромбыдағы” олардың барлық әсер ететін қуаттарын біріктіреді, нәтижесінде “ромба” нағыз жүйеге айналады.
Жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілік, “ромбаның” жақсы қызмет атқаруының нәтижесі екендігі даусыз мәселе. Кейбір жағдайларда кездейсоқтық та маңызды рөл атқарады. Басталған процестің жалғасуы жаңа бәсекелестерді тартады, ол кезде басқа детерминанттар іске қосылып, барлық әлеуеттің артуы байқалады.
Іс жүзінде жаңа салалардың пайда болуына үш детерминанттардың біреуі ғана ықпал жасайды. Факторларды алғашқы болып басымырақ қолға түсіру бәсекеге қабілетті салаларды туындатады. Швециядағы болаттың арнайы түрін өндіру, құрамында фосфоры аз кен алудың нәтижесінде пайда болды. Жергілікті ерекшеліктер, мысалы табиғат жағдайлары салаға көңіл аударудың факторы болып табылады.
Неғұрлым
дамыған салаларда алғашқы
Бәсекеге қабілетті салалардың бастауын тектес және қолдаушы салалардан табуға болады. Италиядағы шаңғы ботинкаларын жасайтын өндіріс туризмге қажетті жергілікті аяқ киім өндірісінен өріс алды. Осы елдегі кәсіпорындарды автоматтандыратын құрал-жабдық өндірісі станок жасау саласынан туындатады. Жапониядағы автокөлік тиейтін жабдықтар өндірісі жүкті тиейтін өндіріспен тікелей байланысты. Саладағы алғашқы кәсіпорындар тектес немесе қолдаушы салалардың немесе саланың бұрынғы қызметкерлері ұйымдастырылған жаңа компаниялар болуы мүмкін.
Елдің әдепкі даму кезеңдерінде бәсекеге қабілетті салалардың пайда болуы қолда бар базалық факторларға немесе жергілікті нарықтағы сұраныстың ерекше болуына байланысты. Алдыңғы қатардағы елдерде жаңа салалардың пайда болуының қайнар көздері сан-алуан. Жаңа өндіріс қалай десек те тектес және қолдаушы салалардан, университет лабораторияларынан немесе мамандандырылған оқу орындарынан туындайды.
Салада кейбір жағдайда алғашқы компаниялардың пайда болуына кездейсоқтық көмектеседі. Ғалымдардың маңызды жаңалық ашуы және болжалмаған басқа да жаңалықтардың туындауы әбден болатын құбылыс.
Елдің бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін артықшылықтарды үзбей және үнемі қорландырып отыру керек. Негізгі детерминанттар, мысалы, белсенді бәсеке, жоғары деңгейдегі білікті жұмысшы күші және техникалық білім, болмаса өндірісті жетілдіру қиынға түседі. Келешегінен көп үміт күттіретін сала осындай жағдайда жетейін дегеніне жете алмай тұралап қалады. Сондай-ақ елдің жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігіне жетудің жолы – кейбір детерминанттар жөнінде басымдылықты иелену немесе оны бесенді түрде дамыту болып табылады. Осындай жағдайлар Жапонияда факс аппараттарын шығару кезінде болды. Алайда тек қана дамыған базалық факторлар болса жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігіне жету ұзақ мерзімді қажетсінуі мүмкін. Ұлттық фирмалар алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен бәсекеге түсу үшін оларда озық технология, қаржы мен жаһандық сауда және қызмет көрсету арналары болуы керек.
“Ромбаның” кейбір бөліктерінің даму процесінде және ұлттық саланың тиіиді өзара әсерлерінің, жетілуінің және инновацияны ендірудің нәтижесінде ұзақ көп мерзімді өрлеу байқалады, жаңа фирмалар пайда болып, өндірістің жаңа саласы игеріледі. Екінші жағынан, сатып алушылардың талабының өскендігінен өнімнің жаңа түрі шығарыла бастайды.
Ұлттық артықшылықты жоғалту, ол саланың даму процесінде ұлттық фирмалар бәсеке артықшылығын жоғалтып алады. Олардың салаға ыңғайлануы ұлттық “ромбаға” тәуелді. Бәсекеге қабілеттілікті ұзақ мерзім сақтап қалу үшін мынандай жағдайлар қажет: талап қойғыш сатып алушылар, кешенді технологияның үнемі жетіліп отыруы, білікті персоналдар, интенсивті ішкі бәсеке, өндіріс масштабын ұлғайту арқылы үнемдеу, сауда маркасының беделі, жаһандық арнаның дамуы және т.б. Жағымсыз факторларды жоюды өндірісті басқа елге көшіру арқылы жүзеге асыруға болады.(керек емес)
Алайда саланың бәсекеге қабілеттілігі инновацияны көтермелемегенде жоғалады. Бәсекеге қабілеттілігі жоғалтудың негізгі себептеріне тоқталайық.
- факторлық параметрлердің әлсіреуі. Бұл көптеген себептерге байланысты туындауы мүмкін. Бәрінен де қиыны елдің факторларды жасау және жетілдіру жылдамдығынан артта қалуы. Егер мамандандырылған еңбек ресурстарының біліктілігі немесе ғылыми-техникалық базасы басқа елдермен салыстырғанда нашар болса, бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмендейді. Олай болмас үшін инновациялық процестерді жылдамдатып, назарды алдыңғы қатарлы салаға бөліп және жаһандандыруды жалғастыру қажет. Фирманың факторлар құнының өсіп отырғандығына дұрыс қарауы керек. Ол тұрақты артықшылықты қамтамасыз етеді.