Экстремальді және төтенше жағдай туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 17:16, реферат

Краткое описание

Психика саулығы дегеніміз – адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сәйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көрсетуі. Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.1. Экстремальді және төтенше жағдай туралы түсінік.
1.2 Төтенше жағдайда халықтың психологиялық дайындығы.
1.3 Төтенше жағдайдағы адамның реакциясы.
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат тқн.docx

— 31.29 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.1. Экстремальді және төтенше жағдай туралы түсінік.

1.2 Төтенше жағдайда халықтың психологиялық дайындығы.

1.3 Төтенше жағдайдағы адамның реакциясы.

III.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

    Кіріспе.

   Психика саулығы дегеніміз – адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға  қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сәйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көрсетуі.  Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті.

   Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық дене құрылымын өзгертіп және өзіне бағындырды.

  Темперамент - дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез-құлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері. 

 

1.1.ЭКСТРЕМАЛЬДІ ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

  Әрбір адам тұрмыста, жұмыста немесе оны қоршаған табиғи орта жағдайларында пайда болған күтпегендік, тосындық, сыртқы жағымсыз факторлардың ұзақ уақыт, күшті әсер етуі, ал кейде өмірге тікелей қауіп төндіруі тән болатын жағдайларға тап болуы мүмкін. Әдеттегі жағдайлардың шеңберінен шығатын мұндай жайтты экстремальді жағдайлар деп атайды.

  Экстремальді жағдайларда адамда стресс (күйзелу) деп аталатын ерекше эмоционалдық ширығу күйі пайда болады. Ол ағзаның барлық жүйелерінде қозу тудырып, адамның іс-қылығы мен еңбекке қабілеттілігіне үлкен ықпал жасайды. Стресстің нақты индивидуумның іс-әрекеті мен мүмкіндіктеріне, оның еңбекке қабілеттілігінің өзгеруіне ықпал етуі аса дербес. Біреулер нақ сол эмоционалдық ширығу жағдайларында – емтихандарда, жауапты жарыстар мен тіршілік үшін қауіпті кез келген жағдайларда тиімді әрекет жасайды. Ал келесі біреулердің мұндай жағдайлар психологиялық тұрғыдан рухын түсіреді. “Психологиялық шок” туындайды - қатты іркілгіштік немесе керісінше, абыржу, асығу, саналы әрекеттерге қабілетсіздік пайда болады.

  Адам экстремальді жағдайларға түрлі себептермен тап болады, бірақ көп жағдайларда ол оның өзінің кінәсінен туындайды - қауіпсіздікті сақтау тәжірибесінің жоқтығынан немесе қауіпсіздік ережелерін ескермеуден, алды-артын болжамаудан, ал кейде алаңғасарлықтан. Мәселен, адам тіршілік үшін қауіпті қандай да бір жағдайда қандай шара жасау керектігін білмейді немесе білсе де өзіне-өзі көмек көрсете алмайды. Кейде, тіпті ол біліп, әрі қолынан келіп тұрса да қауіпсіздік жағдайлары талап ететін шараны жасағысы келмейді (немесе нақты не істеу керектігін білгісі келмейді). Міне, осыдан кейін тосын жағдайларға тап болып, қиын, әдеттегіден тыс, жылдам, дәлме-дәл қимылдауды қажет ететін жайттарға ұшырғанда адамдар дәрменсіз күйге түсіп, тым қарапайым, бірақ тіршілік үшін маңызды мәселелерді шешуге қабілетсіз болып қалады.

 Экстремальді жағдайларға тап болу ықтималдығын азайтып, денсаулығың мен өміріңді сақтап қалу мүмкіндігін арттыру үшін қажет:

- өмірімізде кездесетін  қауіп-қатер факторларын біліп,  ескеріп жүру;

- қауіпті жағдайлардың  пайда болу мүмкіндігін алдын-ала  болжап білуді үйрену;

- оларға тап болмауға  тырысу.

  Сонымен, экстремальді жағдайларға ұшыраған кезде оны және өз мүмкіндіктеріңді жылдам бағдарлап, білгір шешім қабылдап, әрекетке кірісу керек. Осылайша экстремальді жағдайларда тірі қалу проблемасы 4 “қажетке” келіп тіреледі: білу қажет, қалау қажет, істей білу қажет, әрекет жасау қажет.

  Төтенше жағдайлар экстремальді жағдайлардан ең алдымен өзінің көлемділігімен және салдарының ауырлығымен ерекшеленеді. Төтенше жағдайлар – бұл арты адамдардың құрбан болуына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған табиғи ортаға залал келтіруге, адамдардың едәуір материалдық зардап шегуіне және тіршілік әрекетінің жағдайларының бұзылуына әкеліп соққан немесе соғуы мүмкін стихиялы немесе басқа да апаттардың, авариялардың, қауіпті табиғат құбылысының, катастрофаның нәтижесінен туындаған белгілі бір территориядағы жағдай.

 1.2.Төтенше жағдай адам психологиясына үлкен әсер етеді.Қорғаныштан сасып қалмас үшін халыққа төтенше жағдайларда не істеу керек екенін түсіндіру қажет,сондықтан халық бейбітшілік және соғыс кезінде болатын төтенше жағдайлар туралы білуі керек.Сонымен қатар адамдарды қорқытудың қажеті жоқ,кез келген жағдайда халықтың дұрыс іс-әрекеттері мен психологиялық дайындығы төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

  Күтпеген жерден болатын  төтенше жағдайларға халықты  алдын ала моральдық-психологиялық  дайындықтан өткізу керек.Моральдық-психологиялық дайындық дегеніміз-адамда психологиялық тұрғылықтың қалыптасуы,яғни адамның жауынгерлік міндеттерді орындау қабілетін күшейтін қасиеттері,төтенше жағдай кезінде әрекет жасауы,ең қатаң сынақтардан кез-келген моральдық және дене жұмысы жүктемелерімен сәтті өтуі,ауыр да қиын-қыстау кезеңде өзін ұстай білуі,шыдамдылық,ерлік көрсету,қиын жағдайда белсенді және епті әрекет жасауы.

  Психологиялық-моральдық  дайындықтың негізгі міндеттеріне  төмендегі талаптар жатады:

  -барлық адамдарда,Отан  қорғаушыларда ерік-жігер тұрақтылығының  жіктелуі;

  -әлеуметтік-саяси мотивтердің патриоттық сезімнің,азаматтық борыштың дамуы;

  -адамдап сихологиялық  таным процестерінің дамуы және  жетілуі.

  Моральдық-психологиялық  дайындықтың мақсаты-жоғары саналы,ерікті,батыл,бастамшыл  Отан қорғаушыларын тәрбиелеу.

  Төтенше жағдайда  үрейленген халыққа психологиялық  дұрыс тәсіл,олардың бабын таба  білу талап етіледі.

  Қорқыныш пен үрейге берілмеу үшін,халықтың неден сақтануын және қандай шаралар қолдануын білуі керек.

  Сондықтан бейбіт  хәне соғыс уақытындағы төтенше  жағдайларды халыққа түсіндірген  жөн.Сонымен қатар адамдарды қорқытпау  керек.Кез келген жағдайда халықтың  моральдық-психологиялық дайындығының  жоғары деңгейде болуы оларға  қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

  Моральдық психологиялық  дайындаудың негізгі мәселесі  халықтың ерлігін тәрбиелеу,өте  қиын жағдайда қорқынышқа және  үрейге қорқудың жоғары сатысында  қарсы тұра алуы,үлкен қиыншылықтарды  жеңу.

  Үрей кезінде адамдар  не үшін екенін білмей қашады,осындайды  болдырмау үшін халыққа төтенше  жағдайлар кезіндегі нақты қолданылатын  шараларды үйреткен жөн.

  Төтенше жағдайға тап болған адамның одан аман-есен шығуы сирек. Кейбіреулер өмірмен мәңгілікке қоштасады, кейбіреулер ауыр жарақат алады және мертігеді, ал кейбіреулері бірінші көргенде білінбейтін бірақ ауруы асқынып, тез жазыла қоймайтын дертке шалдығады. Ол адамзаттың психикасы мен санасының жарақаттануы. Бұл адам неғұрлым қорқынышты жағдайды басынан өткізсе, соғұрлым күрделі бола түседі. Төтенше жағдайдың алғашқы минутінде адамды сан алуан түрлі үрей билейді. 

  Үрей- бұл адамдардың биологиялық және әлеуметтік аман-саулығына қауіп төнгенде пайда болатын эмоция, уайым. Өміріне қауіп төнгенде тұлғаның психикасына әсер ететін ауыртпашылықтың әр адамда өз диапозоны және жұмыс істеуге қабілеттілік шегі бар. Қауіптің бірінші белгілері біліне бастағанда, алдымен адам абыржиды, не болып жатқанын түсінбейді. Осы қысқа мерзімде психикасы қалыпты адамда белсенділіктің жоғарылауын байқауға болады: қозғалысы ширақ, үнемді, бұлшық еттің күші артады, бұлар қауіпсіз жерге ауыстыруға мүмкіндік тудырады. Үрейдің күрделі түрде пайда болуында, мынандай психикалық жағдайлар орын алады: тағатсыздану, сіресіп қалу, сананың бұлыңғыр күйі, бұларда ең айқын көрінетіні адамның қозғалысының бұзылуы.  

 

  Сасқалақтау.Абыржушылық.Мұндай жағдайда адамның қашып кеткісі келіп тұрады. Мұндай кезде мақсатсыз, жөн-жосықсыз ары-бері жүру, көптеген орынсыз қозғалыстар байқалады, олар дұрыс шешім қабылдап және қауіпсіз орынға көшіруге кедергі жасайды. Кей кезде байбалам салып қашу көрініс береді. Айналадағылардың ұстамдылығы төмендеп, уақыт өтпей жатқан сияқты сезім пайда болады. Тағатсыздану, әбігерлену симптомы: бозарады, жүрек қағысы жиілейді, ентігіп дем алады, терлейді, қолы дірілдейді, сөйлеу қабілеті бұзылады, оның қарқыны жылдам болады және мүдіреді т.б. Сирек те болса, сіресіп қалу кездеседі. Оның болу себебі бұлшық етінің тырысып тартылуы, бірден қан айналымының нашарлауы және осыған байланысты қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы. 

  Сіресіп қалу симптомы: сыртқы реакцияға мелшиіп қалу, жалпы қимылсыздық, не болмаса есінен тану. Адам қоршаған ортаны сезбейді, "кішірейіп" кеткісі келіп, бір орында тұрып қалады,эмбриональды қалыпта тұрып, жүресінен отырады да, басын қолымен жауып алады. Үзік-үзік екпінсіз сөйлейді. Есте сақтау қабілетінің бұзылғаны байқалады. 

  Сананың көмескеленуі(аффект). Адамның миына қан келуі бұзылады, қыртыстар клеткасына қажетті ауа жетпейді, есте сақтау қабілетін жоғалтады, оның іс-әрекеті қорқыныштың басталған кезіне қарағанда мақсатсыз, мағынасыз, санаға симайтындай болады. Мұндай жағдайдағы адамдарды ойлауға қабілетсіз және істеген ісіне жауап бермейді деп санайды. Осындай жағдайға тап болғанда тек қорқыныш, үрей ғана негізгі рөл атқармайды, сонымен қатар,адамның психологиялық жетілмегені, өзімшілігі, байбалам салғыштығы, ызақорлығы да рөл атқарады. Психология жағынан бұл есте сақтау қабілетінен айрылу, ойлану, қызбалықта көрініс табады. Көмескі жағдайдың симптомы: сырттан қарағанда ессіздік ұстама сияқты, жөнге келмейтін агрессия. Адамның бет әлпеті сұстанып, тұрпаты қорқыныш тудыратын кейіпте, аяғы ыңырсуға айналып кететін айқай. Мәнсіз, бей-берекет қозғалыс, ары-бері жүгіріс, кей кезде қауіпті жаққа қарай жүгіру. Әдетте, дүрбелеңнің индукаторы, айқын қозғалатын қабілеті бар, айқайлаудың гипноздық күші бар, өзінің іс-әрекетіне сенімсіздікпен қарайтын адамдар. Төтенше жағдайларда осындай адамдар өзінің соңынан топты ертіп кетіп, бассыздықтың себепшісі болып, адамдардың өзіне-өзі және өзгелерге көмектесу мүмкіншілігінен айырып, мінез-құлықтың қалыпты нормасын сақтауға кедергі жасайды. Иланғыштық қасиеті жоғары, долы, өзімшілдігімен, ызақорлығымен ерекшеленетін тұлғалар дүрбелең салғыш болып келеді. 

1.3.Төтенше жағдайлардағы адамдардың реакциясы жеке ерекшелігімен, дәлірек айтқанда қызбалығымен анықталады (қызбалардың негізгі түрлері - сангвиникалық, флегматикалық, холерик және меланхолик). Холерик - сөз жеткісіз жылдам. Өзінің белсенділігі мен күш -қуатының көптігінен ол айналасындағыларды өздерін-өздері құтқаруда ұйымдастырушы, басшы болуы мүмкін, сонымен қатар, өзін және оның артынан ергендерді өлімге бастайтын дүрбелең туғызуы да ықтимал.

  Меланхолик- ұялшақ, көңілшек, әсерленгіш адам. Қоздыру және тежеу барысы кезінде кез-келген адамның, тіпті онша ашуланбайтын адамның болса да жетегіне еретін адам.Меланхолик төтенше жағдайларда дүрбелеңді бастаушы болып табылады.

  Сангвиник қауіпті жағдайларда бірден жинақыланып, ширап кетеді, батыл әрекет жасайды, бірақ энергиясының көптігінен және шешімді жылдам қабылдау себебінен іс-әрекеттің қате әдіс-амалын таңдап алуы мүмкін.

  Флегматик те байсалды, жинақылыққа бейім, бірақ сангвиниктен өзгешелігі ойланып барып әрекет жасайды және бір шешімді қабылдау үшін оған белгілі бір уақыт керек. Төтенше жағдайда адамның мінез-құлқына оның жасының да үлкен әсері бар. Бақытқа қарай, балалар мұндай жағдайда әлдеқайда орнықты, себебі олардың мұндай ақпарат жөнінде хабары жоқ, өмірлік тәжірибесі аз және жағдайдың өршуін болжай алмайды. Ал үлкен адамдарды ереже бойынша, зілзаланың, бақытсыз жағдайдың алдында қорқыныш билейді, себебі ол тек болған жағдайды талдап қана қоймайды, оны есінде сақтап қалады, сонымен қатар оның қалай өрістейтінін болжайды. Оны өзінің психикасында "ширатады" деп аталады. 

  Психогендік реакцияға адамның мамандығының да тигізер зор әсері бар. Адаммен күнде төтенше жағдайлармен кездесіп отыратын мамандықтар да бар (әскерлер, өрт сөндіргіштер, құтқарушылар, геологтар, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем көрсету дәрігерлері, айрықша-спортсмендер және т.б.). Мұндай адамдардың психикасы күнде шынығады. Жұмысты тыныш, бірқалыпты жағдай шегінен шықпай істейтін мамандықтармен салыстырғанда (әкімдер, әртістер, сатушылар, суретшілер және т.б.) олар төтенше жағдайларға шыдамды болады.

   Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді. 

 Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста — күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте — пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады. 

Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.

Сангвиникке қимыл қозғалыста – белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне  жеңіл бейімдеушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.

Сангвиникте эмоция тез пайда  болып, тез өзгереді. Бұл — оның көңіл күйінің қолайсыз түрінен  тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Мида жаңадан жасалатын уақытша  байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі оның ақыл-ойының оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүйрік, өткір  тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді  келеді. Әр түрлі, көп қырлы жұмысты  нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар бұған өте қолайлы.

Информация о работе Экстремальді және төтенше жағдай туралы түсінік