Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2015 в 18:40, курсовая работа
Экономикалық даму орталықтары арасында орналасқан, көліктік байланысты қамтамасыз ететін аумақтар жүк ағындарын көбейту, инновацияларды тарату, инфрақұрылымдарды дамыту арқасында қосымша серпін алады. Сондықтан олар «өсу полюстерімен» бірге тұтастай өңірдің немесе елдің экономикалық дамуының кеңістіктегі қаңқасын анықтайтын даму осьтеріне (дәлізге) айналады.
КІРІСПЕ
I ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Шағын қалалардың мәселелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1.2 Қалалардың типтері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1.3 Қалаларды дамытудың теориялық аспектілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
2 .1 Қазақстандағы шағын қалалардың қазіргі жағдайы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2 Моно қалалардың даму ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
III Шағын қалалардың дамуы Хромтау қаласының мысалында
3 Келешегі кемел кеншілер қаласы –Хромтау шағын қалалардың бірі. . . . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кеншілер қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары жасалуда. Осы жылдарда қаланың ішкі автомобиль жолдарын жөндеуге 56 миллион, көріктендіруге 84 миллион, жылу құбырларын жаңартуға 66 миллион, жолдарды күрделі жөндеуге 26 миллион теңге бөлінеді деп күтілуде. Үш жылда осы бағытта 835 миллион теңгені игеру көзделуде.
Бұрын қаланың инфрақұрылымын қамтамасыз ететін жалғыз ғана Дөң тау-кен байыту комбинаты болса, соңғы жылдары бірнеше жаңа кәсіпорындар ашылып, жұмыспен қамту жақсарды. Макарон фабрикасы, элеватор, «Керамика» АҚ, кірпіш зауыты, «Саяхат» автобус паркі сияқты ірі кәсіпорындар қаланың дамуына өзіндік серпін бере бастады. «Керамика» АҚ шығаратын кафельдерге облыстан тысқары жерлерден де тапсырыстар түсуде. Жалпы, аудан көлеміндегі құрылыс жұмыстарына осындағы кәсіпорындар шығаратын кірпіш, плиткалар мен кафельдер пайдаланылуда. Бұл кәсіпорындардың аяғынан нық басып кетуіне алғышарт жасауда. Осындай ірі кәсіпорындармен арада жасасқан меморандумдарға сәйкес, бөлінген қаржыға бірқатар жұмыстар атқарылды. Дөң тау-кен комбинатының 2041 жылға дейінгі нақты даму жоспары, одан да ұзақ мерзімге жасалған стратегиялық даму жоспары бар. Стратегиялық маңызы жоғары өнім өндіретін кәсіпорын биылдың өзінде кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 430 миллион теңге бөлді. Осындай игілікті істерді аудан аумағында жұмыс істейтін басқа да кәсіпорындар іліп әкетті. Бұл Хромтау қаласының өзекті мәселелерін шешуге негіз қалады. Ал шағын қалаларды дамыту бағдарламасы қарқын алатын келесі жылдан күтеріміз де көп. Болашақта бұл қала адам танымастай өзгеретін болады. Оған шағын қалаларды дамыту бағдарламасы да, ірі кәсіпорындар да ықпал етері сөзсіз, дейді Хромтау ауданының әкімі Аязбай Османғалиев.
Аудан орталығындағы «Керамика» зауыты өндірісті қайта жарақтандырып, жұмысын жандандырды. Енді санитарлық фаянс бұйымдарын өндіретін жоба жүзеге асырылмақшы. Макарон фабрикасы да жобалық қуатына шыға бастады. Мұнда жақын күндері нан-бөлке, кондитер бұйымдарын шығаратын өндіріс желісі іске қосылады. Бұл жобаның жалпы құны 735 миллион теңге тұрады. Ал «Қазхром» ҰТК»АҚ жоғары көмірсутекті феррохром өндіруді арттыратын жобаны пайдалануға бермекші. Бұл жобалар пайдалануға берілгенде жаңадан 720 жұмыс орны ашылады. Дөң тау-кен байыту комбинаты өндірісті жаңартуда. «Восход-Ориел» ЖШС, «Ақтөбе мыс комбинаты» ЖШС ырғақты жұмыс істеуде. Өндірісі қарқын алып келе жатқан қалада маман жұмысшылардың жетіспеушілігі сезіледі. Дәнекерлеуші, аппаратшы, лаборант, бағдарламашы, КИИП жұмысшысы сияқты мамандықтарды игергендерге сұраныс жоғары. Хромтау тау-кен колледжінде сұранысқа ие маман жұмысшыларды даярлау қолға алынған. Қазір мұнда 600 шәкірт әртүрлі жұмысшы мамандықтарына оқытылуда. Жылына 135 маман жұмысшы бітіріп шығады. Соның өзі де аздық етуде. Мұның өзі ауданда өндірістің қарқынды дами бастағанын көрсетсе керек.
Ауданда шағын және орта бизнестің дамуы да тәуір. Тіркелген 236 шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 4 мыңға жуық адам еңбек етеді. Соның басым көпшілігі қалада жұмыс істейді. Ауданда үстіміздегі жылдың сегіз айында ғана 113890 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген.
Совет Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасында қалақұраущы кәсіпорындардың іс-әрекеттерінен толығымен бағынышты, жоспарлы экономика кезінде құрылған бір салалы елді мекендер қалды.
Нарықтық экономикаға ауысу тұсында бір салалы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық түйінді мәселелері өткір байқалды.
Осыған сәйкес, Үкіметпен 2012-2020 жылдарға арналған бір салалы қалаларды дамыту Бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаға сәйкес, бірсалалы қала – бұл қала өнеркәсіп өндірісі және еңбекке жарамды тұрғындары (20% немесе жоғары) бір немесе бірнеше қалақұраушы мекемелерде, бір салалы немесе шикізат өндіру бағытында шоғырлануы.
Бағдарламаның белгіленген шарттарына байланысты, Республикада 27 бір салалы қала белгіленді, соның ішінде Хромтау қаласы, бірсалалы жоғары сатыда дамыған.
Осыған байланысты «Хромтау қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспары» әзірленіп, облыстық маслихаттың сессиясында 2012 жылы 17 қазан айында №68 шешімімен бекітілді.
2012 жылы Хромтау қаласын дамыту мақсатында, бағдарламаға сәйкес, республикалық бюджеттен 96,8 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді. Үстіміздегі жылға 3-үш жобаны жүзеге асыру жоспарланып, толығымен жүргізілді:
1. Балалар ойнайтын алаңды аулаға орнату;
2. Хромтау аумағынан өтетін
«Самара-Шымкент» автожолының
3. Хромтау қаласындағы
саябақты абаттандыру және
Көлемі 7200 м2 аула алаңына орнатылған балалар ойнайтын алаңға 72 орындықтар және қоқыс салғыштар, 18 данадан әткеншектер, каруселдер, таушалар, құм алаңы және саңырауқұлақшалар орнатылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, балдардың бос уақытын ұйымдастыру жақсарды.
Хромтау аумағынан өтетін «Самара-Шымкент» автожолының көше жағын жарықтандыру сәтінде 115 бағана, 112 шамдар орналастыру жұмыстары жүргізілді.
Хромтау қаласындағы саябақты абаттандыру және көгалдандыру кезеңінде, қаралған жоспар бойынша жазғы сахна, су бұрқақтар, 80 декоративті жарық шамдар, ту қондырғы орнықтырылды. Және де №2 Хромтау мектеп гимназиясының және мектептен тыс білім беру Орталығының жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары 20,0 млн.теңге көлемінде жүргізілді.
Қаланың инженерлік инфрақұрылымдарының дамуына 2013 жылға 13 іс шаралар қаралды,барлығы 1,0 млрд.теңге көлемінде.
1.Хромтау қ. «№22 квартал» тұрғын үй массивын электр энергиясымен жабдықтау ішкі кварталдық инженерлік желілердің құрылысы-164,4 млн.теңге;
2. Қала ішілік жолдар құрылысы мен оларды қайта салу – 205,3 млн.тенге ;
3. Хромтау қ. ішкі қалалық автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу-23,2 млн.теңге ;
4. Хромтау қ. әлеуметтік
сала объектілерінің жылыту
жөндеу жұмыстарын жүргізу- 50,0 млн.теңге;
5. Хромтау қ. көпқабатты үйлердің аулаларын жайластыру – 20,0 млн.теңге;
6. Хромтау қаласының бас жоспарын құрастыру - 52,1 млн.теңге;
7. «Қол жетімді тұрғын
үй-2020» Бағдарламасы бойынша
үйлерге инженерлік желілердің құрылысы – 77,8 млн.теңге ;
8. Хромтау қаласы орталық
көшелерінің жарықтандыру
жарақтау -20,0 млн.теңге;
9. №4 ОТК (оқытып-тәрбиелеу кешені) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу- 76,6 млн.теңге ;
10. Хромтау қ. денсаулық
сақтау объектілерін
жабдықтау – 194,6 млн.теңге;
11.Хромтау қаласында
28,0 млн.теңге;
12. 25 кондоминиум объектілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу –
-100,0 млн.теңге;
13. Хромтау қ. жедел басқару
Орталығының ғимаратына
жұмыстарын жүргізу -10,0 млн.теңге;
Қаралған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бүгінгі күні жобалы-сметалық құжаттары дайындалуда.
Қаланың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру жұмыстары, біріншіден, 3 «зәкірлік» инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы арқылы жүргізіледі.
2013 жылдан бастап, «Ақтөбе
нан өнімдерінің комбинаты»
Бұдан басқа 500 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделетін, инновациялық технологияларды пайдалана отырып жоғары көміртекті феррохром өндіретін ферросплавтық зауытының құрылысы, жобаның жүзеге асырылуы 2019 жылға дейін, 107,0 млн.теңге жалпы инвестициялық көлеммен жоспарлануда. «Керамика» АҚ кәсіпорнында жобалық қуаты жылына 100,0 мың дана, 2,5 млрд.теңге инвестициялық жалпы құнымен санфаянс бұйымдарын шығаратын, зауыттың құрылысы жоспарлануда.
Бүгінгі күні жоғарда аталған іс шаралар бойынша дапйындық жұмыстары жүргізілуде.Бірсалалы қаланың экономикасын әртараптандыру шешіміне келгенде, кешенді жоспарда ұлттық холдингтердің белсенді қатысуы қаралған.
Бүгінгі күні «Керамика» АҚ, «Самрұқ-Қазына» ҰАҚ» АҚ мен Қандыағаш қаласындағы балалар үйіне көлемі 2000 шаршы метр 6 түрлі керамикалық тақтайшалар жеткізуге меморандумға қол қою мақсатында келісім сөз жүргізілуде.
Әртараптандырудың бір маңызды механизмі, қала құраушы кәсіпорынның қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы. Дөң тау кен байыту комбинатымен аутсорсинг механизмін пайдалана отырып сыртқы ортаға бірнеше қосалқы өндірістік және қызмет көрсету функцияларын беруі. Мекемемен кәзіргі уақытта тамақтану цехы жеке фирма «Фудсервис +» ЖШС өтті. Алдыңғы уақытта аумақты тазалау, ет және сүт өңдейтін «Агрофирма» цехтарын тапсыру жоспарлануда. Қала құраушы мекемемен жүргізілген жұмыс, кіші және орта бизнестің дамуына оң ықпалын көрсетуде.
Кіші және орта бизнесті дамыту мақсатында, 2013 жылдан бастап, кешенді жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда:
1. Инженерлі-коммуникациялық
инфрақұрылымның дамуы. Бір салалы
қаланы дамыту Бағдарламасы
2. Кәсіпкерлікке оқыту
мақсатында шағын несие беру.
Бір салалы қаланы дамыту
3. Кәсіпкерлікті қолдау
мақсатында Орталық құру. «Даму»
КДҚ» акционерлік қоғамымен
4. Бизнес инкубатор құру.
Бүгінгі күні талапқа сай
5. Қалақұраушы кәсіпорынмен
партнерлық бағдарламаны
Осы жағдайда қалақұраушы кәсіпорынмен және басқа мекемелермен
түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бірсалалы қаланың әрі қарай дамуы, қалақұраушы кәсіпорынның және басқа да шаруашылық субъектілерінің кадрмен қамтылуына байланысты болады.
Осыған орай Кешенді жоспарда жұмыссыз және аз қамтылған халықты оқытып және өз бетімен әрекет еткен адамдарды жұмысқа орналастыру қарастырылған.
2013 жылы кәсіптік дайындықтан және қайта дайындықтан өтуге 20 адамнан қамтылады. Және де мақсатты топтағы халықтың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету жоспарлануда. 97 әлеуметтік жұмыс орны ашылады және 47 адам жастар тәжрибесінен өтуге жіберіледі.
Осы мақсатта барлығы 32,7 млн.теңге қаралды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан экономикасының кеңістіктік дамуы үлкен сараланыммен сипатталады. Бұл табиғи-шикізаттық, өндірістік, кадрлық әлеуеттердегі үлкен айырмашылықтармен ғана емес, сондай-ақ өңірлердің қалыптастасқан мамандану деңгейімен, олардың нарық қатынастарына, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестік жағдайларына бейімделу деңгейімен дәлелденген. Өнеркәсіптік бір саласы басым болатын қала мекендерінің болуы, білікті кадрлар мен инвестицияларды қатыстыруда тиімді болмайтын бәсекелес позициялар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың көпшілігінің технологиялық қалыс қалуы, жастардың неғұрлым ірі қалаларға қоныс аударуы Совет одағының теріс саясатының өркендеуі болған. Қазақстанның шағын қалаларының экономикалық дамуының негізгі мәселелері болып табылады.
Шағын қалаларды жандандырудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, бәсекеге қабілетті артықшылықтарын ескере отырып, нақты қаланың даму стратегиясын әзірлеу, шағын және орта қалалардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің мониторингісін жүргізу, әлеуетті анықтау және бар мүмкіндігін ескере отырып, қаланың дамуының стратегиялық бағыттарын белгілеуі өзекті мәселе болуы тиіс.
Әртүрлі аумақтарда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау саясаты тұрғындардың әлеуметтік топтарының мүдделерін және әлеуметтік шиеленісушілікке әкеп соқтыратын жағымсыз әлеуметтік үдерістердің дамуын болдырмау тетіктерін әзірлеуді ескере отырып базаланады. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету моноқалалардың социумын құрайтын тұрғындардың барлық топтарын әлеуметтік қолдауды жүргізбей мүмкін болмайды. Ең алдымен, табысының деңгейі төмен болатын, тұтыну әлеуеті төмен болатын және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі төмен болатын азаматтарға - ерекше қолдау көрсетуді қажет етеді.
Қазақстан қалаларының қазіргі жағдайдағы тиімді дамуы, әлеуметтік даму саласының 3 бағытына бейімделуі тиіс: халықты жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын жасау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Президент Н.Назарбаевтың айтуы бойынша, бұның барлығы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталуы қажет. Жұмыс берушілер мен инвесторларды капитал салудың, экономиканы жаңартудың, жеке кәсіпкерлікті дамытудың нақты бағыттарына қарай бейімдеудің де маңыздылығы жоғары. Жылдамдатылған экономикалық жаңартусыз үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасын жүргізу мүмкін емес. Конструкциялық бағыт-бағдарсыз атап өтілген бағыттардан келер пайда аз, қалалардың экономикалық әлеуетін, олардың күшті және әлсіз жақтарын зерттеп, қауіпті жақтарын және мүмкіндіктерін анықтау толық сараптаудан өтуі қажет. Бұл — өте күрделі жұмыс, сондықтан ол болашақта адами әлеуетті дамытуды талап етеді.
Информация о работе Қазақстандағы шағын қалалардың қазіргі жағдайы