Қазақстандағы шағын қалалардың қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2015 в 18:40, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық даму орталықтары арасында орналасқан, көліктік байланысты қамтамасыз ететін аумақтар жүк ағындарын көбейту, инновацияларды тарату, инфрақұрылымдарды дамыту арқасында қосымша серпін алады. Сондықтан олар «өсу полюстерімен» бірге тұтастай өңірдің немесе елдің экономикалық дамуының кеңістіктегі қаңқасын анықтайтын даму осьтеріне (дәлізге) айналады.

Содержание

КІРІСПЕ
I ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Шағын қалалардың мәселелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1.2 Қалалардың типтері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1.3 Қалаларды дамытудың теориялық аспектілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
2 .1 Қазақстандағы шағын қалалардың қазіргі жағдайы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2 Моно қалалардың даму ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
III Шағын қалалардың дамуы Хромтау қаласының мысалында
3 Келешегі кемел кеншілер қаласы –Хромтау шағын қалалардың бірі. . . . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.docx

— 81.40 Кб (Скачать документ)

«Шағын  қалалар»  санатына  келетін  болсақ, бұл  халықтың  көп  болу  критерийінің,  яғни  тұрақты тұрғындар  санының  негізінде  бөлінетін  халықтың жинақы  түрде  тұру  жүйесі.  Әдетте  заманауи  шағын қалада  тұрғындарының  саны  50  мыңға  дейін  жетеді, ұйымдастырушылық-басқару  қызметтері  атқарылады, белгілі  бір  дәрежеде  дамыған  өндірістік  базасы  бар, оған  инфрақұрылым  мен  көріктендірудің  белгілі бір  элементтері,  көп  қабатты  құрылыстар,  жер телімдері  жақын  орналасқан  үй  шаруашылығы  тән.

Шағын  қалалар  қала  халқының  ұдайы  өсуі,  қаланың аумағындағы  әрбір  адамның  қажетті  күнделікті қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  барлық  қажетті заттармен  жабдықталған,  қаланың  аумағында орналасқан  тұрғындар  шоғырланған  аумақтық  тұтас және  жинақы  кеңістіктер  болып  табылады.  Қазіргі уақытта Қазақстанда 87 қала бар, олардың шамамен 60-ы шағын қала мәртебесіне ие, ал оларда тұратын халықтың  жалпы  саны  шамамен  1,5  млн.  адамды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Қалаларды дамытудың  теориялық аспектілері

 

 Қалалардың  пайда  болуы  мен  экономикалық  дамуының  негізгі  үрдістерін  түсіндіруге  негіз  болып табылатын  кейбір  базалық  теориялық  ережелерді қарастырайық. Олардың  біріншісі,  едәуір  кең  тараған  түрі  – кеңістіктік артықшылық теориясы немесе орналасу теориясы. Бұл теорияға сәйкес кеңістіктік артықшылық кез  келген  экономикалық  қызметте  көрінеді  және өндірістің қандай да бір түрлерінің толық анықталған елді мекендерде орналасуына мәжбүрлейді. Басқа сөзбен айтқанда,  әрбір  қаланың  шикізат  көздеріне  немесе өндірістің  басқа  да  факторларына  (жұмыс  күші,  жер, энергия) немесе өткізу нарығына жақын орналасуымен байланысты өзінің аумақтық артықшылықтары болады. Әдетте  шикізатқа  аса  тәуелді  өндіріс  шикізат  көзіне жақын орналасады, ал айтарлықтай көлік шығындарын болжайтын өндіріс өткізу нарығына жақын орналасады. Мысалы, алюминий өнеркәсібі арзан электр энергиясы көздеріне,  металлургия  зауыты  темір  кені  мен  тас көмір  кенін  өндіру  орындарына  жақын  орналасады. Бұл теория белгілі бір дәрежеде еліміздегі қалыптасқан өндіріс күштерінің орналасуын түсіндіреді.

Қалалар  мен  қалалық  кенттердің  қалыптасу қағидаларын  түсіндіретін  басқа  теория,  қалалық қоныстардың  көлік  өзгерісінің  негізінде  орналасу теориясы болып табылады. Ол алғаш рет С. Cooley жұмыстарында  берілген  болатын.  Бұл  қалалардың пайда  болу  теориясының  негізінде  елді  мекендердің басымдықтағы  көлік  жолдарының  айналасына шоғырлануы  жатыр.  Мысалы,  бастапқыда  қалалар мен  қалалық  қоныстар  ірі  өзендердің,  теңіздердің, аумақтарды  экономикалық  игеруге  арналған «қақпалар», минералдық  шикізатты және жер шаруашылығы  өнімдерін  тасып  шығару  порты секілді  су  жолдарының  бойында  пайда  болған.  Көлік жолдарының  айналасында  қалыптасқан  дәл  осы орталықтарда барлық өнеркәсіптер, банктер, білім мен мәдениет  орындары  шоғырланған.  Басқа  аумақтар ұзақ уақыт нашар игеріліп, онда ірі елді мекендер мен қалалар болмады.Темір  жолдарының  пайда  болуымен  ірі  теміржол тораптарында  қалыптасқан  қалалардың  рөлі арта  бастады.  Осы  теорияға  сәйкес  Қазақстанда өнеркәсіптік-көлік орталықтарыретінде қалыптасқан шағын қалаларды бөліп алуға болады – бұл Қандыағаш, Ембі,  Шалқар,  Аягөз,  Шар,  Шу,  Арыс.  Сонымен  көліктік өзгеріс  теориясын  басшылыққа  алатын  болсақ,  көліктің жаңа  түрлерінің,  байланыс  пен  коммуникацияның

пайда  болуы  мен  дамуының  нәтижесінде  көлік тораптарына байланыссыз елді мекендер пайда бола бастады.  Оның  үстіне,  постиндустриалдық  қоғамның қалыптасуы мен ақпараттық өрістің дамуына қарай бұл теория өзінің мәнін жоғалтатын болады.

Қаланың орталық орны  теориясы – неміс географтары В.Кристаллер-дің  және  А.Лэманың еңбектерінде  көрініс  тапты.

Тұжырымдама  қалалық аумақты  ұстау  үшін  өнімді  ауыл  шаруашылығы жерлерінің біршама мөлшерінің қажеттігін пайымдауға негізделген. Қалалық  сауда  зонасының, сондай-ақ ауыл  аумағының қызмет етуі  үшін қажетті  аймақты құрайтын қатынастар туындайды.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы  өнімін  қайта өңдейтін, басымдықпен  дамитын  салалары  бар қалаларға  19  қаланы  жатқызуға  болады:  Ақкөл, Арқалық,  Атбасар,  Есіл,  Степняк,  Сарқанд,  Жаркент, Қаскелең,  Үштөбе,  Есік,  Үшарал,  Талғар,  Шемонаих, Зайсан,  Булаев,  Мамлютка,  Сергеевка,  Тайыншы, Жетісай.

Қазіргі  заманғы  аймақтық  дамудың  әлемдік теориясында Дж.Кольб-тің «ұяларды  дұрыс  тарату үлгісі» жалпы  қабылданған  үлгі  болып  саналады.

Бұл  үлгінің  мәні  елді  мекендердің  «ұйыған»  түрде шоғырланып орналасуында: ірі қала орталық орнында таралып  орналасады,  оның  ықпал  ету  шекарасына шағын қалалар жақын орналасады; шағын қалалардың айналасында  олардың  өткізу  аймағының  шетінде ауылдық елді мекендер орналасады. Дж. Кольбтің үлгісіне сәйкес шағын қалалар немесе орталық-қалаға  тікелей  жақын  орналасатын  серік-қалалар  көбінесе  жатын  аудандар  немесе  қосымша өнеркәсіп алаңдарының рөлін атқарады. Халық қала-орталыққа  жылдам  жете  алады,  бұл  оған  жұмысқа орналасуға,  өзінің  біліктілігін  арттыруға,  көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық  қызмет  түрлерін  толыққанды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте экологиялық артықшылықтар  маңызды  емес  немесе  олар  мүлдем жоқ. Осы жүйе бойынша еуропалық дамыған елдердің көптеген  ірі  қалалары  мен  астаналары  дамиды.

Қазақстанда «ұяларды дұрыс тарату үлгісі» енді ғана қалыптасып  келеді,  олар  едәуір  өрістеген  түрінде Алматы,  Астана  және  Қарағанды  қалаларының айналасында қалыптасуда. Агломерация  орталығынан  алпыс  километр  радиус қашықтықта орналсқан қалалар мен елді мекендердің серік-қалалармен  салыстырғанда  артықшылықтары басымырақ:  бір  жағынан  мұнда  еңбек  және  оқу мақсаттарымен  халықтың  күнделікті  көшіп-қону мүмкіндігі  сақталады,  екінші  жағынан  –адамдардың өмірі  үшін  барынша  қолайлы  экологиялық  жағдай қалыптасқан.

Алпыс километрден астам қашықтықта орналасқан елді  мекендер  ең  қолайлы  экологиялық  жағдайда болып  табылады,  бірақ  бұл  жерде орта-лыққа  бару еркіндігі  біршама  уақыт  жұмсауға  байланысты шектелген.  Сәйкесінше,  жеке  және  кәсіби  жағынан өсу  мүмкіндіктері  шектелген. Өмір  сүру  қалпы  ауыл тіршілігіне жақын.

Әлемдік  тәжірибеде  көптеген  шағын  қалалардың пайда болуы қаланың мамандану қызмет бағытының негізінде  оның  орналасуын  түсіндіретін  теориялық тұжырымдаманың  ережелеріне  сәйкес  болған. Әсіресе, қаланың атқарымдық мамандануы теориясы шахтерлік  немесе  металлургиялық  қалалардың пайда  болуы  кезінде  айқын  болды.  Мысалы,  Оралда негізінен  зауыт-қалалар  құрылды.  Кейбір  қалалар осы  атқарымды  сақтап  қалды, кейбіреулері  –  оларды жоғалтты  немесе  басқа  атқарымдарды игерді.  Мұндай қаланың  басты  айрықша  ерекшелігі,  оның  өндірісті орналастыру  жүйесіндегі  мамандану  факторларына тікелей  тәуелділігі  болып  табылады.  Әдетте,  мұндай қалалардың аумағында жергілікті халықтың өмір сүру деңгейіне  түпкілікті  негізде  әсер  ететін  бір  немесе бірнеше кәсіпорындар қызмет етеді.

Дәл  осы  қалалар  моноқалалар немесе моноөнеркәсіптік  қалалар  атауына  ие  болды,  яғни  бір жақты мамандандырылған  экономикалық  базасы  бар қалалар.Бұл  қалаларға,  әдетте,  қалалық  қоныстың қызмет  етуі  мен  қала  тіршілігінің   барлық  маңызды аспектілеріне ықпал ететін, ірі қала түзуші кәсіпорынмен тығыз байланыстың болуы тән.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ШАҒЫН  ҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

2.1  Қазақстандағы шағын қалалардың қазіргі жағдайы

 

Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның шағын қалалары мен аймақтарын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша көптеген жұмыстар көзделген. «Ірі кәсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қалалардың дамуы — өз алдына бөлек мәселе… Қазақстанда келешегі зор қалалар шоғырына Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент шаһарлары жатады», — деді Елбасы Жолдауында. Осыған байланысты, Елбасы үкіметке елді мекендер шоғырын (агломерация) дамыту жөнінде бағдарлама қабылдауды тапсырды. Ғалымдардың болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Қазақстан қалаларында ел тұрғындардың 70%-ынан астамы өмір сүріп, жұмыс жасайтын болады. Елімізде Алматы маңында агломерацияның қалыптасу үрдісі бастапқы сатыда тұр. Алыс болашақта халық санының өсуі, жаңа қалалардың құрылуы және оңтүстік астанамыздың Қапшағай, Талғар, Есік, Қаскелең сияқты қалалармен және жақын қоныстанған елді мекендермен қосылуы нәтижесінде байқалуы мүмкін.

Президент Н.Назарбаев 2009 жылы Ақтөбе қаласы халқының санын болашақта 1 миллионға жеткізу міндетін жүктеді. Осыған байланысты ғалым-мамандар Ақтөбе қаласы дамуының математикалық-экономикалық моделін жасады. Осы модель бойынша 2040 жылға қарай Ақтөбе миллиондар қаласына айналып, бұл өңір Батыс Қазақстанның астанасы аталады. Ғалымдардың пікірінше, миллиондық межеге жету үшін қала халқы 2,5 еседей өсуі қажет. Бірақ қаланың бұл мәртебеге қол жеткізуі басқа да факторларға байланысты жүзеге асырылуы керек, өйткені жалпы Ақтөбе облысында тұратын халықтың саны — 765 мың. Сарапшылардың пікірінше, мұндай ұзақ мерзімді болжамның жүзеге асуына барлық алғышарттар бар: қалада мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму стратегиясы белсенді жүргізіліп, тау-кен металлургия, мұнай-газ өңдеуші және құрылыс өнеркәсіптері, жаңа индустриялық объектілері ашылады, ғылыми сыйымдылығы мол салалар қалыптасып, технополистер құрылады.

Қазақстанда 2010 жылдың аяғында 84 қалада — 8,9 млн. (55,3%), ауылдық жерде  7,5  млн. (44,7%) адам тұрып жатқан. Егер Қазақстанда 1926 жылы 44 қала мен қала типтес кенттер болса, 2009 жылы олардың саны 325-ке жетті. Қалалар бір-бірімен білікті жұмыс күші мен әлеуетті инвесторлар үшін әлемдік бәсекелестікке түсіп кетті, өйткені қала қазіргі заманғы әлемде инновация аймағындағы өзіндік мүддесі бар біртұтас ағза болып отыр.

Қазір қалалар негізінен өндірістік, зияткерлік және ғылыми әлеуеті зор, жаңашылдық пен инновацияның тарихи қалыптасқан орталықтары болып табылады. Сәйкесінше, қалалар даму технологияларына, инновацияларға деген сұранысты талап етіп, өздері соны қанағаттандырады. Барлық заманда  осылай болған және болашақта да солай болады. Бірақ дәл қазіргі уақытта әлем қалалардың түпкілікті өзгерісінің дәуіріне қадам басты.

Қазақстан қалаларының қазіргі жағдайдағы тиімді дамуы, әлеуметтік даму саласының 3 бағытына бейімделуі тиіс: халықты жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын жасау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Президент Н.Назарбаевтың айтуы бойынша, бұның барлығы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталуы қажет. Жұмыс берушілер мен инвесторларды капитал салудың, экономиканы жаңартудың, жеке кәсіпкерлікті дамытудың нақты бағыттарына қарай бейімдеудің де маңыздылығы жоғары. Жылдамдатылған экономикалық жаңартусыз үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасын жүргізу мүмкін емес. Конструкциялық бағыт-бағдарсыз атап өтілген бағыттардан келер пайда аз, қалалардың экономикалық әлеуетін, олардың күшті және әлсіз жақтарын зерттеп, қауіпті жақтарын және мүмкіндіктерін анықтау толық сараптаудан өтуі қажет. Бұл — өте күрделі жұмыс, сондықтан ол болашақта адами әлеуетті дамытуды талап етеді.

Қазіргі таңда қалаларды, әсіресе шағын қалаларды қолдауға байланысты мемлекет тарапынан жасалатын іс-шаралар, төменгі қажетті өмір сүру деңгейін сақтай отырып ең маңызды деген мәселелерді шешуге қаржы ресурстарын бөлумен шектеледі. Қалалық елді мекендердің проблемаларының көптігін ескерсек, шағын және орта қалаларды дағдарыстан шығарудың бұндай жолы аса тиімді емес. Негізгі міндет — қала экономикасын тұтас қатыстыра отырып қалада жұмыс жасауға мүмкіндік беретін әлеуметтік жағдай жасау, өзін-өзі дамыту  механизмін құру және осы арқылы халықты жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу.

Қазіргі таңда Қазақстанның шағын қалаларында жолдардың жоқтығы, білім берудің және денсаулық сақтау салалары деңгейінің төмендігі, баспана мен жұмыс орындарының жетіспеушілігі секілді өткір мәселелер бар. Соңғы 10 жыл ішінде еліміздегі қала халқының үлесі 2,4%-ға қысқарды. Бұрынғы өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес функцияларынан біртіндеп айрылып бара жатқан кейбір қалалар (мысалы Темір, Жем, Державинск, Текелі, Форт-Шевченко, Қазалы және т.б)  қала типтес кенттер қатарына өтуі керек. Дезурбанизация процестері халықты қоныстандырудың жаңа жүйесін қалыптастырды және мемлекет қала халқын өзгермелі нарықтық экономика жағдайларына бейімдеді. 2002 жылы экономикалық зерттеулер институты құрастырған «Қазақстанның өндірістік күштерін дамыту мен орналастырудың келешектегі негізгі бағыттарына» сәйкес, Қазақстанның ерекше күйзелу жағдайындағы және артта қалған қалалар анықталған. Үкіметтің уақыт өте қабылдауға мәжбүр болатын, шағын қалаларды әлгіндей жағдайдан шығарудың бағдарламасы қалалардың экономикалық дағдарысының себептерін жоя алмайды, өйткені олар түп-тамыры тереңде жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерден туындаған.

Өткен ғасырдың 60-80 жылдары шағын және орташа қалалардың мәселелері мемлекеттік деңгейде бірнеше рет қаралды, көптеген үкімет қаулылары шығарылды, бірақ бұлардың көпшілігі орындалған жоқ, себебі олардың мақсатты түрдегі даму бағдарламасы болған жоқ. Қалалар мен жергілікті билік органдарының басқару жұмыстары деңгейінің төмендігінен басқару жүйесін орталықтандырылған және дотациялық механизмдерге ауыстыру —  көптеген шағын және орташа қалалық елді мекендердің күйзелуіне әкеліп соқтырды.

Жаңа экономикалық реформа кезінде, басқарудың орталықтандырылмаған жағдайында, шағын және орташа қалалардың өз бетінше дамыту қабілеттерін өзіндік ресурстар мен мүмкіндіктер негізінде қалпына келтіруге бағытталған мәселелерді шешуге жаңаша тәсілдер қажет. Егер қалалар мен аймақтардың қарым-қатынасы мемлекеттік деңгейде де тең құқылы негізде жүргізілетін болса, шағын және орташа қалалардың өз бетінше даму үдерісі оң нәтиже беруі мүмкін. Өзіндік  ресурстар негізінде шағын және орташа қалалардың одан әрі дамуы үшін оларға тиімді шарт негізінде өз ресурстарының бір бөлігін басқару мүмкіндігін беру қажет. Бұл шағын және орташа қалалардың тең құқылы шаруашылық жүргізуші және экономикалық қызмет субъектілері ретінде қарастырылуы тиіс екендігін білдіреді.

Қазіргі кездегі жергілікті басқару органдарының, денсаулық сақтау және білім беру секілді салалардағы әлеуметтік қызмет көрсетулерді тым болмаса минималды деңгейде арттыру бұл мәселелерді шешпейді. Сондықтан үкіметтің, аймақтық және қалалық басқару органдарының нақты қаржылай көмегі шағын қалалардағы жобаларды инвестициялау үшін кәсіпорындарға субсидиялар, заемдар мен салықтық жеңілдіктер көрсету түрінде жүзеге асырылуы тиіс. Көптеген қалалар дотациялық шарттар негізінде қызмет етеді, себебі табылған қаражаттың басым бөлігі жоғарыдағы бюджетке аударылады. Субсидия алушының конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша қабылданған оң шешімі мен аймақтағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің құқықтық актісі  инновациялық жобаларға субсидия берудің негізі болып табылуы тиіс.

Меніңше, шағын қалаларды күйзелісті жағдайдан шығару үшін инновациялық жүйені құрудың орталық және аймақтық билік көмегімен жүзеге асырылатын, экономикалық қолдау көрсетудің жан-жақты шараларын қарастыратын мақсаттық кешендік бағдарлама жасалуы қажет. Бұл құжаттарды барлық мүдделі тараптар (мысалы, үкімет, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменттері, кәсіпорындардың, ғылыми мекемелердің және университеттердің басшылығы) жасап, жүзеге асырады. Бұндай бағдарламада олардың әрқайсысының жауапкершілігі мен өзара қарым-қатынас жасау принциптері нақты анықталуы тиіс.

Информация о работе Қазақстандағы шағын қалалардың қазіргі жағдайы