Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:35, реферат
Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.
Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.
2) бөлшектердің функциялары белгілі бір қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететіндігін білдіреді. Сонда да олар бірге қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету мен адамзатты өндіруге бағытталған;
4) қоғамның әрбір бөлшегі
тек өзіне ғана тән функцияны
атқаратындықтан, осы
Спенсер әлеуметтік бақылауға көп көңіл бөлді. Оның ойынша, әлеуметтік жүйе оның құрамында әлеуметтік бақылау компоненттері болғандықтан ғана тұрақты болады. Мұнда саяси басқару, тәртіп қорғау органдары, діни институттар мен моральдық нормалар кіреді.
Функционализм методологиясының дамуындағы маңызды кезеңі болып Т.Парсонстың құрылымдық функционализмі табылады. Оның ойынша, негізгі 4 функционалды категория болады: бейімделу, мақсатқа жету, интеграция және құрылымды ұдайы өндіру. Әлеуметтік жүйенің осы функциялары, Парсонс бойынша, түрлі шағын жүйелермен қамтамасыз етіледі. Осылайша, әлеуметтік жүйе ішіндегі бейімделу функциясын экономикалық шағын жүйе, мақсатқа жету функциясын саяси шағын жүйе, интеграция функциясын – құқықтық институттар мен дәстүрлер, құрылымды ұдайы өндіруді – сенім шағын жүйесі, мораль мен білім беру жүйесі мен институттарын қоса алғандағы әлеуметтендіру органдары атқарады.
Функционализм эмпирикалық ғылыми зерттеулерде кең қолданылады. Алайда басқа методологиялық ережелерге сүйенетін социологтар функционализмнің 3 негізгі кемшілігін атап көрсетеді:
- қоғамды зерттеудегі тарихтан тыс тәсіл. Қоғам функционализмде статикалық, яғни даму динамикасынан тыс қарастырылады;
- қазіргі кездегі дау-жанжалдардың көптігіне қарамастан, оларға сипаттама және талдау жасай алмау, тұрақтылыққа идеологиялық бағыттылық;
- әлеуметтіктегі индивидуальдылықты қажетті деңгейде бейнелей алмауы.
Функционализмнің сынаушылары тіркеген соңғы мәселені шешуді индивидуализм методологиясының өкілдері Дж. Хоманс, Дж.Мид, Г.Блумер, т.б. алды. Индивидуализм методологиясының негізгі идеясы келесі: әрбір әлеуметтік құбылыс, соның ішінде қоғамдық өмір де индивидуалды әрекеттер жиынтығы негізінде түсіндірілуі мүмкін. Сондықтан, социология ғылымының мақсаты индивидуалды әрекет дегеніміз не және индивидуалды әрекет жиынтығы деген не екендігін түсіндіру болып табылады.
Социологияның негізгі мәселелерінің бірі әлеуметтік өзгерістер мәселесі, олардың механизмдері мен бағыттылығы. Әлеуметтік өзгеру – бұл әлеуметтік жүйелердің, ұйымдардың, институттардың және ұжымдардың бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі. "Әлеуметтік өзгеру” түсінігі даму түсінігімен анықталады. Даму – бұл материалдық және идеалдық объектілердің қайталанбас, бағытталған өзгерісі. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, т.б. ауысуды білдіреді.
Социологтар әлеуметтік өзгерістер мен дамудың эволюциялық және революциялық түрлерін бөледі, көбінесе, оларды қарама – қарсы процесс ретінде қарастырады. Эволюциялық процестер біртіндеп, баяу, жұмсақ, сандық өзгерістер, ал революциялық процестер жылдам, түбегейлі, сапалы өзгерістер.
Әлеуметтік эволюционизм тарихи процесті жалпы, шексіз әртүрлі және белсенді, Ғарыштың, планеталық жүйенің, Жердің, мәдениеттің эволюция процесінің бөлігі ретіндегі ғаламдық ойлауға ұмтылыс болып табылады.
Әлеуметтік эволюционизм, әсіресе ағылшын социологы Г. Спенсердің жүйесінде айқын көрсетілген. Оның социологиясында 19 ғасыр әлеуметтік эволюционизмнің негізгі идеясы іске асырылған - қарапайымнан жіктелгенге, дәстүрліден рационалдыға, надандықтан білімділікке қарай дамитын адамзат қоғамының тарихи кезеңдері болу идеясы.
Әлеуметтік эволюционизм
идеясының дамуына француз
Әлеуметтік эволюционизм шеңберінде индустриялды қоғам теориясы қалыптасты. Индустриялды қоғамға келесі тән:
- басқару мен өндірістің нақты салаларындағы қоғамның специализациясы жағдайындағы ондағы еңбек бөлінісінің дамыған және күрделі жүйесі;
- тауарларды кең рынокқа жаппай өндіру;
- басқару мен өндірісті механизациялау мен автоматизациялау;
- ғылыми-техникалық революция.
XX ғасырдың 60 – жылдары
танымал болған индустриялы
Әлеуметтік эволюционизм концепциясымен қатар қоғамның революциялық түрлену теориясы дамыды, оның негізін қалаушылар - К.Маркс пен Ф.Энгельс. Марксистік теория тарихты талдаудың формациялық тәсіліне сүйенеді және оған сәйкес адамзат өзінің дамуында бес кезеңнен өтуі керек: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік. Бір қоғамдық-саяси формациядан екінші формацияға өту әлеуметтік революция негізінде іске асады.
Эволюциялық және революциялық
теориялармен қатар П.А.Сорокиннің
мәдени – тарихи типтер теориясы бар.
Бұл теорияда Сорокин бүкіл адамзатты
біріктіретін жаңадан қалыптасып жатқан
өркениеттің негізгі
Қоғамның ақпараттануына
байланысты қазіргі технологиялық
төңкерістің ерекшелігі – ол адамдар
қарым-қатынасын әмбебаптандыру мен
жаһандандыруға түбегейлі жаңа алғышарттар
жасайды. Микроэлектрониканың, компьютерленудің
кең таралуы, коммуникация құралдарының
және ақпарат құралдарының дамуы, еңбек
пен мамандандыралудың
Алайда қазіргі әлемдегі
әлеуметтік, мәдени, экономикалық және
саяси процестерінің
Оның ұсынысымен және «Рим
клубының» тапсырысымен кең ауқымды
зерттеулер жасалып, қоғам мен оның
тіршілік ету ортасы арасындағы өзара
әрекеттің дағдарыстық
Жаһандану модельдерінде "әлем
бүтіндей” алынады. Жүйелік динамика
көмегімен бүкіл әлемге жалпы
есептеу жүргізе отырып, Форрестер
мен Медоуз жер ресурстарының
шектеулілігі, әсіресе, ауыл шаруашылығына
жарамды аудандардың
Форрестер мен Медоуз жасаған
модель бүкіл адамзатты өзінің дамуының
жолдарын ойлауға мәжбүр етті. Алайда
осы модельдердегі кейбір методологиялық
Месарович - Пестель моделі
осы сынды белгілі бір дәрежеде
есепке алуға тырысты. Алдындағы
зерттеуден айырмашылығы олар өздерінің
«Әлем-3» зерттеуінде
Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев.
Сократ, Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы «технологиялық мәдениет», «еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады.
Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле жаладан қорғады. Сондықтан эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді.
Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани.
1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар және тағы басқалар.
2. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар.
Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады. Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал - саймандар із-түссіз жоғалып кетпейді.
Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері мәдеениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері - қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды.
Мәдениет - тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті екі тұрғыда қолдануға болады.
1) мәдениет қоғамның оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады.
2) мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.
Жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:
1) Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты;
2) Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады.
Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әртүрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба - символдық элемент болып саналады. Халықта «күш - білімде» деген сөз бос айтылманы белгілі.
Білім әр уақытта белгілі бар ұғымдар, түсініктер арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады.
J а m b y L (20:24) :
Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев.