Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 11:17, курсовая работа
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі де осында.
Зерттеудің нысаны. Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибені зерттей, талдай отырып, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-5
I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері .6-13
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептік-кешендік факторлары . . . .13-19
1.3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . .19-29
II ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ТӘЖІРИБЕ
2.1 Шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .30-36
2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37-41
2.3 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы . . . . 42-44
2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45-51
III СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛДАР
3.1 БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52-56
3.2 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57-62
3.3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .63-65
3.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70-73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .74-79
Конвенцияның заңды
тұлғалардың жауапкершілігі
Сыбайлас жемқорлық
үшін қылмыстық жауапкершілік туралы
Конвенцияның маңыздылығына қарамастан,
жемқорлыққа қарсы күрестің қылмыстық-құқықтық
сипаттағы шаралар тізбегі жемқ
Г.Б. Ханның тұжырымдамасына тоқталсақ, жазалау, репрессия шаралары қоғам үшін материалдық және адамгершілік тұрғысынан алғанда өте қымбатқа түседі, өйткені қылмыстық жаза құқықтық бұзушылықты түп-тамырымен құрта алмайды, келтірілген зиянның орнын толтыра алмайды, бұзылған құқықтың өтемін қайтаруға да дәрменсіз. Жаза шараларына күрестің басқа түрлері сарқылған немесе жеткіліксіз болған кезде амалсыздан жүгінеміз. Сол себепті де бұл заңдар топтамасының жетілдіре түсетін жерлері көп. 119
Конвенция қылмыстық іске қатысушының тек екі түрін – сыбайлас және азғырушы қарастыратынын ескеру керек. Көптеген елдердің заңнамалары жемқорлық қылмыстарын жасауға байланысты заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін қарастырмайтыны белгілі.120
Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік» туралы Конвенцияда сыбайластыққа анықтама беру әрекеті жасалған. Конвенцияның тараптары ретінде Еуропа Кеңесінің мүшелері де, сонымен қатар, осы құжаттарды әзірлеуге ат салысқан мемлекеттер де мүше болуға құқылы. Осы Конвенция бес тарау мен преамбуладан – «Терминдерді қолдану», «Ұлттық деңгейде жасалатын шаралар», «Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің халықаралық әріптестігі», «Қорытынды Ережелер» сияқты мазмұндамалардан тұрады. 2 бап сыбайластыққа мынадай сипаттама береді: сыбайластық – пара немесе тиісті емес ерекше жеңілдіктер алушылардың өз міндеттерін орындауды бұрмалайтын тікелей немесе жанама, пара беру немесе алу, талап ету, ұсыну болып табылады.
Конвенцияда тигізген залалдың орнын толтыруға акцент жасалған, жемқорлық әрекеттен залал шеккен тұлғаның залалын толық орнына келтіру мақсатында әрекет жасауын қолдау қаралған.
Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік» туралы Конвенцияда төмендегідей мәселелер қозғалған:
- әр ел өзінің ішкі заңнамаларында жемқорлық әрекеттің нәтижесінде зиян шеккен тұлғалардың құқықтарын бекітетін, келтірілген зиянның толық өтеуін талап ете алатын нормаларды қарастыруы қажет.
- мұндай өтем ,айрылып
қалған қаржылық пайданы,
- әр тарап өзінің ішкі заңнамасында кез-келген келтірілген зиянның құны, мөлшері қайтарылатындығы қамтамасыз ететіндей, төмендегідей шарттарды қарастыруы қажет: жауапты тұлға жемқорлық сипатындағы істі болдырмаудың немесе алдын алуға саналы қадам жасамады; талапкер зиян шекті; жемқорлық пен келтірілген зиянның арасында себеп-салдар байланысы бар болса.
- әр ел өзінің ішкі
заңнамаларында бұқаралық
Мемлекеттен немесе
заң бұзған тараптар саласынан
шеккен зиянның мөлшерінің
- өз ішкі заңнамаларында әр тарап жемқорлық жасалуын көздейтін кез-келген келісім немесе келісім туралы ережелер өз күшін бірден жоятынын немесе оның ешқандай заңдық күші болмайтынын ескерулері қажет. - әр тарап өзінің ішкі заңнамасында компаниялардың жыл сайынғы қаржылық есептерін дұрыс адал, әрі нақты деректерді беруін бақылайтын шараларды да енгізгені жөн. 121
Конвенция мемлекеттердің
жемқорлық ісі жайындағы
Бірінші конвецияның маңызды аспектісі болып жазалау кесімі және қылмыскерді беру болып табылады. Конвенцияға бірқатар еуропалық мемлекеттер қол қойғаннан кейін жемқорлық қылмыс жасағандар бұл елдердің террриториясын қылмыстық қудалаудан құтылу үшін пайдалана алмайды. Алайда бұл оларды сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жеіңіл жаза қолданатын елдерді таңдау мүмкіндігінен айырмайды. Сондықтан сыбайластықпен күресудің бастапқы кезеңдерінің өзінде әр ел экстрадиция туралы іздеудегі қылмыскерлер жазалаудан қашып құтылатын жайлы орын беретін қазіргі келісімді мұқият қарастыруы қажет. Қолданатын әдістер мақсаттарының айырмашылығына қарамастан Еуропа Кеңесінің Конвенциясы 1996 жылғы Америка мемлекеттер Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі жөніндегі Америкааралық Конвенция мақсатына айтарлықтай ұқсас. Осы Конвенция қатысушы мемлекеттер органдарының сыбайлас жемқорлық әрекетті сотпен іздестіруді және тексеруді, сонымен қатар, алған кірістерін пайдалануға тиым салу жолдарын қарастырады.
1997 жылы 6 қарашада Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті қабылдаған «Жемқорлыққа қарсы күрестің 20 басшы қағидалары» атты Резолюцияда жемқорлық мәселелерін кешенді шешу жазылған. Осы құжаттың заңды күші жоқ және кепілдеме түрінде жүреді. Резолюцияда қылмыс заңының дамуына шектеу қоймайтын жемқорлық мәселелерін шешуде тәртіпаралық ұсыныс керек деп айтылған. Бөлімнің басында жемқорлықтың алдын алу мәселесі қойылған. Жемқорлықты алдын алу, тергеу және жауапкершілікке тартуды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдар басты болып табылады. Резолюцияның 6 қағидасы мемлекеттің жоғарғы лауазымды азаматтардың иммунитеттерін шектеу талап етеді. 7 қағидасы бойынша мемлекеттерді жемқорлықпен күрестің арнайы ұйымдардың жолымен жүруді шақырады. 9 қағидасы жариялы ұйымдардың қызметі мен ұйымының мөлдірлігін талап етеді.
Жариялы ұйымдардың қызметін бақылауға Резолюция аудиторлық рәсімдерді қолдануды ұсынады. Осы ереже мемлекеттік тапсырыстың тағайындаудың рәсімі ашық болуын көздейді. Резолюцияның 16 қағидасы бойынша, Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) жемқорлық жөніндегі мәліметті еркін түрде алуға және тарауға мәжбүр.
БҰҰ кейін 2000 жылы Еуропа Кеңесі лауазымды азаматтардың тәртібі туралы үлгі Кодексін қабылдады.
3.3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциясы
Қазіргі кезеңдегі тарихи дамуда әлем бірлестігіне қауіп төндіріп отырған сыбайлас жемқорлықтың ұлтаралық қатынасы, осы қауіпті бейтараптау үшін халықаралық деңгейде жан-жақты шара қолдануды талап етеді. 123
Сыбайластықпен күресу саласында Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының құқықтық бастамалары негізінен екі құжатқа негізделген. Бір жағынан – 1997 жылғы 23 мамырдағы ЭСДҰ Кеңесімен бекітілген халықаралық іскери операцияларда парақорлықпен күресу жөнінде қайта қарастырылған ұсыныс – қылмыстық та, қылмыстық емес құқықтық сипаттағы алдын алу және кепілді шаралар кіретін біртұтас бағдарламасы бар деректеме, сондай-ақ Ұсынысты жүзеге асыру барысын қадағалауға бағытталған орындалу сараптамасы және бақылау әдістемесі. Екінші жағынан – 1997 жылғы 21 қарашада қабылданған және коммерциялық іс-әрекет жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік шенеуніктерге пара беруді қылмыс деп жариялау мәселесіне арналған «Халықаралық іскери операцияларды жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде» Конвенция. Бұл конвенция коммерциялық ортада салауатты бәсекелестікті қалыптастыруда алғышарт болып есептеледі.
Екіншісінің үлкен тәжірибелік құндылығына байланысты оған сараптау жүргізейік. ЭСДҰ дамыған мемлекеттердің экономикалық ұйымы ретінде экономикаға тікелей қатысы бар сыбайластыққа ғана назар аударады, яғни коммерцияның тегіс «ойын алаңын» құруға қатысты қарастырылатын салада амбициялары шектеулі. ЭСДҰ шетелдік мемлекеттердің лауазымды тұлғаларының белсенді сыбайластарына қарсы күрес барысында өзінің іс-әрекет аясын шектейтіні және дербес тұлғалардың сыбайластық мәселелерін қозғамайтыны айқын. Дегенмен, бұл көзқарас біржақты, тоғышар, «сұраныс жағында» қолданылатын әрекеттерге тәуелді екені шығады. Конвенцияда бекітілген концепция конвенцияға қатыспайтын елдердің мемлекеттік лауазымды тұлғалары арасындағы парақорлықты да қарастырады. Алайда, екінші жағынан ЭСДҰ бір ел екінші елдің егемендігіне нұқсан келтірмеуін қадағалайды, сондықтан шетелдік мемлекеттік лауазымды тұлғалардың тәртібі өз бетінше ЭСДҰ үшін зерттеу нысаны болмайды.
ЭСДҰ Конвенциясының мақсаты «функционалды балама» орнату болып табылады.124 Конвенция елеулі үйлестіруге тырыспайды: қатысушы мемлекеттер алдында – шетелдік мемлекеттік лауазымды тұлғаларға пара беру үшін салынатын құқықтық санкцияларды енгізу үшін шаралар өз бетінше таңдау құқығы бар.125 Конвенцияның 3 бабының 3 тармағына сәйкес, Пара мен кірістерді тәркілеуді қамтамасыз ететін, оларды беру немесе олардың құны арқасында алынған немесе қамтамасыз ету «салыстырмалы нәтижелері болатын оларға қатысты ақшалай жазалау шараларын қолданғаны үшін тараптар сәйкесінше шаралар қолдану қажет».126 Конвенцияда осылайша заң шығарушы қатысушы ел үшін қолайлы жемқорлықтың «сыраға бал» баламалы анықтамалары бекітіледі: 1) парақорлық туралы заңсыз келісім; 2) заңсыз баю: міндеттерді бұзу мүмкіндігі; немесе қандай да бір әрекеттер жасау немесе оларды лауазымдық міндеттерді орындау барысынла іске асыру.127
Бірінші мүмкіндіктің басымы
ешбір қиындықсыз параға жығу үшін
төлемдердің барлығын сүзгіден өткізу,
қаржылық септігін көрсету туралы шекті
нормада қажеттіліктің жоқтығы.
Сонымен қатар анықтаманың
Лауазымды тұлғаның ұғымын ашуда Еуропа Кеңесінің Конвенциясы «зардап шегішу елдің» заңнамасына қайта сілтейді. Сол кезде коммерцияның тегіс «ойын алаңын» ЭСДҰ-ң құру мақсаты ортақ ғаламдық масштаб критерийлерін қолданып, мемлекеттік лауазымды тұлға ұғымының дербес анықтамасын жасау әрекеті сәйкес келеді. Осылайша, егер әр елдің өз ережесі болса да, мемлекеттік лауазымды тұлға ретінде лауазымға тағайындалған немесе сайланған тұлға ғана емес, осыған байланысты заңнамалық, атқарушылық немесе сот өкілеттігі бар мемлекеттік функцияларды атқаратын тұлға да бола алады.
ЭСДҰ Конвенциясында,
Еуропа Кеңесінің Конвенциясы сияқты
заңды тұлғалардың
3.4 Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресті
Бүкіләлемдік Банк сыбайлас жемқорлық мәселесіне баса назар аудара отырып және өзінің зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, сыбайлас жемқорлықты «қоғамның кеселін» анықтайтын негізгі немесе жеке факторы деп қарамай, оны «мемлекеттің іргелі мәселесінің сыртқы белгісі» деп қарау керектігін атап көрсетеді. Осыған байланысты мемлекетті басқару және жемқорлыпен күресуді жетілдіруде қажетті шешуші реформалар бағдарламасын ұсынады.129 Мемлекеттік басқару реформалар бағыттарының ішінен Бүкіләлемдік Банк мыналарды ерекше бөледі: 1) саяси басшылықтың есеп беріп отыруы; 2) қызмет етуге бағытталған және деритократия қағидасында құрылған; 3) мемлекеттік әкімшілік; 4) мемлкеттік қаржыларды басқаруда ашықтық пен есептілік; 5 ) заң билігімен қамтамасыз ету; 6) бәсекелестікті дамыту және рынокты монополиядан шығару; 7) азаматтардан ақпарат жинау; 8) саяси басшылықтың есеп беруі; 9) «ашықтық мәдениетін» енгізу;
Информация о работе БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері