Экономика және кәсіпорындағы басқару кафедрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 09:01, реферат

Краткое описание

Бұл пәнді беру мақсаты болып шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту болып табылады.
Осыған байланысты пәнді оқытуда келесі негізгі міндеттер қойылады:
- кәсіпорын мәнімен, оның ұлттық экономика жуйесіндегі орны мен рөлімен шаруашылық объектісі ретінде танысу;
- нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуді ескере отырып нарықтық экономиканың агенті ретінде кәсіпорынға сипаттама беру;

Прикрепленные файлы: 1 файл

29412.doc

— 453.00 Кб (Скачать документ)

- қазіргі уақыттағы маркетинг  ашық инновациялық сипатта болып,  үнемі жаңартуға негізделген;

- маркетингтің кең тарауы тек  салалық, коммерциялық аумақта ғана емес, сондай-ақ барлық адам іскерлігі аумақтарын қамтуда.

Маркетингтің негізгі мақсаты -  тұтынушыға бейімделу болып табылады. Компаниялардың (кәсіпорындардың) мақсаты - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылатын кезде шаруашылық және коммерциялық қызметте табысқа жетеді. Маркетингтің міндеті болып – сұранысты көбейту ғана емес, сонымен қатар сұраныс ұсынысқа сәйкес келетіндей етіп, сұранысқа әсер ету мүмкіндігі табылады.

Сұранысты болжау тек тұтынушылардың сұранымдарын тұрақты зерттеу кезінде ғана мүмкін.

Сұранысты басқару – ынталандыруды, жәрдемдесу мен реттеуді қамтиды. Ынталандыру  – яғни тұтынушыларда фирма өндіретін  тауарларға деген ынтасын арттыру (тауарды әдемі көркемдеу, үнемі  жарнамалау). Жәрдемдесу – фирма өзінің өнімін несие шарттары бойынша физикалық жағынан оңай қол жетерлік етіп жасайды. Реттеу – жыл бойы сұраныста өзгерімдер болған жағдайда немесе сұраныс ұсыныстан жоғары болған кезде қажет. Осы уақытта маркетингтің қызметтің мақсаты болып – жыл бойы сұранысты біркелкі жасау немесе тауар не қызметтің демаркетингін жасау табылады. Сұранысты қанағаттандыру тауар не қызметтің дұрыс қызмет етуін ғана емес, сонымен бірге олардың қауіпсіздігін, әртүрлі нұсқалардың қол жетерлігі мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуді қамтиды.

Маркетинг жүйесі келесі міндеттердің шешілуін ұйғарады:

  • кешенді зерделеу;
  • потенциалды сұраныс пен қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді айқындау;
  • өнім түрлері мен бағаларды жоспарлау;
  • бар сұранысты толық қанағаттандыру үшін шаралар әзірлеу;
  • өткізімді жоспарлау мен іске асыру;
  • өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу.

Осы міндеттердің шешілуі жоғарыда аталып өткен әдістердің қолданылуына байланысты болады. Маркетингтегі талдау жан-жақтылық, әділдік және сыншылдық  сипатқа ие, ал тәжірибені теорияда қабылданған стандарттар мен қағидалармен салыстыру керек. Бұл өз кезегінде жүйелі маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Нәтижесінде бағдарламалар стратегияларды өңдеудің негізі болып табылатын болжамдарды жасаудың ақпараттық негізі пайда болады. Әдетте, жақын болашаққа қысқамерзімді болжам жасалынады, ал болашақтың алыс және белгісіз кезеңдеріне болжам жалпы сипатта белгіленеді.

Маркетинг қызметі:

нарық туралы, нақты сұраныс құрылымы мен динамикасы туралы, сатып алушылардың талғамдары туралы сенімді, анық және дербес ақпаратты, яғни фирма іс-әрекетінің сыртқы шарттары туралы ақпаратты;

бәсекелестердің тауарларына қарағанда, нарық талаптарын қанағаттандыратын  тауарды, тауар түрлерін (ассортиментін) жасауды;

өткізім саласын максималды түрде  бақылауды қамтамасыз ететін тұтынушыға, сұранысқа, нарыққа қажетті әсер етуді қамтамасыз етуі керек.

Маркетингтік қызмет әдістерінің  негізі:

- кәсіпорынның сыртқы ортасын  талдау. Талдау сауда табыстылығына  әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік туғызады. Талдау нәтижесінде қоршаған ортаны және оның мүмкіндіктерін бағалау мәліметтері пайда болады;

- нақты және потенциалды тұтынушыларды  талдау. Бұл талдау сатып алу  туралы шешім қабылдайтын адамдардың  демографиялық, экономикалық, әлеуметтік, географиялық және т.б. сипаттамаларын зерттеуге, сонымен бірге олардың қажеттіліктерін зерттеуге негізделеді;

- бар тауарларды зерттеу және  болашақта болуы мүмкін тауарларды  жоспарлау, яғни жаңа тауарларды  жасау тұжырымдамаларын өңдеу немесе ескі тауарларды модернизациялау;

- тауар айналымы мен өткізімді  жоспарлау, меншікті қойма мен  дүкендері немесе агенттік желілері  бар өткізім желілерін құрастыру;

- сатып алушыларға, агенттерге  және нақты сатушыларға бағытталған  бірлескен жарнама, жеке сатылымдар, коммерциялық емес беделді шаралар («паблик рилейшнз») мен әртүрлі материалдық ынталандырушылар арқылы сұраныстың қалыптасуын және өткізімді ынталандыруды қамтамасыз ету;

- әкелінетін тауарларға бағалардың  жүйесі мен деңгейлерін бағалауда, бағаларды, несиелер мен жеңілдіктерді қолдану «технологияларын» анықтауда негізделген баға саясатын қамсыздандыру.

Маркетингті басқару – бұл табыс  табу, өткізудің көлемін өсіру, нарық  бөлігін жоғарлату сияқты мекеменің  алдына қойған мақсаттарына жету үшін мақсатты сатып алушылармен пайдалы алмастыруларды белгілеу, нығайту және қолдау шараларын талдау, жоспарлау және оларды жүзеге асыруды бақылау. Маркетингті басқарудың міндеті – сұранымның деңгейіне, уақытына және сипаттамасына әсер ету арқылы мекеменің алдына қойған мақсатына жетуіне көмектесу. Сонымен, маркетингті басқару – бұл сұранымды басқару.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты. Өндірістік қуатты есептеу әдістемесі

Қуат – нақты кезең ішінде жүйеден ең жоғары мүмкін шығу компоненті. Өндірістік қуат өндірістен шығу нормасын анықтайды, яғни календарлы кезең ішінде (апта, ай, жыл) нақты өнім атының (номенклатурасы) ең жоғары мүмкін болатын көлемін өндіруді қарастырады.

Кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуаты – нақты өндірістік ресурстар (өндірістік қондырғылар мен аудандар) жиынтығын тиімді пайдалану арқылы нақты кезең ішінде нақты сандық қатынастар мен номенклатурасы бойынша ең жоғары мүмкін болатын өнім өндірісі.

Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама арасындағы айырмашылық  кәсіпорынның резервімен сипатталады, яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуатты пайдалану дәрежесін көрсетеді. Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама арасындағы өзара байланыстылықты 11 сурет арқылы көрсетуге болады.

Сұраныстың өзгерісі жағдайында өндірістік қуатты басқару үшін өндірістік ресурстар жиынтығы құрамынан екі құраушыны – тұрақты және айнымалы деп бөліп көрсетеді.

Басқару объектісі ретінде олар бір-бірінен ерекшеленеді. Тұрақты  құраушысы – қондырғылар мен  аудандар, ал айнымалы құраушысы –  персонал мен материалдар. Сұраныс өзгерген жағдайда өндіріс көлемі де өзгереді, ал ол қолданылатын өндірістік ресурстардың барлық түрлері көлемінің өзгерісіне әкеледі.  

Өндіріс тек бір өнім түрін өндірсе, қуат кәсіпорынмен немесе бөлімшелермен  өндірілетін өнім бірлігімен өлшенеді, ал түрлі өнім өндірілсе, өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытымен есептелінеді.

“Өндірістік қуат” түсінігімен  бірге “өткізу қабілеттілігі” деген  түсінік қолданылады, бірақ ол кәсіпорынға, цехқа, учаскеге қатысты емес, ол қондырғының, станоктың, агрегаттың, станоктар топтарының жұмысына қатысты ең жоғары өнім өндірісін сипаттайды.

 Кәсіпорынның өндірістік қуатын  есептеу үшін төмендегі бастапқы  мәліметтер пайдаланылады:

1) қондырғылар саны, құрамы мен  техникалық жағдайы және өндірістік  аудандар туралы мәліметтер. Есепке негізгі өндірістің барлық қондырғылары алынады (соның ішінде жөндеудегі, бұзылып қалған және модернизациядағы, жұмыс істемейтіндері де есептелінеді);  

2) қондырғылар өнімділігінің техникалық  нормалары және өндірілетін өнімнің  еңбек сыйымдылығы. Жаңадан құрылатын кәсіпорындар үшін қондырғылар өнімділігінің паспорттық нормалары қолданылады, ал әрекеттегі кәсіпорындар үшін – техникалық түсініктемесі бар өнімділік көрсеткіштері қолданылады, олар паспорттық нормалардан төмен болмауы керек;

3) қондырғылар жұмысының уақыт  қоры мен кәсіпорын жұмысының  тәртібі. Есептеулерде қондырғылар  жұмысының ең жоғары мүмкін  болатын жоспарлы (тиімді) жылдық  уақыт қоры ескеріледі; 

4) өндірілетін бұйымдардың номенклатурасы  және олардың бағдарламадағы өзара сандық қатынастары. Есептеулерде өндірілетін өнімнің жоспарлы номенклатурасы мен ассортименті (еңбек сыйымдылығы) пайдаланылады. Орташа жылдық қуатты есептеген кезде өнімнің номенклатурасы өзгерісінің есебінен (еңбек сыйымдылығының азаюы мен арытуы) қуаттың арытуы (төмендеуі) толық мөлшерде ескеріледі.

Товарлы өнім - өткізулерге арналған өнім, жалпы және өткізілген өнімді анықтау негізі болып табылады және олардың құраушылары:

  • дайын бұйымдар құны;
  • өздері өндірген жартылай фабрикаттар құны және қосымша цехтармен сырттағы тұтынушыларға өткізуге арналған өнімдер құны;
  • өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтарына және күрделі құрылыстарына жөнелтілген өнімдері мен жартылай фабрикаттарының құны;
  • өз өндірісінде қолданылатын стандартты емес қондырғылар құны, олар кәсіпорынның негізгі қорларына енуі мүмкін немесе сыртқы тұтынушыларға өткізілуі мүмкін;
  • сыртқы тұтынушылардың тапсырыстары бойынша немесе өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтары мен ұйымдары үшін өндірілген өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызмет түрлерінің құны.

Жалпы өнім – кәсіпорынның нақты  кезең ішіндегі өндірістік қызметінің жалпы нәтижесінің құны. Жалпы  өнімнің товарлы өнімнен ерекшелігі жоспарлы кезең басындағы және соңындағы  аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің мөлшерімен анықталады.

 

12-тақырып.  Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

Оқылған сұрақтар:

- Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру бағыттары;

- Кәсіпорындағы өнім сапасын  басқару жүйесі;

- Өнімді стандартқа келтіру;

- Өнімді сертификациялау;

- Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін  өсірудегі бағаның рөлі;

- Өнімнің, жүмыстың және қызметтердің  баға түрлері;

- Кәсіпорындағы баға құрудың  механизмі;

- Нарықтық экономика жағдайындағы  бағаны мемлекеттік реттеу.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 9, 14]

Негізгі түсініктемелер                                                           

Сапа – объектінің ішкі анықтылығын сипаттайтын санат. Сапаның экономикалық анықтамасы –  объект біздің қажеттіліктерімізді  қандай деңгейде қанағаттандыратындығын көрсететін қасиетттер жиынтығы.

Сапа көрсеткіштерін бағалауда орындалатын рөлдеріне  байланысты екі топқа топтастырылады:

- классификациялық;

- бағалау көрсеткіштері.

Классификациялық  көрсеткіштер өнімнің классификация  жүйесіндегі бір топқа жататындығын сипаттайды және өнімнің пайдалануын, сол түрінің өлшемін, пайдалану саласын және пайдалану жағдайларын анықтайды. Бүкіл өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдер бір жүйеге келтірілген, кодтық белгілеулері бар. Өнімнің сапасын бағалауда бұл көрсеткіштер ескерілмейді.

Бағалау көрсеткіштері  өндіру және пайдалану объектісі  ретіндегі өнім сапасын құрайтын қасиеттердің сандық сипаттамасы. Өз алдына бірнеше түрі бар:

- функционалды;

- ресурс жинақтаушы;

- табиғатты қорғау.

Беркітілік көрсеткіші – бастапқы тәртіптер мен пайдалану шарттарын, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, сақату мен тасымалдауды сақату нәтижесінде сапаның мәнді уақыт бойынша сақатудағы өнімнің қабілетін сипаттайды. Беріктіліктің жеке дара көрсеткіштеріне жататындар: жөндеуге жарамдылығы, ұзақ уақыт бойы пайдаланатындығы, сақталатын, қайта жасалынатын көрсеткіштер.

Эргономикалық көрсеткіштер – «адам-өнім-орта» жүйесіндегі өндірістік және тұрмыстық процестерде өнімді пайдалану ыңғайлылығы мен комфорттылығын сипаттайды. Көрсеткіштердің бұл тобына жататындар: гигиеналық, антропометрлік, психологиялық және психофизикалық көрсеткіштер.

Эстетикалық көрсеткіштер - өнімнің адамға деген эстетикалық әсерін сипаттайды және тұтынудың нақты жағдайларындағы тұтынушылар тобының эстетикалық сұраныстарына өнімнің сәйкестік дәрежесін, эстетикалық құндылығын бағалау үшін қолданылады. Келесі көрсеткіштер жатады: көркемді айқындылық көрсеткіші, рационалды (орынды) нысан, композиция бүтіндігі, тауар түрінің тұрақтылығын және өндірістік пайдалылықты жетілдіру көрсеткіші.

Технологиялық көрсеткіштер - өнім өндірісі, өндіру мен оны пайдалануға қажетті уақыт пен шикізат, материалдар, жанармай, энергия, еңбек шығындарының деңгейін анықтайтын қасиетті сиапттайды.

Ресурс пайдалану көрсеткіші - өнімнің тікелей пайдалануындағы материалдар, жанармай, энергия, еңбек пен уақыт шығындарынмен сипатталады.

Табиғатты сақтау көрсеткіштері өнім сапасының көрсеткіші – қоршаған орта мен адамға әсерімен байланысты өнім қасиетін сипаттайды. Ол екі топ көрсеткіштерін – қауіпсіздік және экологиялық біріктіреді.

Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді пайдалануда, тасымалдауда, сақтау мен қайта өндіруде адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім ерекшелігімен сипатталады.

Экологиялық көрсеткіштер - өнімді өндіруде, өңдеуде, пайдалануда, сақтауда және қайта өңдеуде қоршаған ортаға деген зиянды әсерін анықтайтын өнім қасиетін сипаттайды.

Сонымен бірге бәсекелестік қабілеттілік көрсеткіші қолданылады. Ол өнім сапасының тұтыну бағасына деген қатынасын сипаттайды. Бұл көрсеткішті бағалау өнім түрін басқа фирманың сәйкес өнім түрін салыстыру арқылы жүргізіледі.

 

13-тақырып. Табыс және  өндіріс рентабельділігі

Оқылған сұрақтар:

Информация о работе Экономика және кәсіпорындағы басқару кафедрасы