Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 07:43, курсовая работа
Әлемдік даму үрдісі қазіргі ғылыми-техникалық серпілісті түбегейлі жаңа даму деңгейіне шығаруға себепші болып отыр. 90-шы жылдардың басында экономикалық даму парадигмасы өзгерді де, батыстың алдыңғы қатарлы елдері шаруашылық іс-әрекеттің материалдық емес саласын жеделдетіп дамытуымен ерекшеленетін «жаңа экономикаға» көшті. «Жаңа экономика» аясында шынайы түрде білімге, яғни экономикалық өркендеудің жаңа сапалық түрін қамтамасыз етуші жаңартулар мен инновацияға негізделген нарықтың жаңа шаруашылық субъектілері (кәсіпорындар) құрылды.
Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат
Экономикалық қатынастардың Дамыған индустриялы елдерде Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін жаңа технологияларды және ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру, республиканың өнеркәсіп пен ғылыми-техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеті болып табылады. Қазақстанның ғылыми- Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8-3,2 % және 12,4-14,0 %-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз. Шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуы тежелуінің негізгі себебі шағын кәсіпорындардың әдетте, ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті өнімдер шығара алмауында болып отыр. Шағын кәсіпкерлікті
ірі кәсіпорындармен біріктіру
| ||||||||
Өлшеу |
Бет |
Құжат № |
Қолы |
Күні |
Есептік бөлім |
Беті | ||
Орындаған |
||||||||
Жетекші |
Қазақстандық өндірушілерге ғылыми әзірлемелерді рыноктық тауар деңгейіне жеткізу тәжірибесі жетіспейді, менеджмент, маркетинг және талдау саласындағы жоғары білікті мамандар жеткіліксіз. Осыған байланысты қазақстандық мамандарды жетекші шетелдік ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларына тағылымдамаға жіберу және отандық кадрлар даярлау үшін республикаға жоғары білікті шетел мамандарын тарту тәжірибеге енгізілетін болады. Қазақстандағы ғылымның
қазіргі таңдағы жағдайы Зияткерлік меншікті пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық қызметті дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен мүдделерінің теңдестіру есебінен зияткерлік меншіктік тиімді шаруашылық айналымы зияткерлік меншік жемісіне сұраныс пен ұсыныс бірлігін, ғылыми-техникалық зерттеулерді дамытуды, оларды өнеркәсіпте іске асыруды, бәсекеге қабілетті жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі мен тұтынуды қамтамасыз ете алады. Инновациялық дамудың базалық үлгісі негізінде ішкі (өсіру) және сыртқы (трансферт) инновация көздерінің арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсіру стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке зерттеулерге негізделген өзіндік технологияларын белсенді жетілдіретін алдыңғы қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР,Англия, Жапония) тән. Технологиялардың трансферті стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке әзірлемелері жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулі елдерде де іске асырылады. Сонымен,ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:
| ||||||
Өлшеу |
Бет |
Құжат № |
Қолы |
Күні |
Есептік бөлім |
Бет |
Орындаған |
|
|||||
Жетекші |
|
|||||
Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері
Әлемдік даму үрдісі қазіргі ғылыми-техникалық серпілісті түбегейлі жаңа даму деңгейіне шығаруға себепші болып отыр. 90-шы жылдардың басында экономикалық даму парадигмасы өзгерді де, батыстың алдыңғы қатарлы елдері шаруашылық іс-әрекеттің материалдық емес саласын жеделдетіп дамытуымен ерекшеленетін «жаңа экономикаға» көшті. «Жаңа экономика» аясында шынайы түрде білімге, яғни экономикалық өркендеудің жаңа сапалық түрін қамтамасыз етуші жаңартулар мен инновацияға негізделген нарықтың жаңа шаруашылық субъектілері (кәсіпорындар) құрылды. Қазіргі уақытта технология, құрал-жабдықтар, кадрлар даярлау, өндірісті ұйымдастыру сипатына іске асқан «жаңа білім» үлесіне экономикасы дамыған елдерде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімнің 70-тен 84 пайызына келді [101]. Жаңадан қалыптасқан жағдайда кәсіпорын акционерлеріне негізгі құнды құрайтын дәл осы зияткерлік капитал,ал оның маңызды құраушылары (ҒЗТКЖ, патенттер мен лицензиялармен, сауда таңбасы, персоналдың ғылыми білімі мен біліктілігі, кәсіпорынішілік мәдениет және т.б., яғни табиғи – заттай түрі жоқ нысандар) нарықтық бағалау мен беделге ие болып отыр. Экономиканың инновациялық белсенділігі басым сипатқа ие болуда, бұл, өз кезегінде кәсіпорындардың өз стратегиясын түбегейлі өзгертуіне, жаңа бәсекелестік ортада және тіршілік етудің негізгі ретінде зияткерлік әлеуетін қарқынды түрде арттыруға жетелейді. Жаңалық жаңарту ииновация ғылыми техникалық заңдылықтарының мәселесі, әсіресе, негізгі ұғым-түсініктер бойынша пікірталас тудырады. Сонымен, кейбір авторлардың пікірінше, «жаңалық», «жаңарту» және «инновация» ұғымдары синоним болып табылады және ол ғылыми-техникалық серпілістің нәтижесін білдіреді деп түсіндіріледі. Екінші пікір бойынша, бұл ұғымдардың арасында белгілі бір айырмашылықтар бар деп көрсетіледі. Егер жаңалық деп жаңа әдіс, өнер табыс және жаңалық табуды айтатын болсақ, ал осы жаңалықты іс жүзінде пайдалану жаңарту (инновация) деген ұғымды білдіреді. Жаңалық – бұл қандай
да бір іс-әрекет аясында жүргізілген
іргетасты, қолданбалы зерттеулер мен
талдамалардың рәсімделген | ||||||
Өлшеу |
Бет |
Құжат № |
Қолы |
Күні |
Есептік бөлім |
Бет |
Орындаған |
||||||
Жетекші |
|
Заңнама бойынша «инновация-нарықта сатылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім, іс жүзінде пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдеріс түріндегі ең соңғы нәтижесі».Алайда кез келген жаңарту серпіліске әкеле бермейді.Ол орынды түрде таралған жағдайда ғана бұл жаңалықтың қоғамдық өндіріс пен даму үшін инновациялық мәні бар деп айтуға болады.Әлемдік экономикалық әдебиеттерде инновацияға ғылыми-техникалық серпілістің жаңа өнімдер мен технологияларда шынайы көрініс тапқан түрлерін түрленуі дегенанықтама берілуі де кездейсоқ емес. Инновацияның ерекше
мазмұнын өзгертулер құрайды, ал инновациялық
іс-әрекеттің басты функциясы-
Кейінірек, 1930- жылдары, ол инновация тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, жаңа нарықтары мен өнеркәсіпті ұйымдастырудың жаңа түрін ендіру мен пайдалану мақсатында жасалған өзгерістер деген ұғымды енгізді. Мұндай көзқарасқа халықаралық стандарттарға негізделген нарықтық экономика жағдайында инновацияның жүйелік суреттеу әдістемелігі де сәйкес келеді.Ол бойынша инновациялық іс-әрекеті деп идеяларды (әдетте ол ғылыми зерттеулер мен талдамалар немесе өзге ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесі) ұластыру және оны жүзеге асыру мен байланысты іс-әрекет түрі деп түсіндіріледі:
Сонымен, «инновация-бұл бір мезгілде екі бірдей әлемнің, атап айтқанда , техника әлемі мен бизнес әлемінің көрініс табуы.Өзгеріс тек технология деңгейінде қатысты болғанда Шумпетер оны өнертабыс деп, ал өзеруге бизнес араласса , онда ол иноовация болып табылады дейді». Инновация түрлері.Инновациялық іс-әрекетті басқару оны ұзақ уақыт бойы зерттеген жағдайда ғана табысты болмақ,бұл оларды іріктеп, керегін пайдалану үшін қажет. Сол себепті, инновация жайлы айта отырып, оны ең алдымен дұрыстап саралап алу қажет.Иноовацияны саралаудың сан алуан әдістері бар.9.1-кестеде кеңінен таралған саралау түрлері келтірілген. | ||||||||||||||||||||
Өлшеу |
Бет |
Құжат № |
Қолы |
Күні |
Есептік бөлім |
Бет | ||||||||||||||
Орындаған |
||||||||||||||||||||
Жетекші |
|
|||||||||||||||||||
9.1-кесте. Инновацияның саралануы
Олардың ішіндегі ең маңыздысын саралайық. Ең алдымен инновацияның түрлерін енгізілетін өзгертулердің тереңдігіне қарай ажыратып алайық. Радикалдық, жақсартушы және жалған инновациялар. Радикалдық инновация-бұл бұрын-соңды белгісіз болған немесе мәлім болатын,алайда өнімділігі, бағасы жағынан алғанда сипаттамасы едәуір жақсарған қасиеттерге ие өнімдер, үдерістер немесе қызкет түрлері. Аталған радикалдық инновация үдерістері, өнім және қызмет көрсету саласында жасайтын өзгерістері соншалықты болғандықтан, оның нәтижесі қалыптасқан нарықтар мен салалардың ұластыруына,ұшырауына немесе жаңа нарық және салақалыптасуына алып келеді. Жақсартушы инновация асақомақты емес төңкеріс жасайқоймайтын, көп ретте, тіпті, белгілі білім, өнім және технологиялардан туындайтын болжанған өзгерістерді білдіреді. Мұндай инновациялар көбінесе өткен уақытқа өте тәуелді болады, технологиялық парадигма бойынша қалыптасады. Мадымсыз түрлерінің өзгеруіне келесілер әсер етеді:
Өнімдік инновация. Өнімдік инновация өндіріске немесе нарыққа технология жағынана жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді ендіруді қамтиды.технологиялық жаңа өнім(радикалы өнімдік инновация) - бұл технологиялық сипаттамалары (қызметтік белгілері,құрылмасының орындалуы, сондай-ақ пайдаланатын материалдар мен құрамдастары)немесе пайдалану ұсыны мүлдем жаңа немесе бұрын шығарылған ұқсас өнімдерден едәуір айырмашылығы бар өнім. | ||||||||||||||||||||
Өлшеу |
Бет |
Құжат № |
Қолы |
Күні |
Есептік бөлім |
Бет | ||||||||||||||
Орындаған |
||||||||||||||||||||
Жетекші |
|
Мұндай инновация мүлдем
жаңа технология мен немесе бұрынғы технологияны
жаңа қырынан пайдалануға негізделеді.
Технологиялық жетілдірілген өнім (Осло
басшылығының терминологиясында- Үдерістік инновация. Үдерістік инновация технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеп, ендіруді қамтиды. Инновацияның бұл түрі жаңа өндірістік құрал-жабдықты, өндірістік үдерісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтығын пайдалануға, сондай-ақ зерттеулер мен әзірлеу нәтижелерін пайдалануға негізделуі мүмкін. Мұндай инновациялар, әдетте, өндіріс тиімділігін арттыруға немесе өндіріске шығарылып жатқан өнімді беру, ал кей жағдайда қарапайым өндірістік әдістермен өндірілуі мүмкін болмайтын технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнім өндіруге немесе беруге бағытталады. Инновация қасиеттері. Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептеледі. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-техникалық (технологиялық) инновациялар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:
Демек, инновация – белгілі бір тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін коммерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар мен білімдерді, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жобаларды өндірістік үдеріс барысында пайдалану. Сол себепті, инновацияның міндетті қасиеттері қатарына оның ғылыми-техникалық жаңалығымен қатар өндірістік қолданбалығы да жатады. Инновацияның коммерциялық іске асырылымдығы – оның әлеуеті, қасиеті, сол үшін оған қол жеткізуге белгілі бір күш салу қажет. Инновация үшін жоғарыда аталған барлық қасиеттері де (ғылыми-техникалық жаңалығы, өндіріске қолдану ыңғайлылығы, коммерциялық іске асырылымдылығы) бірдей дәрежеде маңызды екендігін айта кеткен жөн. Оның қайсы бірінің болмауы инновациялық үдеріске кері әсер етеді.
Кәсіпорындағы инновациялық үлгілер
Инновациялық үдеріс. Инновациялық үдеріс деп идеяның іргелі және қолданбалы зерттеулер, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық өңдеулер, маркетинг, өндіру және сату кезеңдерінен өте келе біртіндеп коммерциялық өнімге айналу үдерісін айтамыз. Басқаша айтқанда, инновациялық үдеріс инновацияны құру, игеру және таратумен байланысты. | ||||||||
Өлшеу |
Бет |
Құжат № |
Қолы |
Күні |
Есептік бөлім |
Бет | ||
Орындаған |
||||||||
Жетекші |
|
|||||||
Инновациялық үдерістің үш логикалық түрін ажыратады:
Қарапайым ұйымшілік инновациялық үдеріс жаңалықтың қалыптасуы мен пайдаға асырылуы бір ұйым ішінде жүргізілуін білдіреді, бұл жағдайда жаңалық тікелей тауарлық қалыпқа енбейді. Қарапайым ұйымаралық инновациялық үдерісте жаңалық сатып алу-сату бұйымы болып есептеледі. Инновациялық үдерістің бұл түрі жаңалықты іске асырушы функциясы тұтынушы функциясынан бөлек екенін көрсетеді. Кеңейтілген инновациялық үдеріс жаңалықты жаңадан шығарушылар жасауымен, өндірушілердің монополиясын бұзудан көрініс табуы, шығарылатын өнімнің тұтынушылық қасиеттерін өзара бәсекелестік арқылы жетілдіруге жағдай туғызады. Тауарлық инновациялық үдеріс жағдайында жаңалықты өндіруші (жасаушы) және тұтынушы (пайдаланушы) кем дегенде екі шаруашылық субъект қызмет етеді. Егер жаңалық технологиялық үдеріс болып табылса, оны өндіруші мен тұтынушы бір шаруашылық субъектісі түрінде болады. Инновацияның таралуы және диффузиясы. Инновациялық үдерісті тауарлық түрге көшуімен бірге ол екі негізгі кезеңге бөлінеді: а) жасау және тарату; ә) жаңарту диффузиясы. Алғашқы кезеңі ғылыми зерттеу кезеңінен тұрады. Алғашқы кезеңде жаңалықтың пайдалы нәтижесі әлі іске аспайды, тек алдын ала оның жағдайы қалыптастырылады. Екінші кезеңде қоғамдық пайдалы нәтижесі жаңалықты шығарушылар өз арасында, сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар арасында қайта үлестіріледі. Диффузия – бұрын бір-ақ рет игерілген және пайдаға асырылған инновацияның жаңа ортада немесе қолдану орындарында таралуы. Кез келген инновация таралуының маңызды факторының бірі – оның әлеуметтік-экономикалық ортаға сай әрекеттесуі болып табылады, оның негізгі элементі – бәсекелес технологиялар. Шумпетердің жаңарту теориясы бойынша жаңарту диффузиясы жаңашыл (новатор) кейін көбірек пайда табу мақсатында жаңартулар ендіруші еліктеушілер санының өсу үдерісін білдіреді. Шумпетер қомақты табысқа кенелуді күту – жаңалықты ендірудің қозғаушы күші деп санайды. Инновацияның сызықтық үлгісі. Инновациялық үдеріс циклдік сипатқа ие және соңғы уақытқа дейін ол, әдетте, бірізді кезеңдерден құралған сызықтық инновация үлгісі түрінде көрсетілген: ІЗ – ҚЗ – ТӨ – Иг – ӨӨ – М – Ст, Мұнда: ІЗ – іргетасты зерттеулер; ҚЗ – қолданбалы зерттеулер; ТӨ – технологиялық (тәжірибе-конструкторлық) өңдеулер; Иг – игеру; ӨӨ – өнеркәсіп өндірісі; М – маркетинг; Ст – сату(өткізу).
| ||||||||
Өлшеу |
Бет |
Құжат № |
Қолы |
Күні |
Есептік бөлім |
Бет | ||
Орындаған |
||||||||
Жетекші |
|
Осы үлгі бойынша әзірленген іргетасты идеялар қолданбалы зерттеулерде пайдаланып, ең бірінші инновацияға сонан кейін сатып пайда табуға негіз болады. Аталған үлгі тікелей сызықтық байланыс орнатады: жүзеге асырылатын іргетасты зерттеулер көлемі неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым қолданбалы зерттеулердің көлемі арта түседі және инновация мен ендірілетін озық технологиялар саны да арта түседі. Алайда, ғылым мен техниканың дамуы соғыс өнеркәсібінің әлеуетіне байланысты болғандықтан әрқашан мемлекеттің басқару аясында іске асырылады (АҚШ-та да, КСРО-да да), ол қарапайым үлгі жаңа заман жағдайында дамыған елдердің бұдан былайғы азаматтық экономикасында басым орынға ие бола алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, іргетасты зерттеулердің сатып пайда табуға ауысу нәтижесі тиімсіз болуымен қатар оны орындау мүмкіншілігі де аз болып келеді. Сызықтық үлгінің қарама-қайшылығы мынада: ол зерттеулер мен әзірлеулер, сондай-ақ ҒЗТКЖ, нәтижелерін ілгерілетумен байланысты жайттардың өріс алуына сыртқы ортаның (нарықтың) тигізер ықпалын ескермейді және ғылым мен өндіріс арасындағы қарым-қатынастардың күрделі сипатын бейнелей алмайды. Инновациялық үдерістің жаңа күрделірек немесе интербелсенді деп аталатын үлгісін құру қажет. Басқарылатын сызықтық емес (интербелсенді) үлгісінің сызықтық үлгіден айырмашылығына тоқтала кетейік:
Инновацияның даму заңдылықтары
Й. Шумпетер тәсіліне сәйкес инновацияны келесі аспектілердің кем дегенде біреуін қамтитын құбылыс ретінде бейнелеуге болады:
| ||||||
Өлшеу |
Бет |
Құжат № |
Қолы |
Күні |
Есептік бөлім |
Бет |
Орындаған |
||||||
Жетекші |
|
|||||
Бұл аспектілер келесі түрде сипатталады: технологиялық-жаңа техника мен технологиялық үдерісті немесе шикізаттың жаңа түрін пайдалану; қолданбалы-жаңа қасиеттерге ие жаңа тауарлар (өнімдер) немесеқызметтер жасау; нарықтық сегменттеу-жаңа сату нарықтарының (нарық сегменттерінің) немесе жаңа тұтыну топтарының пайда болуы; ұйымдастырушылық-кәсіпорынның ұйымдық құрылымындағы өзгерістер немесе менеджменттегі жаңа әдіс-тәсілдер (олардың біріктірілуі). Инновация алаңы. Ф. Янсен [102.13 бет] пікірінше инновациялық үдерісті инновация алаңы түрінде қарауға болады. Янсен ұсынып отырған тәсілдің қолданбалы мәні технология, қосымша шарттар (жаңа өнім және қызмет көрсету), нарықтар және ұйымдастыру құрылымы бойынша біріктіре отырып инновация алаң аясында кәсіпорынды дараландыруға болады. Бір позициядан екіншісіне өту компанияның инновациялық іс-әрекет жасау арқасында инновация өз алдына бірігейлі және жаңа болып табылады. Егер осы өтудің кезектігін уақыты бойынша қарастырар болсақ, онда инновация траекториясы пайда болады. Сонымен қатар бұл өткен траекторияы немесе болашақтағы болжам траекториясы болуы да мүмкін. Траекториядағы жағдайлардың өзгеру үдерісін инновациялық үдеріс деп сәйкестендіруге болады. Жаңартулар (инновация) құрылуы мен дамуы белгілі бір заңдылықтарына бағынатынын айта кету керек. Осы заңдылықтарды білу жаңалықтарды тиімді түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Жаңарту үдерістерінің біріңғай заңдылықтарға бағынуы нақты бір кәсіпорынның даму стратегиясын дайындау барысында стратегиялық басқарушылық шешімдер қабылдаудың алғыш арты болып табылады. Ғылыми-техникалық дамуды жай ғана жаңа ғылыми-техникалық білімдерді іске асыру ретінде ғана емес, жаңартуларды құрастыру мен таратудың күрделі ықтималдық сипатындағы үдеріс ретінде қарау оның маңызды белгілерін анықтауға мүмкіндік береді – құраушы буындардың циклділігі, қозғалыстың бірқалыпсыздығын, даму кезеңдері, кешенділігі мен тепе-теңдігі, жаңартуларды «S» тәрізді түрленулер және т.б. инновациялық даму заңдылықтарын жоғарыда қарастырылған инновациялық алаң координаттарына сүйене отырып келтірейік. Технология. Технология, инновация құрудың негізгі ретінде, әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылып, сараланады. Оның келесі негізгі сипттамаларын ажыратып қарастырайық.
| ||||||
Өлшеу |
Бет |
Құжат № |
Қолы |
Күні |
Есептік бөлім |
Бет |
Орындаған |
||||||
Жетекші |
|
Информация о работе Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері