Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2013 в 11:38, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз – нарықтық қатынастың тиімділігін қамтамасыз етуге әлеуметтік-экономикалық процесте әдістер мен тетіктердің көмегімен әсер ететін, елдің экономикалық өміріне мемлекеттің қатысу формасын зерттейтін ғылыми экономикалық пән. Экономиканы мемлекеттік реттеу – қоғамдық ұдайы өндірістің барлық салаларын қамтиды. Әсіресе нарықтық экономика жағдайда экономикалық реформалар жүргізу үшін мемлекеттің реттеу қызметінің қажеттілігі зор. Мәселен меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын реформалау. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарына сүйенеді. Нарықтық қатынастар жағдайында бұған сұраныс пен ұсыныс заңы, құн заңы және т.б. жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа.docx

— 63.44 Кб (Скачать документ)

1 Бөлім. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері

1.1 Мемлекеттің экономиканы  реттеуінің объективті қажеттілігі мен мәні,мақсаты

Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз – нарықтық қатынастың тиімділігін қамтамасыз етуге әлеуметтік-экономикалық процесте әдістер мен тетіктердің көмегімен әсер ететін, елдің экономикалық өміріне мемлекеттің қатысу формасын зерттейтін ғылыми экономикалық пән. Экономиканы мемлекеттік реттеу – қоғамдық ұдайы өндірістің барлық салаларын қамтиды. Әсіресе нарықтық экономика жағдайда экономикалық реформалар жүргізу үшін мемлекеттің реттеу қызметінің қажеттілігі зор. Мәселен меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын реформалау. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарына сүйенеді. Нарықтық қатынастар жағдайында бұған сұраныс пен ұсыныс заңы, құн заңы және т.б. жатады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі  мақсаты – нарықтық жүйенің қызмет етуінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, яғни өнімді өндіруші, жабдықтаушы және тұтынушы арасында заңды және тиімді өзара қатынасты қалыптастыру саналады. Мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұны нарықтық экономиканың мәнімен анықталған. Қазіргі нарықтың негізгі міндеті болып өндірістік және өндірістік емес бағыттағы әртүрлі тауарларға, қызметке деген сұранысты қамтамасыз ету, тауар тапшылығын жою.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты  мақсаты - экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық кұрылымды нығайту. Осы  басты мақсаттан иерархиялық  тәуелділікте болатын көптеген нақты  жағдайлар пайда болды. Бұл нақты  мақсаттар тікелей экономиканы  мемлекеттік реттеудің объектілерімен байланысты болады. Мақсат, яғни экономикалық кезеңді теңестіру объектісіне  бағытталған. Шаруашылықтың салалық  және аймақтық құрылымын жетілдіру  секторлық, салалық және аймақтық құрылымға  бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға  дараланып қол жеткізу мүмкін емес.

Экономикалық  мемлекеттік реттеудің міндеттеріне мыналар жатады:

1. Экономиканы  мемлекеттік реттеу міндеттеріне:

- өтпелі  кезеңде бірінші экономиканы  ребализациялау жөнінде шаралар  жүргізу;

- екінші  кезеңде экономиканы тұрақтандыру  бойынша шараларды іске асыру;

- үшінші  кезеңде дамудың тиімділігін  арттыру жөніндегі шаралар.

2. Экономиканы  мемлекеттік реттеу өзара байланысты  көзқарастарды тепе-теңдікке алып  келуі қажет, яғни бір жағынан  нарық механизмін қолдана отырып, экономикалық реформаларды тиімді  жүргізуді қамтамасыз ету болса,  ал екінші жағынан ресурстар  мен табысы әділетті бөлуге  қол жеткізу.

3. Реттеудің  және бір негізгі міндеттердің  бірі экономиканың дамуын инвестициялау  үшін, сондай-ақ бюджеттің кіріс  бөлігінің түсуін арттыру үшін  мемлекет қолдағы бар ресурстарды  (табиғи, адами және қаржылай, т.б.) рационалды пайдалану қажет.

4. Басқарудағы  мемлекеттің ролі, онымен көрсетілетін  әлеуметтік экономикалық даму  бағдарламалары, салықтық, аймақтық, аймақаралық  мақсаттық бағдарламалар, инвестициялық  жобалар, әлеуметтік экономикалық  даму тұжырымдамалары өнделуі  қажет.

5. Мемлекеттік  реттеу ҚР-ның барлық аймақтарының  өзбетінше әлеуметтік экономикалық  дамуының экономикалық негізін  нығайтуға (табиғи ресурстар әлеуетін, экономиканың базалық салаларын  дамытуға) бағытталуы қажет. Сондай-ақ  үкіметтің аймақтық муниципалдық  ортаның өзара әрекет етуінің  құқықтық негіздерін жетілдіру  бойынша шараларды қолдану қажет. 

6. Республикалық  бюджеттің принциптерінің негізінде  аймақтардың қаржылық дербестігін  нығайту. 

7. Аймақтардың  әлеуметтік экономикалық дамуының  деңгейін теңестіру. Аймақаралық  айырмашылықтарды теңестіру. 

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері:

Жұмыспен  қамтамасыз етуді реттеу - бұл нарықтық экономика көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынастарды қалыпты қолдау. Бұл қатынастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы катынастар ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының, салық түсімінің төмендеуіне, жәрдемақыға, салықтың өсуіне және қауіпті әлеуметтік нәтижелерге әкеледі.

Ақша  айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар: инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта бағамының көтерілуі мен төмендеуі, (валюталық «дәлізді» анықтау), халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.

Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары  және иерархиялық сипаты болады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінде мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздысы - қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.

Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік  және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік  кұралдар қосымша материалдық ынталандыруды  құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің  күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделген (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды  көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорынды  сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте  жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық  жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.

Нарықтық  экономикасы дамыған елдерде  реттеудің әкімшілік құралы елеусіз  көлемде пайдаланылады. Олардың  қызметінің аясы негізінен қоршаған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.

Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:

- қазыналық саясат, яғни шығын мен салықтың құқықтық аумағындағы саясат;

- ақша саясаты;

- табысты реттеу саясаты;

- әлеуметтік саясат;

- баға белгіленімін мемлекеттік реттеу;

- сыртқы экономикалық реттеу.

Мемлекеттік реттеудің экономикалық кұралы ақша-несие, қаржы мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.

Негізгі экономикалық құралдар:

- есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін, дисконттық саясат);

- елдің қаржылық институттары орталық банкте сақталуға міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;

- мемлекеттік мекеменің бағалы қағаз нарығындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы, олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық қызметі. Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:

- экономиканың қызмет етуі үшін құқықтық негізді құру мен реттеу;

- монополияға қарсы реттеу;

- макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;

- ресурстарды орналастыруға ықпал ету;

- табысты бөлу аясындағы қызмет;

- мүліктік қатынастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.

Заңдық  базаны құру - бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс-әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың зандық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатынасты анықтайтын заңдар мен нормативтік актілерді атап өтуге болады.

Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық қамтамасыз етумен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.

Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрі қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т.б. - құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.

Бәсекелестік  тетікті қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қабылданған, табысты салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.

Мемлекеттік меншік - сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.

             1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу құрылымы,объектілері мен субъектілері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік  мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда  жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар  жүйесі болып табылады.

Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі  реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызды, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыс сала шеңберінен асып, жалпы ұлттық, кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалық саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылығының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етті.

Нарықтық  экономикаға мемлекеттің араласу  қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының  әртүрлі сатысында түрліше болды. ХVІІ-ХVШ ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм - елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттігін тануға негізделген.

Нарықтық  қатынастардың дамуымен күш жинаған  кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды  және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А.Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негіздеген және оның көптеген жақтаушылары болды.

А.Смиттің көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүдде көзделген нарық жүйесі өзін-езі реттеуге қабілетті екенін байқатты. Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы күші ретінде көрінеді.

А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А.Смит: нарық басты реттеуші болатындықтан, нарыққа толық еркіндік беру қажет, - деп есептеді.

Нарықтық үйлестіру ресурсы тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Нарықтағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі - нарыққа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін, нарық қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау - монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды.

Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық  танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы» барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың  мүмкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан  шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен  жиынтықты ұсынысты тендестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет  екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын  екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде ақшалай-несиелік және қаржылық саясатты пайдалану, бұл  елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын  жұмсартуға көмектеседі деп есептелінді.

Сөйтіп, экономиканы мемлекеттік реттеудің  объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың  белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс  күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болады. Экономиканы  мемлекеттік реттеу қазіргі замандағы  жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық  және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әртүрлі тапсырмаларды шешеді. Экономиканы  мемлекеттік реттеудің көлемінің  нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері