Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 07:01, реферат

Краткое описание

Соның iшiнде, жоспарлау:
1) басшылардың үнемi болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкiндiк бередi;
2) мемлекеттiк және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қолданылатын шараларды үйлестiредi;
3) көрсеткiштердi анықтау және олардың орындалуын қадағалауға жол ашады;
4) алдағы мәселелердiң және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етедi;
5)шұғылөзгерiстергедайынықтыкүшейтедi;
6) барлық қызметкерлерiнiң мiндеттерiнiң өзара байланыста, қарым-қатынастаекенiнкөрсетедi.

Содержание

1.Кiрiспе
2.Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мәселелерi.
3.Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
4.Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДIҢ ШЕТЕЛДIК ТӘЖIРИБЕСI.docx

— 65.06 Кб (Скачать документ)

Инновациялық қызметті мемлекеттік  реттеудің келесі моделі ол Шығыс-Азиялық  модель. Бұл көбінесе келесідей Шығыс  Азия елдерінде көрінеді: Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай. Азияның бұл елдерінде іргелі ғылым онша дамымаған және бұл инновациялық модельдер экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өнімдерге негізделген. Бұған мысал ретінде Жапонияны алуға болады. Жапонияның экономикасының мықтылығына қарамастан инновациялық жүйесі АҚШ-тың инновациялық жүйесінен қалып қояды. Сонымен қатар, Жапониядағы Sony, Toshiba, Panasonic сияқты үлкен корпорацияларының зерттеу лабораторияларының қасында университетердің зерттеу жұмыстары онша маңызды емес болып қалады. Мұның барлығы Жапониядағы инновациялық жүйенің іргелі зерттеулерге онша қатты бағытталмағандығымен түсіндіріледі. Ең басты артықшылығы техникалық инновация және жаңа технологиялар болып табылады. ХХ ғасырдың 50 жылдарында ғана шетелдік қолданбалы инженерлік технологиялық патенттерін сатып ала бастаған Жапония бүгінгі күні өте үкен жетістіктерге жетіп отыр. Басында тұрмыстық электроника саласында көшбасшы болып келсе, қазіргі кезде автомобиль жасау саласында американдық үлкен компаниялардың өзін отандық нарықтарында жеңді. Жапония осы күндері инновациялық жүйесін коммерциялық тиімділігі бар инженерлік жасалымдарға бағыттауын жалғастыруда. Мұндай жасалымдардың бастамасын мемлекет қаржыландырады ал қалған арықарайғы үрдістерді жеке фирмалар қаржыландырады және Жапонияның инновациялық жүйесінің ең басты артықшылығы жоғары технологиялық саладағы жоғары сапалы өнімдер мен экспорттық бағытталу болып табылады.

Ал, Қытайдың тәжірибесінде  жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізуді 1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалды парктер) жүзеге асырады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен дамып келеді. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасап ғылыми зерттеулер жүргізугеде қолдап отырады, ақпаратпен және қаржымен қамтамасыз етілуін қадағалап кәсіпорындарға “қолайлы орта” жасайды. ҒТИП Қытай экономикасынның инновациялық дамуына үлкен үлес қосып отырғанын оның құрамындағы кәсіпорындардың санының өсуінен байқаймыз. 1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2005 ж. –20796. 2009 ж. – 23516 құраған [32.53-55б.].

Оңтүстік Корея Республикасы ғылым мен техника саласын  соңғы 50 жылда өте қарқынды дамыта білді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып тұрған ол, соғыстан кейін ғылыми зерттеулердің басым бөлігін ядролық, қорғаныс және космостық салаларға бағыттады. Оңтүстік Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын 60-жылдарының ортасында ғана қолға ала бастады. Ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыруға жауапты болып 1967 ж.болып Ғылым және технология Министрлігі құрылды және осы жылы Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Сол кезден бері кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланатын болды [33.50-51б.].

Инновациялық дамуды мемлекеттік  реттеудің келесі моделі жаңа индустриялық елдерде қолданысқа ие болды. Яғни бұл модель іргелі және қолданбалы зерттеулері онша дамымаған және экономикасында ауылшаруашылығының әсері әліде жоғары елдерде қолданыс тапқан. Сонымен қатар бұл елдерде жергілікті трансұлттық компанияларды менеджментті дамытумен ерекшеленеді. Бұндай инновациялық дамуға бағдарланған елдерде экономикалық өсу қарқынының жоғарлағанын байқауға болады. Бұл инновациялық даму моделінің мысалы ретінде Тайланд, Турция, Португалия, Чили және Иордания сияқты елдердің инновациялық жүйесін айтуға болады.

Тайланд – урбанизациялану  деңгейі төмен ауылшаруашылығымен айналысатын тұрғындары көп үлкен мемлекет. Қазіргі таңда Тайланд әлемдегі ауылшаруашығы өнімдерін экспортаушы елдерлің алдыңғы қатарынан орын алған және осы саладағы инновациялық менеджметті жақсы дамытып жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Сонымен қатар туристік саласы қатты дамыған бүгінгі күні осы кі саласы мемлекет тарапынан қатты қалданылуда. Осындай мақсаттарға жету үшін 2003 жылы Тайлантта экономиканың инновациялық дамуы мен бәскеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған Ұлттық инновациялық агенттік құрылған болатын [32.53-55б.].

Чилидің экономикалық құрылымы дамыған елдердің құрылымынан ерекше. Бұл елдегі ЖІӨ көп бөлігін әлі күнге дейін ауылшаруашылығы құрайды. Инновациялық дамудағы және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуының басты көрсеткіші ауылшаруашылық саласы болып табылады

Экономиканың инновациялық дамуы мемлекет аралық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени байланыстардың интенсивтену шарттары негізінде жүзеге асады. Адамзаттың индустриалды өндіріс тәсілдерінен жоғары технологиялық өндіріс тәсілдеріне көшуіне байланысты жаһандану үрдісі құқықтық жүйеге тікелей әсер етеді. Қазіргі әлеуметтік және экономикалық жағдайға байланысты инновациялық даму түрлері мемлекеттердің географиялық және ведомоствалық шектеулерге қарамастан өзара әрекет етуі және идеялармен, білімдермен өзара алмасуы негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін.

XX ғасырдың екінші жартысында  ғылыми-техникалық прогреспен инновациялық  қызмет проблемаларын зерттеу  шетелдік экономикалық әдебиеттерде  басты бағыттардың біріне айналды.  Бүгін әлемнің көптеген елдерінде инновациялық қатынастарды реттеу саласында салмақты тәжірибе жинақталған. Қазақстанның инновациялық саладағы нарықтық экономика жағдайында қолдануға болатын өзіндік заң шығарушылық тәжірибесі әзірге көп емес. Сондықтан бұл мәселелерді шешуде бірнеше он жылдықтар бойы қалыптасқан шет елдік мемлекеттер тәжірибесіне назар аударуымыз дұрыс болады. Бұрынғы буын өкілдерінің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, онда шетелдік жетістіктерді зерделеу «білімді өсіруге көмектесуге шақырылатын» құқықтың прогрессивті дамуының бірден-бір құралы. Бүгінде шетелдік құқықты жан-жақты және терең зерттеу қажетілігіне ешкімнің күмәні жоқ. Өйткені бұл зерттеулерді жүргізу тым жоғары күтулерден немесе жалғандықтардан құтылуға мүмкіндік туғызады.

АҚШ-та бұрыннан бері американдық  аралас экономиканың барлық секторларындағы  инновациялық үдерістерді ынталандыратын ішкі механизмдердің жұмыс істеуіне жағымды жағдай туғызатын кешендік тәсіл қалыптасқаны белгілі.

Жалпы алғанда, осы жағдайлардың барлығы ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық (ҒЗТКЖ) жұмыстарға ірі көлемде қаржылық аударымдар жасау үшін қолданылады. Осы мақсатта АҚШ өзінің сыртқы және ішкі саясатын жүргізуде “технологиялық көшбасшы” стратегиясын жүзеге асыруға басты назарды аударады. Алдыңғы қатарлы технологиялардың дамуына әсер ететін ҒЗТКЖ бағытталған «Техникалық өрлеу саясатының» ұзақ мерзім бойы ең өзекті мәселелердің бірі болуының өзі АҚШ инновацияға көп көңіл бөлетіндігінің бірден бір дәлелі.

Сондықтан да экономистердің еңбектерінде американдық ережелер бойынша “ойнау” жиі ұсынылады. Американың инновациялық қызметті қолдау саясатында заңшығарушылық көшбасшы болғаны  және қазір де болып тұрғаны бәрімізге белгілі. Бұл елде ең ірі және барынша әртараптандырылған ұлттық инновациялық жүйе қалыптасқан. Бұл сонау тарихи кезеңдерден әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы міндеттерінде елдің ғылыми-техникалық даму мәселелері өзекті болғандығына байланысты. Бұл елдің тәжірибесі қазіргі заманда инновациялық үрдістердің әлеуметтік-экономикалық феномен болып қалыптасқанын сенімді турде дәлелдейді. Екінші жағынан, осы елдін тәжірибесі көрсеткендей мінсіз құқықтың қамтамасыз ету ерекше экономикалық, әлеуметтік және технологиялық контекстілерді талап етеді.

XX басында американлық  ғылым негізінен университеттер  мен жеке компаниялардың зертханаларында  шоғырланғаны белгілі. Мемлекеттің ұлттық ғылым шығындарындағы үлесі 10-20% аралығын қамтиды. Осыған байланысты ғылыми және техниқалық саясат мемлекеттік реттеудің басым бағытына айналды.

Технологиялық шешімдердің  коммерциялануы деңгейіне байланысты АҚШ ғалымдардың жиі сілтеме жасайтын бір заңнамалық актісі бар – ол 1986 жылы қабылданған федералды технологияларды беру туралы заң [34.36-39б.].

Осы заңды тура мағынада оқитын болсақ, онда бұл заңның жеке сектор мен мемлекеттік сектордың әріптестігін жетілдіруге бағытталғанын аңғаруға болады. Осы заңға байланысты университеттерге, федералды зертханаларға, жеке формаларға, консорциумдарға және штаттардың үкіметтеріне ҒЗТКЖ бірлесіп жүргізу туралы корпоративтік келісімдер жасасу құқығы берілді. Бұл заң АҚШ осы салаға қызығушылық білдірген барлық фирмаларға федералды зертханалардың ғылыми-технологиялық ресурстарын пайдалану мүмкіндігін берді.

Көптеген зерттеушілер үшін құқықтық проблемалардың шешімі шетелдік құқықтың нормаларының қызметін анықтау  және осының нәтижесінде отандық  заңнаманы жетілдіру жолдарын табу болып отыр. Бірақ бұл жерде  тәжірибесіне жүгініп отырған елдің құқықтық жүйесінің ерекшелігі (специфика) ескерілмейді. Осыған байланысты АҚШ заңнамалық тәжірибесін және осы елдің инновация саласындағы жетістіктерін саралау барысында ағылшын-американдық құқық жүйесі мен континентальды құқық жүйесінің бір-бірінен өзгеше екендігін және осыған байланысты механикалық тұрғыдан бірігуі мүмкін еместігін ескеру қажет.

Германия экономикасындағы кедергілер оның АҚШ пен Жапониядан, ал жекелеген көрсеткіштер бойынша  Швеция мен Финляндиядан артта қалуын анық көрсетуде. Бірақ, Германия ғылыми өнімдер экспортындағы жоғарғы пайызды иеленуіне байланысты инновациялық дамудағы көшбасшылардың бірі ретіндегі өзінің орнын сақтап қалып отыр. Германия экономикасы үшін көлікжасау және автомобиль жасау буынының маңызы зор. Европалық патенттік ведомоствоның тіркеген көлік саласындағы патенттердің жартысы Германияға тиесілі. Осы саладағы жаңашылдықтар аралас өндірістегі инновациялық белсенділікке күшті әсер етуде.

Германиядағы ғылыми зерттеулердің  қаржыландырудың басты көзі-жеке бизнес болып табылады. Неміс ғылымын қолдау қорларының одағының өзінде бизнестен қаржыландырылатын 307 қор бар. Бұл одаққа көптеген ірі және өз бетімен қызмет ететін Фольксваген Қоры, Роберт Боштың Қоры, Бертельсманның Қоры, Кербердің Қоры және т.б. қорларының кірмейтіндігін ескерген жөн. Қорлардың қызметінің негізгі бағыты зерттеулердің жоғары сапасын қамтамасыз ету [30.10б.]. Мемлекет өз кезегінде салықтық жеңілдіктер беру арқылы қорлар үшін жағымды жағдай туғызып отыр.

Өнеркәсіп пен университеттер арасындағы өсіп келе жатқан ғылыми байланыстарды және елдегі ғылымды қаржыландыру мемлекеттік тарапынан жүзеге асырылуда. Университеттер мен жоғары оқу орындарының тек қана өнеркәсіптік кәсіпорындардың қаржысы негізінде өмір сүре алмайтындығын ескеріп, ЖОО зерттеу жұмыстарын мемлекеттік қаржыландыру аса маңызды екенін түсінуге болады. Дамыған нарықтық экономиканың өзінде мемлекет ұлттық ғылым мен инновация жүйесінің белсенді элементі ретінде көрініс табады. Бұл жағдайда мемлекет тек қана реттеуді жүзеге асырмайды, сонымен қатар барлық деңгейдегі биліктің міндетіне жататын әлеуметтік талаптарды шешуді жүзеге асырады және осы саладағы нарықтық механизмдегі кемшіліктерді реттеу арқылы ҒЗТКЖ тікелей қолдайды.

Германияның Федеральды білім  және ғылым министрлігінің жылдық есебінің көрсеткіштері бойынша 2009 жылы бұл  елде 750 ұйым ғылыми зерттеулерді жүзеге асырған, ал осы ғылыми зерттеулердің  шығындары 59 млн. евро, яғни ЖІӨ-нің 2,6%-ын құрайды. 2010 жылы Германия ғылым және білім саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүргізу арқылы ғылым және инновация шығындарын ЖІӨ-нің 3%-на жеткізді [35.37-38б.].

Қазіргі заманғы мемлекеттік  саясатының мақсатының бірі мемлекттік ғылыми зерттеу институттарының “нарықтық” бағдарлануын күшейтуді көздейтін интеграцияланған ғылыми-техникалық және инновациялық саясат жүргізу.

Германияда мемлекеттік  сектор мен жеке өнеркәсіп арасындағы, университеттер мен мемлекеттік  зертеушілік зертханалар арасындағы коперацияланудың дамуына ерекше назар  аударылады. Бұл жерде ҒЗТКЖ нәтижелерін тікелей өнеркәсіпке берілуіне (трансфер) негізгі назар аударылады.

Франция заңнамасы тарихи тұрғыдан көптеген елдер мен Ресей үшін үлгі бола алады. Бұл елде 1971 жылы 7 қаңтарда өнертапқыштардың патент алуға құқығы туралы алғашқы заң қабылданды [36.43-47б.].

1971 жылғы Франциялық заң  өнертапқыштардың құқықтарын қорғайтын  облигаторлық қағиданы орнатты,  ол заң талаптарына сай өтінішке жауап ретінде өнертапқыштың патент алуға құқығын мойындайтын мемлекеттің міндетін бекітті.

1971 жылғы Заң патент  иесінің өнертабысты пайдалануға  «айрықша құқық» терминін алғаш  қолданғандардың бірі болды. Өнертапқыш заңнамалық деңгейде үшінші тұлғаларға өз өнертабысын сәйкесінше рұқсатсыз қолдануға тыйым салу құқығына, сонымен қатар контрафакторларды соттық тәртіппен қудалау құқығына ие болды.

Қазіргі таңда Францияда  инновациялық белсенділікті мемлекет ынталандырады және қолдайды, ал ғылыми зерттеулер мен технологиялық даму жалпы ұлттық басымдық ретінде мойындалады. Франциядағы ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға шығындар бүгінгі таңда шамамен  жылына 35 млрд. құрайды, ол ЖҰӨ 2,13% тең. Оның ішінде ЖҰӨ 0,9% мемлекет, ал 1,4% - жеке меншік компаниялар береді, соңғы  жылдары бұл арақатынас мемлекеттік  шығындар пайдасына өзгеріп келеді [36.43-47б.]. Францияның 15.07.1982 жылғы № 82-610 «Зерттеулер мен технологиялардың дамуының негізгі бағыттары туралы» заңына сәйкес мемлекеттік ғылыми зерттеулер тек «мемлекеттік маңызы бар істі құрап» қана қоймайды, сонымен қатар «зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу» мақсатын қояды. Франция ұлттық экономиканың дамуын құрайтын инновацияны күшейту бағыттары бойынша шешімді қадамдар жасауда. 1999 ж. 12 шілдеде Францияда № 99-587 «Инновациялар мен ғылыми зерттеулер туралы» заң қабылданды, ол табиғаты бойынша 1982 жылғы заңның жалғасы болды. 1-13, 15-17, 21-24 баптары жаңа заңға өзгеріссіз ауысты, ал қалғандары – жаңа редакцияда мазмұндалды [36.43-47б.].

1999 жылғы Заң біріншіден, экономиканың мемлекеттік секторымен  қаржыландырылатын зерттеу нәтижелерінің  трансферіне, өнеркәсіпке және  шағын инновациялық компанияларды  жасауға бағытталды. Елдегі қолданыстағы азаматтық заңнаманы ескере отырып, бұл заңның пәні онымен қиылыспайды, алайда оның бар болу фактісін ескереді. Мұнда қолданбалы зерттеулерді басқарудың бағдарламалық-мақсатты әдістері қолданылады.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi