Тауар және қызмет көрсету біршама
өзгергені себебімен, бәсекелестіктің
ұлғаюының салдарынан тауар істеп шығарудың
арасында, істеп шығарудың бір бөлігі
өз жұмысын тоқтатады немесе істеп шығаруды
азайтады. Сонымен қатар жұмысшыларды
қысқартады немесе жұмыстан босатады.
Оған орай еңбек базарынада курделі проблема
туылады. Экономиканың құлдырауы жағдайында,
тауар мен қызмет көрсету сұранысы азайған
кезде жұмысшыларды қысқартады, ал жұмыссыздық
өсе бастайды, мұндай жұмыссыздықты коньюктурлы
және циклдық деп атайды. Мұндай жұмыссыздықпен
күресү үшін мемлекет субсидиялық түрлі
программаларын ұсынып, халыққа көмектесе
бастайды. Батыс ел мамандарының бағалауы
бойынша, жұмыссыздықтың циклдық экономикасы
бір периодта жоғарылағанда немесе
жұмыссыздық төмендегенде, ол 0 ден 8-10
пайызға дейін тербелуі мүмкін, сонымен
қатар жалпы жұмыссыздықтың көрсеткіш
дәрежесін ұлғайта түседі. Мемлекетте
циклдық жұмыссыздықтың жоқ екенін табиғи
жұмыссыздықтың деңгейі анықтайды. Бұл
жағдайда жұмыспен айналысатындар, толық
деп анықталады4.
Жұмыссыздықтың тағы да бір
түрі –мезгілдік жұмыссыздық, бұл уақытыншалық
шаруашылық саласымен айналысатын жұмыстың
бір түрі болып табылады. Ауылшаруашылық
жұмыстарына; балық аулау, жеміс – жидек
теру, орман ағаштарын кесу, аңшылық, құрылыстың
мерзімдік құрылатын бөлігі, т.б., қызмет
түрлері жатады. Бұл жағдайда кейбір азаматтардың
бір бөлігі немесе бірқатар кәсіпорындар
жылына бірнеше апта немесе айлап жұмыс
істер еді. Сондай ақ өз қызметін қысқартып,
басқа уақытта олар демалуына тура келеді.
Жұмыс шиеленісе түскен кезде, жұмысшыларды
қабылдай бастайды, ал мерзім өте жұмыс
тоқтағаннан кейін жұмысшыларды жұмыстан
босата бастайды. Бұл жұмыссыздықтың түрі
циклдық жұмыссыздыққа жатады, ал енді
басқа жағынан қарайтын болсақ – фрикциондық
жұмыссыздық десек адаспаймыз, оның
еркіндемелі мінез – құлқының жағдайы
анық байқалып тұр.Мерзімді жұмыссыздықтың
болжамын оның дәреже көрсеткішін анық
айқындауға болады, оның себебі жыл сайын
бір қалыпта қайталанып тұруы, сондай
ақ жұмыссыздықтың бұл түріне алдын ала
дайындалып, осы мәселені шешуге әрекет
жасау керек.
Әр түрлі жұмыссыздықтың бір
түрі, бұл – бөлшекті жұмыссыздық, кәсіпорынның
істеп шығарған тауарына сұранысы төмендеген
кезде қолданылатын әдістердің екі варианты
бар. Мұндай жағдайда кәсіпкер: жұмысшылыардың
жарты бөлігін жұмыстан босатуына тура
келеді немесе жұмысшыларды жұмыстан
босатпай, жұмыс күнін қысқартып, жұмысшыларды
жұмыссыздықтан сақтап қалады. Соның салдарынан
жартылай жұмыссыздық түрі пайда болады.
Экономикалық анализ жұмыссыздықтың
шығын көрсеткішін бағалап беру мүмкіндігіне
ие. Мемлекетте істеп шығару кәсібімен
айналысатын кәсіпорындар көлемі, 2 пайызға
көтерілсе, онда жұмыссыздықтың проблемасын
1 пайызға азайтуға болады. Егер керісінше
болатын болса, онда жұмыссыздықтың деңгейі
арта түседі. Тағы да бір жұмыссыздықтың
түрі – бұл тұрғылықты жұмыссыздық, ол
кездейсоқ жалақымен күн көріп жүретін
адамдар, немесе жұмысынан айырылған адамдар
деп атауға болады. Бұл адамдар заңды өмір
сүруінен айырылғандар, сонымен қатар
қылмыстық өмірлерін толықтырып отыратын
адамдар болып есептеледі.
Жұмыссыз жүрген жастарды түркеуге
алып, оларды жұмыспен қамтамасыз ету
үшін, мемлекет сол жастарды, жұмыспен
қамтамасыз ету жолдарын қарастырады.
Сондай ақ тіркеуге алынған азаматтар:
жұмыс іздеушілер, жұмыс істеуге дайын
болған азаматтар, және еңбекпен қамтудың
мемлекеттік қызметіне тіркеуде тұрғандар;
жұмыссыздықтың жасырын түріне – бұл
жұмысшылар өндірісте істейтін жұмысшылар,
бірақ олар өз еріктерінен айырылған жұмысшылар,
сондай ақ жарты күн немесе бір пата істеп,
бір аптп демалыс алуларына мәжбүр болған
жұмысшылар, немесе ұзақ мерзімді ақы
төленбейтін демалысқа кеткендер5.
Жұмыссыздықтың тағы да бір
түрі бар – еңбек базарында жұмысқа жарамды
жастар мен ересектер арасында жүргізілген
сұрақ-жауабында, жастардың жұмыс іздеп
әуре сарсан болып, көп уақыттарын жұмыс
іздеумен өткізеді екен.
Фрикционды жұмыссыздық («фрикция»
- үйкеліс деген сөзді білдіреді) жұмыс
іздеумен байланысты жағдай болып
табылады. Белгілі болғандай ақ, жұмыс
іздеген кезде, уақытша жұмыссыз болып
есептеледі. Фрикционды жұмыссыздардың
маманы, жоғары дәрежелі профессионалды
дайындығы бар және квалификациаланған,
жұмыс іздеуде немесе жұмыс күтіп жүрген
жұмыссыздар жатады.
Сондықтан бұл жұмыссыздықтың
түріне ақпараттың жетерліктей жұмыс
істемегендігінен (бос жұмыс орындарының
ақпаратының жетіспеуі). Бүгін жұмысынан
айырылған кісі, ертеңіне жұмысқа орналаса
алмайды.
Фрикционды жұмыссыздыққа жататындар
мыналар:
әкімшілік бұйрығымен
жұмыстан босатылгандар;
өз қалауымен
жұмыстан босағандар;
бұрынғы жұмыс
орнына қайта тұруын күтіп жүргендер;
жұмыс тапқандар,
бірақ әлі жұмысқа кіріспегендер;
еңбек базарына
бірінші рет жұмыс іздеп барғандар сонымен
қатар олардың экономикалық деңгейге
сай кәсіпқойлық дайындығы бар және біліктілігі
жоғары болған адамдар.
Фрикционды
жұмыссыздықтан қашып құтыла алмаймыз,
оның табиғи тенденциясының қозғалыс
күшінің еңбегі өзара байласыта болғандықтан
(адамдар әрқашанда жұмыс орындарын өзгертіп
отырады, жұмыс табуға талпынады, біліктілігінің
дәрежесіне сай жұмыстарды іздеуі) жұмысшы
өзі ұнатқан жұмыспен айналысатын болса,
онда жұмыс өнімділігі ара түседі, сонмен
қатар оның жұмыс істеуге ынтасы болады.
Фрикционды
теңдеуді шешу үшін мынадай формуланы
пайдаланамыз, мұндағы фрикционды жұмыссыздарың
деңгейін , оның жалпы жұмысшылар күші
санының қатнасына тең болады, пайызға
көбейтеміз:
, (3)
Структуралық
жұмыссыздық экономикада структуралық
өзгерістерге әкеліп соғады. Олардың өзара
байланыстары:
а) структураның
өзгеруімен қатысты түрлі тауар өнімдеріне
сұранысы артуы,
б) экономикалық
өнім өзгерістігі, оның себебі ғылыми-техниканың
жаңа тәсілін енгізу барысында өзгерістер
енгізілгенде пайда болады.
Структуралық
сұраныс талаптары әрқашан өзгеріп тұрады.
Кейбір тауар өніміне сұраныс арта түскенде,
жұмысшылар күшіне деген сұраныс арта
түседі, ал енді кейбір тауар өніміне сұраныс
азая түссе, ондай жағдайда жұмыстан босату,
жұмыстан қысқарту дегендей жұмыссыздар
саны сондықтан біршама арта түседі.
Уақыт өткен сайын кейбір өнеркәсіп түрлері
жойыла бастады, олар; паровоз өндірісі,
арба өндірісі, керосинді шам шығару,
теледидардың қара-ақ өндірісі, т.б., өндірістің
көп түрлері сұранысқа ие болмағандықтан,
өз өнеркәсібін тоқтатқан болатын. Сонымен
қатар қазіргі жаңа технологияның өндірістік
пайызы өте алкен көрсеткішке ие болды.
Қазіргі заманға сай өнімді өзіміз де
күнделікті пайдаланып жүреміз, олар;
компьютерлер, ноутбуктар, ұялы телефондар,
фото құрылғылар мен таспа камералары,
т.б. тауарлар өнімдерін кеңінен дамып
келеді. Сонымен қатар, экономикада өзгерістер
пайда болған кезде, қазіргі заман технологиясымен
хабары бар мамандардыталап етеді.Заманға
сай мамандардың мына түрлеріне сұраныс
көп арта түсті олар; программисттер, дизайнерлер,
имиджмейкерлер, диск-жокейлер болып табылады. Структуралы
жұмыссыздықтың шығу себебі – жұмыс күшінің
структурасы жұмыс орындарына сай
келмегендік болып табылады.
Бұл дегеніміз
жұмысшы жұмысынан босатылғаннан кейін
басқа жұмысқа орналаса алмайтыны анық.
Оның себебі мамандығының қазіргі заман
технологиясына сай келмегендіктен, сондай
ақ ондай жұмысшылар келешекте жұмыссыз
қалуы анық айқындалып тұр. Өкінішке
орай қазіргі заманда жастар жұмыссыздығы
өркендеуде. Жоғары білімі бар жастардың,
жұмысқа туруы өте қиынға соғады. Оның
салдары жұмыс беруші жұмысы алға жүру
үшін тәжірибесі бар мамандарды алуға
тырысады. Сондықтан көп жастарымыз өз
мамандығы бойынша жұмыс істемейді, олар
жай ғана сатушы ретінде жұмысқа тұрады.
Жұмыссыздықтың
структуралы теңдігі структуралы жұмыссыздар
санының жалпы жұмыссыздар санының қатнасы
пайызының көбейтіндісіне тең болады:
, (4)
Фрикционды
мен структуралы жұмыссыздықтардың өзара
байланысы, олардың әрқашан да жұмыс іздеуі
болып табылады, бұл жұмыссыздықтың түрін
«searchunemployment» котегориясына жатады. Структуралы
жұмыссыздық өте созылмалы әрі көп қаражатты
талап етеді. Оның себебі структуралы
жұмыссыздық түріне жататын жұмыссыз,
біліктілігін асыру үшін ақша мен уақытты
талап етеді. Сонан соң ол мамандығы бойынша
жұмыс іздей бастайды. Ал енді фрикционды
жұмыссыздар біліктілігі де, білімі де,
тәжірибесі де жетерлі маман. Ол өзіне
ыңғайлы болған уақытта жұмысқа тұруы
мүмкін.Экономикамыз дамып өсу жолында
болғандықтан, жаңа технологияның түрлері
жыл сайын өзгеріп тұрғандықтан, структуралы
мен фрикционды жұмыссыздықтың өсуі мен
кемуіне қайран қалмасақта болады.
Жастар жұмыссыздығы уақтыншалық жадай
деп қарастыруға да болады. Еліміз даму
жолында болғандықтан Қазақстанда күнделікті
теледидар мен радиодан хабарларып отырғандай
ақ, шағын және орта бизнеспен айналысу
жобаларын ұсынып жатыр. Келешегі Қазақстанда
жұмыссыздықтың барлық түрлері түгелімен
жойылады деп сенемін.
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ
ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНАЛИЗІ
2.1 Қазақстандағы
жұмыссыздық жағдайының анализі және
оларды қысқарту жолдарының шешімдері
Еліміз
қазіргі кезде өнеркәсібтің өркендеуіне
үлкен ықыласын салуда. Сондай ақ қазіргі
қарастыратын мәселеміз, бұл – жұмыссыздық
пен істеп шығару саласымен айналысатын
кәсіпорындардың экономикасының құлдырауын
қарастырамыз.
Жұмыссыздықтық
өсуінің себебі бұл елдің экономикасының
құлдырауы себебінен келіп шығады. Жұмыссыздықтың
түсім көрсеткіші 0 ден басталмайды, сонымен
қатар жұмыссыздықтың түсімі тоқтаған
кезде де 0 деген көрсеткішке ие болмайды.
Жұмыссыздық саны ешкімді қызықтырмайды,
оның себебі бұл қазір проблема болып
есептелмейді. Оның саны қандай? Жұмыссыздықтың
қандай деңгейі кең таралған? Жұмыссыздықтың
қай уақытта проблема туғызатынан қалай
байқауға болады? Бұл айырмашылықтар біз
үшін өте маңызды болып келеді, сонымен
қатар проблема туғызатын жұмыссыздықтың
деңгейін шешу үшін, политиктер көптеген
талаптар мен шараларды қолдануды ойластыра
бастайды.
Жұмыссыздық
дәреже көрсеткіші промлемаға айналатын
болса, онда үкімет тарапынан шаралар
қолдана бастайды. Бірақ ол деңгейді проблема
деп тану үшін, оны қалай анықтаймыз? Деген
сұрақ туылады! Кейде фрикционды жұмыссыздықты
проблема деп айтып жатады. Бірақ ол дұрыс
емес. Фрикционды жұмыссыздық бұл уақтыншалық
жағдай болып есептеледі.
Жұмыссыздықты
анықтау өте қиын жағдай десек те болады.
Жұмыссыздардың бірі жұмыс іздеп әуре
сарсан болып жұмысқа тұруға әрекет жасайды,
ал кей бір жұмыссыздар жұмыс тапса да
істегісі келмейді. Олар жай ғана жұмыс
істеуден бас тартып отыра береді.
Жұмыссыздық
барлық жерде халық арасында бірдей тарамайды.
Ондай жағдай бүкіл дүние жүзі бойынша
таралған. Сондықтан халық арасында жұмыссыздарға
арнап диагностика жасап оларды емдеу
тәсілдерін қолданып келеді. Статистика
бойынша жұмыссыздардың саны әйелдер
арасында (жас қыздар мен келіншектер)
65% құрайды екен, әйелдер көрсеткіші, жұмыссыз
еркертерден2 есе артық екен. Оның себебі,
білімінің техника – мамандығына сай
адамдар жұмысқа тез орналасады екен.
Қазақстанда статистика бойынша, жұмыс
берушілер арасында, техникалық – мамандығы
бар біліктіжастарға деген сұраныс шамамен
40 пайызды құрайды екен. 25 жасқа дейінгі
жастар жұмыссыздығы кеңінен таралған.
Жұмыссыздардың 41,2% жұмыспен қамтамасыз
ету орталығында тізімде тіркеулі екен.
Сондай
ақ олар жұмыссыз болып есептеледі, сонымен
қатар жұмыс іздеуді тоқтатпайды. Ондай
жастар өз мамандығы бойынша жұмысты табуға
тырысады. Бірақ олардың тәжірибесі болмағандықтан,
жұмыс берушінің талаптарына сай болмайды.
Бұл жағдайда Германияның тәжірибесін
қолданғанымыз жөн болар ебі. Германияда
жастар арасындағы жұмыссыздық өте
төмен көрсеткішке ие, ол 5,75% құрайды екен.
Германияда кәсіби оқұ жоғары дәрежеде
дамыған болып келіп, олар оқуды бітіргеннен
кейін, кәсіби дайын маман болып шығады.Сондықтан
Германияда жастардың арасында жұмыссыздық,
минимумға дейін қысқарады.
Қазақстан
Республикасы кризис уақытын өтіп жатыр,
өндірістік экономикасы құлдыруда екені
айқын. Өндірістің шамамен көрсеткіші
төмендеген сайын, жұмыссыздардың саны
көбейе түсті. Оның көрсеткіші шамамен
12,8% құрайды деп белгіленді. Бұл көрсеткіш
дамыған мемлекеттермен салыстырғанда
екі-үш есе көп екен.
Қазақстандағы
жұмыссыздықтың өсуін дүниежүзілік қаржы
кризисі себеші деп қарастырады. Мұндай
бекітіммен тек ішінара келісуге болады.
Шын мәнінде
жұмыссыздық деңгейіелімізде өте жоғары
көрсеткішке ие. Қазақстанда өзіндік жұмысымен
айналысатын адамдар бар, олар жұмыссыздардың
үштен бір бөлігін құрайды.Бұл адамдардың
келешегі болмайды. Жақсы зейнетақыдан
арылады, ешқандай әлеуметтік игіліктерімен
пайдаланбайды, ол тек өз күшіне сеніп
жасауы керек болады. Сондықтан жұмыссыздық
турасында әңгіме болған кезде, қазақ
халқының мұндай котегориялы адамдары
бар екенін ұмытпауымыз керек.