Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 13:09, реферат
ХХ ғасырдың екінші жартысы ғылыми-техникалық прогресс пен шаруашылық қызметтер масштабының артуымен сипатталады. Көптеген мемлекеттер экономика және өндіріс жағынан байланыса бастады. Қазіргі таңда бүкіл әлем – шаруашылық қызметпен өзара байланысты адамдар тобын құрайды. Экономикалық әдебиеттерде «дүниежүзілік шаруашылық» түсінігі кең тарауда. Әлемдік шаруашылық құбылыстарының ішіндегі ерекше орын алатыны – аймақтық экономикалық интеграция болып табылады. Соңғы 20-30 жылдар ішінде оның көптеген елдердің шаруашылық және саяси өміріне, елдердің экономикалықдамуы мен болашағына талдау жасауда және басқа да халықаралық мәселелерді шешуде интеграциялық үрдістерді елемеу мүмкін емес.
Интгерация үрдісінің пайда болуы
Экономикалық интеграцияның алғышарттары, мақсаттары және формалары
Еуропалық одақ – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік
Интеграцияланған
құрылымдардың экономикадағы
Жоспар:
ХХ ғасырдың екінші жартысы ғылыми-техникалық прогресс пен шаруашылық қызметтер масштабының артуымен сипатталады. Көптеген мемлекеттер экономика және өндіріс жағынан байланыса бастады. Қазіргі таңда бүкіл әлем – шаруашылық қызметпен өзара байланысты адамдар тобын құрайды. Экономикалық әдебиеттерде «дүниежүзілік шаруашылық» түсінігі кең тарауда.
Әлемдік шаруашылық құбылыстарының ішіндегі ерекше орын алатыны – аймақтық экономикалық интеграция болып табылады. Соңғы 20-30 жылдар ішінде оның көптеген елдердің шаруашылық және саяси өміріне, елдердің экономикалықдамуы мен болашағына талдау жасауда және басқа да халықаралық мәселелерді шешуде интеграциялық үрдістерді елемеу мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемнің көптеген аймақтарында интеграциялық үрдістердің әр түрлі формалары қалыптасып келеді. Интеграциялық қозғалыстар әлемнің барлық континенттерінде көрініс тауып, бұл үрдіске мейлінше көптеген елдерді тартуда.
Интеграциялық үрдіс әлемде, аймақтарда, мемлекеттерде әр түрлі дамуда. Интеграциялық топтар ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің түкпір-түкпірінде Бірнеше жыл бұрын Батыс жарты шарында жаңа интеграциялық Латын Америкасындағы МЕРКОСУР, құрамында Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай.
Интеграциялық үрдістердің дамуы халықаралық тауар және өндіріс факторларының қозғалысының заңды нәтижесінің арқасында елдер арасында көптеген кедергілерді жоя отырып, сенімді өндірістік байланыстарды құру.
Мұндай жетістіктерге көпжақты саяси келісімдер негізінде және тек мемлекетаралық интеграциялық бірлестік ауқымында қол жеткізеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан
бастап дамыған индустриялдық елдердің
экономикасының жедел дамуына және
халықаралық көлік
Экономикалық бірігу – бұл мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі.
Қазіргі экономикалық сөздік
анықтамасы бойынша, интеграция (латын
тілінен «integer» - толық) – экономикалық
тұлғалардың бірігуі,олардың
Интеграция түсінігі бөлшектердің бүтінге айналу дегенді білдірсе, экономикалық интеграция – ол елдердің экономикалық ықпалдасу үрдісі мен мемлекетаралық келісімдер және реттеу органдарының бірлесіп шешім қабылдауы негізінде шаруашылық механизмдердің араласуы. Интеграциялық үрдістер аймақтық экономиканың дамуына алып келеді. Соның нәтижесінде жекелеген елдер бір-біріне қолайлы тәртіп шарттарын ұсынады, ал кей жағдайларда өндіріс факторларының қозғалысына ықпал етеді. Бұл жерде оның протекционистік белгілерінің болуына қарамастан, халықаралық экономиканың дамуына жағымсыз фактор деп есептелмейді. Бір сөзбен айтқанда экономикалық аймақтану бір топ елдердің өзара экономикалық байланысын жеңілдете отырып, басқа елдердің жағдайын күрделендірмейді. Осы орайда интеграцияланушы елдердің бірқатар алғышарттарын қарастырайық:
Халықаралық экономикалық интеграция – экономика мен саясат жағынан келісілген мемлекетаралық негізде өзін-өзі реттеу икемі бар ұлттық шаруашылық жүйелердің өзара бірігуі мен жанасу процесі.
Халықаралық экономикалық интеграция – түрлі деңгейде және түрлі формада өндірістік құрылымдардың әрекеттесуі арқылы ұлттық шаруашылық арасында еңбекті бөлу, тұрақты қарым қатынас орнату негізінде экономикалық-саяси мақсатпен мемлекеттердің бірігуі.
Микродеңгейде бұл процесс түрлі экономикалық қатынастарды құру негізінде бір-біріне жақын мемлекеттердегі фирмалардың бірігіп әрекеттесуі. Мемлекетаралық деңгейде интеграция мемлекеттердің экономикалық біртұтастығы мен ұлттық саясаттың келісуі арқылы қалыптасады.
Фирмааралық қатынастардың қарқынды дамуы мемлекетаралық қатынасты реттеуге алып келеді. Ол сол аймақ арасында тауардың, қызметтің, капиталың және жұмыс күшінің еркін жылжуы, экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық, валюталық, қаржылық, сыртқы саяси келісулер жүргізу.
Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.
Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.
Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.
Әдетте кедендік
одақ үйлестірілген сыртқы
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші – қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО – ғы (Еуропа одағы) шеңберінде – бұл ЕО комиссиясы.
Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін – бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.
Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.
ЕО, НАФТА –ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.
Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.
Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.
Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.
Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.
Интеграцияның негізгі белгілері:
Интеграцияның мақсаты – ұлттық экономикаларды жақындастыру және экономикалық мәселелерді тиімді түрде бірлесе шешуді қамтамасыз ету. Бұл жағдайда елдердің ерекшеліктерінің әр түрлі болуы мемлекеттердің экономикалық бірлестіктерінің әр алуандығын туындатады. Бұл бірлестіктер бір-бірінен қатысушылардың саны, жиынтық экономикалық потенциалы және адам ресурстары, іс-әрекеттерінің нақты бағдарламасы, экономикалық өкілеттіктері бойынша ерекшеленеді.
Қазіргі кездегі халықаралық экономикадағы қалыптасып келе жатқан және даму үстіндегі әр түрлі интеграциялық бірлестіктер алдында белгілі бес мақсат тұр. Оларға жататындар:
Нарық көлемін кеңейтуді қамтамасыз ету, әр түрлі шығындарды азайту, масштабты экономикалық теория негізінде басқа да артықшылықтарды пайдалану. Бұл тікелей шетел инвесстициясын тартуға мүмкіндік береді. Аймақтық масштабын кеңейту Орталық Америка мен Африканың интеграциясында айқын байқалады.
Көптеген интеграцияланатын мемлекеттердің басты мақсаты саяси, әскери, әлеуметтік, мәдени және тағы басқа экономикалық емес салаларда өзара түсінушілік және ынтымақтастық орнату.
Негізінде аймақтық интеграция – сыртқы сауда операцияларындағы көпжақты сауда келіссөздер шеңберінде қатысушы жақтардың келіссөздік позицияларын нығайту әдісі ретінде қарастырылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін мемлекеттердің көпжақты сауда келісімдерін нығайту үшін құрылады. Мұндай интгерация Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінде байқауға болады.
Нарықтық экономиканы құрушы және тереңдетілген экономикалық реформаларды жүзеге асырушы елдерді, нарықтық дамудың өте жоғары деңгейіне өткен елдердің аймақтық сауда келісімдеріне қосуы – нарықтық тәжірибені таратудың маңызды каналы ретінде қарастырылады. Өз көршілерін интеграциялық үрдіске қоса отырып, экономикасы дамыған елдер олардың нарықтық реформаларын жеделдетуге және ол жерлерде толық сыйымды нарықтарды құруға мүдделі болып отыр.
Интеграциялық бірлестіктер үшінші елдерге қарсы дискриминациялық шараларды қолданбаса да, ол жергілікті өндірушілерді қолдау әдісі ретінде қарастырылады. Жергілікті өндірушілер үшін өте кең аймақтық нарық туындайды.
Экономикалық интеграцияның келесі түрлері бар:
Преференциалды аймақ (бірлестік) – екі немесе одан да көп мемлекеттер егер сол ел қатарына кіретін тауарлар импорты азайса және басқа мемлекеттер үшін алдыңғы тарифті қалдырса преференциалды тауар аймағын құрады.
Информация о работе Интеграцияланған құрылымдардың экономикадағы рөлі