Экстремальді және төтенше жағдай туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 17:16, реферат

Краткое описание

Психика саулығы дегеніміз – адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сәйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көрсетуі. Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.1. Экстремальді және төтенше жағдай туралы түсінік.
1.2 Төтенше жағдайда халықтың психологиялық дайындығы.
1.3 Төтенше жағдайдағы адамның реакциясы.
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат тқн.docx

— 31.29 Кб (Скачать документ)

Флегматик — салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады.

Баяулық пен селқостық  — флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып, жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз  уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы  еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады. 

Меланхолик темпераменті — бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық,қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.

Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен  тең келмеуі, кез келген күшті  әсер -меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер  де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсак-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты  қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп  есептейді. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы  ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Темпераменттің негізгі төрт типінің  өкілдері бір қалыпты жағдайдың  өзінде өздерін түрліше ұстайды  екен.  Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.

 

Қорытынды.

Төтенше жағдайға тап болған адамның одан аман-есен шығуы сирек. Кейбіреулер өмірмен мәңгілікке қоштасады, кейбіреулер ауыр жарақат алады және мертігеді, ал кейбіреулері бірінші көргенде білінбейтін бірақ ауруы асқынып, тез жазыла қоймайтын дертке шалдығады.                       Ол адамзаттың психикасы мен санасының жарақаттануы.

  Меланхолик төтенше жағдайларда дүрбелеңді бастаушы болып табылады.

  Сангвиник қауіпті жағдайларда бірден жинақыланып, ширап кетеді, батыл әрекет жасайды, бірақ энергиясының көптігінен және шешімді жылдам қабылдау себебінен іс-әрекеттің қате әдіс-амалын таңдап алуы мүмкін.

  Флегматик те байсалды, жинақылыққа бейім, бірақ сангвиниктен өзгешелігі ойланып барып әрекет жасайды және бір шешімді қабылдау үшін оған белгілі бір уақыт керек. Төтенше жағдайда адамның мінез-құлқына оның жасының да үлкен әсері бар 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тіршілік қауіпсіздігі,авторы М.Немеребаев 2012

2.

3.

4.

5.

6.Интернет желісі. 


Информация о работе Экстремальді және төтенше жағдай туралы түсінік