Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 20:04, реферат
Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы «Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттің саясаты».
Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі қоғамдағы кезден алынған өзекті мәселенің бірі-жұмыссыздық. Жұмысымның мәні, түрлері және халықтың, аймақтың саясаты, себептері, шаралары және пайда болуын толық қамтиды.
Кіріспе ...............................................................................................................3
І бөлім. Еңбек нарығы.
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік.............................................................4
1.2 Еңбек нарығының сигменті................................................................8
1.3 Еңбек нарығы – бұл бәсекелік нарық................................................9
ІІ бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары.
2.1 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы
концептуалдық бағыттар...................................................................11
2.2 Икемді (жұмсақ) нарық концепциясы мен жұмыспен
қамтудың контрактілік теориясы....................................................13
ІІІ бөлім. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтамасыз ету саясаты.
3.1 Еңбек биржасы және оның қызыметтері.........................................14
3.2 Жұмыспен қамту саясаты.................................................................17
3.3 Қазақстанның жұмыспен қамтамасыз ету шаралары.....................20
Қортынды.........................................................................................................
2.2 Икемді ( жұмсақ ) нарық концепциясы - ( Р. Буае, Г.Стэндинг ). ХХ ғасырдың 70 – ші жылдардың аяғында батыстағы дамыған елдердің экономикасында құрылымдық қайта құру жүргенде пайда болып тараған. Бұл концепция бойынша, еңбек нарығын реттеудің қажеті жоқ, жұмыспен қамтудың әдеттегідей емес, функционалдық, индивидуалданған және стандартты емес, жекелей ( толық емес ) жұмыспен қамту, толық емес жұмыс күні немесе аптасы, қысқа мерзімді контрактылар, жұмысты үйге берудің жұмсақтау ( икемділеу ) формаларына көшу қажет. Осындай шаралар экономиканың құрылымын қайта құруға жұмсалатын шығындарды төмендетуге тиісті.
Осыған жету жолдары:
* Жұмысқа жалдау ( босату ) мен жұмыс беру формаларын көбейту және икемді қылу;
* Жұмыс уақытын реттеу формаларының әр түрлерін пайдалану, нормаланбаған жұмыс тәртібінің икемді түрлерін пайдалану;
* Жалақыны реттеудің икемді, өзгермелі түрлерін қолдану;
* Жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың икемді әдістері мен формаларын, жұмысшы күшінің көлемін, құрылымын, сапасы мен бағасын еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ауытқуына үйлесімді болдыру.
Еңбек нарығының икемділігі концепциясы, қортындылап айтқанда, кәсіпкерлер мен жұмыскерлер арасындағы қатынас формаларының әр түрлерінің қалыптасуын талап етеді және ол жиынтық шығындарды рационалдауға, табыстардың жоғары болуына, нарықтың динамизмінің жоғары болуына бағытталады.
Жұмыспен қамтудың контрактілік теориясы ( М.Бейли, Д. Гордон, К. Азариадис ) неоклассикалық және кейнстік бағыттардың синтезіне негізделген концепция болып табылады. Осы авторлар, бір жағынан, кейнстік ақшалай жалақының қатал болу тезисін мақұлдап, еңбек нарығында үйлесімділігі баға арқылы емес, өндіріс және жұмыспен қамту көлемдеріндегі физикалық өзгерістер арқылы орнайды деп тұжырымдайды. Келесі жақтан, осы қаталдықтың өзін олар, өз мүддесіне сәйкес әрекет ететін индивидтердің оптималдықтандыратын тәртібімен байланыстырады.
Бұл
теорияның негізін
ІІІ Бөлім. Қазіргі
таңдағы Қазақстан
3.1 Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары ( тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі ) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастардың дамуына сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын қызыметтері өзгереді. Еңбек биржасы – бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы КСРО – да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай – еңбек нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың қажеттігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызыметі жұмыс істей бастады.
Еңбексіз елге сыймас.
Еңбек
биржаларының негізгі атқаратын
қызыметтері мыналар: еңбек
нарығындағы сұраным мен
ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды
есепке алу және бос
жұмыс орындарын тіркеу;
жұмысын ауыстыруға және
жұмысқа тұруға тілек білдіретін
адамдарға ақпараттар беру;
Жұмыс іздеп жүрген кадрларды
оқыту мен қайта дайындауды
ұйымдастыру; жастар арасында
кәсіптік бағдар беру жұмысын
жүргізу; адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін делдалдық
қызымет көрсету және жұмыссыздыққа
байланысты жәрдемақы тағайындау.
Мемлекет кәсіпорындар мен
ұйымдардың мүдделерін есепке
ала отырып, биржалар арқылы
еңбек нарығына әсер етеді.
Еңбек биржасы беретін
жұмысқа жолдама кәсіпкерлер
Қазіргі
еңбек биржасында, жұмыс
күшіне сұраным мен ұсыным
туралы мағұлматтар банкісі
болуы қажет. Осы бағытта
өнеркәсібі дамыған Батыс
елдердің тәжірибесін қолдануға
болады. АҚШ – та, мысалы,
аймақты және жергілікті
деңгейде жұмыс күшінің
электронды банкілері құрылған.
Онда жұмысқа орналасқан
кезде жоғары сапалы консультациялық
көмек көрсетіледі. Нәтижесінде
барлық мамандық топтарындағы
жұмыссыздардың 40 проценті бір
айдың ішінде жұмысқа орналасады.
Сондай – ақ жұмыссыздарды
қаржыландырудың жаңа бағдарламасы
ендірілген. Әсіресе, Вашингтон
штатында федералдық үкімет
тиісті білім, жұмыс тәжірибесі
бар және өз ісінің маманы
болғысы келген 400 жұмыссыз
адамға белгілі бір уақытқа
дейін мүмкіндік беріп,
алдын – ала жәрдемақы
төлейді. Бұның өзі, олардың
жұмыс жобасының
3.2 Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілідікке жол береді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырады. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілетті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырады. Және де, бұл қадырлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын.
Оның
есесіне жұмыскерге, белгілі
бір жұмыс орнына ие
болуға нақты кепілдік берілетін
және оны жұмыстан шығару
іс жүзінде мүмкін болмайды.
Соның нәтижесінде жұмыс
күшіне деген сұраным еркіндігі
мен ұсыным еркіндігі қатаң
шектеледі. Мемлекет жұмыскерлердің
белсенділігі мен қозғалысына
қатаң бақылау жасап отырады,
Кадрларды
тұрақтандыруда «жас маман»
институты, белгілі бір кезеңде
мерзімдік шартқа қол қою
сияқты тікелей әдістер, тікелей
жұмыс уақыты өтелгеннен
кейін пәтер беруге уәде
ету, бір кәсіпорында істеген
үзіліссіз жұмыс стажын
жоғалту қатері сияқты жанама
әдістер де қолданылады. Өздерінің
қабілетін толығырақ көрсетуге
және лайықты өмір қалпын
қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін жұмыс істеу
ұмтылысы – қалада төлқұжат
тәртібі түрінде, елде керісінше
колхозшыларға төлқұжат бермеу,
жұмыстан шығуға кедергі
жасау, пәтер алу қиындықтары
сияқты әкімшілік механизімі
кедергілеріне тірелетін. Бір
орында ұзақ уақыт жұмыс
істеу экономикалық тұрғыдан
да және әлеуметтік тұрғыдан
да ынталандырылады. Соның
нәтижесінде еңбекті
Мысалы,
американдықтар еңбек ететін
өмір бойына, орта есеппен 7,5
рет жұмыс ауыстырады.
Жапонияда, бір бөлегі өмірлік
жалдаумен қамтылған
Қазіргі жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі – кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да оңдай дайындық деңгейін талап етпейтін қызыметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.
Бұл
жағдайлар, қазірде нарықтық
экономикаға өту кезеңін
басынан кешіріп жатқан
біздің елімізге тән бола
бастады. Атап өту керек
– бұл процесс өте
шиеленісті жағдайда өтуде
мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің
нәтижесінде көп уклатты
экономика орнығуда, ал ол,
өз кезегінде мемлекеттік
секторда жұмыспен тұрақты
түрде қамтылған
3.3 Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары 1992 жылы 9,4 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы санының ( 17 миллион адам ) 55 процентін құрайды. Халық шаруашылығы қызыметінің барлық салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81 прценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындарының әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасу өте баяу жүріп жатқандығын әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарын терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады. Бұл ұғымдар туралы біз ненің түсінеміз.
Еңбекпен
толық қамту дегеніміз,
ол халық шаруашылығы көлемінде
Осы
уақытқа дейін, біздің елде
жұмыссыздық жоқ және бұны
өз ұлы жетістік деп
есептелді. 1991 жылы еңбекпен
қамту қызыметіне жұмыс
іздеп жүрген 185 мың
адам өтініші білдіріп оны
75 мың еңбек биржасын
арқылы жұмысқа орналысты.
Сол жылы бірінші 4 мың
адам жұмыссыз деп тіркелді,
оның 75 проценті әйелдер
болды. Ал 1992 жылы ресми
түрде, 70,5 мың адам жұмыссыз
деп тіркелді. Олардың 54
прценті жұмыссыздық бойынша
Болжаммен үстіміздегі жылдын аяғында қарай, Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250 - 500 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйрену қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткерлігін азайту үшін соңғы 30 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизм оның хұқтық негізінің жасауды, әр түлі мамандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың кең жүйесінің қолданудың қажет етеді. Осылармен бірге мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарының құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шаралардың жүзеге асыру қажет.
Жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оның төлеу мерзімі: АҚШ-та 26-34 апта бойына жалақын 50 процентін кейбір штаттарда 47 аптаға дейін; ( Жапонияда – жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткіштеріне қарай 3 – 12 ай бойына жалақын 60 – 80 процентін; Францияда – 1 – 2,5 жыл бойына жалақын 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк жәрдем – ақша; Ұлыбританияда – 52 апта бойына 28,5 фунд стерлинг құрады. Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысына ұстауп қалу есебіне арнаулы қорлар құру арқылы да жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша беріледі.