Бизнестің жол картасы-2020

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:12, контрольная работа

Краткое описание

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы ( одан әрі - Бағдарлама ) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизм дерінің бірі болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бизнестің жол картасы.doc

— 133.00 Кб (Скачать документ)

«Бизнестің  жол картасы-2020» бағдарламасы туралы сұрақтар - жауаптар

«Бизнестің  жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?

 

«Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарламасы ( одан әрі - Бағдарлама ) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизм дерінің бірі болып табылады.

 

Бағдарламаның мақсаты  экономиканың шикізаттық емес секторларындағы  өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты  және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарламаның іске асырылуына қанша уақыт қажет?

 

Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

1- ші кезең - 2010 - 2014 жылдар аралығында.

Яғни, 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес- бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011–2014 жж . міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау , шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады .

2- ші кезең – 2015 - 2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды  қолдау , шетелге тауар шығарушыларды  қолдау сияқты екі бағыт бойынша  іске асырылатын болады.

 

Жобаларды іріктеу кезінде қандай саладағы кәсіпорын қызметіне басымдық берілетін  болады ?

 

«Бизнес жол картасы  – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар  үшін экономиканың басым секторлары :

Агро өнеркәсіп кешені ;

кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техни калық қызметтер * ;

жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару ;

құрылыс материал дары мен  металл емес өзге минерал ды өнімдер  өндіру ;

металлургия, метал лөңдеу , машин а жасау ;

өзге өнеркәсіп секторлары ( оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару ; электр мен жабдықтау , газ , бу беру және ауа сорғызу ; су жинау, өңдеу және тарату ; канализаци я жүйесі ; қалдықтарды жинау , өңдеу және тазарту , қалдықтарды іске жарату ; қалдықтарды жою саласында қайта культивация лау )

көлік және қойма қызметі ;

туризм;

ақпарат және байланыс ;

кәсіби , ғылыми және техни  калық қызмет ;

білім ;

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ;

өнер , көңіл көтеру және демалыс ;

қызметтің өзге түрлерін ( компьютер лерді , жеке пайдалану  заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын ) ұсыну.

 

* Осы техни калық  қызмет түріне сыйақы үшін  немесе шарт негізінде ұсынылатын  тау-кен өндірісі өнеркәсібіне  ілесіп жүретін мамандандырылған  көмек жатады. О ған :

 

- руд а үлгілерін  өндіру және геологи ялық зерттеулер  жүргізу сияқты барлау жұмысының дәстүрлі әдістерін қолдана отырып, кен іздеу-барлау жұмыстары;

 

- ұңғыма және б ұрғылау  жұмыстарын игеру, мұнай ұңғымаларын  бұрғылау сынағы немесе қайтадан  бұрғылау ,

 

- металл және металл  емес минерал дар өндіру ,

 

- мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау жөніндегі өзге қызметтер және олардың негізін құру жұмыстары , мұнай–газ ұңғымаларын цементтеу , тау жыныстарын алу , ұңғымалардан суды тартып шығару және оларды сваб арқылы шығарып алу , дренаж және суды насостармен шығарып алу , тау жыныстарын тазарту және т.с.с. қызметтер жатады .

 

Мынадай техни калық  қызметтерге :

 

- оператор лардың мұнай  және газ өндіру орындарындағы  қызметі ,

 

- тау-кен өндірісі  техник асына мамандандырылған  жөндеу жұмысы ,

 

- өндіру орындарынан  тыс жерде жүзеге асырылатын табиғи газды тасымалдау мақсатында , оны сұйық ету және газсыздандыру,

 

- геофизикалық, геологиялық  және сейсмикалық зерттеулер,

 

-кенішті немесе жерасты  өндіру орындарын келісім-шарт  негізінде басқару, 

 

- келісім-шарт негізінде геофизикалық зерттеулер сияқты қызмет түрлері жатпайды.

 

Толық ақпарат Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының (ГК РК 03-2007) 9- бөлімінде берілген.

 

Кәсіпкерлерді «Бизнес жол картасы – 2020»  бағдарламасы бойынша қолдау қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады?

 

Бағдарламаның іске асырылуы:

 

1. жаңа бизнес-бастамаларын  қолдау;

 

2. кәсіпкерлік секторды  сауықтыру; 

 

3. өнімді шетке шығаруға  бағдарланған өндірістерді қолдау  сияқты үш бағыт бойынша жүзеге  асырылады. 

 

Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден :

 

1) жобаларды іске асыру  үшін Банк кредиттері бойынша  пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін  субсидиялау; 

 

2) жобаларды іске асыруға  бағытталған банк кредиттері  бойынша ішінара кепілдік беру;

 

3) өндірістік (индустриалдық)  инфрақұрылымды дамыту;

 

4) бизнесті жүргізуде  сервистік қолдау көрсету; 

 

5) кадр дайындау, жастар  тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс  орындарын құру (компонент 2011 жылдан  бастап енгізіледі) сияқты қызметтен  тұрады.

 

Екінші бағыт аясында  –кәсіпкерлік секторын жақсарту –  мынадай қолдау көрсетіледі:

 

1) Борышкердің Банктерден  бұрын алған кредиті (мақұлдау  кезінде) және жоба мақұлданғаннан  кейін туындайтын бір кредит  желісі аясындағы жаңа берешегінің  пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

 

2) Борышкерге өсімпұлын  есептеместен бюджет алдындағы  (мекеме ұстап қалатын жеке  табыс салығынан бөлек) салық  берешегін өтеу мерзімін кейінге  шегеру;

 

3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық  жағынан сауықтыру жоспары аясында  жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.

 

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа  шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған .

 

Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алынған кредиттер бойынша  пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін  субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.

Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз нені білдіреді  және де жаңа жобаларды іске асырушы  кәсіпкерлер қандай қолдауға иек артады?

 

Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз жаңа жобаларды  іске асырушы немесе жаңа жобаларды  іске асыруды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған  жобаларды қолдауды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге жеңілдік көмек көрсетілуін қарастыратын шаралар кешені. Егер кәсіпкер осы анықтамаларға сай келетін болса, онда ол мынадай:

кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау*;

кредит бойынша ішінара  кепілдік беру *;

өндірістік (индустриал дық ) инфра құрылымды дамыту ;

бизнес жүргізуге сервистік  қолдау көрсетілу ;

кадр дайындауға , жастар іс-тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс  орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап ) сияқты көмек түрлеріне қол жеткізе  алады.

 

* Кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау Бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша жүзеге асырылады .

 

* Кредит бойынша ішінара  кепілдік беру тек бірінші  бағыт бойынша – жаңа бизнес-бастамаларды  қолдау , яғни жаңа кредит алған  кезде ғана жүзеге асырылады  .

Жаңа жобалар бойынша субсидия алу шарттары қандай ?

 

«Жол картасы » аясындағы  субсидия дегеніміз бұл бюджет тен  өтеусіз негізде берілетін несие  бойынша сыйақының бөлігі . Субсиди  ялау Банк тердің жаңа инвестици ялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа кредиттері бойынша , сонымен қатар экономик аның басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған қолданыстағы жобалар бойынша жүзеге асырылатын болады .

 

Жаңа кредит терге  Банктерден жаңа инвестици ялық жобаларды, сонымен қатар экономик аның басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін 2010 жылғы 1-қаңтардан бастап берілген кредиттер де жатады .

Жаңа жобалар  бойынша субсидия қанша уақытқа  беріледі?

 

Жаңа жобалар бойынша  субсиди ялау мерзімі 1 ( бір ) жылдан 3 ( үш ) жылға дейін , кейіннен 10 ( он ) жылға дейін ұзартылуы мүмкін .

Жаңа жобаларға  субсидия берілген жағдайда, кредиттің  ең көп сомасы қанша ?

 

Бір Кәсіпкер үшін с убсиди яланатын кредит сомасы бір жоба шеңберінде 3 млрд те ң ге ден аспауы тиіс . Бұл жерде кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/ компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің/Кәсіпкердің жеке жобасына берілген негізгі қарыз бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, Кәсіпкер субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды 3 млрд. теңгелік бір жобасына ғана алуға құқылы.

Пайыздар  төлемі бойынша шығыстардың қандай бөлігі мемлекет тарапынан өтеледі?

 

2010 жылы жылдық номиналды  ставкасы 12%-дан аспайтын кредиттерге субсидия бөлінеді, оның 7% -дан аспайтындай мөлшерін Кәсіпкер төлейді, ал 5%-н мемлекет өтейді. Кредит бойынша сыйақының жылдық номиналды ставкасы 12%-дан төмен болған жағдайда, 5%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын Кәсіпкер төлейді.

 

Кәсіпкер сыйақының жылдық номиналды ставкасын 12%-ға дейін төмендету жөнінде Банкпен келіскен жағдайда ғана 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап жылдығы 12%-дан жоғары мөлшерлеме бойынша берілген қолданыстағы кредиттер үшін субсидия алуына болады.

Субсидиялау кезінде Банк қандай комиссия және алым өндіріп алады ?

 

Банк субсидиялау кезінде  кредитке байланысты ешқандай комисси  я , алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп  алмайды. Тек :

кредиттеу шарттарының  Кәсіпкердің бастамашылығымен өзгеруіне  байланысты ;

кәсіпкердің кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комиссия , алымдар және/немесе өзге төлемдерден басқа.

Кәсіпкер  жобаға өз қаражатымен қатысуы тиіс пе және қандай мөлшерде қатысуы тиіс ?

 

Кәсіпкер жобаның жалпы  іске асырылу құнының 15%-нан төмен  болмайтын деңгейде өз қаражатымен (ақшалай) немесе 25%- нан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Егер жаңа жобаға кредит берілетін болса, онда Кәсіпкер субсидия алуы үшін қайда  өтініш жасауы қажет ?

 

Субсидия беру м еханизм і мынадай кезеңдерден тұрады :

Кәсіпкер жаңа кредит алу үшін немесе қолданыстағы кредит бойынша субсидия алу ниеті туралы және де субсиди ялау мақұлданған  жағдайда кредит сыйақысының мөлшерлемесін  төмендету туралы банкке өтініш жасайды ;

Банк кредит беру / кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету  туралы оң шешім шығарған жағдайда, Кәсіпкер жергілікті деңгейдегі жергілікті атқару органына ( ЖАО ) яғни Үйлестірушіге ( Әкімдік жанындағы кәсіпкерлік  және өнеркәсіп басқармасына ) өтініш етеді;

ЖАО барлық құжат пен  ақпаратты алған кезден бастап 10 ( он ) жұмыс күні ішінде жобаны Аймақтық үйлестіру кеңесінің ( АҮК ) қарастыруына шығарады.

АҮК субсиди ялаудың  мүмкіндігі ( мүмкін еместігі ) туралы шешім қабылдайды, сосын АҮК отырысы  өткізілген күннен бастап, 2 ( екі ) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделінеді , және хаттамада жобасы мақұлданбаған жекелеген Кәсіпкерлердің қатыстырылмау себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс ;

ЖАО АҮК хаттамасы  әзірленгеннен кейін мақұлданған  жобалар тізбесін 2 ( екі ) жұмыс күні ішінде :

 

- Қазақстан Республикасы  Экономикалық даму және сауда  министрлігіне – ЭДС М -ге ( мақұлданған жобалардың Бағдарламаның  критери йлеріне сәйкестігін  тексеру үшін );

 

- Банк терге және  «Даму» Қорына ( Кәсіпкермен С  убсиди ялау шартын жасасу жөніндегі дайындық іс-шараларын өткізу үшін) жібереді ;

ЭДСМ АҮК хаттамасы  мен Кәсіпкерлер бойынша ( мақұлданған / бас тартылған ) құжаттар пакетін  алған соң жекелеген жобаларды  бекітеді я болмаса оларды құптамайды және қабылданған шешімді ЖАО назарларына жеткізеді ;

Жергілікті деңгейдегі ЖАО Кәсіпкер жобасының бекітілгені  жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде барлық Кәсіпкерлерді  қабылданған шешім туралы хабардар етеді;

Банк Кәсіпкер жобасының  бекітілгені жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін Банк пен Кәсіпкер және «Даму» қоры арасында үшжақты субсидиялау Шарты жасалынады;

Жергілікті деңгейдегі ЖАО ЭДСМ-нен келісім хатын  алған соң «Даму» Қорына 2010 жылы Бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген қаражаттың 30%-ы мөлшеріндегі соманы аударады. Одан кейінгі аударымдар төлемдердің келісілген кестесі бойынша жүзеге асырылады;

Банк бекітілген субсидиялау  Шарттары бойынша субсидия сомасын  аудару үшін «Даму» Қорына жаңа есеп шот  ашады. Банк «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан субсидия сомасын есептен шығарып отырады;

Субсидиялауға қарастырылған  қаражатты «Даму» Қоры Банктегі жаңа есеп шотқа тоқсан сайын алдын  ала төлем түрінде келер тоқсан басталғанға дейін аударып отырады;

Кәсіпкер субсидияланбайтын  сыйақының бөлігін Банкке банктік қарыз Шартында көрсетілген кестеге сәйкес төлеп отырады;

Кәсіпкер сыйақы ставкасының  субсидияланбайтын бөлігін төлеген  соң Банк Кәсіпкердің субсидияланатын  сыйақы ставкасының бөлігін жабу үшін «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан  субсидияланатын соманы есептен шығарады.

Егер Кәсіпкер өзінің кредиті бойынша төлемдерін, оның ішінде субсидияланбайтын сыйақы ставкасының  бөлігін төлеуді кешіктірсе, Банк «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан  Кәсіпкер қарызын төлегенге дейін  қаражат алмайды, және бұл туралы «Даму» Қорын құлағдар етеді (субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданбаған жағдайда).

Информация о работе Бизнестің жол картасы-2020