Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 19:39, реферат
Үшінші, дағдарыстың өсуі мен ұшығу кезеңі: тұрақтанған саяси құрылымның ыдырауы, энтропияға бастайтын мемлекеттік билік жүйесі, яғни ыдырау, мемлекеттік биліктің құнсыздануы, билік органдарының негізгі сапасын жоғалтуы- қоғамдық үдерістері басқаруға ықпал етеді. Бұл жағдайда басқарудың жалпы жүйелілігін қарастырамыз. Әрине, бұл кезеңдерді бөліп қарау салыстырмалы және шартты сипат алады. Іс жүзінде барлығы әлде қайда күрделірек. Көрсетілген кезеңдер арасында “қытай қабырғасы” жоқ . Өмір өзені “тоғызыншы валюталарды” тудыратын толқындардың қайда және қашан жиналатынын байқауға мүмкіндік бермейді.
Кіріспе
1.1 Дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеу.
1.2 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жылғы 29 қаңтар.
1.3 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар.
1.4 Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы дағдарысты жағдайдан шығу әрекеттері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп атауды ұсынамын. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады. Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
– несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;
– шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;
– бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;
– кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары.
“Бизнестің жол картасы-2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады.Үкімет әкімдермен бірлесіп үшжылдық бюджет аясында әр өңірдің экономикалық әлеуетін есептеулерге негізделген жылдар бойынша бөлшектелген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуі тиіс. Бұл қаражат өңірлерге беріледі. Әкімдер бағдарлама бойынша қаржыландырылатын шағын және орта бизнес жобалары үшін толық жауапты болады. Үкіметке ӘКК-ні жергілікті атқарушы органдарға беруді тапсырамын, олар іс жүзінде бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік корпорациялар болады.
Отандық тауарлар – 2020 Жоспарын жүзеге асырудың табыстылық индикаторы
Біздің шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдау индустрияландырудың шешуші бағыты болуға тиіс. Қазақстан өнеркәсібі экспорттық рыноктарға отандық брендтердің кең ауқымды тізбегімен ұсынылуы керек. Сондықтан Үкіметтің міндеті – экспорттаушыларға негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыруды, экспортқа сервистік қолдау көрсетуді, экспорттаушыларға гранттар мен экспорттық саудалық қаржыландыруды қарастыратын біртұтас қолдау жүйесін жасау.
Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады:
біріншіден, бизнес-ахуалды елеулі жақсарту;
екіншіден, қаржы
жүйесінің тұрақты жұмыс
үшіншіден, сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру.
Үкіметке 2011 жылы бизнесті тіркеуге және бизнесті жүргізуге байланысты операциялық шығындарды 30%-ға, ал 2015 жылы тағы да 30%-ға қысқартуды тапсырамын. Онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі 40%-ға дейін көтерілуі тиіс. 2020 жылы Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі керек. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс. Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек. Қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер құруға бағытталуы керек. Банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау қажет. Банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек. Біз банктердің дағдарыс кезінде аман қалуына көмектестік, енді банктер экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуі тиіс.
Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін өзіндік бір “қауіпсіздік көпшігіне” айналды. Оның ендігі міндеті – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болу. Үкімет бюджеттің шикізаттық емес кірістер әлеуетін ұлғайтумен байыпты айналысуы тиіс. Осы онжылдықтың соңында бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспауы керек. Одан кейінде оны нөлге дейін жеткізу қажет. Үстіміздегі жылдан бастап республикалық бюджетке кепілді трансферт абсолюттік мөлшерде – 8 миллиард доллар көлемінде бекітілетін болады. Бұл трансферт ең алдымен индустрияландыруды жүзеге асыру мақсаттарына бағытталуы тиіс. Бюджетке Ұлттық қордан ешқандай займдар, өзге де ешқандай қосымша трансферттер болмайды. Осы көзқарастарды ескере келгенде, Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30%-дан кем емес мөлшерін құрайды.
Үкіметке үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын маған бекітуге ұсынуды тапсырамын. Тұтастай алғанда 2020 жылға қарай біз экономиканы жеделдете әртараптандырудың төмендегідей негізгі нәтижелеріне қол жеткізуге тиіспіз. ІЖӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем емес мөлшерін құрауы тиіс. Экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін ұлғаюы тиіс. Еңбек өнімділігі өңдеу өнеркәсібінде 2 есе, ауыл шаруашылығында кем дегенде 4 есе артуы керек. ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығы 25%-дан кем емес мөлшерде төмендеуі тиіс. Кәсіпорындардың инновациялық активтерінің үлесі 4-тен 20 %-ға дейін өсуі керек. 2015 жылдың өзінде-ақ аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 4-тен 8%-ға дейін ұлғайып, құрылыстың ішкі қажеттіліктерінің 80%-ы қазақстандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Үкіметтің, барлық деңгейлердегі әкімдердің алдында тұрған нақты міндеттер міне, осындай. Біз сұрайтындар да міне, осылар. Сондықтан барлық компаниялар мен кәсіпорындар басшыларының жауапкершіліктерін арттыру қажет. Бұл жаһандық мәселе, мемлекеттілік мәселесі, тәуелсіздік мәселесі. Бес жылда Үкімет металлургия өнімдерінің өндірісі мен экспортының екі еселенуін, химия өнімдері өндірісінің үш еселенуін қамтамасыз етуі керек. 2015 жылға қарай бюджет кірістері, шикізатқа тәуелділікті төмендете отырып, жаңа жобалар есебінен 300-400 миллиард теңгеге өсіп шығуы тиіс.
Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады». Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың өзінде жеттік! Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы. Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық. Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.
Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық. Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.
Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.
Ішкі жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты. Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді. Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді. Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық. Алдымызға ұлан-ғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік. Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды. Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды. Біз осылайша аз жылда абыройы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуда.
Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы
Екі жыл ішінде
дағдарысқа қарсы «Жол картасы» шеңберінде
біз халықты еңбекпен қамтамасыз
етіп, жұмыссыздықты азайттық және қалаларымыз
бен селоларымыздағы инфрақұрылымдарды
жақсарттық. Бұл бағдарламалар қазақстандықтардың
кең қолдауы мен разылығына ие болды.
Үкімет бизнес-қауымдастықпен
бірлесіп индустриялық нысандарда жұмыс
істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсынуы
керек. Әрбір қазақстандықтың елді ауқымды
индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін
қамтамассыз ету қажет кезінде дағдарысқа
қарсы «Жол картасы» бағдарламасы әрбір
қазақстандықтың отбасына дейін жететін
болсын деген міндет қойдым. Ол табысты
жүзеге асырылды. Осы тәжірибені пайдалана
отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрияландыру
шынымен де бүкілхалықтық сипат алып,
әрбір қазақстандықтың ісі болатындай
етіп құру қажет. Өз өмірлерін ауылмен
байланыстарғандар үшін Үкімет жергілікті
билік органдарымен бірлесіп, селолық
кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар
кешенін әзірлеуге тиіс. Өткен жылы селолық
аумақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды.
Енді бұл жұмыстар Елдің 2020 жылға дейінгі
аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық
схемасы шеңберінде одан әрі жалғасатын
болады. Даму әлеуеті жоғары елді мекендерде
селолық инфрақұрылымдар дамытылып, суаратын
суларға, микронесиелеу бағдарламалары
мен табиғи гранттарға қолжетімділік
кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына
үйрету ұйымдастырылады. Қазірдің өзінде
микронесиелік ұйымдар қызметінің құқықтық
негізі бар. Бүгінде рыноктағы олардың
саны бір мың екі жүздей және олар халыққа
сомасы 16 миллиард теңге болатын 110 мың
несиелер берді.
1.4 Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы дағдарысты
жағдайдан шығу әрекеттері
Қоғамда өмірін тұтастай
революциялық өзгерту жағдайында, дағдарыстың
шын мәніндегі себептері
Ондай тәжірибе біздің елімізде де болған мысалға жаңа экономикалық саясат жылдарында аграрлық өндірісте жоғарыда аталғандарға ұқсас құрылымдар қалыптаса бастады. Өкінішке орай, бұл жағымды құбылыс көп кешікпей қисынды түрде әміршілдік-әкімшілік саясатқа ауыстырылды, нәтижесінде ауқымды түрде шаруаларды күйрету олардың әлеуметтік-экономикалық негіздерін жоюға ұласты.
Кеңшарлық-ұжымшарлық жүйе дамуының тұйыққа тіреуі барысында оның өз алдына өркендеуге мүлдем қабілетсіз екендігі анық байқалды. Өйткені қоғамның ауқымды инвестициялық қорлары “нарықтан тыс логикамен” пайдаланылып, сәйкес нәтижеге өзгертілмеді.
Негізгі жаппай қоғамдастыру болып табылатын мемлекеттендірілген аграрлық өндіріс барысы бұл бағыттағы барлық әрекетті жоққа шығарды. Сол логиканың әсерінен ауыл шаруашылығы ғылыми-техникалық прогресс факторларын қолдана алмады, ал ол тек нарықтық экономика шеңберінде, оның басты негізі жеке меншік тұсында жүзеге асады. Сондықтан мемлекеттің ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығаруға жасаған ешбір әрекеті нарықтық емес идеология шеңберінде табыс жете алмайды. Экономика мәселесін қозғағанда, яғни халық шаруашылығының дамуы, халықтардың тұрмыс деңгейі жөнінде сөз болғанда, экономиканың дағдарыстық жағдайын, өндірістің даму деңгейінің төмендеуі жөнінде айтпай болмайды.
Информация о работе Қазақстандағы экономикалық дағдарыстарының ерекшеліктері