Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 19:39, реферат
Үшінші, дағдарыстың өсуі мен ұшығу кезеңі: тұрақтанған саяси құрылымның ыдырауы, энтропияға бастайтын мемлекеттік билік жүйесі, яғни ыдырау, мемлекеттік биліктің құнсыздануы, билік органдарының негізгі сапасын жоғалтуы- қоғамдық үдерістері басқаруға ықпал етеді. Бұл жағдайда басқарудың жалпы жүйелілігін қарастырамыз. Әрине, бұл кезеңдерді бөліп қарау салыстырмалы және шартты сипат алады. Іс жүзінде барлығы әлде қайда күрделірек. Көрсетілген кезеңдер арасында “қытай қабырғасы” жоқ . Өмір өзені “тоғызыншы валюталарды” тудыратын толқындардың қайда және қашан жиналатынын байқауға мүмкіндік бермейді.
Кіріспе
1.1 Дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеу.
1.2 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жылғы 29 қаңтар.
1.3 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар.
1.4 Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы дағдарысты жағдайдан шығу әрекеттері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Өтпелі кезең экономикасы күрделі, қарама-қайшылықты екені белгілі. Өндіріс дамуының құлдырауының нақты себебіне, оны тұрақтандыратын факторларға түсініктеме бермес бұрын, кең ауқымды, терең экономикалық қиындықты жылдамдатқан алғашқы себептерге тоқталып өткенді жөн санап отырмыз.
Өткенсіз болашақ жоқ,
сондықтан қазіргі уақытқа
Экономика дамуының төмендеуіне нашар көріністердің болуына сол кездегі жіберілген қателіктер әсерін тигізді. Кәсіпрындарға толық экономикалық дербестік беру көзделді. Жалақыны да өз қалаулары бойынша берді. Мемлекеттік директивалық жоспар мемлекеттік тапсырмамен ауыстырылды. Мемлекеттік тапсырма бақылау сандары, лимит, норматив болатын болды.
Екінші қателік - мемлекеттің экономиканы реттеп отырмауы. Ведомствалар мен министрліктер қайта құрудың жүргізушісі емес,тек бақылаушысы болды. Олардың іс-қимылын ешкім бақыламады. Соның салдарынын халықтың ақшалай табысының өсуіне ешкім бақылау жасамады.
Үшінші қателік-мемлекеттің кәсіпорындарға деген немқұрайды қарым-қатынасынан туындады.
Нарыққа өтпелі кезеңнің басынан бастап экономиканы мемлекет дұрыс реттеп отырғанда, экономикалық дағдарыс болмаған болар еді, тек 1993 жылы ғана экономиканы экономикалық тәсілмен басқару керек екендігі, мемлекеттің экономиканы реттеу қажеттігі түсінікті бола бастады.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізудегі жіберілген қателіктер де дағдарыстың күшеюіне әсерін тигізді. Осындай себептерге байланысты болған дағдарыстың салдары өндірістің төмендеуіне инфляцияға, жұмыссыздықтың өсуіне халықтың көп бөлігінің кедейшілік жағдайға жетуіне, халықты отандық тауарлармен қамтамасыз ете алмауға әкелді. Осындай дағдарыстан шығудың жолы ақша- несие және салық-бюджет саясатын ұдайы жетілдіру, мемлекет тарапынан экономиканы реттеу, экономиканы ұлттық капиталмен инвестицияла, бәсекеге төтеп бере алатын тауарларды өндіру, шаруашылықтарда өндірістік-экономикалық қатынастарды орнату, шаруашылық ынта-ұсынысын мемлекет тарапынан қолдау, іскерлікті дамыту, кәсіпорындарға экономикалық дербестік беру, бәсекені дамыту, өндірісті ұлғайтуды барынша ынталандыру, еңбек ұжымдары мен барынша халықтың ортақ мүдделерін көздейтін іспен айналысу, коммерциялық жүйелердің қызметін реттеу, мемлекеттің реттеуші рөлін кеңінен пайдалану, ұлттық валютаның құнын түсірмеу, және тағы басқа.
Ауыл шаруашылық өндірісінде инвестициялық үдерісті мемлекет тарапынан реттеудің объективті қажеттілігі тікелей жер мен тірі табиғатты өндіріс құралы,зат және еңбек сайманы ретінде пайдалануы, капиталдық төменгі дәрежелі құрылымы маусымдық жұмыс,қор қайтарым деңгейінің төмендігі, капиталға деген қажеттіліктің өсуі мен тағы да басқа ерекше факторларға негізделген.
Аграрлық секторда инвестициялық қызметті мемлекет тарапынан реттеудің негізгі мақсаты-бұл, ең алдымен өндірісті іске қосып, халықты азық-түлікпен және басқадай тауарлармен қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті қалыптастыру халықты жұмыспен қамту, ауылдың әлеуметтік жағын дамыту және инвесторлардың инвестициялық белсенділігін арттыру.
Қазақстанда мемлекет тарапынан ауылды дамытуда үш басымдылық белгіленген: азық-түліктің жеткіліктілігі, экспорқа шығатын өнім өндірісін ұлғайту және ауылда лайықты өмір сүру дәрежесін көтеру, шикізатты қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаны қалыптастыру мен талдау деңгейінде ауыл шаруашылығын жалпы экономикалық жағдайын бағалау.
Л.Эрхардың реформасының
дағдарысқа қарсы бағытталуы.
Ғалым, саясаткер, ФРГ-ң екінші концелері –Людвиг Эрхардты (1897-1947) "германиялық ғажайыптың" архитекторы аса санайды.
Соғысттан кейінгі кезде Батыс Германия экономикасының күйі өте нашар болуы: өндірістің көп бөлімі бұзылды.1946 жылы өндіріс жүйесі 1939 жылы соғысқа дейінгі деңгейінің 3 тен 1 бөлігін құрады.
Елдің қаржылық күйі толығымен құлдырады.Ақша сомы тауарлық қорлардың бағасын шығарып, осыдан жетіспеушілік, картачканың пайда болуы, дүкен сөрелерінің босап қалуына әкеліп соқты.Құлдырау соғысқа дейінге қарағанда 600 пайызға жетті.Ұсақ және орташа қабаттар соғыстың әсерінен жойылып, болашаққа сенімсіз болып қалды.Қалалардағы өндірістің қирауынан және Германиядағы Шығыс аймақтарындағы немістердің оралуынан тұрғын үй тапшылығы орын алды. Осы кезде Людвиг Эрхард елді терең экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа алып шығатын реформа жасап жүргізді.Соның арқасында аз уақыт ішінде (шамамен 10жыл) әлемдік экономикасы гүлденген елдердің алды болды.
Дағдарысқа қарсы реформаның теориялық фундаменті Людвиг Эрхард жасаған "Әлеуметтік нарықтық шаруашылық" концепциясы болды.
Бұл тек қана теория емес, сонымен қатар елдің келбетін терең өзгерткен саясат болды.Өзінің теориялық құрылымы бойынша "Әлеуметтік нарықтық шаруашылық" кейінсиан теориясының құрылымына ұқсас болды.
Эрхард мықты мемлекеттің
Мемлекет қиындық көрген бағыттар, әсіресе көмір және электро техникалық өндіріс, металлургия өндірістерін қолдады.Инвесторлар мен кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер берілді. Эрхард мемлекеттік рынокты қолайсыз жағдайларды жеңу үшін және таңдалған курстан таймас үшін қолданды."Менің көз жеткізгенім бойынша – деді ол, Германия өндірісінің федеральдық бірлестігінің мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде,-20 ғасырда бүгінгі әлеуметтік жағдайда экономикаға тек мемлекет қана жауап бере алады." Жүргізген түрлендірудің жетістігіне және ФРГ-ны дағдарыстан алып шығуда үлкен рөл атқарған сыртқы көмек болды.(Маршал жоспары бойынша экономикалық көмек, шикізат, өнім, тұқым, тыңайтқыштарды басқа каналдар бойынша әкелу).Германия экономикасына Америкалық транспорт және АҚШ армиясының басқа заттары әкелінді.Еуропалық қалпына келтіру бағдарламасы қорынан жеңілдетілген дағдарыстар берілді. 1948 жылы шілде айында жүргізілген бірінші шара құнсыз ақшадан құтылу және жаңа орнықты валюта жасау мақсатында жүргізген ақша реформасы.
Ақша реформасы Германия экономикасын барлық экономикалық механизмын деңгейлеудегі маңызды шара болды.Декрет жаңа валюта – дойчмаркты енгізді.Әр тұрғын 40 марк алды.Жинақ қорының жартысының әрқайсысын 1:10 қатынасы бойынша, ал екіншісі жартысын 1:20 курс бойынша айырбастады.
Соңында ақша массасының өлшемі (жеке ақшалармен банктық депозиттер) 14 еседей кеміді.
Ақша реформасынан кейін баға реформасы орын алды.Шаруашылық құрылымы принцип жайлы және баға саясаты еркін бағаға жіберілді,ресурстарды тарату басқармасы және осы уақытқа дейінгі экономикалық қатынастарды жөндеп келген көптеген нормативті құжаттар алынып тасталды.
Бұған біраз уақыт кейін дағдарыстық және салықтық саясат жайлы, өзіндік баға көтеруге қарсы шаралар жайлы және антимонапольдық және антипартельдік бұйрықтарға неге тағы басқа заңды актылар қолданылды.ФРГ тұрғындарының көпшілігінің сатып алу қабілетін ескеретін "тиімді баға" деп аталатын каталогтар жариаланып отырды.
Эрхардтың экономикалық саясатындағы маңызды элемент –экспортты үш есе өсірген –ФРГ –ның әлемдік нарықтағы бекітілуі.Ішкі нарықты сыртқы бәсекелестерден қорғайтын тиімді шаралар қолға алынды, салықтық төлем жеңілдетілді, жаңа жұмысшылар алуға және жұмысшылардың жалақысын өсіруге тиым салынды, мемлекеттік шығындарды үнемдеуге курс жүргізілді.Ұсақ және орташа бизнестерді дамытуға көп көңіл бөлінді.1953 жылдың өзінде 500 жұмысшы бар өндірістерге 50,8 пайызға дейін адам жұмыс жасады, және өндірістік өнімнің жартысы өндіріліп отырды.
Мемлекеттік органдар кадрларды алдын
ала дайындайтын, қоғамдық жұмысшыларды
дамытатын,жұмыссыздықты
Ел басының Қазақстан халқына арналған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауынан туындайтын халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын одан әрі жаңартуда болып отыр.Осы бағытта атқарушы органдарының негізгі міндеттері жоғарғы қарқында экономикалық өсуді одан әрі дамыту, жетілдіру негізінде 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, Агро-азық, Ауылдық аймақтарды дамыту, тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаларын іс-жүзінде жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) миссиясы - бұл Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру және оны іске асыруды үйлестіру. Пайымдауы - 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен жоғары сапалы өсуі.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Кораткова .Э.М."Антикризисное управление" инфра. Москва 2000г.
2. Ихданов Ж.О., Орманов Ә.О."Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері".Алматы экономика 2002ж.
3. Берденова Ә,Құбаев.Қ.Е,Кәрібай .А.Ш."Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптассуы мен экономиканың даму негіздері" Алматы экономика 1998ж.
4. Уткин .Э.А."Антикризисное управление" ТАНДЕМ 1997г.
5. Интернет желісі www.google.kz
Информация о работе Қазақстандағы экономикалық дағдарыстарының ерекшеліктері