Интеграцияланған құрылымдардың экономикадағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 13:09, реферат

Краткое описание

ХХ ғасырдың екінші жартысы ғылыми-техникалық прогресс пен шаруашылық қызметтер масштабының артуымен сипатталады. Көптеген мемлекеттер экономика және өндіріс жағынан байланыса бастады. Қазіргі таңда бүкіл әлем – шаруашылық қызметпен өзара байланысты адамдар тобын құрайды. Экономикалық әдебиеттерде «дүниежүзілік шаруашылық» түсінігі кең тарауда. Әлемдік шаруашылық құбылыстарының ішіндегі ерекше орын алатыны – аймақтық экономикалық интеграция болып табылады. Соңғы 20-30 жылдар ішінде оның көптеген елдердің шаруашылық және саяси өміріне, елдердің экономикалықдамуы мен болашағына талдау жасауда және басқа да халықаралық мәселелерді шешуде интеграциялық үрдістерді елемеу мүмкін емес.

Содержание

Интгерация үрдісінің пайда болуы
Экономикалық интеграцияның алғышарттары, мақсаттары және формалары
Еуропалық одақ – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік

Прикрепленные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ.doc

— 159.50 Кб (Скачать документ)

Еркін сауда  аймағы – бұл аймаққа кіретін екі немесе одан да көп мемлекеттер бір-біріне деген тауарлық тосқауылдар жойылып (баж және сандық шектеулер), бірақ әрбәр мемлекет ол аймаққа кірмейтін басқа мемлекеттермен тосқауылдарды сақтап қалады. Кедендік бажөнеркәсіптік тауарларға жатса, ауылшаруашылық тауарларына импорттың либерализациясы шектеулі. Мұндай аймақтарда кеден бақылауы сақталып қалу керек. Мемлекеттер өзара  бажды жоғарлату жайында Standstill мораторий арқылы, яғни әріптестер біржақты тәртіпте кеден бажын жоғарлата алады немесе жаңа тауарлық бөгеулер салу арқылы жұмыс істейді. Осындай еркін сауда аймағының мысалы ретінде 1960 жылы Австрия, Дания, Норвегия, Португалия, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания арасында құрылған еркін сауда аймағының Еуропалық ассоциациясы жатады. 1995 жылдан бұл ассоцияцияда үш мемлекет қана қалды.

Кеден одағы - екі немесе бірнеше мемлекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі. Тарихи деректерге сәйкес, кедендік одақ 19 ғасырда орныға бастаған. Франция мен Монако арасындағы (1865 ж.), Швейцария мен Лихтенштейн Князьдігі арасындағы (1924 ж.) одақ олардың алғашқылары болып табылады. Біздің кезеңімізге жақын уақытта Еуропалық экономикалық одақ (1957 ж.) - Еуропалық одақ (1993 ж.) және Еуропалық еркін сауда ассоциациясы (1962 ж.) құрылған. Кеңес Одағы дәуірінде социалистік мемлекеттер арасында Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі (СЕВ) аясында кедендік мәселелер бойынша бірнеше келісімдер жасалған. Кейбір ақпараттық агенттіктердің мәліметі бойынша, әлемде 30-дан астам түрлі сипаттағы интеграциялық бірлестіктер бар көрінеді.

 

 

Қазіргі Кедендік Одақтар

 

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел – Ресей, Қазақстан, Белорусия үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті.

Одаққа бірігудің негізгі  мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.

Ортақ нарық – аса күрделі формалардың бірі. Ол еркін өзара сауда және бірыңғай сыртқы тариф пен қатар оған қатысушыларға капитал жұмысшы күшінің, технологияның, еркін қозғалысын, сонымен бірге экономикалық саясатты белгілеуін қамтамасыз етеді. Ортақ нарық - Батыс Еуропа елдерінің біріккен аймақтық топтары. 1958 жылы 1 қаңтардан Рим шарты негізінде жұмыс істейді. Бұл шартқа 1957 жылы наурызда алты ел – ГФР, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург қол қойған. Ортақ нарықтың алдында 1951 жылы Еуропа көмір және болат бірлестігі (ЕКББ) құрылды. Атом энергиясы жөніндегі Еуропа қоғамдастығы (Еуратом) ортақ нарықпен бір мезгілде құрылды. Кейіннен ортақ нарық орнына көбінесе Еуропа экономикалық қоғамдастығы (ЕЭІ), ал 1967 жылдан Еуропа қоғамдастығы (ЕІ) ұғымы қолданылады. Маастрихт шарты бекітілгеннен кейін ЕІ ресми түрде Еуропа Одағы (ЕО) деп атала бастады.

Экономикалық  одақ – мемлекетаралық интеграцияның өте күрделі формасына жатады. Олар барлық жоғарыда көрсетілген формалармен қатар, ортақ экономикалық саясат пен валюта-қаржылық саясатты жүргізеді.

 

  1. Еуропалық одақ – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.

Еуропалық одақ болып  құрылған Еуропалық экономикалық қауымдастықтың пайда болуына олардың өндіріс пен капиталын біріктіруге шыгайы ұмтылысы бірден-бір негіз болды. Әрқайсысының өз ерекшеліктері бар тар ауқымды Еуропаның жеке елдерінің нарықтарын сақтау олардың экономикасының тұрақты дамып, өсуіне мүмкіндік бермейді.Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін толық әрі барынша қолдануға әлемдік нарықта бәсекелесе алатын ірі корпорациялар құруға кедергі жасады. Бұл интеграциялық топтың қалыптасып дамуына оған мүше болған елдердің экономикалық мүдделерінен басқа саяси факторлардың, атап айтқанда Еуропалық континентте халықтардың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге ұмтылудың да себеп болғанын айта кету керек.

Еуропалық Одақ – Еуропалық  континентте орналасқан интеграциялық  бірлестік болып табылады. Еуро одақ жалпы саны 373 млн.адамнан асатын халқы бар Еуро елдерінің Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, испания, Португалия, Австрия, Финландия, швеция елдерінің қатысуымен 1933 жылы құрылған. Еуропалық одақ Еуропалық қауымдастық, атап айтқанда, Еуропа көмір мен болат қорыту бірлестігінің 1951 осы ұйым Еуропалық ұйымдастырушылық негізде қаланды. Еуропалық экономикалық қауымдастық 1957 жылы Рим келісім-шарты бойынша құрылған бұл ұйым «ортақ нарық» деп те аталды, сондай-ақ Атом энергиясы бойынша Еуропалық қауымдастық 1957 жылы құрылған қарым-қатынасы негізінде жұмыс істейді. Еуропалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басты мақсаты бірегей еуропалық актіде (1987 ж.), Мастрик келісім-шартында (1992 ж.) және Амстердам келісімінде (1997 ж.) айқындалған. Соңғы жылдары еуропалық одақ мындай бағыттарда жұмыс атқарады:

  1. Ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту.
  2. Кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру.
  3. Бірегей сыртқы саясат саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру.

Еуропалық одақ ең ірі  аймақтық мемлекетаралық интеграциялық  бірлестік болып табылады және ұлт  үстінен қадағалайтын ең күшті басқару механизмі қалыптасқан сауда сферасында, ауылшаруашылығында, көлік және басқа да экономикалық сферада біртұтас саясат жүргізіліп отырған ірі бәсекелестікке жатады.

Жерорта теңізінің жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африкадағы аймақтық саясатты жандандыру, әлеуметтік саладағы үйлесімдікті арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіп сақтау әрекеттерін өрістету мақсатында қызмет етіп келеді.

Еуропалық одаққа кіетін мемлекеттердің валюта жүйесін қалыптастыру бірнеше  кезеңнен өтті. Бірінші кезең 1990-1993 жылдар аралығында өтті. Бұл кезеңде мүше елдердің барлығы валюта жүйесіне еніп, валюталық шектеулер алынып тасталды. Екінші кезең 1994-1998 жылдар аралығында Еуропа валюта институты құрылып макроэономикалық саясатты басқару жүйесі күшейді. Үшінші кезең 1999 жылдан бастап қазіргі күнге дейін созылып келеді. Біртұтас валюта саясаты енгізілді Және Еуропалық орталық банк құрылды. Осы кезеңде 15 елдің ішінде біртұтас экономикалық кеңістік құру іске асты. Еуропалық одақтың интеграциялық жетістіктерінің ең ірі нәтижесі 1992 жылы құрылған біртұтас ішкі нарық болды, соның нәтижесінде тауар мен қызмет көрсетудің қозғалысы капитал, жұмысшы күші қозғалысымен толықтырылды және мүше елдер арасында келісілген ішкі экономикалық саясат шаралары жүргізіле бастады. 2000 жылы Еуропалық одақтың ортақ валютасы – еуро айналымға енгізілді.

 

Еуропа ода қтың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мұндағы әлеуметтік саясаттың ең басты ұйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеуметтік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық құра отырып, мүше мемлекеттер келісім-шартында "жұмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жұмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс-қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО құзырына кіретін элементтердің құрамдас бөлігі "жұмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) ұстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әйелдер мен ерлердің тең құқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы). ЕО жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың құқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" құрылтай келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО жөніндегі Келісімнің VIII тараудың «Жұмыспен қамту» бөлімі, XI тараудың екі бөлімі - 1 бөлім «Әлеуметтік ережелер» және 2 бөлім «Еуропалық әлеуметтік қор» сондай-ақ XIII бөлім – «Денсаулық сақтау»

ЕО-ның ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның  әлеуметтік құқықтарына арналған бірнеше құжаттар аса маңызды:

  • Еуропалық әлеуметтік хартия, 1961 жылы Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 жылында қайта қаралған;
  • 1989 жылы еңбекшілердің негізгі әлеуметтік құқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы;
  • 2000 жылы ЕО-ның негізгі құқықтар жөніндегі Хартиясы.

Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен  кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту  қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының құрамына біріктірді. Келісім 1992 жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жұмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жұмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Авдокушин И. Международные экономические отношения. - М. - 2000.
    2. Алексеев И.С. Управление внешнеэкономической деятельностью.- М.- 2002.
    3. Международная экономическая интеграция: Учебно-методическое пособие / М. Г. Баканова.- Мн.: БГУ.- 2002.
    4. Мировая экономика/Под ред. Булатова А.С., М, ЭКОНОМИСТЪ, 2004, 734с.;
    5. http://ru.wikipedia.org/wiki

 

 

 

 

 


Информация о работе Интеграцияланған құрылымдардың экономикадағы рөлі