Халықаралық несие – бұл капитал қозғалысының өмір сүруінің басты шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 22:21, реферат

Краткое описание

Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді. Осылайша, халықаралық несие қайтару, мерзімді және ақылы шаттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен үғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ол төлем балансының тапшылығы(экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналды.

Содержание

1. Қазақстандағы халықаралық несиенің дамуы
«Баға» түсінігі, құрылымы.
Несиенің есеп айырысу мерзімі және валютасы, түрлері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Халықаралық несие.doc

— 67.50 Кб (Скачать документ)

Бірқатар факторлар жиынтығына тәуелді болатын несиенің мерзімі, оның берілу шартына ең алдымен пайыз мөлшерлемесіне әсер етеді. Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемері арасында өзара тығыз байланыс болады.

Несиенің мерзімі, сондай-ақ несие  беруші жақтан, оның пайдалануына жасалатын  бақылау дәрежесін анықтайды. Орта мерзімді несиелер шарты ретінде банктер консорциумы оларды пайдалану туралы белгілі бір ақпараттарды талап етуі мүмкін. Ұзақ мерзімді несиеде несие беруші қаражаттың жұмсалуы мен қарыздың қайтарылуына толық бақылау жасайды.

Несие мерзімі, пайыз мөлшерлемесі сияқты экспорттық және қаржылық несиелерді беру құралы болып табылады. Мысалы, кейбір банктер өздерінің операциялар ауқымын кеңейту мақсатында ұзақ мерзімді несиелерді береді. Әсіресе бұл мемлекет өзіне тәуекелді алатын экспорттық несиелерге, сондай-ақ орта мерзімді еуровалюталық несиелерге де қатысты.

Несиені берудің маңызды шарты  несиенің валютасы болып табылады. Несиенің валютасын анықтау ұлттық валюталардың бағамдарының тұрақсыздығына байланысты оларды қамтамасыз етуде  өте маңызды. Халықаралық несие қарыз алушы елдің ұлттық валютасында, несие беруші елдің валютасында немесе үшінші бір елдің валютасында беріледі. Есеп айырысу бірліктерінде несие беруде маңызды орын алады.

Тұрақты валюталардағы несиелер «баға» төмен болғанмен де несие берушілер қарызды сондай валютада бергенді қалайды, себебі бұл жерде олар қарыздың қайтарылуында ұтысқа шығады. Несиенің валютасын анықтауда біршама қалыптасқан есеп айырысу тәжірибелерінің де маңызы зор. Мысалы, мұнайды саудалағанда есеп айырысу валютасы ретінде АҚШ долларын пайдаланады. Сондықтан оның бағамы уақыт өте келе жоғарылай түскеніне қарамай, мұнайды импортқа алатын елдер осы валютаны қарызға алуға тырысады.

Инфляциялық процестердің ұлғаюы барысында  несиенің валютасының маңызы арта түседі. Сондықтан  валюта бағамының динамикасы, қарыз алушылардың орта мерзімді несиені не ұзақ мерзімді несиені алу үшін нарықты таңдауда шешуші роль ойнайды.  

 

 

 

 

 

 

 

                                        Қолданылған әдебиеттер:

 

 

    1. Ғ.С.Сейітқасымов. «Ақша, несие, банктер»  – Алматы: Экономика, 2001ж.
    2. Хамитов Н.Н. Банк ісі: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика, 2006ж.

Информация о работе Халықаралық несие – бұл капитал қозғалысының өмір сүруінің басты шарты