Халықаралық несие – бұл капитал қозғалысының өмір сүруінің басты шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 22:21, реферат

Краткое описание

Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді. Осылайша, халықаралық несие қайтару, мерзімді және ақылы шаттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен үғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ол төлем балансының тапшылығы(экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналды.

Содержание

1. Қазақстандағы халықаралық несиенің дамуы
«Баға» түсінігі, құрылымы.
Несиенің есеп айырысу мерзімі және валютасы, түрлері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Халықаралық несие.doc

— 67.50 Кб (Скачать документ)

                          Орал қаржы-экономикалық колледжі

 

 

 

 

 

 

             Баяндама

                           Тақырыбы:

   «Халықаралық несие – бұл капитал  

   қозғалысының өмір сүруінің басты

                         шарты.»

 

 

                                     Орындаған: Бертлеуова А.Н.

                                                                                                Жауынбаева Д.Н

                                                                                               Муканов Р.Қ

                                                                           Тексерген: Бекесова В.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

      

                                        Орал қаласы 2010 ж.

Халықаралық несие  – бұл капитал қозғалысының өмір

сүруінің басты шарты

 

Жоспар:

     1.  Қазақстандағы  халықаралық несиенің дамуы

  1. «Баға» түсінігі, құрылымы.
  2. Несиенің есеп айырысу мерзімі және валютасы, түрлері

1.    Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.             Осылайша, халықаралық несие қайтару, мерзімді және ақылы шаттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен үғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ол төлем балансының тапшылығы(экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналды.  
      Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық несие басқа елдерге, әсіресе, қосымша инвестицияға мұқтаж дамушы елдерге капитал салудың ең тартымды формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады, өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалар және банктермен ғана емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.  
      Бүгінгі таңда Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар, филиалдар және банктер халықаралық несиені жиі пайдаланады. Бұл белгілі бір реттеуді және шектеуді қажет етеді. Әйтпесе өтелмеген берешектердің жинақталуы және сыртқы қарыздың ағымдағы қызмет көрсету бойынша өсе түскен төлемдер мемлекеттің қаржылық – валюта жағдайын қиындатып, оны тұрақсыз етеді, тіпті, үкімет, яғни мемлекет тарапынан саяси және экономикалық қысым көрсетілуі мүмкін.  Халықаралық несие делдалдың көмегі арқылы немесе тікелей берілуі мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және трансұлттық банктер, халықаралық және аймақтық валюталық – несие әрі қаржы ұйымдары алға шыға алады.  
      Меншік формасы бойынша халықаралық несие мемлекеттік, жеке және аралас несиелерге бөлінеді. Қазақстан жеке халықаралық несиені жиі алады,  
яғни несиені жекеше компаниялардан, фирмалардан, банктерден алады. Ол қарыз алушы елдің валютасында, үшінші елдің валютасында берілуі мүмкін. Халықаралық несие формасы бойынша коммерциялық және банктік несиелерге бөлінеді.  
      Коммерциялық немесе фирмалық несие сыртқы саудамен және қызмет көрсетулермен тікелей байланысты болады. Оны, әдетте, басқа елдердегі әр түрлі коммерциялық құрылымға ие компаниялар, фирмалар вексельдің көмегімен тауарлы формада береді. Экспорттаушы тауарды тиегеннен кейін аударылатын вексельді импорттаушыға қояды. Импорттаушы коммерциялық

 
құжаттарды алғаннан кейін оның векселін акцептейді, яғни оның төлемін белгілі бір мерзімде төлеуге келісімін береді.  
       Банктік несиелеу тек экспорт – импорт операциялар бойынша есеп айрысулармен ғана байланысты.  
       Экспорттық банк несиесі бұл – экспорттаушы ел банкісінің импорттаушы елдің банкісіне машина, құрал – жабдық жеткізілімін несиелеу үшін беретін несиесі. Ол, сонымен бірге, байланысқан несие деп аталады, өйткені, ол тек машина мен құрал – жабдық үшін ғана беріледі.  
       Импорттық банк неисесі – бұл импорттаушы елдің фирмаларына және банктеріне тікелей берілетін несие берушінің елінде қандай да бір тауарларды сатып алуға арналған неисе.Сатып алушы несиенің бірнеше несие, несие желісі, сондай – ақ, өнеркәсіптік және азаматтық құрылғыларға арналған несие, оны құрал – жабдықты жеткізумен береді.  
       Қазақстанның халықаралық жетекші ұйымға кіруі экономикалық реформаларды жүргізуге қажетті қосымша қаржыға жол ашты.  
Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) “стенд - бай” несие аясында 185,6 млн қарыз алудың арнайы құқығы сомасында келісімге қол қойылды.  
       Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық қайта құру және Даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Жапонияның экспорт импорт банкі және өзге де халықаралық қаржы – валюта мекемелері беретін несиені пайдаланады.  
Қазақстанның және банктердің халықаралық рейтингісі игеруі несие бағасы бойынша да, оның мерзімі бойынша да пайдалы шартқа құрылған халықаралық несиеге жол ашты.  
        Халықаралық несие арқылы ұлғайтылған ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, қолма қол ақшасыз есеп айырысуды дамытудың халықаралық есеп айырысу саласындағы айналыс шығынын үнемдеу, сондай ақ, капиталдың және шоғырлануын орталықтандырылуын күшейту мақсаттарында капитал елдерге қайта бөлінеді.  
        Қазақстан 2003 – 2015 жылдарына арналған Индустриялық инновациялық дамудың стратегиясын жүзеге асыруда халықаралық несиені қосымша құны жоғары әрі бәсекеге жарамды ғылыми сыйымдылығы бар өнімдер өндірістің жаңа машина, құрал – жабдық және технология импорты үшін пайдалануы қажет. Бірлестірілген несие банктердің шектеулі неисе мүмкіндіктері мен бірінші класты қарыз алушылардың ауқымды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік береді.  

2.      Халықаралық несиенің шарттары әр түрлі көрсеткіштердің күрделі кешенін білдіреді. Халықаралық несиенің шарттарына мыналар ықпал етеді: несиелік ресурстарды пайдалану бағыттары; несиелік қатынастар субъектілерінің сипаты, яғни несие берушілер мен қарыз алушылар; несиелік нарықтардың интернационалдану дәрежесі және олардың ұлттық несиелік бақылауға ұшырағыштығы. Дегенмен негізгі көрсеткішке: «баға», есеп айырысу мерзімі және валютасы жатады.

Несиенің  «бағасына» несиеге сатылатын тауарлар бағасында  жасырын түрде болатын пайыз  мөлшерлемесі, комиссиондық және басқа  да бір мезгілдік ақылар, сыйақылар кіреді. «Бағаның» негізгі компоненті бұл пайыз мөлшерлемесі. Пайыз мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы халықаралық қарыздық капиталдар нарығының дамуының негізгі заңдылықтарын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылық коньюнктураларының өзгерісін шұғыл түрде ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сыртқы нарық ағымындағы жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттарда дамуына қорытынды жасауға мүмкіндік жасайды.

Орташа пайда нормасына қарағанда  дүниежүзілік несиелік нарықтағы сұраныс  пен ұсыныстың арақатынасы үнемі  өзгеріп отырады. Дегенмен өндіріс пен айырбастан артылған және несиелік жүйелермен жинақталған халықаралық сауда және батыс елдерінің арасында төлем есеп айырысу қатынасының ұлғаюынан асып отыр.

Мұндай несиелік нарықтағы сұраныс  пен ұсыныстың арасындағы қатынас дүниежүзілік дағдарыстың тұсында да болған, бірақ ол уақытта тұрақты сипатқа ие болмады.

Халықаралық несие нарығының жекелеген  сфераларындағы қарыздық капитал қозғалысының заңдылықтары пайызға ықпал етеді. Несиенің мерзімі мен сипатына қарай, пайызға «өзгермелі» бағам режимі жағдайындағы валюталық ресурстардың өзгерісі де әсер етеді.  Осының барлығы халықаралық несиенің әр түрлі формалары мен түрлеріне байланысты пайыз мөлшерлемесінің күрделі және ауқымды жүйесін жасайды. Пайыз мөлшерлемесінің бірнеше проценттермен анықталатын икемділігі күшейеді. Қарыздық пайыздың өзінше қозғалысы халықаралық несие нарықтарында анық байқалады. Қысқа мерзімді займдар бойынша пайыз мөлшерлемесі өзінің икемділігіне қарай ажыратылады. Олардың икемділігі ұзақ мерзімді және орта мерзімді мөлшерлемелерге қарағанда біршама есепті бейнеленген. Өрлеу барысында пайыз мөлшерлемелерінің жалпы артуы байқалса, ал қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мөлшерлемелер арасындағы алшақтық азаяды. Дағдарыс жағдайында қысқа мерзімді мөлшерлемелер ұзақ мерзімдіден асып түседі, ол әрине, өтімді ресурстарға деген сұраныстың бірден өсуімен байланысты болып келеді.

Қысқа мерзімді пайыз мөлшерлемелерінің  біршама икемділігі, қысқа мерзімді капиталдар ағымының қозғалысының ерекше сипатымен, әсіресе халықаралық нарықтардың агенттердің мінез-құлқында алыпсатарлық және сақтандыру қажеттіліктерінің болуымен байланысты түсіндіріледі. Мұнда қысқа мерзімді несие ақша айналысын,  төлем балансын және валюталық бағамдарды реттеуде белсенді түрде пайдаланылады.

Халықаралық несие нарығындағы пайыз мөлшерлемелерінің қазіргі құрылымы да несиенің қолданылу аясына және пайдалану бағыттарына сәйкес анықталады. Сондықтан да мынадай халықаралық несие категориялары: экспорттық және қаржы несиелерінің пайыз мөлшерлемелерінің қозғалысының ерекшеліктерін қарастыру қызығушылық тудырады.

Экспорттық несиелер бойынша пайыз нормасының қозғалысына  ортақ заңдылықтар белгілеу өте  қиын. Жоғарыда аталған факторларға  қоса, бұл несиенің бағасының қалыптасуына дүниежүзілік нарықтағы тауарлар қозғалысынан, сондай-ақ жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы несиелік қатынастардың ерекшелігінен туындайтын факторлар жиі ықпал етеді. Мұнымен экспортты несиелеу жүйесінің маңызды аспектілері, атап айтсақ, несиелеу мерзімі, формасы және түрлері, қамтамасыз ету сипаты , тәуекелден сақтану тәртібі мен шарттары және т.б. тығыз байланысты. Сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне, кейде саяси қажеттіліктен туындайтын несие нарығындағы бәсеке де үлкен әсер етеді. Мұның бәрі сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерінің құрылымының күрделенуіне әкеліп соғады. Несиенің кейбір формалары мен түрлері бойынша қандай да бір тенденцияны айқындау мүмкін емес.

Коммерциялық несиелерге байланысты фирмалық несие бойынша  пайыз мөлшерлемесінің біршама  ауытқуы тән. Фирмалық несие бойынша пайыз мөлшерлемесінің жоғары шегі қымбат тұратын машиналар мен құрал-жабдықтардың экспортына байланысты  10%-дан көп аспайды, ал төменгісі нольге тең болуы мүмкін. Бірақ бұл несиенің тегін берілуін білдірмейді,  себебі фирмалық несие бойынша номиналдық пайыз шамасы тауар бағасымен тығыз байланысты келеді.

Басқаша айтқанда, пайыз  жартылай немесе толығымен контрактілік бағаға қосылады. Несиенің «бағасының» мұндай қайта бөлінуінің мәні, бір жағынан, экспортердің импортер үшін несиенің жағдайын тиімді жасай отырып қанағаттандыру арқылы мәмілені тартымды етсе, екінші жағынан салық салынуға тиісті табыс мөлшерін жасанды түрде төмендету жолымен пайданы ұлғайтуға ұмтылысын сипаттайды.

Соған сәйкес фирмалық несие бойынша пайыз деңгейі сол несие түрінің «құнын» құруға негіз болатын көрсеткіш болып табылмайды.

Тікелей мемлекетік несиелер бойынша халықаралық несие саласындағы  пайыздар төмен болып келеді, мұндағы  мөлшерлемелер мемлекетік бюджет немесе арнайы қорлардағы қаражаттар есебінен жабылады. Мұндай несиелер бойынша пайыз мөлшері экономикалық емес, саяси факторларға байланысты анықталады. Батыс елдер бюджет еесбінен «арзан» несиелер беруді жеке инвестициялар мен тауарлар экспортын ынталандыру үшін пайдаланады және соның нәтижесіне сыртқы экономикалық экспансияға тиімді жағдай жасайды.

Еуровалюта нарығындағы  қаржы несиелері бойынша пайыз  мөлшерлемелерін қалыптастырудың  бірқатар ерекшеліктері бар. Оның басты  элементі – «либор» мөлшерлемесі, ол нарық коньюнктурасына байланысты ауытқи отырып, банктің жалпы ағымдағы өтімділік жағдайын көрсетеді.

Коммерциялық несие  нарығына қарағанда, халықаралық қаржы  нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің  қозғалысына сұраныс пен ұсыныс деңгейі көбірек әсер етеді. Қазіргі  кезде орта және ұзақ мерзімді займдарға  деген сұраныстың өсуі байқалуда, сондықтан олар бойынша пайыз мөлшері біршама жоғары қарай өсуде. Мұнда, мемлекеттік институттар басты қарыз алушылар ретінде болады. Бұл әрине, әлемнің артта қалған елдерінің дамуына қажетті шығындардың өсуімен, сыртқы қарыз мәселелерінің өріс алуымен байланысты. Енді осы несиелердің ұсынысына келетін болсақ, онда бұл жерде оған деген, яғни халықаралық нарықтағы қарыздық капиталдардың қайта жинақталуымен анықталған ұсыныстың өсуі үнемі байқалуда.

 

3.       Халықаралық несиенің «бағадан» басқа көрсеткішіне оның мерзімі жатады. Мерзімдеріне байланысты несиелер қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Шаруашылық субъектілерді  айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімді несие  беріледі, сондықтан да ол біршама  өтімді болып табылады. Батыс елдерінің сыртқы саудасында болатын акцепт, вексель, ашық шот бойынша сату формасында қысқа мерзімді несиелер пайдаланылады. Коммерциялық мақсатқа пайдаланылумен қатар, қысқа мерзімді несие  капитал қызметінің қозғалысына қатысы жоқ, халықаралық төлем айналымының әр түрлі қажеттіліктеріне қызмет етеді. Несиенің бұл бөлігі қысқа мерзімді несиелеу жүйесінде біршама сезімтал элементті білдіреді.

Қысқа мерзімдіге қарағанда ұзақ мерзімді несие инвестициялар мен негізгі  қорларға жұмсалады. Қазіргі кезде кең ауқымды инвестициялар халықаралық ұзақ мерзімді  несие еесбінен жабылады. Бұл жерде машиналар мен құрал-жабдықтар экспортын (олардың 80%- несие есебінен жүзеге асырылады), дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың жаңа формаларын  (объектілерді бірлесіп құру және бірлесіп ірі ауқымды жобаларды игеру), ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жаңа техникаларды енгізу барысын және т.б. несиелеудің маңызы зор. Халықаралық ұзақ мерзімді несиелеудің ролін арттыру ұзақ мерзімді несиелер ұлғайтудан, сондай-ақ орта мерзімді несиелердің барлық түрлерінің мерзімдерін ұзартудан көрінеді.

Дегенмен де халықаралық несиелердің  негізгі бөлігін әдеттегідей қысқа мерзімді мәмілелер құрайды. Мысалы, 1 жылға дейінгі несие шартында нақты ақшамен төлеу, жалпы дүниежүзілік экспорттың 9/10 бөлігінде  жүзеге асырылады. Еуронарықтарында да сондай қысқа мерзімді несиелердің үлесі басым. Несиенің әр түріне жасалған талдаудан олардың мерзімдерінің өзара байланысты факторларменен анықталатыны белгілі.  Бұл бәрінен бұрын несиенің мақсатты тағайындалуы болып табылады. Айталық, шикізат сатып алу барысында 1 жылға дейінгі мерзімде қысқа мерзімдік несиеге сұраныс болса, ал күрделі құрал-жабдықтарды, машиналар мен кемелерді жабдықтауда мемлекеттің кепілдігімен 5-8 жылға орта мерзімді несиелер, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға жұмсалымды қаржыландыруда 10 жылдан жоғар мерзімге ұзақ мерзімді несиелер пайдаланылады. Мемлекеттің және оның органдарының несие беруге қатысуы, ол несиені ұзақ мерзімге алуға мүмкіндік береді.

Сыртқы сауда мәмілелерін қаржыландырудағы несиенің мерзімі несиеленетін тауарлар немесе объектілердің сипатына және контрактінің мөлшеріне  байланысты, қаншалықты контракт ірі сомаға жасалса, соғұрлым несие ұзақ мерзімге берілуі мүмкін. Коммерциялық несиелердің мерзіміне сатып алушылардың және сатушының еліндегі экспорттық несиелеуді реттейтін ұлттық заңдылықтар, несиелеу тәжірибелері, осы облыста әрекет ететін халықаралық келісімдер ықпал етеді.

Информация о работе Халықаралық несие – бұл капитал қозғалысының өмір сүруінің басты шарты