Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 15:27, курсовая работа
Бірақ әрбір халықтағы бұл қатынас әр түрлі жағдаймен: біріншіден, өнермен, шеберлікпен және жалпы алғанда оның еңбегінің қалай қолданылатынын пайымдаумен, екіншіден, пайдалы еңбекпен айналысатындардың және онымен қамтылғандардың санымен арадағы қатынаспен айқындалады. Белгілі бір халықтың аумағының топырағы, климаты және мөлшері қандай болмасын, оның жылдық жабдықталуының мошылығын немесе тапшылығы әрқашан осы екі шартқа қатысты болады.
Кіріспе.........................................................................................................3-4
1 Экономика және оның қоғам өміріндегі орны.....................................5-8
1.1 Экономика туралы жалпы түсінік......................................................8-9
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа..................9-12
1.3 2030 жылға дейінгі экономикалық стратегия...................................12-15
2 Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері........................................16-17
2.1 Экология туралы түсінік...................................................................17-19
2.2 Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті..................................................19-22
2.3 Қазақстандағы экологиялық проблемалар.........................................22-26
3 Экономиканың экологиялық жағдайға әсері........................................27
3.1 Экономикадағы экологиялық факторлар.........................................27-29
3.2 Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның
экономикалық бағалануы.........................................................................29-32
3.3 Табиғатты қорғау қызметтерінің экономикалық механизмі........32-33
Қорытынды ...............................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................35
- Құрамындағы заттар мен материалдар табиғат айналымына еш пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйенің бұзылуына әкеп, адам денсаулығына қауіп төндіреді.
- ортаны реттеп тұратын
биосфераның қызметі
Жердің геологиялық
тарихында өсімдік
2.Өсіп отырған антропогендік қысымға табиғат бұрын соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде.
- ортаның химиялық және радиациялық ластануының әсерінен мутацияны тездетіп және жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкеліп отыр. Олардың бейімделуі мен тұрақтылығы өте жоғары, ал кей жағдайда адамға қауіпті қасиеттерге де ие:
- микроорганизмнің, өсімдіктің немемсе жануарлардың жеке түрлеріне таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті реакцияларға жол ашады.
- ланшафтың антропогендік тұрғыдағы қайта құрылуы мен ортаның ластануы экологиялық апаттар мен экономикалық қауіп-қатерге бақылауға еш келмейтін салдарлары да жоқ емес. Табиғат жауаптардың адам табиғатын тікелей қатысы бар.
3.Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өсе түскен өгейсінудің арасындағы қайшылықтардың торында шырмалғандай күй кешуде. Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір сүру үшін тұрмыс құралдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түраралық бәсекелестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр. Ол биологиялық түрлер санынан бірнеше есе асып, биологиялық тұтынуды қанағаттандыру үшін заттар мен қуат көздерін пайдалану көмегімен ондаған есеге арттырады.
- адам санының өсуі олардың биологиялық сапасының артуымен байланысты емес. Керісінше,тұқым қуалайтын аурулардың жұқпалы ауруларға бейімділілігі, срндай-ақ егде адамдардың созылмалы аурулары да кең етек алып отыр. Адамдардың экологиялық проблемары денсаулық проблемаларына көп ұқсап келеді.
- адамзат XX ғасыр өзінің тұтыну өркениетінің шегінде отыр. Экономика екінші қажеттіліктің үлкен санына жабысуының арқасында тұр. Осылардың бәрін қанағаттандыру қоршаған орта мен табиғатымызға артық техногенді салмақ түсіреді.
Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық проблемалары өте тығыз байланысты. Аймақтық экологиялық проблемалары әлеуиеттік мүлік теңсіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблемалардың көпшілігін тек қана экологиялық себептерге ғана емес, сонымен қатар экономика мен қоғамдық идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі таңдағы экология оларды кешенді түрде зерттеп және шешудің маңызды ғылыми негіздерін енгізуде.
Ғылым ретінде қазіргі таңдағы экологияның міндеті: көптеген нақты материалдардың бірегей теориялық платформаға өзара қатынасын барлық қырынан көрсетіп, осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі қажет.
Қазіргі кезде ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін, экологияның жаңа идеологиясы мен әдіснамасын жасау үшін табиғатты пайдаланудағы тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Осы күнгі экологиялық жалпы міндеттерін ғылыми іс-тәжірибелік жоспарда ауқымды түсінік бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады.
1.ғаламшар табиғаты
жағдайларының және оның
ресурстарының жан-жақты
2.биосферасы ең маңызды өнім әлеуетінің табиғатын кешенді түрде толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық және ғаламдық жай-күйін, аймақтың және адамның ттолық әлеуметтік дамуының әр түрлі елдердің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау:
3.табиғатты күштеп бағындыру идеологиясынан алшақтау, экспертизхм әдіснамасы мен жаңа идеологияны қалыптастыру, өнеркәсіп өркениетіне өтуге байланысты білімді, саясатты, техниканы, өндірісті, экономиканы экологияландыруға бағытталған шарашлар;
4. оңтайландыру критерийлерін орындау – экологиялық өктемдік пен анағұрлым келісімді таңдау мен қоғмның әлеуметтік – экономикалық дамуының экологияға қарай бет түзеуі (бағдары).
5.адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен технологиясы, табиғат шыдамдылығы шегінің экономикасына сәйкес шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдарысты болдырмайды [13,6-7б].
2.3. Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр.
Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Көптеген индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтас алғанда бүкіл адамзат алдына кұрделі талап қойып отыр.
Біздің планетамызды барлық тіршіліктің өмір сүруіне тиімді етіп сақтау үшін табиғатты, оның байлығын тұтыну тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Кезінде белгілі жазушы Л.Леонов: “Адам баласының алдында бүгінде бірінші кезектегі екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау, екеуі де болашақ өиір сүрудің шарты” деген. Ал Ш.Айтматов: “Біз бүгінде өркениеттің шыңына жеттік, онда адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы болады. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол да бізге тәуелді” – деп жазады.
Біздің республикамыздың табиғи байлық қоры мол. Бізде 48 мың көл, 85022 өзен бар. Өсімдік және жануарлар әлемі бай. Қазақстан жерінде 6 мыңға жуық өсімдіктің түрлері, сүтқоректілердің 172, құстардың 490 түрі бар. Осы байлықты тиімді түрде, аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз қажет.
Су қорларын, қоймаларды сақтау – экологиялық проблеманың ең күрделі саласы болып табылады. Бұл әсіресе Арал теңізінің тағдырымен байланысты. Соңғы отыз бес жылдың көлемінде Арал теңізі 700 км3 су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл сайын 75 миллион тонна топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда.
Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын тұншықтырды. Оның халқының жартысынан астамы көшіп кетуге мәжбүр болды.
1960 жылға қарай Арал қандай болды? Ол КСРО – ның құрлықтық көлдері ішінде төртінші орын алған. Аралдың су қорын толтыратын Орта Азияның екі ірі өзені - Әмудария және Сырдария еді. Олардың суы өте нәрлі, егістікке пайдалы болатын. Арал теңізінен жыл сайын 450 мың тонна бағалы балықтар ауланды, миллион ондатра терісі алынды. Балықшылар қайығы мен жол қатынас кемелері – теңіздің көркі еді. Арал теңізі сол аймақтың ауа райына жағымды әсер еткен табиғатты реттеуші болды.
Алпысыншы жылдардан бастап, екі өзеннің суын егістікке пайдалану өлшеусіз, шамадан тыс қарқын алып, соның салдарынан теңіз суы тартыла бастады. Қазіргі уақытта олардың суы теңізге құймайды.
Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кемуі өсімдік әлеміне кері әсерін тигізді. Бағалы ормандар, мал жайылымдары мен көгалды аймақтар жоғала бастады. Олардың орнын зиянды тұзды сорлар басты. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңдардың 13-ақ түрі қалды. Арал теңізінен балық мүлде ауланбайтын болды. Жер тұзданып, оның өнім беруі тоқтады.
Бүкіл Арал аумағында іш ауруы етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке айналдырды. Балалар ауруы болып тууда.
Чернобыль апаты 8 миллиардтан астам шығынға түсті, ал Арал – “үнсіз Чернобыль” зардабының шығыны одан әлдеқайда асып түседі.
Семей аймағындағы ядролық сынақ халықтың қайғысына айналды. Бұл аймақта бірінші рет 1949 жылы тамыз айында 16 мың км2 кеңістікті қамтыған жарылыс басталды. Ашық аудағы ядролық сынақ 14 жылға жалғасты. Осы кезкңде 500 ядролық жарылыс өткізілді. Ядролық техниканы сынаудың салдары: рак, катаракта, туберкулез, аллергия, екі басты, қолы жоқ, бүйрексіз балалардың өмірге келуі. Мұндай аурулар әрбір отбасын дерлік қамтыды.
Тек 1991 жылы тамыздың 29-ында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлық жариялаған соң, ядролық сынақ тоқтатылды.
1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай су электр станциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды. Соның салдарынан Іле өзенінен Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды, көбі құрғап кетті. Бұл аймақ түгелдей сортаңға айнала бастады. Балық аулау көлемі қысқарды.
Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты, химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдаланудың нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдыры қайта басталды. Балқаш – Іле аймағының экологиялық жағдайы күрделі мәселеге айналды.
Республикамызда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30% -дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларының әсерінен, Ертіс, Орал, т.б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің есте сақтау қабілеті де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғылым мен техника жетістіктерін ендіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай...
Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы жер дефляциясы дәлел болады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақсатан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отыратын құбылыс. Ал, табиғатта қалыңдығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық. Топыраққа рекультивация жасау да қымбатқа түсетін іс-шара: 1 га үшін 300 мың теңгеге дейін, кейде одан да көп шығын жұмсалады. Мұның тағы бір зиянды, экожүйенің микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін күй кешеді [14,3б].
Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден - қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйінде басқа елдерге жөнгелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұйымның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері.
Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60 пайыз шамасында. Ол әсіресе, тау-кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық аура түрлерінің өршуіне ықпал етуде.
Информация о работе Экономика және оның қоғам өміріндегі орны