Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 07:43, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдік даму үрдісі қазіргі ғылыми-техникалық серпілісті түбегейлі жаңа даму деңгейіне шығаруға себепші болып отыр. 90-шы жылдардың басында экономикалық даму парадигмасы өзгерді де, батыстың алдыңғы қатарлы елдері шаруашылық іс-әрекеттің материалдық емес саласын жеделдетіп дамытуымен ерекшеленетін «жаңа экономикаға» көшті. «Жаңа экономика» аясында шынайы түрде білімге, яғни экономикалық өркендеудің жаңа сапалық түрін қамтамасыз етуші жаңартулар мен инновацияға негізделген нарықтың жаңа шаруашылық субъектілері (кәсіпорындар) құрылды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Теориялық бөлім.doc

— 315.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

    а)   механикалық жүйелер;

ә)  буды пайдаланатын технологиялар;

б)  электр энергиясын пайдаланатын технологиялар;

в)  автоматтандыру және химияландыруға негізделген технологиялар;

г)  биотехнология, компьютерлендіру мен электрондау;

ғ) нанотехнология, гендік инженерия, мультимедиалық интербелсенді ақпараттық жүйелер.

Қазіргі уақытта басымдыққа ие болып отырған бесінші құрылыс  біртұтас жүйе ретінде 1950-1960 жылдары қолдана бастады және 1970 жылдардың құрылымдық дағдарыстан кейін дамыған елдерде экономикалық өсудің технологиялық негізін құрады. Бұл технологиялық құрылысты анықтау құрамдасына микроэлектрониканың, бағдарламалық қамтамасыз етудің, есептеуіш техника мен ақпарат өңдеудің өндіріс пен басқаруда үдерістерді автоматтандырудың, ғарыштық және оптикаталшықтық байланыстағы жетістіктері кіреді. Аталған технологиялық құрылыстың экономикалық оңды әсер етуінің уақыттық шегі XXI ғасырдың екінші онжылдығына келеді. Одан әрі алтыншы технологиялық құрылыстың басымдылығы болжануда (оның аяққа тұруы басталып та кетті). Ол гендік инженерия, жасанды ақыл-ой жүйесі, ғаламдық ақпараттану жүйесі, жылдамдылығы мен үнемділігі жоғары көлік жүйелерінің ықпалдасуымен сипатталады.

Келтірілген жіктеулер  құрылысының таралу кезеңдері дәйекті  түрде болғанымен, шындығында олар бір-бірімен қосарланып, жақындасып кеткен. Оны жекелеген шаруашылық субъектілерінде тек конвейерлік топтарымен ғана емес, сонымен қатар роботтармен де, жеке компьютермен де жабдықталған ұлттық шаруашылық үлгісінде көруге болады.

  1. Технология инновацияны (жаңартуды) іске асырудың әмбебап түрі. Қазіргі заман зерттеушілерінің ғылыми-техникалық серпілісі бір жағынан, озық технологиялармен өнімдерді тарату бойынша жаңартулардың пайда болу үдерісі, екінші жағынан, озық технологиялар мен өнімдерді тарату үдерісі деген пікірлерге келіседі. Қоғам дамуындағы ғылыми-технологиялық факторлардың шешуші рөлі соңғы жылдары жаңа өсудің теориясымен байланысты. Осы теория бойынша даму үдерістері негізінде ғылыми жаңалықтар, жаңартулар мен инновация жатыр, ал технология – өндіріс факторларының бірі, жаңартуды іске асыру тәсілі, оны жүзеге асырудың әмбебап түрі болып табылады. Технология  - жаңартудың жүзеге асуы мүмкін болатын үдеріс. Осы арада өндіргіш күштер жаңартулардың пайда болу, қалыптасу, пайдалану және «жойылу» үдерісі бола отырып, сонымен қатар технологияны құру, дамыту және пайдалануды да білдіреді.
  2. Логистикалық («S» тәріздес) қисық сызығы бойынша қозғалу негізінде технологиялар буынының кезектесіп алмасып отыруы. Дамуды ықтимал өзгерістердің күрделі үлгісі ретінде қарау әрбір «жеке» технологияның дамуын логистикалық «S» тәріздес қисық сызық түрінде жаңа қырынан талқылауға мүмкіндік береді.

 

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы

Күні

 

 

Есептік бөлім

Бет

Орындаған

       

Жетекші

     

 

«S» тәріздес қисық сызық технология көрсеткіштерінің (базалық көрсеткіш) өсіміне қол жеткізуге жұмсалған шығындар мен жұмсалған қаражаттың арасындағы тәуелділікті бейнелейді. Қарастырылған заңдылық өзара байланысты екі ұғымның сипаттамасын қамтиды: 1) логистикалық «S» тәріздес қисық сызықтың: 2) технологиялық үзілу (шек) ұғымының сипаттамасын.

Логистикалық «S» тәріздес қисық сызықтың көмегімен диффузия, технология алмастыру үдерістерін қарастыруға болады. Логистикалық қисық сызық бойымен қозғалу қандай да бір базалық параметр немесе кешенді интегралдық көрсеткіш бойынша бағаланатын технология тиімділігінің біртіндеп көтерілуін білдіреді. Логистикалық қисық сызықтың бірінен шығарылатын өнімнің тұтынушылық қасиеттері мен тиімділігінің жоғары көрсеткіштері бар басқа қисық сызыққа көшуі, бір технология буынынан екіншісіне көшуді білдіреді және жаңа буын технологиясынан мәндері артық болып келеді. Дамуды технологиялық қозғалыстың логистикалық қисық сызық бойымен жылжуы ретінде қарау келесі қарама-қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді. Бір жағынан, технологиялар дамуы кумулятивті үдеріс (қазір қол жеткізілген нәтиже келешектегі жетістіктерге негіз болуы) болып табылады, ал екінші жағынан оның ішкі логикасы бар. Технологияның «S» тәріздес қисық сызық бойымен дамуы бір буын технологиясын жетілдіруіне сәйкес келеді және ол нысанның ішкі логикасынан туындайды. Дамудың кумулятивті сипаты мен тәжірибеден туындайтын жаңа буын технологияларының пайда болуымен қатар жүреді.

Жаңартулардың көпшілігі  дамудың басты бағытын белгілейтін (негізгі) жаңалықтан басталған, әлеуетті біртіндеп іске асыратындықтан, мүмкін болатын өзгерістерді априорлы теңдестіру мүмкіндігі, яғни оларды табысты түрде  іске асыру ықтималдығы және осы  ақпаратты басқарушылық іс-әрекетті бекіту тетіктерінде пайдалану мүмкіндігі бар. Атқарымдық сипаттамалар дамуының бізге белгілі «S» тәріздес тәуелділіктеріне сүйенсек, өзгерістер «технологиялық шегіне» жуықтап қалған және кейінгі технологиялық шешім қандай болатыны беймәлім болған жағдайда нақты технологиялық деңгейдің көрсеткіштерімен белгілі бір мерзімге дейінгі жетістіктерін шынайы түрде болжауға болады. Басқару ісі үшін маңызы зор мұндай жайттың маңызды бөлігі – әр берілген технологияның «S» тәріздес қисық сызықтың бейнесінде «даму шегі» болуы. Оған жуықтауы («өзгеру нүктелері» қағидасы) берілген технология негізінде өсіп-өркендеу мүмкіндігі сарқылғанын білдіреді.

Технологияның негізгі  көрсеткіші өсу шегіне жеткенде, шешуші факторлардың орны ауысады. Бұрын өсімге жеткізетін әдіс-амалдар ендігі жерде тиімсіз болмақ. Сонымен, технологиялық үзілу сәті – бір технологиядан екіншісіне көшу кезеңі жақындайды. Логистикалық қисық сызықтар аралығында үзіліс пайда болған соң мүлдем жаңа білімдер негізінде (жаңалық) жаңа қисық сызық тұрғызылуы басталады.

Берілген технологияның  шегіне жетуі басқа бір, тиімді жолмен мақсатқа жетуге болмайды деген сөз  тумайды.

     

 

 

 

 

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы 

Күні

Есептік бөлім

Беті

Орындаған

Мақашова Б.                

     

Жетекші

Сарина С.

   

 

 

 

Сол себепті, дамуда жаңа нәтижелерге қол жеткізетін технология таңдау (сонымен бір «S» тәріздес қисық сызықты да) арқылы басқару мүмкіндігі туады. Басқару білім жинақтауды, талдауды және шектерді анықтауды білдіреді. Ол бір үдерістен екіншісіне формальді «механикалық» түрде ауысуда емес, ол – жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып қол жеткізетін жоғары нәтижелік деңгейге шығуында.

Жаңа өнім (қызмет) және жаңа нарықтар. «Инновация алаңында» «қосымша» координатын (жаңа өнім немесе қызмет) сипаттай отырып, инновациялық технологияның инновациялық түрдегі өнім өндірумен өзара байланысын айтып өту керек. Ғылыми-техникалық дамуды инновация дамуының заңды және ықтимал үдерісі ретінде қарастыра отырып, оның элементтерін одан әрі бөлшектей келе екі түрлі субстанцияға келеміз: 1) технологияға – инновацияны жүзеге асырудың шынайы, материалдық ұйымдастыру түрі ретінде және 2) өнімге – осы технолгияның нәтижесі ретінде. Басқаша айтқанда, инновациялық даму жаңа технология мен өнімдердің пайда болуы мен таралуымен сипатталады. Технологиялық серпілістік өзгерісі жеке өнім түрлері ғана емес, тұтастай саланың құрып кетуіне әкеп соғады, ал қазіргі уақытта даму қарқыны ең алдымен жаңа технология ендіру жылдамдығы мен оның көлемімен есептеледі. Өз кезегінде, жаңа өнімдер жаңа нарықтардың құрылуы мен дамуына себепші болуы мүмкін.

Инновациялық технологияның  инновациялық өнім өндірумен өзара  байланысы бойынша заңдылықтарының  маңызы зор, себебі ең озық деген технология да экономикалық нәтижесі тек сапасы жоғары әрі тиімді өнім (демек, тауар мен қызмет көрсету нарығында бәсекеге қабілеттілігі басым) шығару арқылы ғана қол жеткізе алады. Инновациялық технологияның соңғы нәтижесі  нақ осы шығарылған өнім арқылы анықталады. Бұл нәтиже жаңа технологияға көшуге байланысы болған шығындарын ақтау үшін ол оң мәнге ие болуы қажет. Бірақ, кей жағдайда ол теріс мәнге тең болуы да мүмкін, онда жаңа қолданылған технология соңғы нәтиже ретінде қосымша пайда әкелу орнына кәсіпкерге  зиян келтіруі мүмкін.

Нарықтық экономика  жағдайында технология мен өнімдердің біріккен біртұтас даму қажеттіліктің өзгеруін сипаттайтын өнімнің өмір сүру циклінде (ӨӨЦ) көрініс табады. Ол ендіру аясын тұтынушылық салаға ендіруді, өндірістің өсуін, өнімнің жетілуін, қажеттіліктің қанығуын оның төмендеуін қамтиды. Мұндай тәсіл жақын арадағы мақсаттар үшін жобаланған өнімді өндіру және сату қолайлы, бірақ тек әрекет тактикасын ғана анықтайды. Ал даму стратегиясын құру үшін инновациялық үдерістің барлық сатыларында таңдау арқылы жаңартуды басқару қажет.

Ұйымдық құрылым  және менеджмент. Инновация менеджментінде жаңа әдіс-амалдарды дамытуды қоса алғанда, инновациялық дамыту мен ұйымдық құрылымды үйлестіру маңызды заңдылық болып табылады. Оның мәні: технологиялық дамудағы сапалық өзгерістер шынайы түрде кәсіпорынның ұйымдық құрылымында, өндірісті ұйымдастыру және басқарудың жаңа әдістерін қолдануды, қызметкерлердің төмендеу деңгейі және біліктілігін дамытуда өзгерістер туғызады. Инновациялық белсенділікті арттыру мәселесін шешуде кәсіпорынның ұйымдық құрылымын жетілдірудің рөлі ерекше болады.

 

 Өлшеу

 Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет

  Орындаған

 Мақашова Б.

     

Жетекші

    Сарина С.

   

 

Жаңа технологиялық  құрылыстың негізін құрайтын технологиялық  жиынтығы болатын ғылыми-технологиялық  серпілістік даму әлеуетіне ие, инновациялық түрдегі барабар шаруашылық құрылымдар арқылы іске асырылатынын білдіреді.

Қазір инновациялық үдерістерді басқару ісінде тиісті білімі бар жаңа заман менеджерлері – инновациялық менеджерлер айрықша  рөл атқаруы керек.

 

Инновацияны жүзеге асыру шарттары мен факторлары

 

Жұмыс істеп  тұрған кәсіпорын болсын немесе жаңадан  құрылған кіші инновациялық компания болсын, олар инновацияны тиімді түрде  жүзеге асыру үшін, оны іске асыруға  жағдай жасайтын белгілі бір жағдайлар  қажет.

Инновациялық  әлеуметтің қалыптастыру инновациясының ішкі және сыртқы ортасы. Инновация белсенді кәсіпорын қалыптастыру, ең алдымен, идея ұсынып, оны бүкіл инновациялық цикл бойында коммерциялдау үдерісін іске асыруға қабілеті бар, шаруашылық субьектісінің инновациялық әлеуетті, яғни қажетті ішкі ортасын қалыптастыруды талап етеді. Екіншіден, инновациялық дамуға қолайлы сыртқы жағдай жасалуы тиіс, оның маңызды бөлігі инновацияның инфрақұрылымын қалыптастыру болып табылады.

Инновациялық  әлеует. Жаңартуларды ойлап табу және басты шарты – кәсіпорында оған қажетті инновациялық әлеует қажет. Ол әр түрлі ресурстар жиынтығымен сипатталады, соның ішінде:

    1. Зияткерлік ресурсы (технологиялық құжаттама, жаңалықты игеру патенттері, лицензиялары бизнес-жоспары, кәсіпорынның инновациялық бағдарламасы).
    2. Материалдық ресурстар (тәжірибе-аспаптық база, заманауи технологиялық және ақпараттық құрал-жабдық, алаңдар ресурсы).
    3. Қаржылық (меншіктік, несиелік, инвестициялық, аймақтық, гранттар).
    4. Кадрлық (жаңашыл-көшбасшы, инновацияға ынталы персонал, қызметкерлердің ғылыми-зерттеу институттарымен және жоғары оқу орындарымен әріптестік және жеке байланыстары; ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибе констукторлық жұмыстар жүргізу тәжірибесі, жобаларға жетекшілік ету тәжірибесі).
    5. Инфрақұрылымдық ресурстар (меншікті ҒЗТКЖ бөлімшелері, жаңа өнім маркетингі бөлімшесі, патент-құқық бөлімшесі, ақпарат бөлімшесі) және т.б. Аталған ресурстар кәсіпорынның жалпы ресурстық әлеуетінің бір бөлігі және оны ғылыми-технологиялық әлеуеті, өндіріс-технологиялық әлеуеті, қаржы-экономикалық әлеуеті және кадрлық әлеуеті түрінде құрылымдауға болады.

Осылай, инновациялық әлеует компанияның жалпы әлеуетінің өзегін, бір бөлігін құрайды.

Сонымен бірге, әлеует ұғымы (соның ішінде инновациялық) тек материалдық құрамы анықталмайды, оның ішінде – ресурстар жиынтығына келіп тірелмейді.

  Өлшеу

 Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет  

  Орындаған

Мақашова Б.

     

Жетекші

   Сарина С.

   

 

 

 

Демек, инновациялық әлеует жайлы айта отырып, инновациялық іс-әрекетіне  қажет ресурстар ғана емес, оларды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін де есте ұстаған жөн. Бұл мүмкіндіктер ең алдымен компанияда тиісті инновациялық жағдайды қалыптастыру қажет, ол кезегінде, көп жағынан инновациялық мақсатқа жетуіне жағдай жасайтын немесе қарсыластан сыртқы ортаға тәуелді. Қажетті сыртқы әсер ету жағдайын қалыптастыру жүйесінің маңызды буыны кәсіпорынның инновациялық дамуға қолдау көрсетуге арналған инновациялық инфрақұрылым құру болып табылады.

Инновациялық  кәсіпорынның қаржылық даму факторлары. Кәсіпорынның өмір сүру циклінің сатылары және инновацияны қаржыландыру. Қазіргі уақытта сыртқы қаржыландыру көзі болмай тиімді инновациялық компания құру мүмкін емес. Қаржыландыру көздері жиынтығын жұмысты «нөлден» бастаған инновациялық кәсіпорынға өмір сүру циклінің алғашқы кезеңінен бастап есею кезеңіне дейінгі уақытты ұтымды өтуіне мүмкіндік беретін біртұтас инфрақұрылым деп түсінуге болады.

Компанияның даму кезеңіне байланысты оған әр түрлі қаржыландыру көздері пайдалы болуы мүмкін. Компания өркендеуінің классикалық үлгісін келесі түрде сипаттауға болады (9.1-сурет). Берілген сызба кәсіпорынның өмір сүру циклі және инвестицияларды пайдалану бағыттары жайлы жалпы түсінік алуға мүмкіндік береді.

 

Кәсіпорынның  өмір сүру циклінің сатылары

Жасақтау

Басталуы

Ерте өсу

Кеңею

Жетілу


9.1-сурет. Кәсіпорынның  даму үлгісі

Жасақтау – зерттеу  жұмыстарына, басталу кезеңіне жеткенге дейінгі бастапқы бизнес-тұжырымдамасының бағалануы мен өсуі үшін қаржыландыру қарастырылатын компанияның даму сатысы.

Басталуы – өнімді жетілдіруге және алғашқы маркетинг жүргізуге қаражат жұмсалатын компанияның даму сатысы. Осы кезеңде компания заңды тұлға ретінде тіркелу үстінде болуы немесе тіркеуден өтіп қоюы да ықтимал. Бұл кезеңде өнім әлі топтамалы өндірістің басталмағанын және өндіріс табыс әкелмегендігін білдіреді.

Ерте өсу – компанияны дамыту және өндірісті өрістету мақсатында қаражат бөлінетін компанияның  даму сатысы. Бұл сатыда өндіріс  өзін-өзі өтеу шегіне жеткен кезеңі немесе табыс таба бастаған кезеңі. Капитал өндіріс көлемін ұлғайтуға, өндірілетін тауар немесе қызметтің сапасын жақсартуға, маркетингке немесе айналмалы капитал көлемін арттыруға жұмсалуы мүмкін. Осы кезең ішінде аралық қаржыландыру, сондай-ақ дағдарысты болдырмау үшін қаржыландыру жүргізіледі.

Аралық қаржыландыру әдетте 6 айдан бір жылға дейінгі уақытты алатын компанияның акцияларын алғашқы ашық орналастыруға дайындық кезеңінде жүзеге асырылады.

Кеңею – бұл компанияның  капитал нарықтарына қол жеткізгеннен кейінгі даму кезеңі. Жаңадан тартылатын қаражат компанияның серпінді түрде кеңеюіне және жаңа нарықтарға шығуына мүмкіндік береді.

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет

  Орындаған

Мақашова Б.

     

Жетекші

   Сарина С.

   

 

Толығу (жетілу) сатысында қалыптасқан, даму шыңында  тұрған компанияның қаржы нәтижелері ендігі жерде бұрынғыдай тұрақты жылдам өсім бермейді. Сонымен қатар қаржы ресурстарының көлемі және капитал нарығындағы орны компанияға ірі ауқымды жаңа жобалардың үлкен көлемін іске асырып отыруға мүмкіндік береді.

Инновациялық  компанияны қаржыландыру көздері дәстүрлі компаниялар пайдаланатын ұқсас көздерден айтарлықтай ерекшеленеді, әсіресе кәсіпорын дамуының бастапқы кезеңдерінде. Осыған байланысты, талдау үшін қаражат көздерін шартты түрде өсу кезеңіне (жасақтау, бастау және ерте өсу) және толығу кезеңіне (кеңею және толығу) бөлген тиімдірек болады. Мұндай бөліп-ажырату инновациялық компанияның құнына әсер ететін факторын анықтағанда да қажет болады.

Төменде инновациялық компанияның қаражат көздерінің құрылымы келтірілген (9.2-кесте).

 

9.2-кесте.  Инновациялық компаниялардың қаржыландыру

көздерінің  құрылымы

 

Қаржыландыру  көзі

Өркендеу (өсу) сатысы

Толысу кезеңі

Жасақтау

Басталу

Ерте даму

Кеңею

Толығу

Жеке адамдардың жинақтары

***

*

     

«Бизнес-періштелер»  қаражаттары

*

**

*

   

ЖОО қаражаттары, гранттар

**

*

     

Бизнес-инкубаторлар мен сол тәріздес құрылымдар ресурсы

 

**

*

   

Венчурлік компаниялар (қорлар)

 

***

***

   

Қор нарықтары

     

***

***

Банктер

     

***

***


Ескерту:

* қолайлы қаржыландыру ішіндегі тартымдылығы төмен қаржы көзі;

** тұрақты қаржы көзі;

*** оңтайлы қаржы көзі.

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет  

  Орындаған

Мақашова Б.

     

Жетекші

   Сарина С.

   

 

 

 

   Өркендеу сатысындағы компанияның қаржыландыру көздері. Өркендеу кезеңінде инновациялық компанияның қаржыландырылуы қаржыландыру көздерінің айрықша жиынтығымен ерекшеленеді. Олар инновациялық компания үшін қолайлы қаржыландыру көлемінің өсу ретімен орналастырылған:

    1. Жеке адамдарының жинақтары;
    2. Гранттар, ЖОО қаражаттары;
    3. Бизнес-инкубаторлар ресурсы;
    4. «бизнес-періштелер» қаржысы;
    5. Венчурлік компаниялар (қорлар).

Қаржы көздерін былайша шартты түрде бөлу инновациялық компанияны қаржыландыруға пайдаланатын қаржы құралдарының сан алуан  болуына байланысты.

Қаржыландыру  көздерінің ерекшелігі шағын инновациялық компаниялары іс-әрекетінің ерекшелігімен түсіндіріледі. Әдетте, компания нарықта теңдесі жоқ немесе бұрыннан белгілі өніммен едәуір ерекшеленетін жаңа өнім ұсынады. Көп жағдайда бұл өнім жүзеге асырылған ғылыми-зерттеулердің нәтижесі болып табылады. Осы өнім негізінде инновациялық компанияны құрудың негізгі ерекшеліктерін атап өтейік: а) сәтсіздік тәуекелдігі жоғары; ә) компания құру алдында инновациялық өнімді әзірлеу қажет; б) келешектегі компания іс-әрекетінің жоғары технологиялық (инновациялық) сипаты болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет

  Орындаған

Мақашова Б.

     

Жетекші

   Сарина С.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлшеу

 Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет  

  Орындаған

Мақашова Б.

     

Жетекші

   Сарина С.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы

Күні

 

 

Есептік бөлім

Бет

Орындаған

    Мақашова Б.

     

Жетекші

Сарина С.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет

  Орындаған

Мақашова Б.

     

Жетекші

   Сарина С.

   

 

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет  

  Орындаған

Мақашова Б.

     

Жетекші

   Сарина С.

   

 

 

 

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет

  Орындаған

Мақашова Б.

     

Жетекші

   Сарина С.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет  

  Орындаған

Мақашова Б.

     

Жетекші

   Сарина С.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет

  Орындаған

Мақашова Б.

     

Жетекші

   Сарина С.

   

 

Өлшеу

Бет

Құжат №

Қолы 

Күні 

Есептік бөлім

Бет  

  Орындаған

Мақашова Б.

     

Жетекші

   Сарина С.

   

Информация о работе Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері