Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 07:01, реферат

Краткое описание

Соның iшiнде, жоспарлау:
1) басшылардың үнемi болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкiндiк бередi;
2) мемлекеттiк және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қолданылатын шараларды үйлестiредi;
3) көрсеткiштердi анықтау және олардың орындалуын қадағалауға жол ашады;
4) алдағы мәселелердiң және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етедi;
5)шұғылөзгерiстергедайынықтыкүшейтедi;
6) барлық қызметкерлерiнiң мiндеттерiнiң өзара байланыста, қарым-қатынастаекенiнкөрсетедi.

Содержание

1.Кiрiспе
2.Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мәселелерi.
3.Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
4.Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДIҢ ШЕТЕЛДIК ТӘЖIРИБЕСI.docx

— 65.06 Кб (Скачать документ)

1999 жылғы «Инновациялар  мен ғылыми зерттеулер туралы»  заң Франциядағы жоғарғы оқу  орындары білім беру ұйымдарының  және ғылыми-зерттеу ұйымдарының  қызметкерлеріне кәсіпорын жұмысына  өз ғылыми үлесін қосуға мүмкіндік  берді. Франциялық заңнаманың  мұндай тәсілі, Франциядағы ғылыми  жетістіктерді жасайтын ғалымдарды ынталандыруға бағытталған жаңа прогрессивті шараларды жүзеге асырудың алғы шарты болып табылады.

2002 жылы Францияда ғылыми  саланы дамыту концепциясы қабылданды. Берілген концепция шегінде 2002 ж. «Инновациялық жоспар» бағдарламасы  бекітілген, ол компанияның ғылыми-зерттеушілік және енгізушілік қызметін ынталандыруға бағытталды.

Бағдарламаның ерекшелігі болып  қарастырылып отырған концепцияның шараларының фискалды сипатқа ие болуы танылады. Негізгі құрал – жақында құрылған инновациялық фирмаларға берілетін салықтық жеңілдіктер, оларға ерекше заңдық мәртебе беріледі – «жас инновациялық компания мәртебесі».

Мұндай мәртебе алған  фирмалар келесілерден босатылады:

· алғашқы үш жыл ішінде корпаративтік салықтан, ал келесі екі жылдары жай салық соммасының жартысын төлейді;

· әлеуметтік қорларға жарналардан (толығымен 6 жылға);

· жергілікті салықтарды төлеуден (бұл төлемдерді мемлекет өз мойнына  алады).

Бұл компаниялар шығарған бағалы қағаздарды иеленетін жеке тұлғалар бағалы қағаздан түсетін пайдаға  салынатын салықты төлемейді. Берілген мәртебені алуға келесі шарттар қойылады:

·фирманың 8 жылға дейінгі жасы;

·фирманың қызмет етуінің  орташа кезеңіндегі жалпы шығындардағы ҒЗТКЖ-ға кеткен 15%-дан кем емес үлестік салмағы;

·жеке меншік тұлғаларға компанияның 75%-дан кем емес капиталының тиесілі болуы.

2004 жылға дейін Францияда  компанияға инновацияны ынталандыруға  қаражаттар әр түрлі арналар  арқылы бюджеттің барлық деңгейлерінен  түсетін. Жергілікті деңгейде оны Ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу бойынша ұлттық агенттік бөлімшелері жүзеге асыратын, ұлттық деңгейде – үш министрліктердің (экономика, көлік, ғылым және білім) департаменттері. 2004 жылы Францияда аймақтық деңгейдегі бірыңғай үйлесімдік органды – «Инновацияға көмектің аймақтық бөлімін» құру туралы шешім қабылданды, оның негізгі өкілеттілігі болып нақты аймақтың (олар Францияда 22) инновациялық қызметін дамыту мақсатында әр түрлі бюджеттерден бөлінетін қаражаттарды үйлестіру функциясы табылады [37.68-71б.].

Францияның инновациялық дамуының кезекті қадамы болып 2006 жылғы 18 сәуірдегі «Ғылыми зерттеулер бойынша бағдарлама туралы» заңның қабылдануы танылады, ол ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібін жетілдіруге бағытталған. Сонымен, айтылған заңның 1-бабына сәйкес ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың негізгі көздері айқындалған:

· «ғылыми зерттеулер және жоғарғы білім беру» жобасының бюджеттік қаржыландыруы;

· бюджеттен тыс ресурстар;

· фискалды шығындар (бағдарлама шегінде бұларға зерттеушілік пен инновациялық қызметке бөлінетін қаражаттар шамасында берілетінін ерекше атап кеткен жөн) [27.34-43б.].

Инновациялық белсенділіктің шетелдегі (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Австралия, Германия, Канада, Жапония, Франция, Швеция, Корея) ынталандыру формалары мен әдістерін талдау инновациялық және ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру саласында жасақталған барлық шаралар қатарынан ең маңызды болып үш негізгі қағида табылатынын көрсетті:

·салықтық ынталандыру;

·амортизациялық саясат арқылы ынталандыру;

·өнімнің жаңа түрлерін меңгеретін компанияларға тікелей бюджеттік дотациялар.

Инновациялық белсенділіктің мемлекеттік қолдаудың негізгі  түрлері туралы айтқанда оның басты  құраушысы болып салықтық жеңілдіктер  танылатынын айта кеткен маңызды, олар ғылыми ұйымдарға емес, өз кезегінде  зерттеу мен инновацияға сұранысты  қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен  инвесторларға ұсынылады. Бұл кезде салықтық жеңілдік аванс ретінде емес, табысқа салынатын салықтан инновацияға шығындардың кезекті қосылмауы жолымен нақты инновацияға ұсынылады. Амортизациялық саясат капитал мен материалды емес активтердің құнын төмендету нормативтерін бекіту, сонымен қатар оларды өндірістік шығындар немесе шығыстарға жатқызу тәртібі ретінде қолданылады. Дамыған елдерде құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану мерзімдерін анықтайтын нормативті шектеулер қолданылады. Тікелей бюджеттік дотациялар жаңа өнімдерді меңгеретін немесе бұл өнімдерді қолданатын кәсіпорындарға беріледі. Әдетте дотацияларды мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды жабдықтаумен ұштастырады.

Сондықтан, инновациялық қызметтің  құрылымдық-құқықтық механизмі екі  өзара байланысқан құқықтық блоктар  арасында көрінеді. Бірінші блок инновациялық қызмет саласында нақты қатынастарды ұйымдастыруды, мұндай қызмет пен мемлекет қатысушыларының қажеттілігімен сәйкес олардың қызметтері мен дамуын қамтамасыз ету мақсатына ие болатын нормаларды жасайды. Өзінің табиғаты бойынша бұл нормалар инновациялық қызмет қатысушыларының қатынастарын экономикалық өзін өзі реттеуге бағытталған. Екінші – мемлекеттік қорғаушылық реттеу нормалары, оған инновациялық үдерістерді олардың белгілі бір қызметтерімен бірге мемлекеттік басқару органдары жүйесін құру жатады. Бұл инновациялық үдерістерге субъектілерінің қатысуын (жеке меншік құқықтық) және субординациялық қатынастардың (көпшілік-құқықтық) заңдық теңдік қатынастарын реттейтін нормалар жиынтығы, ол инновациялық қызметтің құқықтық ортасын қалыптастырады және оның қатысушыларының тиімді экономикалық тәртібін қамтамасыз етеді. Жеке құқықтың оның рұқсат етілген тәсілдерімен бірге әдістермен, мүліктік қатынастардың қатысушыларының теңдігімен және еркіндігімен еркін нарықтың даму міндеттері шешіледі, мұнда өзін өзі реттеу мемлекеттік реттеудің көп жағдайда қолданылатын баламасы ретінде қарастырылады. Нарықтың қажет арнаға бағытталуы көпшілік құқықтың құралдарымен және әдістерімен шешіледі. Бұл жерде әкімшілік құқық нормалары маңызды рөлге ие болады, «олар атқарушы билік органдары мен негізгі нарықтық құрылымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейді».

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей инновациялық дамуды мемлекеттік реттеудің келесідей негіздердері бар:

-инновациялық қызметті  заңнамалық құқықтық реттеу;

-университеттер мен ғызыми  зерттеу орталықтарында фундаменталды  және қолданбалы зерттеулерді  дамыту;

-инновациялық жобаларды  мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру;

-мемлекеттік бағдарламаларды  жүзеге асыру;

-салық салынатын базаны  анықтау барысында инновацияларғы  кеткен шығындарды шегеру және  т.б. жеңілдіктер ұсыну арқылы тиімді салық саясатын жүргізу;

-қаржы-несиелік саясат  арқылы ынталандыру;

-бюджеттен тыс ресурстарды жұмылдыру;

-ғылым мен өндіріс арасында тығыз байланысты ұйымдастыру;

-технопарктер, технополистер  және ғылыми зерттеу орталықтарын  құру арқылы инновациялық қызметпен  айналысатын кәсіпкерлікті дамыту;

-экономиканың маңызды  салаларын жоғары технологиялармен  қамтамасыз ету және т.б. арқылы тиімді мемлекеттік саясат жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және инновациялық инфрақұрылымды дамыту, ғылыммен айналысуды ынталындыру және басқада әлеуметтік-экономикалық жағымды жағдайлар қалыптастыру. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекеттік реттеуді елдегі бар ресурстарды тиімді пайдалануға қарай бағыттау және дамыту.


Информация о работе Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi