Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 18:41, реферат
Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады.1995 жылы 23 қаңтарда Президент Н. Назарбаев Брюсельде Қазақстан Республикасымен Еуро Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастыққа қол қойылды.
І Кіріспе 2
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2
1 Әлемдiк экономиканың процестерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалары 2
1.1. Әлемдiк экономиканың даму процестерін талдау 2
2 Еуропалық Одақ және Қазақстан 5
2.1 Еуропалық Одақ құрылуы мен қызметі 5
2.2. Еуро Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 6
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер 12
ЖОСПАРЫ
Қазақстанға гуманитарлық
көмек көрсету және оның тұрақты
экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде
халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық
Еуропалық Одақтың маңызды
Қазіргі таңда Еуро Одақ әлемдік аренада жоғары дамыған аса алпауыт одақ. Оның осы белеске жетудегі ұстанған саясаты қандай және дамудың принциптері мен әдістері қандай соны білу. Еуро Одақ валюталық одаққа басшы бола отырып одан әрі өркендеп дамуда, әрі тұрақтылық тепе-теңдігін ұстануда. Еуро Одақтың Қазақстанмен дипломатиялық қатынасының мәнін ашу. Еуро Одақ Қазақстан экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан
кейiн капитализмнiң әлемдiк
1. дамыған елдерде индустриялық
экономикадан сервистiк-
2. ғаламдану;
3. экономиканы ырықтандыру;
4. ғаламдық бәсекенiң артуы және өңiрлiк ықпалдасу.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға өттi. Бұл елдерде ЖIӨ үлкен бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады. Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар. Экономикасы дамыған елдерде зияткерлiк ресурстар және қаржы капиталы шоғырланған, ал индустриялық өндiрiс, әсiресе еңбектi көп қажет ететiн өндiрiстер бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым артта қалған елдерiне ауысуда.
Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық ұйымы, Азия және Тынық
мұхиты елдерінің ұйымы секілді
жер-жаһанға танымал, халықаралық
беделді бірлестіктердің
Бүгін Қазақстан тең, басқа әлем
елдері мойындайтын әлемдік
Қазақстанның сыртқы саясаты жүргізіліп жатқан экономикалық реформа негізінде басқа елдермен экономикалық, ғылыми-техникалық қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық аренадағы жағдай республика үшін өте қолайлы. Олармен байланысу аумақтық тұтастық, шекараның бұзылмауы, екінші елдің ішкі ісіне қол сұқпау, оларды мойындау және құрметтеу принциптеріне негізделген. Сыртқы ортада жағымды жағдайды қалыптастыру, өзара тиімді экономикалық байланысты дамыту және интеграциялық процесті күшейту жөніндегі саясат республиканың көп қырлы қатынастарды жүргізуге ынталылығының айғағы. Бұл салада қиындықтар көп болды. Себебі КСРО құрамында өмір сүрген Қазақстанды көптеген елдер білмеді.
Ұзақ мерзімге арналған жоспарда Еуропалық одақ шешуші роль атқарады, онымен қатынастың үлкен маңызы бар. Еуропалық одақпен біріккен комитет құру республиканың сыртқы саясатындағы негізгі бағыты. Сонымен қатар Еуропа одағы мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынасын жүргізуге күш салынып отыр. Нарықтық экономика негізінде өзінің экономикалық потенциалын нығайта отырып Қазақстан ғылыми-техникалық, сауда-экономикалық қарым-қатынасын әлемнің барлық елдерімен жақсартуға барлық алғы шартты жасап отыр, соның негізінде дүниежүзілік әлемдік қауымдастықтың өз дәрежесіндегі мүшесі болады. Беделді халықаралық құрылымдарымен қарым-қатынасы кеңи түсуде, оның ішінде БҰҰ, Еуропа қауымдастығы, Халықаралық және Еуропалық қайта құру және даму банкісі, Халықаралық валюта қоры, МАГАТЭ, Қызыл-Крест, Юнисейф, Юнеско, ЭКАТО, ПРООН, ЮНЕП, ВОЗ, ОЭР, ОИК және т.б.3 Шикiзат тауарларының экспорты дамушы елдер экспортының негiзгi түрi болып табылады. Африка елдерi, ОАР-ды қоспағанда экспорттың бұл түрi барлық экспорттың 90 пайызы құрайды, Латын Америкасы және Оңтүстiк-Шығыс Азия үшiн 30-60 процент шамасында. Қытай, Оңтүстiк Корея, Сингапур сияқты бiрнеше елдерде ғана шикiзат экспорт үлесiнiң орны азғана.
Батыста әрбір іскер адам істеген ісінің олқылығы үшін, содан айналадағы адамдар мен қоршаған орта келген зиян үшін айып төлейтінін, абыройдан айрылатынын біледі. Сондықтан жоба неғұрлым аумақты болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары соғұрлым салмақты болады. Бұл – жалпыға бірдей белгілі нәрсе.
Экономикалық өсу екі жолмен анықталынады; нақты Ұлттық табыстың өсуімен және инвестицияның көлемінің ұлғайуымен. Латын Америкасы осы жылдары ішкі ұлттық табыс 5 есе өскен сонымен қатар халықтың саны да өскен. Латын Америкасының экономикалық өсу көрсеткіштері басқа индустриялды өсуші елдерге қарағанда ерекше. Мысалы, Жапонияның экономикалық өсу қозғалысы мен салыстырғанда.Қазіргі Латын америкасының экономикалық өсуі техникалық прогресс нәтижесінен туындаған. Техникалық прогресс өндірісті жаңартып қана қоймайды , ол басқару мен ұйымдастырудың жаңа формаларын ұсынады. Тәжирибеде техникалық прогресс пен инвестиция салу бір-бірімен тығыз байланысты; техникалық прогресс жаңа машиналар мен құрал-жабдықтарға инвестиция салуда көрініс табады. Бұдан шығатын қорытынды атомдық электростанция салудың керектігі түсінікті. Жоғары дыбысты самолеттер, транзистір және интегралдық схемалар, компютерлер, ксерокстер, ядролық энергияны тасымалдайтын контейнерлер, космостық ұшулар - міне техникалық жетістіктер, фантастикаға ұқсағаны мен шындық. Өндірістік көрсеткіштерді жақсарту нарық пен кәсіпорынға байланысты. Бірақ, еңбек өнімділігінің өсуіне және нақты ұлтық табысқа әсер ететін факторларға; заңдар, қоршаған орта т.б. жатады.
Еуропалық Одақ - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.
Жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люсенбург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Швеция елдерінің қатысумен 1993 жылы құрылған.4
/1951 осы ұйым Еуропалық
ұйымдастырушылық негізінде
Соңғы жылдары Еуропалық Одақ мынандай бағыттарда:
1. Ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту.
2. Кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру
3. Бірегей сыртқы саясатқауым
саласында тұтастық ахуалын
Жерорта теңізінің жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрылығы аймақтық саясатты жандандыру, әлеуметтік саладағы үйлесімділік туралы айтырып, құқық қорғау және ішкі тәртіп сақтау әртекті байланысты өрістету мақсатында қызмет етіп келеді.
1999 жылы 1 - ші қаңтардан бастап / алғашқы кезекте 11 мемлекет: Австрия, Белгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксенбург, Нидерланд, Португалия, Финлияндия/ есеп айырысу операциялары тепе -теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро валютасын енгізді.
Еуропалық Одақ
жалпы органдармен,
Еуропалық Одақ 1995 жылдың қаңтарында еуропалық одақ комиссиясының штаб пәтері орналасқан Брюссельде. Еуропалық Одақ ТАСИС бағдарламасы шеңберінде көмек көрсетеді.6
Еуропалық Одақ әлемдік саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта Еуропалық Одаққа қарағанда басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. 370 млн. адамы бар біртұтас ішкі рынок жағдайында Еуроодақтың ішкі жалпы өнімі АҚШ-қа тең. Еуропалық Одақ тауарлардың әлемдік саудасының 40 пайызы және қызмет көрсету саудасының 30 пайызы шығарылған, ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуеті АҚШ-тан кейін екінші орынды алады.7
Аймақтық ынтымақтстығы дамыту, жанжалдарды реттеу, еуропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту процесіндегі Еуропалық Одақтың өсе түсіп отырған ролі Еуропалық Одаққа қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс-қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылды. 1993 жылы желтоқсанда Брюссельдегі Еуропалық Одақ жанынан Қазақстанның өкілдігі ашылды.
Еуропалық Одаққа қатысты Қазақстанның саясаты оның әлемдегі экономикадағы ролімен және Еуропаның 15 дамыған елдері кіретін осы бірлестіктің жемісті интеграциялық саясатымен айқындалады. Еуропалық Одақ біздің еліміздің ең ірі сауда орталығы.1999 жылы біздің еліміздің Еуропалық Одақ мемлекеттерімен сауда айналымы 2,2 млрд долларды құрады.8 2000 жылы Еуропалық Одақ елдерімен сауда көлемі-3 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт-2 млрд жуық доллар, импорт - 1 млрд доллар.9 Біздің еліміздің экономикасына Еуропалық Одақ тікелей инвестицияларын береді. Еуропалық Одақ ішіндегі негізгі инвестрлар Ұлыбритания, Нидерланд, Италия.
Қазақстан Батыс Еуропа елдерімен егемендікті және аумақтықты құрмет тұту, бір-біріне шабуыл жасамау және ішкі істеріне араласпау, күш қолдану қаупін болдырмау, теңдік әрі өзара тиімділік принціптерін баяндайтын саяси шарттар жасасты. Еуропалық Одақ елдерімен сыртқы экономикалық байланыстардың шарттық-құқықтық базасы екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың өсіміне ықпал етеді. Біздің еліміздің экономикасы құрылымдық қайта құруға және оның өнеркәсіптік әулетін дамытуға белсенді түрде қатысып жүрген елдермен қол қойылған құжаттар айырықша маңызды. Мәселен, Австрия мен ГФР 1993 жылы кредиттік желілерін ашты. ЕҚДБ, ЕЭҚ сияқты еуропалық құрылымдармен Қазақстанға қаржылық көмек көрсету жөнінде келісімдерге қол қойылды және олар жемісті түрде жүзеге асуда. Еуропалық елдердің ішінде Ұлыбританиямен, Германиямен, Франциямен, Нидерландпен, Швецариямен ынтымақтастық анағұрлым жемісті дамып келеді.
Біздің еліміз инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы,сондай--ақ қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісімдер жасасу жолымен өз экономикасына шетелдік капиталды тарту үшін дәйекті түрде құқықтық режим құруда. Мұндай келісімдер Еуропалық Одақтың елдерімен жасалды.
Саяси диалогты жандандыру
және экономикалық ынтымақтастықты
нығайту арқылы Қазақстандағы өзінің
ықпалын кеңейту жөнінде