Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2013 в 11:38, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз – нарықтық қатынастың тиімділігін қамтамасыз етуге әлеуметтік-экономикалық процесте әдістер мен тетіктердің көмегімен әсер ететін, елдің экономикалық өміріне мемлекеттің қатысу формасын зерттейтін ғылыми экономикалық пән. Экономиканы мемлекеттік реттеу – қоғамдық ұдайы өндірістің барлық салаларын қамтиды. Әсіресе нарықтық экономика жағдайда экономикалық реформалар жүргізу үшін мемлекеттің реттеу қызметінің қажеттілігі зор. Мәселен меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын реформалау. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарына сүйенеді. Нарықтық қатынастар жағдайында бұған сұраныс пен ұсыныс заңы, құн заңы және т.б. жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа.docx

— 63.44 Кб (Скачать документ)

- ерекше  назар шектеу шаралары мен  кінәлілерді жазалауға емес, экономикалық  іс-шаралары қолайлы, қоршаған  орта құруға ықпал ететін өнім  өндірушілердің  күш-жігерін ынталандыруға аударылуға тиіс.

 

2.3 Еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар жүйесі 

Жұмыспен  қамтамасыз ету мен еңбекке қабілетті  тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне  мемлекеттік ықпал ету, реттеудің  жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

Қазіргі заманғы еңбек нарығы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып, мемлекеттік араласу объектісі болып табылады. Сонымен бірге басқа тауарлардың нарығы тәрізді, іштен (жұмыс берушімен және кәсіподақтармен) және сырттан (мемлекетпен) реттелетін болды.

Бұл үдерісте мемлекеттің рөлі екі жақты. Бір  жағынан, мемлекет жұмыс беруші ретінде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек нарығында дербес субъект ретінде көрінеді. Екінші жағынан, мемлекет төреші (арбитр) - жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысуы тиіс.

Еңбек нарығының  басқа нарықтардан айырмашылығы, адамдардың тұтыну мен мүдделерін есепке алу қажеттілігіне байланысты оның әлеуметтік табиғаты болады.

«Еңбек  рыногы - жұмыс күшіне сұраныс, оған қажеттіліктің болуы, екінші жағынан - жұмыс күшін ұсынуды, тұтынуды қанағаттандыратын  мүмкіндігі бар қарама-қарсы келетін  сала» (Лившиц).

Еңбек нарығы - бұл нарықтық экономика құрылымының құрамдас бөлігі. Ол басқа да нарықтармен: шикізат, материалдар, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер, тұрғын үй, бағалы қағаздар және т.б. нарықтармен қатар қызмет етеді.

Еңбек нарығында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші ретінде, екінші тарап (сатып алушы) - жұмыс берушілер: кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.

Еңбек нарығы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жүзеге асады.

Еңбек нарығында жұмыс күшінің құны бағаланады, оны жалға алу талаптары, оның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек ету жағдайы, кәсібінің өсу мүмкіндігі, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігі анықталады.

Еңбек нарығы - бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы тендестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар - салалар мен кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуінде.

Адамның еңбекті жүзеге асыру үшін қажетті  табиғи және интеллектуалдық сапасының  қажеттілігі оның жасына байланысты анықталады. Дәл осы көрсеткіш  бұқара халықтың ішінен еңбек ресурсын таңдап алудың негізгі критериі болып  саналады.

Қазіргі уақытта еңбек заңдылығына сәйкес Қазақстанда еңбекке қабілетті  жастың төменгі шегі болып 16 жас, ал жоғарғысы зейнетақы алу құқығына сәйкес - 63 жас ер азаматтары үшін және 58 жас - әйел азаматтары үшін белгіленген. Кейбір адам организмінің жоғарғы психофизиологиялық жүктемесіне байланысты кәсіби қызметтің түрі үшін зейнетақылық жас 5-10 жылға дейін төмендетіледі. Бұл көп жағдайда еңбектің жағымсыз, ауыр және денсаулыққа зиян шарттарымен (мәселен, көмірді қазып алу, металды балқыту) байланысты. Көптеген дамыған мемлекеттерде жұмысқа қабілетті жастың жоғарғы шегі 64 жасты құрайды. Ал біздің Қазақстанда жоғарғы шекарасын арттыру ер азаматтардың орташа өмір сүру деңгейімен - 63 жаспен шектелген. Бірақ та еліміздегі көптеген «жеңілдетілген зейнеткерлер» бұрынғы жұмыс орнында немесе басқа жерде еңбек етуін жалғастыратын болғандықтан, еңбек ресурсының құрамында қалып отыр. Жұмыс істемейтін зейнеткер оның құрамынан алып тасталынады.

Еңбек ресурсын жұмысбастылар мен жұмыссыздардан тұратын эко-номикалық белсенді және экономикалық енжар халық деп бөлеміз.

Экономикалық  белсенді халық – тауар мен қызмет өндірісі үшін жұмысшы күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін халықтың бөлігі.

Жұмысбасты  адамдар екі топқа бөлінеді:

I топқа  – жалданып жұмыс істейтіндер  (жалдамалы жұмысшылар) жатады. Осы  топқа еңбек туралы келісімнің  шартына сәйкес еңбек ақы төлеуді  қамтамасыз ететін;

II топқа  – жалданып жұмыс жасамайтындардың  барлығы жатады. Бұл топқа: жұмыс  берушілер, жеке негізде жұмыс  жасайтын тұлғалар жатады. Осы  топ жұмыскерлерінің еңбек ақысы  тауар мен қызмет өндірісінен  алынатын пайдаға байланысты  болады.

Жұмыссыздарға ҚР-ның «Халықты еңбекпен қамту туралы»  заңына сәйкес халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде үш негізгі критерийге жауап беретін адамдар жатады:

а) жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмады);

ә) оны  іздеумен белсенді айналысты;

б) белгілі  бір кезең ішінде жұмысқа кірісуге әзір болды.

Осы аталған  үш белгі «жұмыссыздық» ұғымын қалыптастырады және осы белгілердің біреуі жоқ  болған жағдайда азаматты жұмыссыздарға  жатқызуға болмайды. Экономикалық енжар (әрекетсіз) халық - экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеу үшін белгіленген жастағы жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыз болып табылмайтын адамдар. Қазақстан Республикасының  экономикалық тұрғыдан белсенді және енжар халқының сипаттамасы 1 – кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1 - Қазақстан  Республикасының  экономикалық тұрғыдан белсенді және енжар халқы

 

 

2007

2008

2009

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, мың адам

8228,3

8415,0

8457,9

Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігінің  деңгейі, %

70,4

71,1

70,7

Жұмыспен қамтылған халық, мың  адам

7631,1

7857,2

7903,4

Жұмыспен қамту деңгейі, пайызбен:

15 жас және одан жоғары  жастағы халыққа шаққанда

Экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда

 

 

65,3

 

92,7

 

 

66,4

 

93,4

 

 

66,1

 

93,4

Жалдамалы қызметкерлер, мың адам

4973,5

5199,4

5238,8

Жұмыспен қамтылған халық санындағы  үлесі, %

65,2

66,2

66,3

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам

2657,6

2657,6

2664,6

Жұмыспен қамтылған халық санындағы  үлесі, %

34,8

33,8

33,7

Жұмыссыз халық, мың адам

597,2

557,8

554,5

Жұмыссыздық деңгейі, %

7,3

6,6

6,6

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс  іздеп келген азаматтардың саны, мың  адам *)

236,3

248,0

582,6

Жұмыспен қамту органдары жұмысқа  орналастырған азаматтардың саны, мың  адам *)

211,2

216,6

475,4

Жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтардың саны, мың адам *)

54,7

48,4

53,4

1- кесте. Жалғасы 

 

2007

2008

2009

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық  санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі,% *)

0,7

0,6

0,6

Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам

3463,2

3416,2

3500,3

Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлығының (әрекетсіздігінің) деңгейі, %

29,6

28,9

29,3

Е с к е р т у: *) – ҚР Еңбек  және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша


 

Бұл мәліметтерден  көрінетіні: экономикалық белснді халықтың саны өсіп, жұмыспен қамтамасыз етілгендер саны жылдан-жылға көбейгендігі және жұмыссыздардың саны азайып, жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп  келген азаматтардың көбі жұмысқа орналастырылғандығы  байқалады. Бірақ, экономикалық енжар  халықтың саны да арта түсуде.

Жұмыссыздық деп халықтың жеке және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыратын және кіріс әкелетін қоғамдық-пайдалы іс-әрекеті түсініледі.

Жұмыспен  қамтуды мемлекеттік реттеуде экономикалық, ұйымдастыру, әкімшілік-құқықтық әдістер  қолданылады.

Жұмыспен  қамтуды мемлекеттік реттеудің  негізгі бағыттары (жолдары) мыналар  болып табылады:

-    жұмыс орындары жүйесінің дамуын реттеу;

-    жұмыс орындарына сұранысты реттеу;

-    мемлекеттің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамытуға мемлекеттің қатысуы.

Баланстық құрылым жүйе жұмыспен тиімді қамтуды  қамтамасыз етудің әдістемелік құралы болып табылады, оның құрамына еңбек  ресурстарының балансы мен оларды тиімді пайдалану балансы; халық  шаруашылығының аялары мен салалары бойынша нақты еңбек шығындарының бөліну сипатын бұдан да нақтырақ көрсететін еңбек балансы; шаруашылық қызметтің салалары мен аялары бойынша  қажетті сипаттайтын жұмыс орындарының  балансы кіреді.

Жұмыспен  қамту деңгейін арттыру және тиісінше жұмыссыздықты қысқарту жөніндегі  іс-шаралар:

-  қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

-  жеке кәсіпкерлікті ынталандыру және халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын көтермелеу, шағын бизнесті дамыту;

-  жетіспейтін мамандықтар мен кәсіптер бойынша қайта даярлау және кәсіби даярлауды ұйымдастыру;

-  жұмыспен қамтудың икемді нысандарын пайдалану;

-  жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кәсіпорынның өзінде жұмысқа орналастыру;

-  тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру, бос орындар жәрмеңкелерін, ашық есіктер күндерін және т.б. өткізу.

Мемлекет  атынан жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз ету мәселелерімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері айналысады. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес қызметтің міндетіне мыналар кіреді:

-  жұмыс күшіне сұраныс және ұсынысты талдау әрі болжау;

-  еңбек нарығының жай-күйі жөнінде ақпарат жинау және ұсыну;

-  бос орындарды және жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өтініш жасайтын азаматтардың есебін жүргізу;

-  жұмысқа орналасу мен жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, мамандықтар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар туралы мәселе және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етумен байланысты басқа да мәселелер бойынша кеңес беру;

-  жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсету;

-  жұмыссыздарды тіркеу, жәрдемақы төлеуді қоса алғанда оларға көмек көрсету, халықтың түрлі топтарын әлеуметтік қорғау шараларын қарастырған жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

- азаматтарды  кәсіби оқытуды және қайта оқытуды ұйымдастыру.

Мемлекеттік органдар қызметтерді тегін көрсетеді. Сонымен бірге еңбек нарығында коммерциялық бюролар, жеке агенттіктер мен лицензиясы болса, ақылы негізде жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтер көрсететін басқа да ұйымдар жұмыс істейді.

Жұмыссыздықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жұмыссыздық деңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, жұмыспен қамту қызметі органдарында тіркелген, материалдық көмек тағайындалған жұмыссыздардың саны.

Мемлекет тарапынан жұмыссыздық проблемасына жете назар аударылады. Бұл әрқашанда осылай болған және көз жетерлік келешекте де қандай да болмасын түбегейлі өзгерістер орын алуы екіталай.

Кейнсиандық жұмыспен қамту теориясының қорытындыларына сәйкес, нарықтық экономика жағдайында толықтай жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, әрі оған кепілдік беретін тетік жоқ.

Бұдан басқа, нарықтық жүйе өзін-өзі реттейтін жүйе болып саналмайтыны және жоспарлы әрі мақсатты мемлекеттік реттеуді қажетсінетіні жөніндегі негізгі ереже осы теорияның қорытындысының бірі болып табылады.

Жұмыссыздық деңгейі - жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына арақатынасы арқылы анықталады.

Жұмыссыздықтың  табиғи деңгейі – фрикциондық  және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің  сомасы. Ол жұмыспен қамтудың мақсатты деңгейіне сәйкес келетін жұмыссыздардың деңгейін білдіреді (дамыған елдерде - еңбекке қабілетті халықтың 5-6%-ы).

Алайда  мемлекеттің араласуы жұмыспен қамту, еңбекке қабілетті әрбір азаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ету  мәселелерін шешеді дегенді білдірмейді. Мемлекеттің араласуы мына негізгі  екі бағытты: жұмыссыздықтың деңгейі  мен оның ұзақтығын реттеу және одан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғауды топтастырады.

Бірінші бағытты таңдау кезіндегі мемлекет міндеті нақты жұмыссыздықты  деңгейі жағынан да, ұзақтығы жағынан  да табиғи жұмыссыздыққа айналдыру  болып табылады. Сөз жұмыссыздықтың әлеуметтік жарамды деңгейі туралы болып отыр.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері