БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 11:17, курсовая работа

Краткое описание

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі де осында.
Зерттеудің нысаны. Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибені зерттей, талдай отырып, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-5
I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері .6-13
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептік-кешендік факторлары . . . .13-19
1.3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . .19-29
II ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ТӘЖІРИБЕ
2.1 Шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .30-36
2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37-41
2.3 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы . . . . 42-44
2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45-51
III СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛДАР
3.1 БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52-56
3.2 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57-62
3.3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .63-65
3.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70-73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .74-79

Прикрепленные файлы: 1 файл

sybaylas_zhemkorlykpen_kurestegi_lemdik_tzhiribe_0.doc

— 493.50 Кб (Скачать документ)

Алайда, АҚШ ұлттық шекара аясында әрекет ететін жемқорлыққа қатысты ғана емес, халықаралық жемқорлыққа қатысты да заңнамалық бастамалар қабылдайды. АҚШ шетелдік шенеуніктерді параға жығуға тыйым салатын «Шетелдік жемқорлыққа қатысты тәжірибе туралы» 1977 жылы заң қабылдаған тұңғыш ел болды. 84

1985 жылы Канадада «Әдеп  ережелері» атты кодекс қабылданды. Кодекс парақорлықты - Конституцияны бұзу және мемлекетке опасыздық жасаумен теңестіреді. Параны алған адам да, оны берген адам да қылмыстық жазалауға жатады. Осы ереженің басты мақсаты - «қоғамның мемлекеттік аппаратқа және оның қызметкерлеріне деген сенімді арттыру». 85

Осы кодекс 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы тәртіп негіздері жазылған. Мемлекеттік  қызметкер осы қалыптан басқа  тәртіп заңының талаптарын, өз мемлекетінің заңын және адам мен азаматтың құқық жөніндегі халықаралық-құқықтық актілерді сақтау тиіс, өздерінің қызметтік функцияларын атқарған кезде қоғамның өкілетке деген адалдығын, әділеттігін, объективтілігіне деген сенімін күшейтуге және сақтауға тиіс. Кәсіптік, жеке іс болмасын қоғамда оның заңдылығына деген елес күмәнін туғызуға тиіс емес. Бірақ осыған жету заңның қатал қадағалауы ғана жеткіліксіз. Мемлекеттік қызметке орналасқан кезде қызметкерлер «мүдде шиелінісі» пайда болу мүмкіндігін болдырмау үшін өздерінің жеке істерін қайта құруға тиіс. Егер ол туындаған жағдайда, оны қоғам мүддесіне қарай шешу керек. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік меншікті басқа бір мақсаттарға пайдалануға тыйым салынған. Кодекстің екінші бөлімінде мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті қызметіне қатысты нақты талаптар жазылған. Мақсаты - «мүдде шиеленісін» болдырмау және мемлекеттік қызметкер қызметке тағайындалғаннан кейін 60 күннің ішінде уәкілетті лауазымды адамға өз мүлкі жөнінде құпия баяндама беруі. Бұл тәртіпті қылмыстық, конституциялық және әкімшілік нормалармен реттелінеді. Кодекстің үшінші бөлімінде мемелекеттік қызметті тастағаннан кейін қызметкердің тәртібіндегі талаптар, оның мақсаты-мемлекеттік қызметте «мүдде шиелінісінің» нақты, әлеуметті мүмкіндіктерін азға жеткізу, мемлекеттік емес ұйымның атынан жұмыстан кеткеннен кейін өкілетті мекемелерге кіру мүмкіндігін, мемлекеттік қызметті тастағаннан кейін жұмыс іздеуге өзінің қызметін әділетсіз түрде пайдалану. Осы айтылған мақсаттарының бәрін мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтен тыс жұмысқа орналасуға және іздеуге құқықсыз. Кодекстің үшінші бөліміндегі талаптарын орындамаған мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға ұшырайды. Кодекстің төртінші бөлімінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату, «мүдде шиеленісі» жөніндегі ережелерді қадағалау құқықтарын бекітеді.

АҚШ пен Канададағы мемлекеттік  билік жүйесінде сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу мен жолын кесу тиімді әдістерінің бірі:

1. Өз мүддесіне қарай мемлекеттік мүлікті және ресурстарды пайдалануға шектеу қою. 2. Сыйлықтарды алуға тыйым немесе шектеу салу. 3. Үкіметті ведомство немесе министрлік алдына өтініш берген бұрыңғы мемлекеттік қызметкерлердің істеріне шектеу қою. 86

Қорыта айтқанда, АҚШ мен Канада заң жүйелері мемлекеттік қызметте мүдде шиелінісін болдырмайтын әкімшілік кодекс және тәртіптің әдеп қалыптарын қосады, осының нәтижесінде қызметкерлер арасындағы адалдық пен кәсіптіктің ең жоғары деңгейіне жетуін талап ететін мемлекеттік ресурстарды пайдалану.87 Осындай көргендей, АҚШ пен Канаданың мемлекеттік қызмет туралы заң жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің қалыптасуына пайдаланған бірқатар тәсілдер бар.

    1. Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы

 

Сыбайлас жемқорлық - қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі - ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Ол бүкіл әлемдік мәселе, соның ішінде Сингапур – Азиядағы сыбайлас жемқорлық құбылысы мардымсыз елдердің бірі.88 Ол Швейцария мен Австралиядан кейінгі 3 орында деп жарияланған. Арнаулы зерттеулерге жүгінсек, ол 12 Азия мемлекеттерінің ішінде ең аз сыбайласқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық елдердің заңнамаларында қарастырылған, бірақ Сингапур үкіметі сияқты жүйелі, әрі қатаң заң талаптары - біраз елдерде ғана бар. 89 Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өзінің жетістіктерімен таңдандырады. 1960 жылдан бастап мемлекет көшбасшылары бастаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жан-жақты бағдарламаны жүзеге асырды.90

Сыбайлас жемқорлық әрекетке қызығу себептерінің азаюы. 1959 жылы Сингапур мемлекеті өте кедей болғандықтан қызметкерлердің жалақысын көтере алмады. 91 Есесіне олар барлық заңдарында жемқорлықты туындататын мүмкіндіктерді жойды, әрі жемқорлық жасаған қылмыс үшін жазаны қатайта түсті. Экспремьер-министр Ли Куан Ю 1985 жылы 22 наурызда өткен парламентте жариялағандай, мемлекеттегі басшы қызметкерлер мен саяси көшбасшылардың жалақысын көтеру салдарынан – жемқорлықтың туындауына себеп болатын стимулдарды жояды. Себебі, оларға қажетті мөлшерде еңбекақы төленбесе, оларды жемқорлық әрекеттер нәтижесі қызықтырып, өз арнасына тартып әкетуі мүмкін. Осыған орай, Сингапур мемлекетінің мемлекеттік қызметшілерінің жалақысы 1973,1979,1982,1989 және 1994 жылдары біршама деңгейге көтерілді. Сонымен Сингапур мемлекетінің жемқорлыққа қарсы күрес 1960 жылдан бастап оң нәтижесін бере бастады: 1) жемқорлық әрекеттердің бой алуына кедергі болатын мүмкіндіктерді РОСА мен СРІВ-тің күрес тәсілдерін бірлесе қолдану арқылы қол жеткізді. 2) Саяси көшбасшылар мен басты мемлекеттік қызметшілердің жалақысын жоғарыда айтылған әрекеттерге бару мүмкіндіктерін азайту мақсатында кезең – кезеңімен көтеру арқылы оң нәтижелерге қол жеткізді.92 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін айтқан кезде, белгілі бір шешімге келер алдында, екі бірдей күмәнді мәселенің басын ашып алған абзал. Біріншіден, Сингапурлық модельді басқа мемлекеттерге көшіріп, қондыра салу ақылға сыймайды, өйткені әр мемлекеттің өзіндік тарихи ерекшеліктері, географиялық, экономикалық, демографиялық және саяси ерекшеліктері бар. Екіншіден, тағы бір қателіктен сақтандырмаса болмайды, өйткені сингапурлық модель көп қаржылық шығындарды талап етеді. 93Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы заң талаптарын орындаудан жалтаруға мүмкіндік бермейтіндей өмірдің сан-алуан жағдайларын қарастыратындай жан-жақты мәселелерді қамтулары тиіс және өзекті мәселелерді қайталай қарастырып, қажетті жағдайда өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызу жағдайы да қарастырылуы абзал. Мемлекеттік қызметшілер мен саяси көшбасшылар арасында жемқорлық әрекеттерге баруды азайтудың жолдары ретінде олардың жалақылары мен кейбір берілетін жеңілдіктерін жеке сектордың деңгейіне салыстырмалы түрде тақатса, осы бағыттағы жұмыстың қомақты жетістігі болар еді. Басқа сөзбен айтсақ, саяси көшбасшы мен мемлекеттік қызметшілердің төмен жалақысы лауазымдық қызметтері мен жауапкершіліктерінің салмағына сәйкес болмағандықтан, жемқорлықтың түрлі сиқырына төтеп бере алмайды. Бірақ та, мемлекетте экономикалық деңгейдің дамуында белгілі бір алға жылжушылық пен қаржының қосымша көздері болмаса, үкімет бұл қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндігі болмайды. Яғни, мемлекеттік сектордың болашағына мемлекеттік қызметшілердің жалақысының төмендігі қолайсыз жағдай тудыруы әбден мүмкін, өйткені, дарынды мемлекеттік қызметшілер жеке кампанияларға жұмысқа кетіп қалу қаупі бой көтереді. Себебі, онда жалақы әлдеқайда жоғары, ал қабілеті төмендер орындарында қалып, мардымсыз жалақыларының өтемін жемқорлық жолмен табуға тырысады. 94

Жоғарыда айтқандарды  қорыта келе, Сингапурдағы жемқорлық әрекеттердің азаюына екі жақты саясат, яғни, жемқорлықтың туындауына мүмкіндіктің азаюы және оған қызығушылық тудыратын құбылыстардың жойылуы әсер етті. Шындығында, ондай күрес жолдары оң нәтижелерге қол жеткізді деуге болады. Бұған мықты саяси қаржылық керек. Егер осы айтылғандарды жүйелі түрде іс жүзінде асырмаса, мақсатқа жетуге қиындатады.

Сингапурдың сыбайлас жемқорлықа қарсы  саясатының басты идеясы мына қағидаларды  басшылыққа ала отырып шешіледі:

- мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы жеке секторда табысты жұмыс істейтіндердің жалақысымен теңестірілген.

- сыбайлас жемқорлық жағдайына байланысты шенеуніктер ісіне қатаң бақылау жасау.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес Сингапурдың экономикалық жетістіктерінің негізгі өзегі деп танылды. 95

2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы 

 

Сингапурдағыдай Жапондық заң шығарушы сайлау кампанияларының, партиялар мен өзге де саяси ұйымдарды қаржыландыруда қатаң шектеулер қояды, сайлауда кандидаттар, саяси қорлар пайдасына қайырымдылық көрсетудің қатаң реттеу тәртібін енгізеді. Оларға түсетін және олар жұмсайтын қаражаттар жөнінде есептеме тәртібін орнатады. Заңды бұзу қайырымдылық көрсетуші және саяси қайырымдылықты алушы, сондай-ақ екеуінің арасында делдал болушы жауапты тұлғаларға ықпалын тигізетін жазалау қолдануға мәжбүрлейді.96

Жапон заң шығарушы органы сыйақы үшін мүдделі тұлғаның ол үшін тиімді шешім қабылдау үшін мемлекеттік, муниципалдық тұлғаларға, сонымен қатар мемлекеттің немесе жергілікті өзін-өзі басқарушылықтың 50 пайыздық капиталымен заңды тұлғалар қызметшілерге ықпал ету жолымен әрекет ететін саясаткерлердің әрекетін қылмыстық іс деп анықтайды. Жапонияда да, көптеген басқа елдердегідей сияқты сыбайлас жемқорлықпен күресте басты бағыты кадр саясаты. Мемлекеттік әкімшілік мұнда шексіз және шын берілген қызметке бағытталған. Жапондық шенеуніктерге тұрақты еңбек ақы кепілденген, заң шығарушы саясаткерлер мен қызметкерлердің әдеп құлқына баса назар аударады. 2000 жылдан бастап елде «Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп тәртібі» Заңы, сонымен қатар Үкіметтің жарлығымен бекітілген мемлекет қызметкерлерінің әдеп ережелері және оларды бұзғаны үшін әкімшілік жаза нормалары әрекет етеді.97

Жапонияда «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп туралы» Заң қиянат етушілікке амал табуды қалдыратынын мойындайды. Сонымен, осы заң үкіметтік орындарға тағайындалатын парламент депутаттарына – саясаткерлерге қатысты емес болып шығады. Осыған байланысты Жапон БАҚ-та 1978 жылы АҚШ-та қабылданған сондай заңның нысаны ретінде барлық үкіметтік лауазымды тұлғалар болатынын атап көрсетілген.

2001 жылы «Ақпараттарды ашу жөніндегі» Заң күшіне енді. Бұл акті азаматтарға үкіметтік мекемелердегі бар ресми ақпараттарға қолжеткізу құқығына кепілдік береді, егер үкімет нақты ақпаратты ашуға болмайды деп шешетін болса, ақпараттарды ашуды бақылау жөніндегі Кеңеске апелляцияға береді. Бұл жағдай қоғамдық топтарға сыбайлас жемқорлықты әшкерелеуге көмектеседі. 98 Осылайша Жапонида сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында басымдылық көрсететін:

- саяси экономика шаралары – саяси басшылардың есеп беруі, саяси партиялар мен кампанияларды қаржыландыру реформасы.

- мемлекеттің қызметтің реформасы – лайықты еңбек ақы, ынталандыру жүйесі.

- азаматтық бостандықпен қамтамасыз ету - әлеуметтік-құқықтық бақылау жүйесі және саясаткелерге азаматтық қоғам жағынан моральдық ықпал ету.

Жапон мемлекетінің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі өте қызықты, өйткені бұл елде сыбайлас жемқорлықпен күрестің көптеген нысандары қолданылған. Жапондықтар бай демократиялық дәстүрлері бар мемлекеттердің жемқорлықпен күрес тәжірибесінің жаңалықтары және тарихымен етене танысып отырады. Тіпті олардың өздерінің заңдарымен салыстырғанда басқа елдердің күресу тәжірибесі әлдеқайда пайдалы екендігін мойындап отырады. Соңғы кездегі Жапон мемлекетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының жеткен жетістігі қомақты. ТИ СЖҚИ-дың мәліметтеріне сүйенсек, 2000 жылы бұл көрсеткіш – 6,4% болса, 2002 бұл көрсеткіш – 7,1%, 2007-08 жылдары 13,5% болды.99 Бұл жетістіктер мемлекеттегі жүргізіліп отырған саясаттың дұрыс бағытта екендігін айқындайды, осы күрес шараларының ауық – ауық өзгеріп, өмір талабына сәйкес қолданылып отыруында. Жапонияда жемқорлыққа қарсы күрестің бірыңғай кешенді шаралары жүргізіліп отырмайды, бұл міндеттің алдын алу және күрес шараларының ретін реттейтін нормалар барлық заңдарда қарастырылады: олар «Қоғамдық лауазым иелерін сайлау жөнінде» (1950 ж.), «Парламент туралы» (1950 ж.), «Саяси қорларды реттеу туралы» (1948 ж.), «Мемлекеттік қызметшілер туралы» (1948 ж.) және т.б.100

Жапондық заң шығарушы орган саясаткерлерге, мемлекеттік  және муниципалдық қызметшілерге қатысты  тыйымдарға ерекше мән береді. Олар, негізінен, жапондық шенеунікті қызмет бабында және қызметтен кеткен уақытта жеке меншік бизнеске қатысты саяси ықпал жасау шараларына қатысты болады. Отставкаға кеткен соң да ол шенеуніктер бес жыл көлемінде өздері жетекшілік жасап отырған салаларда екі жылға дейін коммерциялық кәсіпорын ашып, одан пайда алып отыруына тыйым салынғын.

Заң бойынша барлық деңгейдегі сайлау барысында ақша қаражатының  шығысы мен кірісіне қатаң есеп жүргізіледі. Үміткерлерге түрлі мемлекеттік органдармен контракт арқылы жұмыс істеуші, жергілікті өзін - өзі басқару органдарынын және үміткерге тікелей қатысы бар кәсіпорындардан қайырымдылық көмек алуға тыйым салынған. Жеке түрде, қоғамдық шоттан, радио, теледидар, газеттік жарнамалар, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін қоғамдық орындар қызметін тегін пайдалануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, сайлауға қатысты үгіт – насихат материалдарын таратуда, үміткерлердің негізгі жұмыс істейтін пунктерін ашуға берілетін лимитке де шектеулер қойған. Сайлау компанияларының ұзақтығын анықтайтын Ереже сайлау шығындарын тежеп ұстауға бағытталған.

«Саяси қорларды реттеу туралы» Заң партиялар мен  басқа саяси ұйымдарды қаржыландыруын реттейді. Ол саяси партиялардың сайлау барысындағы қаржыландыру үрдісін, кіріс, шығысы бойынша есеп беріп отыруды қатаң бақылайды.101 Соңғы 3 жыл көлемінде кез – келген уақытта тексеруші органдар осы есеп құжаттарын тексеруге алып, таныса алады. Жеке, заңды тұлғалар мен кәсіподақтар және басқа ұйымдар үшін берілетін саяси құрбандық көмектерінің жылдық көлемдегі сомалық шектеулері де бекітілген.

1907 жылғы Қылмыстық  Кодекс жемқорлыққа қатысты жеке  бөлек 25 тарауды құрайды. Онда  параны алушы мен беруші қатал  жауапқа тартылатыны айтылған. 2000 жылдың қараша айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық жауапкершілік туралы арнайы заң қабылданған болатын. Жаңа заң бойынша, жауапершіліктің бір түрі ретінде қамау немесе 2,5 млн.йен шамалары белгіленген.102 АҚШ елдері сияқты жаподықтарда да шенеуніктердің тәртіптерін қадағалайтын әлеуметтік-құқықтық бақылау жүйесі бар. Олар қызметкерлер мен басқа мемлекеттік лауазымды тұлғалардың этикасын реттеуге көп көңіл бөлген.

Осылайша, Жапонида сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында басымдылық көрсететін: 1) саяси экономика шаралары – саяси басшылардың есеп беруі, саяси партиялар мен кампанияларды қаржыландыру реформасы; 2) мемлекеттің қызметтің реформасы – лайықты еңбек ақы, ынталандыру жүйесі; 3) азаматтық бостандықпен қамтамасыз ету - әлеуметтік-құқықтық бақылау жүйесі және саясаткелерге азаматтық қоғам жағынан моральдық ықпал ету.103

Кореяда он жыл бойы экономиканың өсуі Сеулдың муниципалдық төрешілдігінің өсуіне әкеліп, жемқорлықтың көптеген жолдарын ашты.104 Осы мәселе кең түрге ие болғаны соншама, 1998 жылы жаңадан сайланған мэр Гох Кун ашық түрде жемқорлыққа қарсы соғысты батауға уәде берді. Мөлдірлікке қол жеткізуде, ақпараттарды көрсетуде, жұртшылыққа таратуда және мәліметтерді таратуда жаңа Интернет-технологияларды қолдану тәжірибеге берік енді. «Мөлдірлік мәдениетінің» ашық үлгісі ретінде 1999 жылы Сеулдегі жаңа «Open» бағдарламасы енгізілді.105 Бұл бағдарлама арнайы қағидалар негізінде құрылған:

1. Кіру мүмкіндігі. Осы идеяны 3 бағытта қарастыруға болады: 1) Азаматтар кез келген уақытта және әр түрлі жерден Интернет арқылы өздерінің берген өтініштерін көре алады, яғни, - ол территориялық - уақыт аспектісі; 2) «Open» бағдарламасы шығарған азаматтардың құқықтарын көздейтін мәліметтерді ала алады, яғни, - ол мәлімдеме аспектісі; 3) Осы бағдарлама жеңіл болғандықтан, билік құрылымдарының жұмыс сапасын бақылап, бұзуларды тез айқындауға жүзеге асырады – ол қауырт- қызмет аспектісі;

Информация о работе БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері