Бизнестің жол картасы-2020

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:12, контрольная работа

Краткое описание

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы ( одан әрі - Бағдарлама ) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизм дерінің бірі болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бизнестің жол картасы.doc

— 133.00 Кб (Скачать документ)

Қандай  жағдайда жаңа жобалар бойынша субсидиялау  тоқтатылуы мүмкін?

 

Қаржы агенті:

субсидияланатын кредиттің  мақсатсыз пайдаланылуы ;

Кәсіпкердің Банктік  қарыз шартына сәйкес төлем кестесіне сай Банк алдындағы төлемдерін төлеу жөніндегі міндеттемелерін 3 ( үш ) ай бойы орындамау фактілері анықталған жағдайда, Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтататуға құқығы бар .

 

С убсиди ялауды тоқтату  Кәсіпкер Банк алдындағы кредитін мерзімінен бұрын және толығымен өтеген жағдайда тоқтатылады, сондай - ақ, ЖАО немесе «Даму» қоры берген өтініш/хабарлама негізінде ЭДСМ - мен келісілген АҮК шешіміне сай тоқтатылады.

«Бизнестің  жол картасы – 2020» Бағдарламасының  бірінші бағыты: «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» аясында ішінара кепілдік алу шарттары қандай ?

 

Кепілдік беру ішінара  болып табылады және кепілдік шарты  кредит сомасының 50% аспауы шарт , яғни бір Өтініш берушіге 1,5 млрд те ң  ге ден аспайтындай болуы қажет . Қор кепілдігін беру Өтініш берушінің кредит шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуының қамтамасыз етілуі жөнінде Қор , Банк және Өтініш беруші арасында үшжақты Кепілдік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады. « Жаңа бизнес бастамаларды қолдау » атты Бағдарламаның бірінші бағыты аясында Банктер беретін кредит бойынша ішінара кепілдік берудің басты шарттарына мыналар жатады :

 

1. И нвестици ялық  жобаларды іске асыру үшін  және өндірісті жаңғыртуға және  ұлғайтуға бағытталған жобалар  бойынша жаңа кредиттер сегменті ;

 

2. Кепілдік берілетін кредит сомасы – Кәсіпкердің жекелеген әр Жобасы үшін 3 млрд те ң ге ден аспауға тиіс. Бұл жерде кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/ компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің/Кәсіпкердің жеке Жобасына берілген негізгі қарыз бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, Кәсіпкер ішінара кепілдендіру түріндегі мемлекеттік қолдауды 3 млрд. теңгелік бір Жобасына ғана алуға құқылы.

 

3. Кепілдік беру мерзімі  10 жылдан аспауы тиіс;

 

4. Өз қаражатымен қатысу – Кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15%-нан төмен емес мөлшерде ақшалай немесе 25%-нан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс;

 

5.Кепілдік мөлшері  кредит сомасының 50% аспауы тиіс.

Қандай  кәсіпорындар кредит бойынша кепілдік ала алмайды ?

 

Қазақстан Республик  асы Үкіметінің 31.12.2008 ж . № 1344 Қаулысына  сәйкес мониторинг жүргізілуі тиіс ірі  салық төлеушілер Тізбесіне енгізілген минералды шикізаттарды өңдеумен айналысатын  металлурги я сектор ы кәсіпорындарының Жобаларына; акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін Жобаларға; субсидияланатын ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді көздейтін Жобаларға қаржы ұйымдары беретін кредиттерге кепілдік берілмейді.

Кредитке  кепілдік беру кезінде артықшылық кімдерге беріледі?

 

Бағдарламаға қатысу үшін Кәсіпкер өз қызметін Бағдарламада анықталған экономика секторларының  бірінде жүзеге асыруы тиіс. Жобаларды  Аймақтық үйлестіру кеңесі қарастырған  кезде әрбір аймақ үшін экономиканың басым секторларына және жергілікті даму бағдарламаларына сәйкес, аймақ үшін мейлінше маңызды болып табылатын жобаларға артықшылық берілетін болады.

Ішінара кепілдік алудың шарттары қандай?

Ішінара кепілдік тек  жаңа кредиттерге ғана беріледі .

К редит тің нысаналы мақсаты – негізгі қор сатып алу және/немесе жаңғырту , соның өзінде кредит сомасының 20% айналым қаражатын толықтыруға жіберілуі мүмкін .

Егер кәсіпкер жаңа кредитке ішінара кепілдік алғысы келетін  болса, онда ол мынадай әрекет жасауы тиіс:

 

1. Кәсіпкер қаржыландыру туралы шешім қабылдайтын Банкке өтініш жасайды, одан кейін қажетті кепілдік сомасын көрсете отырып, Кәсіпкерге тиісті хат ұсынылады;

 

2. Кәсіпкер Банк хатын  бірге қосып, жергілікті деңгейдегі  Жергілікті атқару органына ( ЖАО  ) өтініш жасайды ;

 

3. ЖАО жобаны Аймақтық үйлестіру кеңесінің ( АҮК ) қарауына шығарады;

 

4. АҮК кепілдік беру  мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

 

5. ЖАО мақұлданған  жобалар тізбесін «Даму» Қорына  және Банктерге жолдайды;

 

6. ЖАО Кәсіпкерді хабардар  етеді; 

 

7. Кәсіпкер АҮК-нің жобаны қарастыру нәтижесі туралы хабарламасын алғаннан кейін толық құжат пакетін Банкке тапсырады;

 

8. Банк қажетті құжаттарды  кепілдік беру мүмкіндігін қарастыруы  үшін, «Даму» Қорына тапсырады; 

 

9. «Даму»Қоры оңтайлы  шешім қабылдаған жағдайда, Қор  Банкке кепілдік беру алдындағы хатын жолдайды;

 

10. Банк, «Даму» және  Кәсіпкер Кредит шартын жасасқаннан  кейін кепілдік шартына қолдарын  қояды; 

 

11. Жергілікті деңгейдегі  ЖАО Қаржы агентінің функцияларын  жүзеге асыру туралы «Даму»  Қорымен жасалынған шарт аясында «Даму» Қорына төлемді жасайды.

«Бизнестің  жол картасы – 2020» бағдарламасының  екінші бағыты бойынша «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» дегеніміз нені білдіреді және субсидияны қаржылай сауықтыру аясында алу шарттары қандай?

 

Қаржылық сауықтыру  « Бизнестің жол картасы - 2020 » Бағдарламасының екінші бағыты болып табылады, оған сәйкес, қолданыстағы кредит бойынша сыйақы ставкасының жылдық мөлшерлемесі 12%-дан аспауы керек, осы мөлшерлеменің 5%-ын мемлекет субсидиялайтын болады, қалған бөлігін борышкер-Кәсіпкердің өзі төлейді. «Даму» Қоры осы шығыстарды мемлекет қаражаты есебінен айсайын тікелей Банкке аударып отырады. Бұдан бөлек, борышкер-Кәсіпкер салық берешегін (жеке табыс салығынан бөлек) өтеу бойынша мерзімін шегеруге өтінім бере алады. Ол сонымен қатар қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары аясында жоспарға енгізілген, оның ішінде Қазақстан Қор биржасындағы облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектеріне қатысты өзге іс-шаралар бойынша да қолдау ала алады.

 

Екінші бағыт шеңберінде борышкер-Кәсіпкерлер мынадай бағдарламаларға қатыса алады:

 

• Бір кредит желісі аясында бұрыннан бар және жаңа берешек бойынша  пайыздық ставканың бір бөлігін  субсидиялау;

 

• Төлемақы өсімін есептеместен 3 жыл  мерзімге дейін салық төлемі бойынша  берешегін (жеке табыс салығынан бөлек) шегеру;

 

• Қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары  аясындағы өзге іс-шаралар.

Бағдарламаға  қатысушылар кімдер ?

Тұрақтандыру және Дағдарысқа қарсы  бағдарламалар аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алған борышкер-Кәсіпкерлер ;

экономик аның сектор ларында жұмыс  істеп жүрген (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына  сәйкес ( одан әрі – Э ҚЖС ) борышкер-Кәсіпкерлер  Бағдарламаның қатысушылары бола алады.

 

М инерал дық шикізат  өңдеуші металлурги я өнеркәсібінің кәсіпорындары, сонымен қатар қаржы –экономикалық ахуалдары және кредиттері бойынша толық ақпарат беруге келіспейтін кәсіпорындар , сондай-ақ қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын өз кредито рларымен келіспеген кәсіпкерлер жобаға қатыса алмайды . Екінші бағыттың басты шарты қарыз алушы өзі кредит алған банкпен немесе бірнеше банктермен тіл табысуы тиіс . Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығы жанынан орын алған берешек туралы толық ақпаратты және қаржы - экономикалық сауықтыру жоспарын тапсыратын К редитор лар комитет і құрылады. Жоспарды кредитор лармен келіскеннен кейін борышкер - Кәсіпкердің құжаттары «Даму» Қорына жіберіледі , оның негізінде Қор ЭДСМ - ге ұсынылатын ұсыныс әзірлейді , олар өз кезегінде ұсыныстар негізінде құжаттарды екінші бағыт бойынша «Бизнестің жол картасына» кіретін борышкер - Кәсіпкерлердің жобасын іріктеуді жүзеге асырушы Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комисси яның қарауына жібереді . Мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдау жөніндегі ақырғы шешімді Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комисси я қабылдайды .

Қаржылық  сауықтыру үшін кәсіпорындардан  қанша өтінім келіп түсті? Сала бойынша  қалай бөлінеді?

 

Қазіргі күнге банктер  екінші бағытқа (қаржылық сауықтыру) сай  келетін борышкер-Кәсіпкерлерден өтінім жинауда. Қаржылық сауықтыруға ұсынылған Жобалар саны туралы толық ақпарат 2010 жылдың соңына қарай белгілі болады. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша қолдауға жобаларын агроөндіріс кешенінде, жеңіл өнеркәсіпте және жиһаз өндіруде, құрылыс материалдары мен металл емес өзге өнім өндіруде, химия және фармацевтика өнеркәсібінде, тамақ өнеркәсібінде, машина және жабдықтар өндіруде іске асырып жүрген борышкер-Кәсіпкерлер ғана ие бола алады. Бұдан бөлек өнеркәсіптің өзге секторларында: электрмен жабдықтау; суды өңдеу және тарату; көлік, туризм, ақпарат және байланыс салаларында қызмет көрсетіп жүрген кәсіпорындар, білім, денсаулық және әлеуметтік қызмет саласында ғылыми-техникалық қызметпен кәсіби түрде айналысып жүрген кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілетін болады.

«Бизнестің  жол картасы- 2020» бағдарламасына қатысушы компани ялардың ішінен қанша кәсіпорындар қаржылай қолдауды қажет етіп отыр ?

 

Бүгінде өңдеуші өнеркәсіптің несие портфелі 1 023 млрд те ң ге ні құрап отыр . Оның кредит бойынша  мерзімі өткен берешегі 144 млрд теңге сома, немесе портфельдің 13%. Егер субсиди ялануы тиіс қарыз сомасы 3 млрд теңгені құрайтын болса, онда Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының саны Қазақстанда 110 жоба болмақ . Жалпы алғанда, Бағдарламаға осы бағыт бойынша 16 млрд теңге бөлініп отыр және 320 млрд теңгені құрайтын портфель дің субсидиялануы жоспарланып отыр . Субсидиялау мемкомиссия шешім қабылдаған кезден басталатынын ескерсек, бұл портфель екі есеге өсуі мүмкін, себебі кәсіпорындарды 2010 жылдың 1-шілдесінен бастап Бағдарламаға енгізу жоспарланып отыр.

Кандидатты  бекіту кезеңінен тікелей қаржылай көмек /преференция алғанға дейін  қанша уақыт қажет?

 

Кандидат субсидия алу  үшін екінші бағыт бойынша Кредиторлар  комитетіне өтініш ететін және Кредиторлар  комитетімен келісу кезеңін өтетін болғандықтан, құжаттарды «Даму» Қорының ЭДСМ-не ұсынуы және мемкомиссияның субсидия беру мүмкіндігін қарастыруын қоса алғанда 2 айдай уақыт кетеді. Алайда, кредитор лық берешек сомасы өтінімді К редитор лар к омитет іне берген кездегі күйімен тіркеледі және субсидия кандидаттың Банкпен келісілген өтінімін К редитор лар комитетiне берген кезден бастап есептелінеді .

Қаржылық сауықтыру аясында басымдық тәртіппен қандай жобаларға субсидия беріледі, және кредит бойынша мерзімін тым ұзартып алған кәсіпкер көмек ала алады ма?

 

Субсидиялау Банктердің (мақұлдау кезінде) бұрынғы кредиттері және жаңа берешек бойынша экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын Жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын қолданыстағы кредит желісі аясында  ғана жүзеге асырылады. Өтінімді қаржылық сауықтыру аясында 2010 жылы ғана беруге болады.

 

Мынадай кредиттер:

акцизделетін тауарлар шығаруды қарастыратын Жобаларға берілген;

тікелей кредитор - Мемлекеттік  даму институттары болып табылатын  кредиттер бойынша ;

қаржы институттарының  ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге  берілген с убсиди яланатын кредиттері с убсиди ялануға жатпайды .

 

Мына Борышкер-кәсіпкерлер :

м инерал дық шикізат  өңдеуші металлурги я өнеркәсібінің  және ірі салық төлеушілер Тізбесіне  енгізілген ;

қаржы –экономикалық  ахуалдары және кредиттері мен өзге берешектері бойынша толық ақпарат  беруге келіспеген;

Сауықтыру жоспарын К  редито рлар к омитет імен келіспеген кәсіпкерлер с убсиди ялануға  жатпайды .

 

А ктив тер , шартты міндеттер  сыныптамасы және провизи я құру (резерв) Ережелеріне сәйкес сыныпталған қолданыстағы кез-келген :

стандарт ты ;

1 - санаттағы күмәнді  ;

2 -санаттағы күмәнді  ;

3 -санаттағы күмәнді  ;

4 -санаттағы күмәнді  ;

5- санаттағы күмәнді  ;

сенімсіз қарыз деп  есептелген қарыздар да субсидияланады .

Қаржылық  сауықтыру аясында субсидияланатын  кредит сомасы қанша?

 

Бір Кәсіпкер үшін с убсиди яланатын кредит сомасы бір жоба шеңберінде 3 млрд те ң ге ден аспауы тиіс . Бұл  жерде кредит сомасы, Кәсіпкермен  үлестес тұлғалар/ компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, борышкер-Кәсіпкердің екінші бағыт бойынша қатыстырылуы туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайтын болады.

Сыйақы  ставкасының қандай бөлігі қаржылық сауықтыру аясында мемлекет тарапынан субсидияланады?

 

Кредит бойынша сыйақының  номиналды ставкасы жылдығы 12%-дан  аспайтын кредиттер ғана субсидияланады, оның:

7%- дан аспайтын бөлігін  борышкер-Кәсіпкер төлейді ;

ал 5% - ын мемлекет өтейді .

 

Сонымен қатар, Банк:

кредиттеу шарттарының  Борышкер-кәсіпкердің бастамашылығымен өзгеруіне байланысты ;

Борышкер-кәсіпкердің  кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комисси  я , алымдар және/немесе өзге төлемдерден  басқа, кредитке байланысты ешқандай комиссия, алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды .

Кәсіпкерлер қаржылық сауықтыру аясында субсидия алу үшін қайда өтініш жасаулары  қажет?

 

Борышкер-кәсіпкер ең көп  берешегі бар Банк ке (е гер Борышкер-кәсіпкердің  бірнеше К редитор банктерде бірдей берешегі бар болатын болса, онда ол өз қалауы бойынша солардың біреуіне өтініш жасайды ):

Борышкерге төлемақы өсімін есептеместен бюджетке салық  төлеу және өзге міндетті төлемдер ( егер осындай төлемдері бар болса ) (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) бойынша мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінімін ;

Даму және қайта құрудың  басты бағыттары ( оның ішінде болжамды ұйымдық және құрылымдық өзгерістер , ақшалай түсімді көбейту әдістері мен әрекеттері , ұйымдардың шығындарын қысқарту , ұсынылып отырған өзгертулер / қайтақұрылымдаудың болжамды жүзеге асырылу мерзімдері және т.б. ), жобаланып отырған өндірістік бағдарлама ( егер бар болса ), қаржы жоспары (инвестиция қажеттілігі және қаржыландыру көздерін қалыптастыру және т.б. ) және т.с.с. тұратын үш жылға арналған сауықтыру жоспарын сауықтыру өтініміне бірге қосып, өтініш жасайды.

Субсидия  Борышкерлерге қандай мерзімге беріледі?

 

Субсиди ялау мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс .

Қандай  жағдайда қаржылық сауықтыру аясында субсидиялау тоқтатылуы мүмкін?

 

Мемлекеттік комиссия субсиди  ялауды тоқтату және жаңарту туралы ақырғы шешімді Қаржы агент і  мен Қазақстан Қаржыгерлері Қауымдастығы ( ҚҚҚ) жанынан құрылған Уәкілетті  органның өтініші негізінде ғана қабылдайды.

Информация о работе Бизнестің жол картасы-2020