Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июля 2013 в 16:28, лекция
Бүгінгі күні еліміз халқының өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуде тиімді экономиканы құру және және де әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің ішінде Қазақстанның лайықты орынға ие болуы жоғары ұлттық басымдылық болып табылады.
1.1 Мұнай секторының маңызы және оның экономикалық жүйедегі орны
1.2 Саланы кешенді дамытудың ғылыми – әдістемелік мәселелері
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА МЕН МҰНАЙ СЕКТОРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТА ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Мұнай секторының маңызы және
оның экономикалық жүйедегі
Бүгінгі
күні еліміз халқының өмір сүруінің жоғары
деңгейін қамтамасыз етуде тиімді экономиканы
құру және және де әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің ішінде Қазақстанның
лайықты орынға ие болуы жоғары ұлттық
басымдылық болып табылады. Оны жүзеге
асыру үшін еліміздің дүниежүзілік
нарықта сұранысқа ие болып отырған
минералды-шикізат ресурстары, көптеген
дамушы елдермен салыстырғанда айтарлықтай
қарқынмен дамыған өндірістік-
Тұрақты
даму мәселелері жаһандық және аймақтық
болжаулармен байланысты көптеген зерттеулерде
орталық мәселе болуы әбден табиғи
нәрсе. Осыған орай ұзақ мерзімді болашақта
экономикалық өсудің тұрақты дамуы
мен шектеулерін қарастыру
Нарық жағдайында
өркениеттің дамуының жаңа парадигмасы
ретінде «тұрақты даму» ұғымы
бірінші рет 1992 жылы Рио –де-Жанейродағы
халықаралық конференцияда
Тұрақты
даму
Экологиялық қауіпсіздік, ресурстарды келешек ұрпақтарға сақтау
Тұрақты экономикалық өсу
Қоғамның әлеуметтік және саяси тұрақтылығы
Cурет 1. Тұрақты даму тұжырымдамасының негізгі бағыттары
1-ші суреттен тұрақты дамудың маңызды құрастырушысы ретінде экономикалық өсуді қарастыруға болатынын көреміз, сонымен бірге ол өндірісті қарапайым кеңейтуден ғана туған жоқ, ғылыми – техникалық прогреспен, ресурс үнемдейтін технологияны ендірумен байланысты. Мұндай тәсіл тұрақты дамуды қамтамасыз етудің басым факторы ретінде, әдетте тұрақты экономикалық өсу ұзақ мерзім бойы қарастырылады. Осы орайда адамның тіршілік әрекеті саласында құрастырушылардың бірде-бірі анықтаушы болмайтыны ақиқат. Сол немесе басқа сала уақыттың кез келген сәтінде басымдылыққа ие болады және қалған салалардың нысанының өзгеруін анықтай алады. Өйткені тұрақты экономикалық өсу уақыттың ұзақ кезеңі ішінде әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтаудың кепілі ретінде қарастырылады, яғни қоғам әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу үшін ресурстардың иелігінде болуының кепілі. Әрбір елдің тұрақты дамуы бойынша аталмыш даму траекториясына шығу үшін қандай себептер мен факторлар ең маңызды болатыны туралы өзінің түсінігі болады. Осыған орай, біздің көзқарасымыз бойынша, еліміздің бірсыпыра әлеуметтікғ мүмкіндіктері бар. Біріншіден, қоғамдық санада біз ұмтылған нарық экономикасының тұрпаты әлеуметтік бағдарланған нарық шаруашылығы қалыптасқан. Жиырмасыншы ғасырдың соңындағы нарық экономикасының өткен кезеңнің аталмыш экономикадан сапалы айырмашылығы бар екенін іс жүзінде барлық ел жете түсінді. Жаһандану үдерісі нарық экономикасының барлық элементтеріне жаңа сапа беріп, мәні мен рөліне елеулі түзетулер енгізді. Екіншіден, еліміздің дамуындағы мақсаттары мен оны жүзеге асырудың стратегиясын айқын сезінуімен үздіксіз байланысты. Республикада стратегиялық ұзақ мерзімді құжаттардың тұтастық жүйесі әзірленді, ол барлық экономикалық агенттердің шаруашылық қызметі үшін тек сандық және сапалық бағдарлар көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге мақсаттар мен міндеттердің сабақтастығын, оларды жүзеге асырудың тізбектілігін қамтамасыз етеді. Еліміздің тұрақты даму траекториясына шығу мен оны баянды ету үдерісі жеке түсінілетін және басқарылатын болуы тиіс. Мұнда мемлекеттік реттеу мен ұлттық жоспарлаудың рөлі өте маңызды. Үшіншіден, Қазақстанның жеткілікті табиғи-ресурстық әлуеті бар. [3]
Өндіріс
пен экспортқа бағытталған
Егер де атап айтатын болсақ, мұнай секторының осыншама жоғары деңгейдегі маңызы, ең кем дегенде, үш фактормен айқындалады: экономиканың перспективалы салалары салалары мен секторларының қарқынды және тиімді дамуының шикізаттық негізінжасау; азаматтардың еңбек ету және мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарта беру; республикамыздың экспорттық және жалпыэкономикалық әлуетін көбейту. Әлеуметтік-экономикалық жүйені тұтастай алып қарастыратын болсақ, оны жеделдете дамыту, сөйтіп замана ағымының алдыңғы қатарынан қалыспау міндеті де осы өнеркәсіптің жанжақты өркендеуінсіз орындалмайды. Ал, оның өркендеуіне негіз боларлық қордың үлкен көлемі елімізге бар екендігімен және осы жөнінде кейінірек әңгіме ететін боламыз.
Экономиканың басты саласы ретінде
мұнай өндіру және мұнай экспорты
маңызды болып саналады.Бұл
12000 |
12500 |
13000 |
13500 |
14000 |
14500 |
15000 |
15500 |
2010 |
2011 |
2012 |
X
Y
Сурет 2. Қазақстандағы мұнай өндіру мен тұтыну 2010-2012 ж
y-өндіру,x-тұтыну
Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика агенттігінің оперативті деректері бойынша 2012 жылы ЖІӨ-дегі мұнай-газ саласының үлесі 35%-ды, 2009 жылы 20,8 %-ды, ал 2008 жылғы ресми есеп бойынша - 21,8%-ды құрады.
Сурет 3. ҚР ЖІӨ-дегі мұнайдың үлесі
Деректер бойынша 2013 жылғы қаңтардағы ЖІӨ өсу қарқыны 4%-ды құрады, ол жоспарланған жылдық деңгейден 2%-ға төмен. Сонымен қатар, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің бағалауынша, 2013 жылы экономиканың өсуі әлдеқайда тұрақты болуы тиіс. Кейбір салалардағы төмен базаны және мұнай өндірісі көлемінің күтілетін өсуін ескере отырып,министрлік ағымдағы жылы ЖІӨ өсуін
6% деңгейде жоспарлап отыр.
2012 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 2011 жылға қарағанда 79,2 млн.тонна немесе 98,9 % құрады.
Қазақстанның мұнай өндірісін жыл сайын айтарлықтай ұлғайту үшін қолданыстағы Қарашығанақ, Теңіз және Каспий теңізі айлағының қазақстандық секторын (КТҚС) барлауға бағытталған басқа да өзекті ірі жобалар бар, сондай-ақ әлемдегі аса ірі кенорындардың бірі Қашаған игерілуге дайындық үстінде.
2012 жылдың
қорытындысы бойынша отандық
3 МӨЗ-де шикі мұнай өндіру
- 2853,8 мың тонна (103,5 %) - бензин;
- 4128,9 мың тонна (101,6 %) - дизель отыны;
- 3573,3 мың тонна (97,6 %) - мазут;
- 421,1 мың тонна (108,8 %) – авиакеросин өндірілді.
Осылайша, ҚР МӨЗ-да мұнай өңдеу және ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіштері 2011 жылдың көрсеткіштерінен жоғары.
Мазут өндірісінің бәсеңдеуі ашық түсті мұнай өнімдерін өндірудің артуына байланысты.
Әлеуметтік бағдарламаларды орындау шеңберінде Министрлік ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін арзандатылған дизель отынын жеткізуді қамтамасыз етті, сөйтіп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тоннасына бағасы 86700 теңге (литріне 72,0 теңге) 360,0 мың тонна дизель отыны бөлінген, ал күзгі дала жұмыстарын жүргізуге тоннасына бағасы 85365 теңге (литріне 70,0 теңге) 410,0 мың тонна дизель отыны бөлінген.
Осылайша, 2012 жылғы дала жұмыстарын жүргізу үшін АШТӨ-ң атына арзандатылған 770,0 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл ретте дизель отынының 1 литріне деген бағам бөлшек саудадағы бағамдардан 20 пайызға төмен болды.
Сонымен қатар, республикадағы әлеуметтік маңызы зор нысандар мен мекемелерді арзандатылған мазутпен қамтамасыз ету мақсатында «2012-2013 жылдары жылу беру маусымы кезеңінде облыстарды және Астана мен Алматы қалаларын мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі ресурс иеленушілеріне бекіту кестесі» бекітілді.
Сөйтіп, 2012-2013 жылдары жылу беру маусымында Министрлік облыстарға тоннасына 32670 теңгеден аспайтындай бағамен (нарықтық бағамы тоннасына 64500-69750 теңге болғанда) 463,5 мың тонна мазут бөлді.
Өтпелі кезеңде экономика дамуын басқарудың мемлекеттік құрылымы мен нарықтық рөлі туралы әр түрлі пікірлердің болуына қарамастан, тұтастай алғанда республиканың мұнайгаз саласы және оның аймақтық-өнеркісіптік торабы бағдарламалық-мақсатты жоспарлаудың нысаны болуы керектігі бірденөбір белгілі жайт. Мұнайгаз саласын алыптастыру үрдісінде жер қойнауы ресурстарын игерудің жаңа аймағын кұру; республиканың экономикалық ерекше мәні бар проблемалары мен әлеуметтік дамудың қажеттігін шешу; халық шаруашылығының материалдық - өндірістік базасының сандық және сапалық өзгерісін анықтаудағы міндеттерін шешу; сонымен бірге оның құрылымы мен орналасуы маңызды көзқарас туғызатынын айта кету орынды.
Қазақстанның мұнайгаз саласы
ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығының соңына
дейін қазақстандық экономиканы
әлемдік қоғамдастықтың алғы шебіне
шығара алатыны және республика халқының
өмірінің барлық салаларын түбегейлі
өзгеруіне қол жеткузіде