Еңбектік құқық қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 13:41, реферат

Краткое описание

Еңбек құқығы - еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың əдетте жеке жəне ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар жəне ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдарымен реттеледі. Ең негізгісі 2007 жылдың 10 маусымында қабылданған “Қазақстан Республикасының еңбек кодексі” болып табылады. Еңбек туралы нормативтік-құқықтық кесімдердің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Ережеге сəйкес еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау Министрлігі, мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Еңбектік құқық қатынастары.docx

— 35.49 Кб (Скачать документ)

• заңдарға сəйкес қызметкерге  еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыс берушіге келтірілген зиян үшін толық жауапкершілігі;

• қызметкер мүлік пен  басқа да құндылықтарды бір жолғы сенімхатпен немесе басқа да біржолғы құжаттар бойынша есеп беруі;

• қызметкердің жұмыс уақытындағы  алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық мас болуы.

Жалақы төлеу. Жұмыс беруші еңбек мəселелері жөніндегі құқықтық-нормативтік кесімдерге, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сəйкес қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті жəне бұл ақы мерзімдік, келісімді түрде немесе енбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша іске асырылады. Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді. Жалақының мөлшерін жұмыс беруші дербес белгілейді жəне ол ҚР заңдарында белгіленген ең төменгі төлеудің төмендегі қағидалары бойынша жүзеге асырылады:

• мерзімнен тыс жұмыс ақы бір жарым есе мөлшерден кем төленбейді;

• мереке жəне демалыс күндердегі жұмыс ақысы екі еседен төмен болмайтын

мөлшерде төленеді;

• түнгі уақыттағы жұмыстың əрбір сағатына еңбекақы бір есе мөлшерден кем

төленбейді;

• жалақы бір айда кем дегенде бір рет төленеді жəне т.б.

Қызметкерлерді  көтермелеу жəне жазалау шаралары

Еңбек тəртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің кінəсінен оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс беруші тəртіптік жазалардың мынандай түрлерін қолдануға құқылы: ескерту жасауға; сөгіс беруге; заңда көрсетілген жағдайларда жеке еңбек шартын бұзуға. Осылардан басқа тəртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді. Тəртіптік жазаны қолданудан

бұрын қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етілуге тиіс, ал жаза теріс əрекет байқалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей колданылады жəне оны теріс əрекет жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды. Тəртіптік жаза қолдану туралы бұйрық жазаға тартылған қызметкерге қол қойғызылып жарияланады.

Еңбек даулары

Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тəртібімен қаралады. Сотқа дейін еңбек дауларын келісім комиссиясы қарай алады. Ол комиссия тараптардың бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылып, қызметкерлердің өкілдері ұйымның жалпы жиналысында сайланып, жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды.

Келісім комиссиясы арыз берушінің өтінішін ол берілген күннен бастап үш күн мерзім ішінде қарайды. Оны қарау нөтижелері бойынша шешім қабылданып, арыз берушіге беріледі. Арыз қанағаттандырылған жағдайда кінəлі жақ шешімді үш күн мерзім ішінде орындайды. Аталған заң ұжымдық дауларды шешудің ереуіл сияқты ең шектен шыққан шарасын жеке реттейді. Ереуіл - еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы өздерінің əлеуметтік-экономикалық жəне кəсіби талаптарын қанағаттандыру үшін (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттерін орындамау) еңбек ұжымы мүшелерінің белгілі бір мерзімге немесе еңбек ұжымының талаптарын жұмыс беруші қанағаттандырғанға дейін жұмысты толық немесе ішінара тоқтатау арқылы білдіретін күрес шарасы.

Əлеуметтік қамсыздандарудың құқықгық негіздері.

Конституцияның 28-бабында "Қазақстан  Республикасының азаматына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда жəне өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, əлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Ерікті əлеуметтік сақтандыру, əлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау жөне қайырымдылық көтермеленіп отырады", - делінген.

Жасына сай зейнетақы тағайындау мен төлеудің мүлдем жаңа механизмі көзделген:

• дербес жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы зейнетақыны жинақтау;

• 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек жылдарын есепке ала отырып зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік Орталықтан зейнетақы тағайындау.

Мысалы, Орталықтан жасына байланысты толық зейнетақы төлемдері қазіргі кезде еркектер - 63 жасқа, əйелдер 58 жасқа толғанда тағайындалады, бірақ олардың еңбек стажы 1998 жылдың 1 қаңтарында еркектерде - 25, əйелдерде 20 жыл болуы тиіс.

Қолданылып жүрген заңдар əлеуметтік қамсыздандырудың түрлерінің қатарына қызметкерлерді жұмысқа уақытша жарамсыздығы, əйелдердің жүктілігі жəне босануы бойынша жəрдемақылармен қамсыздандыруды көздейді. Аталғандармен қатар мүгедек болып қалған, асыраушысынан айрылған жəне өзге де заңды реттерде əлеуметтік қамсыздандырылады.


Информация о работе Еңбектік құқық қатынастары