Экономикалық цикл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 21:39, реферат

Краткое описание

Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелестік жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі. К.Марк берген индустриялық қоғамның макро экономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. ”Капиталистік ұдайы өндіріс циклі” маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары (фаза) циклдер болып саналады.

Содержание

Кіріспе.
І Тарау. Экономикалық дамудың циклдық теориялары.
1.1. Циклдік ауытқу – экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы.
1.2. Экономикалық цикл теориялары.
1.3. Циклге қарсы мемлекеттік реттеу.
ІІ Тарау. Экономикалық цикл факторлары.
2.1. Экономикалық циклдің ішкі және сыртқы факторлар жүйесі.
2.2. Мультипликатор – акселератор өзара әрекет ету тұжырымдамасы.
ІІІ Тарау. Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ekonomikaly_1179_tsikl (1).docx

— 34.70 Кб (Скачать документ)

Жоспар:  
Кіріспе.  
І Тарау. Экономикалық дамудың циклдық теориялары.  
1.1. Циклдік ауытқу – экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы.  
1.2. Экономикалық цикл теориялары.  
1.3. Циклге қарсы мемлекеттік реттеу.  
ІІ Тарау. Экономикалық цикл факторлары.  
2.1. Экономикалық циклдің ішкі және сыртқы факторлар жүйесі.  
2.2. Мультипликатор – акселератор өзара әрекет ету тұжырымдамасы.  
ІІІ Тарау. Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері.  
Қорытынды.  
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре  алатындай теория жасау жолындағы  талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелестік жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі. К.Марк берген индустриялық қоғамның макро экономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. ”Капиталистік ұдайы өндіріс циклі” маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары (фаза) циклдер болып саналады. Дағдарыс жиынтық сұраныс - тауар ұсыныстарының артып кетуін сипаттайды, оның экономикалық зардаптары: тауарларды қалыпты өткізудің күрделілігі мен мүмкін еместігі; бағаның төмен түсуі; тауарға ұсыныстың азаюы; табыстардың кемуі; жұмыссыздардың күрт көбеюі; банкроттық. Дағдарыс соңында сұраныс пен ұсыныс “күшпен” тепе – теңдікке келтіріледі және ұдайы өндіріс тоқырау сатысына (фазаға) өтеді.

Тоқырау (депрессия) - өндірістің құлдырауы тоқталатын және оның өсуіне алғышарттар жасалатын экономиканың өтпелі жай -күйі болып саналады. Тоқырау кезінде баға мен еңбекақы ең төменгі деңгейде болады; өндіріс шығындары да сондай төменгі деңгейді көрсетеді; капиталдың бір бөлігі жинақталып (сақталып), екіншісінде инвестиция, еркін ақша капиталы пайда болады;өндірістік капиталдың негізгі бөлігін жаңарту мүмкіндігі жүзеге асырылады. Негізгі капиталды жаңарту, бұрын да және қазір де циклдер алмасу материалдық негізін құрайды. Соның әсерінен тоқырау жандану, жандану өркендеу, өркендеу қайтадан дағдарысқа түсу процестері болады.

Капиталдың жаңартылатын бөлігінде жандану пайда болу кезіндегі сұраныстың өсуі, жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі, сол себептен де жандану өндіріс ауқымының кеңеюіне; жұмыспен қамтылу, пайданың артуына; дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуға; өнеркәсіптегі өркендеу сатысына (фазаға) өтуге әсерін тигізеді.

Көтерілу ждеңгейін пайда мен жұмыспен қамтылушылықтың жоғары мен сипаттайды, өндірістің жаңа технологиялық деңгейі ақыр соңында тағы да капиталдардың артық шамадан тыс қанығумен (перенасыщения), тауарлардың артық өндірілген мүмкіндіктерімен ұдайы өндірістің бір циклі аяқталып, екіншісі басталады.

Тауарлардың артық өндірілуі, негізгі капиталдың артық жинақталуы көрініс береді.Өсіп отырған тауар ұсынысы нарықта тағы да шектеулі төлем қабілеті бар ұсыныс пен бетпе - бет келеді, соның нәтижесінде тағы да дағдарыс пайда болады.

Еркін бәсекелестік, капитализм жағдайындағы өндірістің циклділігі маркстік талдау бойынша әлеуметтік көзқарастар мен шектелген болатын. Олар дағдарысты туғызушы негізгі жағдайларды, өндірістің қоғамдық сипаты мен оның нәтижелерін жеке меншіктік капиталистік форма мен өзіне сіңіру арасындағы тұрақты қарама – қайшылық ретінде негіздеген. Индустрия қоғамның субъектілер позициясын жалдамалы жұмыс күші тұрғысынан қарастыра отырып, К. Маркс циклдер себептеріде жұмыс күшіне тұрақты түрде екпін түсірді. Сондай-ақ Маркстік дәстүрде өсіп - жетілген саяси экономика, тауарлар өндірістің экономикалық ұйымдарын-дағы ішкі өзгерістерді байқамауға тырысты.

Индустриялық қоғам орнына келген жаңа қоғам бітіспес қайшылықты (антогонизмді), маңызсыз негіздер, яғни жаңа экономикалық формаға алып кетті, сондықтан да , негізгі - бітіспес қайшылықты әлеуметтік астар - экономикалық цикл табиғаттын толық түсіндіре алмады К.Маркстен басқа, А. Шпитгоф, М. Туган - Барановский, Т. Веблен, Дж. Кларк , Дж. Кейнс, М. Миллер, И. Шумпетер және басқа көптеген аса көрнекті зерттеушілердің еңбектері экономикалық циклдерді зерттеуге арналған.

Үш циклдік схема, яғни экономикадағы ауытқушылық процестер теориясын айрықша атап көрсетуге болады. Бұл циклдарды 50 жыл, 10 жыл , 3 жыл және 4 айлық ұзақтыққа созылатын циклдер ретінде ашқан Н. Кондратьевтің, К. Жуглердің және Джо Китчиннің есімдерімен аталған. Шумпетер экономикалық жүйеде үш циклдің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі көрінеді деп санаған.

Жалпы айтқанда, экономикалық цикл деп бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейінің бірінен кейін бірі келіп тұратын, өсулер мен құлдыраының өзгеруін айтамыз.

Нарық жағдайында өндіріс козғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда калыптасқан бірнеше теориялық көзқарастар бар.

Мәселен, К.Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұракты капиталдын оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен карастырған.

Ағылшын экономисі Дж.Кейнстің ойынша, цикл фазасынын алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара-қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері («шекті тиімділік») пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің өндірісті дамытуға каржы салу ниеті жойылады.

Қазіргі Дж.Кейнстің ізбасарлары — «неокейнстіктер» — мәселен американ экономисі — Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдык сипаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі каржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе теріс әсер етіп,  өндірістің өсуінен оның кысқаруына бет бүрыс жасайды.

Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері «неокейнстіктерден» айырмашылығы олар нарықтық экономиканың циклдық дамуының басты себептерін факторынан іздейді. Ақша сұранысы арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақша ұсынымы нарыктық экономика тұрақсыздығынын себебі болып табылады.

Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің акша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрактаңдыруға бағытталуы кажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-ның монетарлык саясаты» еңбегінде баяндаған. Бұл жүмыс 1963-ші жылы шыққан болатын.

Нарықтық экономиканың, циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды жоғарыдағы аталған әртүрлі өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі: мемелекет антидиклдық бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей реттеуі қажет.

Мәселен, Ф.Энгельстін пайымдауынша, нарықтық анархияны «өндірісті қоғамдық-жоспарлы реттеу» арқылы жоюды алға тартады. Дж. Кейнстің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірістің құлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмау үшін қажет.

Экономика ғылымында циклдік ауытқулардың ықпалын еңсеру мақсатымен мемлекеттің араласуы екі көзқарасты көздейді. Олар: классикалық           және кейнстік. Алғашқысында нарықтық экономика өздігінен реттеле алады,  ал бәсеке сұраным мен ұсынымның тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, бұл орайда баға, жалақы, пайыздық мөлшерлеме кез келген нарықтық жағдайға және оның жағдаятына бейімделеді деп есептеді. Екіншісі экономикалық үдерістердің стихиялылығын шектеу және халықтың жұмыспен толық қамтылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік  реттеу қажет дегенге саяды.

1929 — 1933 ж. жалпы әлемдік экономикалық  дағдарыстың пайда болуы мен өтуінің себептерін талдау негізінде ағылшын экономисі Кейнс “Жұмыспен қамтылудың,  пайыздың және ақшаның ортақ теориясы” (1936) атты еңбегін жариялады. Оның пайымдауынша, экономикалық дағдарыстар болмай қоймайды және олар нарықтың табиғатынан туындайды. Сонымен қатар нарықта монополизмнің түрлі көріністері қамтылады және ол мемлекеттік реттеумен ұштастырылады. Кейнстің циклдікке қосқан еңбегі — оның мультикликаторлар теориясын әзірлеуі. Оның пікірінше, сұранымды жалпы мемлекеттің бюджет саясаты және мемлекеттік кіріс басқарады. Бұл инвестициялар тұтынуды ынталандырудың басты құралдары. Несие-ақша саясаты бюджет саясатына бейімделе отырып, көмекші рөл атқарады. Кейнстің идеялары мемлекеттің қоғамдағы орнын айқындауда маңызды рөл атқарды және экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі көптеген талдамаларға негіз қалады.

 Қазіргі заманғы экономикалық жағынан дамыған мемлекет көптеген өндірістік бағдарламаларды жүзеге асырады, экономиканың жеке секторында алынатын табыстың қоғамда қайта бөлінуін бақылайды, қаржы, салық жалақы экономикалық қызметті реттейді, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру бағдарламаларын жүзеге асырады. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық  және технологиялық  революция жағдайында бірінші орынға адамның зияткерлік, кәсіпқойлық, ұйымдастырушылық, шығармашылық дарыны мен қабілеті қойылады. Бұл заңдылық жұмыс күшін ұдайы қалпына келтіру үшін қымбат экон. жағдай жасалуын көздейді. Қазіргі заманғы мемлекет іс жүзінде қоғамның экономикалық қызметінің барлық аясына дендеп енді: заңнамалық жүйені әзірлеу; табыстың бәсекелік ортасын қорғау; қоғамдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді қоғамда қайта бөлу;  экономиканы тұрақтандыру және экономикалық   өрлеуді ынталандыру міндеттерін атқарады. Инфляция қарқынының күрт күшеюінің ықпалымен кейнстік теория сынға ұшырады. Жалпылама түрде неоконсерватизм (неоклассицизм) деп аталған, жалпы экономикалық тепе-теңдік және экономиканың сұраныс пен ұсыныстың кез келген бұзылуына өздігінен бейімделуі жөніндегі классикалық теорияның қағидаларына сәйкес теорияны дамытушы көптеген мектептер пайда болды. Неоклассикалық бағыт дағдарысты кездейсоқ, тез өтетін құбылыс ретінде қарады. Неоконсерватизмнің (неоклассицизмнің) жалпы бағытында монетаризм (мәнетшілдік) елеулі орын алды. Монетаристердің пікірінше, ақша экономиканың дамуын айқындайтын басты құрал болып табылады. Мемлекет ақша аясын бақылаумен шектелуге тиіс. Монетарлық теория бойынша тұрақтандыру саясатының басты өлшемі — ақшалай ұсыныстың көлемі. Қазіргі кезеңде мемлекеттің рөлін зерттеу және дағдарыстар мен циклдердің себептерін анықтау ең алдымен екі бағытты әзірлеумен байланысты. Олар тепе-тең іскерлік цикл мен саяси іскерлік цикл. Тепе-тең іскерлік цикл теориясы монетаризм идеясының дамуын көрсетеді. Бұл теорияға сәйкес мемлекет Батыстың көптеген елдерінде өзіне тән атқарымдармен қатар ақша “талықсытпасының” өзінше бір қозғаушысы рөлін атқарады. Ол шаруашылық жүйесін тепе-теңдік жағдайынан шығарады, сөйтіп, қоғамдық ұдайы өндірісте циклдік ауытқуды қолдап отырады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы он жылда экономикалық циклдердің сипаты өзгерді. Циклдің басты кезеңі — дағдарыстың өзінің құрылымы мен сипаты өзгерді. Дағдарыстар өндіріс көлемінің күрт құлдырауы нысанында емес, баяу өсу кезеңдері нысанында болды. Мұның өзі классикалық өнеркәсіптік цикл ұғымын күңгірттендіріп, өнеркәсіптік циклді инфляцияның үдерістермен ұластырды. Қазіргі заманғы ұдайы өндірістің циклдік сипаты өнеркәсіптік (экономикалық іскерлік) циклдердің болуы факторымен шектелмейді. Осы классикалық циклдермен қатар қазіргі кезде басқа да көптеген циклдердің болатыны мойындалып отыр.

Неокенсиандық бағыт  жиынтық сұраныс бағдарлану болып саналады, мақсаты   тұтастай түрде шаруашылық реттеу (макроэкономика),  реттеуде басымдылықтар  салық бюджет және несие ақша саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды ынталандыру.

Неоконсерватизмнің белгілері ұсынысқа бағдарлау,мақсаты жекелеген фирмалардың қызметі үшін ынта туғызушы (микроэкономика) реттеуде басымдылықтар несие ақша және салық бюджет саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды шектеу.

 

П.Самуэльсон өзінің “Экономика” кітабында экономикалық өмірдің барлық саласы үшін және нарықтық экономикалық елдер үшін, экономикалық циклді ортақ белгілер ретінде анықтайды. Қазіргі заманғы экономистердің басым көпшілігі экономикалық циклдің объективті сипатын мойындай отырып, циклдің сипатына, оның ұзақтығына, әлеуметтік - экономикалық зардаптарына әсер етуші осы құбылыстың ішкі және сыртқы факторларын талдау арқылы зерттеп - үйренуді ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі заманғы білімдер циклдің табиғи негізін көбірек  “технологиялық” себептермен сипаттайды. Бірінші кезекке циклдің себепті – салдарына байланысы емес, оның қоғам үшін тигізетін неғұрлым аз зардаптарының тәсілдерін алға қояды. Осы позиция тұрғысынан, қазіргі экономиканың “бейнесі” өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі ретінде көрінеді және бұл істер белсенділік деңгейіндегі тұрақты көрсетулер мен құлдырау циклі деп аталады. Қазір, циклдің ұзын толқынды сипаттамалары “өркендеу” мен “тоқырау” шегініп, жаңа жол тауып, қысқа толқын “буырқаныс”, “қысқару”, “құлдырау”, “көтерілу” циклы деп аталады. (5.2. кестені қараңыз).

Бұрқаныс

 

 

Қазіргі экономикалық теория экономикалық цикл себебін сыртқы және ішкі факторлар жүйесі арқылы көрсетеді.

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге сырттан келетін факторлар, оған жататындар:

а) сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін, халық санының өзгеруі;

б) техникалық жаңа әдістер  мен инновация: технологиялар түбегейлі өзгерістерге, инвестицияларды көбейтуге әкеледі, жаңа жұмыс орындарын ашуды және өркендеуді жылдамдатады;

в) соғыстар және басқа саяси оқиғалар. Осыған ұқсас оқиғалар экономикалық циклдер бағытына жиі түрде әсерін тигізеді. Мәселен, АҚШ - тың ұлттық қарулы күшін қайта құру,”Ұлы тоқыраудың” өркендеу кезеңімен алмасуына әкелді.

Ішкі факторлар – экономикалық өзгерістердің неғұрлым түбегейлі сәттері болып саналады. Қазіргі экономика үш негізгі факторларға: тұтынуға; инвестицияларға; үкімет қызметіне көніл аударады.

Информация о работе Экономикалық цикл