Еуропадағы этно саяси жанжалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2014 в 20:50, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Еуропадағы этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы.
Тақырыптың міндеті мен мақсаты: Югославиядағы этникалық, ұлттық, діни қақтығыстардың халықаралық қатынастардағы орнын ашып көрсету.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттің тізімінен тұрады.
Деректік көзі: Баяндаманы жасау барысында әр түрлі әдебиеттер көзін пайдаландым, ғаламтор желісін пайдаландым. Халықаралық қатынастарға арналған саясаттану, әлеуметтану, психология, қақтығыстану ғылыми әдебиеттерді пайдаландым.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Bayandama_Modinova_Saulet_302_top.doc

— 128.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 



Абылый хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

 

 

«Халықаралық қатынастар кафедрасы»

 

 

 

 

 

 

Баяндама

 

Тақырыбы: Еуропадағы этно саяси жанжалдар

 

 

 

 

Орындаған: Модинова Саулет 302 топ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014жыл

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Еуропадағы этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы.

Тақырыптың міндеті мен мақсаты: Югославиядағы этникалық, ұлттық, діни қақтығыстардың халықаралық қатынастардағы орнын ашып көрсету.

Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттің тізімінен тұрады. 
Деректік көзі: Баяндаманы жасау барысында әр түрлі әдебиеттер көзін пайдаландым, ғаламтор желісін пайдаландым. Халықаралық қатынастарға арналған саясаттану, әлеуметтану, психология, қақтығыстану ғылыми әдебиеттерді пайдаландым.

Зерттелу деңгейі:  халықаралық қатынастарға этнос аралық дауларын саяси-құқық ықпалын баяндама барысында көрсете білу.

Тарихнамаға шолу:Еуропадағы 90-жылдардан бері қазіргі уақытқа дейінгі этно саяси тарихи оқиғалар қарастырылған.

 

 

 

 Жоспар:

  1. Этникалық және этносаралық процестердің мағыналық түсінігі.
  2. Еуропадағы 90-жылдары белең алған этно-саяси қақтығыстар. Оның ішінде қаралатын мәселелер төмендегідей.

А) Югославиядағы этникалық, ұлттық, діни қарама-қайшылықтар

Ә) Балқан соғыстары

Б) Босния мен Герцеговиниядағы этно-саяси жанжалдар

3. Балқан елдеріндегі салафизм

     4. НАТО-ның қауіпсіздікке байланысты жүргізген операциялары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Бүгінгі таңда әлемде этникалық және этносаралық процестердің күрделенуі байқалуда. Кез келген саяси, экономикалық, мәдени немесе дінге қатысты оқиғалар этникалық сипат алуда.Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді.

Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады.

Консолидация — тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі.

Ассимиляция — көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы.

Интеграция — тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б.

Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байланысты мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін этносаралық қатынастар әр алуандығымен ерекшеленеді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті — ұлтаралық қатынастарды оптимизациялау. Халықаралық қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуінің ең қолайлы нұсқаларын іздестіру және жүзеге асыру болып табылады.  Бүгінгі әлемнің этноболмыстары этникалық процестердің терендеуін, этностылықтың барлық жердегі дамуын, этникалық өрлеудің арта түскенін көрсетеді.Этникалық процестердің терең сипат алуы мынадан байқалады: біріншіден, ол түрлі әлеуметтік-экономикалык саяси құрылыстағы әр алуан елдерді қамтиды; екіншіден, қазіргі қақтығыстардың бәріне немесе көбіне этникалық сипат тән, үшіншіден олар қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды: саяси, экономикалық, рухани; және төртіншіден, бүгінгі күннің күрделі проблемаларының бәрі сияқты, этникалық проблемаларды шешу жеке бір елдің қолынан келе бермейді, әдетте оларды шешу ісіне үшінші жақ тартылады. Төреші міндетін әлемге аты танымал жеке лидерлермен қатар, жеке мемлекеттер, тіпті халықаралық ұйымдар атқара алады. Этникалық проблема халқының құрамы көп этносты мемлекеттерге өзекті мәселеге айналуда. Өйткені, әр этникалық топтың өзіне ғана тән демографиялық әрекеті, әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамуының ерекшеліктері бар. Өркениеттің соңғы жетістіктерінің бірі — қазіргі толып жатқан полиэтносты мемлекеттердің ұранына айналған көп мәдениеттің идеясы, ол бір мемлекет ішіндегі көптеген этникалық топтарға тату да бейбіт өмір кешуге мүмкіңдік береді.Батыс Еуропалық шиеленістер (Солтүстік Ирландия, Баск елі, Каталония; Корсика, Фландрия, Валлония, Фарер аралдары; Солтүстік Кипр) этноконфессионалдық және әлеуметтік-экономикалық факторлармен сипатталады. Батыс Еуропадағы қақтығыстарды бастаушылардың мақсаты – тәуелсіз мемлекет құру емес, сол мемлекет шекарасы шеңберінде барынша ұлттық-мәдени, экономикалық және саяси автономияға қол жеткізу болып табылады. Өзінің кіші отанын біртұтас Еуропаның бөлігі ретінде түсінеді.  Шығыс Еуропалық (Чечня, Дағыстан, Қырым, Косово, Македония, Сербия және Босния, Трансильвания) Шығыс және Орталық Еуропаның бұрынғы социалистік елдерін қамтиды. Қақтығыстың батыс-еуропалық түрінен айырмашылығы – автономия емес, толық тәуелсіздік алуға ұмтылыс. Қақтығыстың түп-тамыры бұрынғы тарихи кезеңдерде жатыр. Мысалы, Босния мен Герцеговиниядағы православиялық сербтер мен славян-мұсылмандар арасындағы қақтығыс сонау XV-XIX ғасырларда пайда болса, татарлардың ӛз мемлекеттілігін құруға ұмтылуы XVІ ғасырдың ортасында Қазан хандығының ӛмір сүруі тоқтатылған кезден басталады. Шығыс Еуропада мемлекеттік атрибуттарының барлығына ие, алайда мемлекет ретінде танылмаған бірнеше мемлекеттер бар болғандықтан, онда шиеленістердің пайда болу мүмкіндігі жоғары. Шығыс Еуропадағы қақтығыс ошақтары жоғары белсенділікпен ерекшеленеді. Бұл кӛбінесе бейбіт халық пен әскерилердің кӛптеп құрбан болуына әкеледі. Бұған мысал ретінде Кавказ бен бұрынғы Югославиядағы қақтығыстарды келтіруге болады. Шығыс Еуропадағы қақтығыстар Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО, Евроодақ, Ресей тараптарының араласуы арқылы тоқтатылды.   

 I-тарау:  90-жылдарда басталған демократиялық революция Югославия Федерациясының ыдырауына өкелді. Югославиядағы этникалық, үлттық, діни қарама-қайшылықтар Балқан түбегіндегі соғыстарға үласты. Югославия Федерациясынан бөлінген мемлекеттер төуелсіздігін соғыс арқылы алды. Бүл соғыстар екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі қақтығыстар болды. Югославия Үкіметі федерацияны сақтап қалу үшін соғыс қимылдарына көшті. 1991 жылы 25 маусымда Югославия өскері Словенияға кіріп, астанасы Люблян қаласын бомбала- ды. Словян ерікті жасақшылары Югославия өскерлеріне тойтарыс беріп, югослав өскерлерін өз жерлерінен кетуге мөжбүр етті. Тамыз айында Хорватияда соғыс қимылдары басталды. Соғыс қимылдары Серб Крайне жерінде кең етек алды. Серб өскерлері Вуковтар жөне Дубровник қалаларын күшті артилериялардан атқылап, көп адам шығынына үшыратты. Хорват өскерлерін Батыс Еуропа елдері қолдап, Сербияның агрессиясын айыптады.1990жылы қараша айында Xорватия өскерлері Батыс Словения жерін серб өскерлерінен азат етті. Соғыс қимылдарының барысында хорваттар сербтерге қарсы геноцид жүргізді. 1992 жылы Югославия Үкіметінің өтінішімен БҮҮ-ның бейбітшілік қүрамдары кір- гізілді. Бірақ, соғыс қимылдары жалғасты. Xорват өскерлері батыс елдерінің жасырын қару-жарақ көмектерін алып, 1995 жылы Серб Крайне жасақшыларын жеңді. Серб Крайне жеріндегі сербтерді қуып, хорваттар өздерінің билігін орнатты. Югославиядан БҮҮ- ның бейбітшілік қүрамдары шығарылды. Югославия Серб Крайне автономиясынан бас тартып, Xорватияның қүрамына кірді.1991жылы 1 наурызда Босния жөне Герцоговина өздерінің төуелсіздігін жариялады. Мүсылмандар өскерлерін сербтерге қарсы соғыс бастауға дайындады. 1992 жылы сөуірде сербтер христиандар мен мүсылмандар арасындағы соғысты бастады. АҚШ жөне Еуропалық Одақ елдері Югославия өскерлерін шығаруды талап етті. Соғыс қимылдарын тоқтату үшін БҮҮ бейбітшілік қүрамдарын кіргізді, бірақ сербтер мен мүсылмандардың арасында соғыс жалғаса берді.Босния мен Герцеговинаға сербтердің еріктілері келе бастады. Мүсылмандарға моджахед еріктілері мен араб елдерінен көмек келе бастады.1992жылы хорват-мүсылман өскерлері сербтерге қарсы соғыс қимылдарын жүргізе берді. Сараево қаласында ірі соғыс шайқаста- ры жалғасты. Сараево қаласының базарында жарылыс үйымдастырылып, 70 адам қаза тапты. Босниядағы сербтер өскерлерін басқарған Р. Караутич югослав өскерлерімен біріге отырып, 1995 жылы тамыз-қыркүйек айларында мүсылман жасақшыларына қарсы ауқымды соғыс қимылдарын бастады. Босния сербтері Среб-реница қаласын атқылап, мүсылмандарға геноцид үйымдастырды. Үш мыңдай мүсылмандарды қырғынға үшыратты. Бүл діни соғыстың нөтижесі болды. НАТО-ның өуе күштері Босния сербтерінің өскерлері шоғырланған топтарға соққы берді. АҚШ Үкіметінің үсынысымен серб-хорват-босния жөне Герцеговина басшылары арасында келіссөздер жүргізілді.1992жылы қараша айында АҚШ-тың Огаио штатының Дейтон қаласында Ф. Туджман, С. Милошевич жөне А. Изетбегович келіссөз жүргізіп, соғыс қимылдарын тоқтатуға уағдаласты. Босния серб басшысы Р. Караджичке халықаралық іздеу салып, халықаралық сотқа тартуға шешім қабылдады. Босния жөне Герцоговина төуел- сіздіктерін жариялауға, босқындарға көмек көрсетуге келісті. Босния жөне Герцеговинаның шекаралары белгіленіп, 51 %-ы Босния- хорват мүсылмандарына, 49 %-ы сербтерге бөлінді. 1996 жылдың көктемінде Брюссельде Босния мен Герцоговинаға экономикалық көмек көрсету туралы конференция өтті. А. Изетбегович қайтадан сайланды. БҰҰ-ның бейбітшілік күштері кіргізіліп, олардың мандаты ұзартылып, Босния мен Герцоговинада бейбітшілік орнады.

II-тарау: Косово дағдарысы 1990 жылы Югославия Федерациясы Парламентінің Косованың автономиялық қүқын жоюдан басталды. Ко- совадағы мүсылмандар жасырын азаттық армиясын қүрып, Югос- лавиядан бөлініп, Албанияға қосылуды талап етті. 1998 жылы Косовада Парламент жөне Президент сайлауы өтті, бірақ Белград сайлауының қорытындысы заңсыз деп жарияланды. Косово демократиялық лигасының басшысы И. Ругов Косовоны азат ету өскерімен біріккеннен елде азаматтық соғыс басталды.1998 жылы тамызда Косовоға Югославия өскерлері кіргізіліп, соғыс қимылдары басталды. АҚШ Үкіметі Белградтан соғысты тоқтатуды талап етті. Соғыс күзге дейін жалғасты. Косоводан көрші Албания мен Македонияға 800 мыңдай адам кетуге мөжбүр болды. Бүл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі босқындардың өз елдерін тастап кетуі еді.1999 жылы ақпанда Париж қаласының маңындағы Рамбуйеде Серб-Косово келіссөздері жүргізілді. Серб делегаттары келуден бас тарты. Рамбуйеде біржақты келісімге қол қойылды. АҚШ келісімді бүзғаны үшін Югославия басшысы С. Милошевичті кінөлады. Косоводан югослав өскерлері өкетілмесе, НАТО үйымының басшылары АҚШ-тың қолдауымен Югославияға өуе шабуылын бастайтынын ескертті. 1999 жылы 25 наурызда БҮҮ-ның рүқсатынсыз НАТО өуе күштері Югославияны бомбалай бастады. НАТО-ның бүл шешімін айыптаған ел Ресей болды. Бүрынғы Югославия жері — Белград қаласы қатты бомбаланды. Соғыста АҚШ жөне НАТО қарудың жаңа түрлерін қолданды. Халықаралық күштердің антисербтік соғыс саясаты аясындағы өуе соғыстарының барысында босқындар саны бүрынғыдан да көбейе түсті. Югославияны 78 күн бомбалады. Соғысқа 850 үшақ қатысып, 2000 адам өліп, 7000 адам жараланды. Белград қаласы қатты зардап шекті.1996 жылы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Косово мөселесі жөнінде шешім қабылдады. Атап айтқанда, серб өскерлерін Косоводан шыға- ру, НАТО өуе күштерінің бомбалауын тоқтату. Косовоға бейбіт- шілік күштерді енгізуге шешім қабылдады. Косово жері үш бөлікке бөлінді. НАТО өскерлері, АҚШ-тың жөне Ресейдің өскерлері орналастырылды. Сербтерді тазалау басталды. Сербтер өздерінің жерлерін тастап кетуге мөжбүр болды. Албандар Косовоға қайтып орала бастады. Косовада соғыс қимылдары тоқтағанмен, бейбіт өмір орнамады. Балқан түбегіндегі соғыстар толастап, жаңа төуелсіз мемлекеттер — Словения, Хорватия, Македония, Босния мен Герцеговина қүрылды. 2001 жылы Сербия жөне Черногория мемлекеті құрылды. Сербия Президенті болып Коштуница сайланды. С. Милошевичтің заманы аяқталып, “өскери қылмыскер” деген айып тағылып, Гаагадағы халықаралық сотқа берілді.

 Jane's Intelligence Review («Джейнс Интелидженс Ривью») ұйымы шілденің 7-і күні Балкандағы салафизм проблемасы жайлы мақала басты. Ұйымның зерттеуінше, Батыс Балқандағы қақтығыстың соңы радикализмге ұласқан. Бұл мәселе, әсіресе, Косовада ушығып тұр. Ұйымның сарапшылары Косовадағы құқық қорғау қызметкерлерімен және зайырлы қоғам өкілдерімен осы мәселені бірлесіп зерттеген.

Сарапшылардың пікірінше, радикалдық исламистік діни көзқарастың әлемге кең тарауы халықаралық қауымдастықты алаңдатып отыр. Балқандағы мұсылман жұрты ежелден шектен шықпайтын қалыпты Ислам бағытын ұстанады. Мұндағы дәстүрлі Ислам мектептерінде мұсылманның еркін ойлауына шектеу қойылмаған. 
 
«ЛИБЕРАЛ ХАНАФИЛЕР ҚАРСЫЛЫҒ 
JIR-дің жазуынша, осы аймақтағы 1990 жылдардағы дүрбелең кезінде мыңдаған шетелдік радикал мұсылман Босния мен Герцеговинадағы «мұсылман бауырларына» көмектесу үшін, әрі Шығыс Еуропаға салафизм идеологиясын тарату үшін келген болатын. Батыс Балқандағы мұсылман жұртының басым бөлігі әлі де болса әсіредіншілдікті уағыздайтын салафизм өкілдеріне қарсылық танытып жатыр. Бұл қарсылық әрекеттер Косово, Босния мен Герцеговина, Албания және Македониядағы бірнеше ішкі қақтығыстарға әкеп соқтырды. Әсіредіншіл салафизм өкілдеріне сонымен қатар елдегі Исламның либералдық ханафи және сопылық мектебінің өкілдері табанды қарсылық көрсеткен. 
Деректер бойынша таяудағы қақтығыс кезінде қарапайым тұрғындар мен бірнеше салафизм ағымының мүшелері қаза тапқан. JIR осы оқиғалар радикалдық исламизмнің Батыс Балқандағы тұрақтылыққа қауіп төндіргенін көрсетіп тұр деп санайды. «ДЖИХАДШЫЛАР ҚАПТАҒАН ЖЫЛ» 
Зерттеушілер салафизм идеясының Батыс Балқан аймағына таралу себебін Югославия тарап, Босния мен Герцеговинада қақтығыстар болып жатқан және 1992-1995 жылдары Югославияның бұрынғы алты республикасына БҰҰ эмбарго жариялаған кезден іздейді. Осы уақыт аралығында бұл аймаққа Сауд Арабиясы, Пәкістан, Йемен және Ауғанстан елдерінен Сербия мен Хорватия христиандарына қарсы соғысу үшін мыңдаған джихадшылар келген. 
Шетелдік джихадшылар Босния мен Герцеговинаның зайырлы мұсылман халқына Исламның радикалдық доктриналарын үйреткен. Артынша бұл идеялар Батыс Балқандағы террористер арасына тез таралды.Мамандардың пайымдауынша, Косово 2008 жылғы ақпанда Сербиядан тәуелсіздігін алған соң, сырт ағымдардың діни экспансиясына ұшыраған. Елдің соғыстан кейінгі қажыған жағдайын салафизм өкілдері өз мүдделеріне ұтымды пайдаланған. Негізінен алғанда Косовадағы этникалық албандардың басым көпшілігі қалыпты мұсылмандар саналады және олар бұрыннан батысқа бейім. Исламның либералдық бағытын ұстанатындар салафизм доктринасын қабылдаудан бас тартқан. Сондықтан радикалдық исламшылдар мен қалыптылардың арасында дінге байланысты дау-жанжал жиі туындап отырады.  
JIR бұдан ары зерттеуінде салафизм мен ваххабизм тарихына тоқталып, салафизмді Исламның ең консервативтік ағымы деп бағалайды. Сауд Арабиясындағы салафизм өкілдері қаржылық қуатын пайдаланып, 1970 жылдан бері белсенді әрекетке көшкен. Олар әртүрлі қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырып, гуманитарлық ұйымдар құрып, өзге елдегі Ислам орталықтарын қаржыландырып, мешіт салып және жастарын оқыту арқылы діни көзқарастарын бүкіл әлемге жайып жатыр. 
 
«ҚАРУ-ЖАРАҚҚА 350 МИЛЛИОН ДОЛЛАР» 
 
Ұйым мамандары джихадшылар тарихына тоқталып, олардың негізінен Боснияны қаруландыру мақсатында келетінін айтады. 1995 жылы Ислам елдері мен ұйымдары Босниядағы соғысқа 350 миллион доллар қаржы құйған.Косоводағы дін проблемасы 1999 жылғы Сербиямен арадағы соғыс аяқтала салысымен шиленісе бастаған. Салафизм өкілдері әртүрлі гуманитарлық жобаларды желеу етіп, Косовоға тамыр жайған. Косоводағы мемлекет басшылары мен қауіпсіздік саласының мамандарының пікірінше, олар он жылдың ішінде әлеуметтік құрылымдарға дендей еніп, елдегі мұсылмандар жамағатымен тығыз қарым-қатынас орнатып, этникалық албандарды өз идеяларына бұру арқылы халықтың ұлттық санасына айтарлықтай әсер еткен. 
Жергілікті үкіметтік емес ұйымның басшысы елдегі діни ахуал жайында мамандарға: «Елдегі қақтығыстар әлеуметтік қатынастарды және жекелеген отбасылық өмірді бұзды. Оның үстіне қоғамдық институттардың болмауы мен діни қайырымдылық ұйымдардың қаптап кетуі Косоводарадикалдық Исламның тарауына ықпал етті. Соңғы 10 жылда Косовадағы албандар дау-жанжалға бейім боп кетті. Бұрынғы кезбен салыстырғанда «дінге бет бұрғандардың» саны күрт артып бара жатыр» деп баяндаған.

Информация о работе Еуропадағы этно саяси жанжалдар