Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 21:39, реферат
Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелестік жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі. К.Марк берген индустриялық қоғамның макро экономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. ”Капиталистік ұдайы өндіріс циклі” маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары (фаза) циклдер болып саналады.
Кіріспе.
І Тарау. Экономикалық дамудың циклдық теориялары.
1.1. Циклдік ауытқу – экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы.
1.2. Экономикалық цикл теориялары.
1.3. Циклге қарсы мемлекеттік реттеу.
ІІ Тарау. Экономикалық цикл факторлары.
2.1. Экономикалық циклдің ішкі және сыртқы факторлар жүйесі.
2.2. Мультипликатор – акселератор өзара әрекет ету тұжырымдамасы.
ІІІ Тарау. Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кейнс бойынша циклге қарсы реттеу, қор жинау мен инвестициялар қызметімен анықталатын жиынтық сұраныс экономикасына негізделеді. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдік жағдайына ұмтылған сұраныс пен “жұмыс” істеу қажеттілігіне келіп тіреледі. Мәселен, басқыншылық саясатын жүргізу арқылы жиынтық сұраныстың кеңеюі құлдырау кезеңіндегі тепе – теңдіктің үш тәсілімен: мемлекет шығындарының көбеюімен; салық ставкасының азаюымен; пайыз ставка төмендеуімен жүзеге асырылады.
Жиынтық сұраныс өркендеу кезеңінде, мемлекет “ ұстамдылық саясатын” жүргізіп, қарсы шараларды қолданады.
Ол мемлекет шығындарының азаюы (трансфертті төлемдер мен әлеуметтік бағдарламаларды үнемдеу), салықтар мен пайыздық ставканың көбеюінен көрінеді.
Қазіргі заманғы мемлекеттік реттеу саясаты монетаризм, яғни ақша ұсыныстарын реттеуі тәсілдерін қолдануды болжайды Циклдік экономиканың жұмыссыздық пен инфляцияның қыспағынан жеңіліс тауып, страгфляциялық дамуы жағдайларында монетаризм экономиканы құлдыраудан алып шығуға көмектеседі. Сондықтан қиын жағдайдан шығу – бұл халықтың ақшалай табыстарын мақсатты шектеу болып саналады.
Сөйтіп, циклдік дамуға осы заманғы жол табушы, цикл табиғатын анықтауға, циклдің әр түрлі сатыларында (фаза) алмасуға жағымсыз әсерлерді азайтудың әдістерін іздеп табудан тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) Добрынина А.Н. Общая экономическая теория. Санкт-Петербург: Питер,2001.
2) Н.Ә. Назарбаев: Қазақстан - 2030.