Қазақстан Республикасында кофехана индустриясының даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 14:32, реферат

Краткое описание

Кофехана - келген қонақтарға жайлы әңгімелесуге, отыруға мүмкіндік беретін және гастрономиялық өнім ұсынатын кішігірім кәсіпорын. Кофеханада негізінен кофе, аспаздық тағамдар, алкогольді және алкогольсіз сусындарға көп мән беріледі. Көптеген Шығыс және Батыс жағалауындағы Еуропалық қалаларда орналасқан кофеханалар келген қонақтарға кальян және ароматты темекіні ұсынады. Сонымен қатар, кейбір кофеханаларда жоғарғы кофе сұрыптарын сатып алуға мүмкіндік бар. Атап айтсақ, Еуропа қалаларындағы: Франция, Англия, Швеция және т.б. Алғашқы кофеханалардың пайда болуы кофе ішіп, көзқарастары біріккен қонақтардың жиынынан пайда болған. Атап айтсақ, дүние жүзіндегі ең алғашқы кофеханалар Осман империясының Константинополь қаласында дамыған. 17 ғасырдың екінші жартысында кофеханалар Осман империясынан тыс пайда болса, 1647 жылы Италия қаласындағы Венецияда жаңа стильмен ашылған кофейня пайда болды.

Содержание

1. Кіріспе
Қазақстан Республикасында кофехана индустриясының даму тарихы.
2. Негізгі бөлім
2.1."Merci" кофеханасы туралы жалпы мәлімет.
2.2."Merci" кофехасының тұтынушыларға қызмет көрсету сапасының ерекшеліктері.
2.3. "Merci" кофеханасының қазіргі жағдайына потенциалдық талдау.
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

кофейня.docx

— 51.07 Кб (Скачать документ)

     Осы концепцияларға  сүйене отырып, Алматы қаласында 2005 жылы 10-шы маусым айында Самал ықшам ауданында, яғни, Аль-Фараби-Меңдеқұлова көшелерінің қиылысында "Merci" деген кофехана ашылды. Негізгі мақсаты - келген қонақтарға жоғары сапалы қызмет көрсете отырып, жоғары кофе сорттарын ұсыну. Сонымен қатар, суық және ыстық тағамдар, алкогольді сусындар, жеңіл жасалатын тағамдарды ұсынатын негізгі қоғамдық кәсіпорын болып табылатын жер. Бұл кофехананың ашылу себебі, Байтасовтың жолын қуған інісінің жеке бизнеспен айналасуы болып табылады. "Merci" кофеханасының иесі - Мадиев Сагатжан Мухамеджанович. Бұл кофехана - жаңадан ашылған, дамушы негізінде тұрған жас формат болып табылатын кәсіпорын бизнесі. Атап айтсақ, осыдан 1 жыл бұрын тағы бір осы логотиппен "Merci" кофеханасы ашылды. Сонымен қатар, Астана, Ақтөбе сияқты қалаларда франчайзинг негізінде осы атпен кәсіпорындар ашылуда. Алғашқы кездері, бұл кофеханаға тек жастар келіп, жеңіл тағам мен 1 шыны кофе сусының ішіп, сабақ оқып, музыка тыңдайтын. Уақыт өте келе үлкен жастағы қонақ-контигнент келе бастады. Ең басында, осы кофеханада кофе сусының кішігірім ғана шыныда бере бастаған. Бұл шынылар қонақтарда үлкен сұранысқа ие болған. Соған байланысты, алғашқы кезден бастап-ақ кофеханада, көптеген тұтынушылар, туристер келе бастап бизнестің жаңарлануына себеп болды. Ашылғаннан бастап осы күнге дейін қонақтарды ароматты кальян мен ұстамдылығы жоғары кардамон қосылған кофе, мята шәйі және каркаде таңғалдырады. Кофехананың негізгі ерекшелігі - ашылған кезден бастап, кофе жасаудың жаңа технологиясын пайдаланған, сонымен қатар, "ноу-хоу" стилін, кофені өзімен бірге алуды негізге қойған. Сол жылдың қараша айында, кофехананың  парковкасы жасалып, екінші қабаты ашылып, Италия елінің әр түрлі мамандарымен жұмыс жайлы қарым-қатынастар болады. Содан соң, 15-ші желтоқсанда кофехананың ең алғашқы вэб-сайты ашылады. Италиядан оқып келген Мадиев Саят деген жас дизайнер өз өнерімен бірінші және екінші қабаттарды еуропалық стильге тән, венециандық негізге әкеліп, француздық кофеханаға келтірді. Бұл стиль - француздық негіздегі винтаж стилі деп аталады. Атап айтатын болсақ, осындай стильде пайда болған кішігірім кәсіпорындар санаулы түрде (Қазақстан бойынша).

Кофехананың енді интерьеріне жалпылама, сипаттама беретін болсақ, интерьер - күрделі және көпжоспарлы, келген қонаққа эстетикалық және психологиялық күшпен әрекет ететін, ғимараттың ішкі кеңістік бөлігі. Келген қонаққа жайлы атмосфера беретін бөлік. Кофехананың интерьері - винтаж. Яғни, бұрынғы ескі заттарды пайдалана отырып, жаңадан көзбен қарау. "Merci" кофеханасының интерерін жасау үшін ескі чемодандар, әр түрлі стильдегі фото-бейнелер, комодтар, ескі шкатулкалар, ескі сувенирлер көп қолданылып, классикалық жанрдағы декор пайда болған. Дәстүрлі негізге әкеліп, дизайнер, сонымен қатар, газет-журналдарды пайдаланған. Ұсақ-түйек ескі заттарды жинай отырып, үйдегі атмосфераны жеткізуге көп көңіл бөлген. Көбінесе, столдар әр түрлі формада - домалақ, шаршы негізінде орналасқан. Негізгі, атап айтқандай, бірінші қабаттағы столдардың барлығы - домалақ және кішігірім болса, екінші қабаттағы столдар - төртбұрышты, әрі үлкендеу болып келеді. Сонымен қатар, екінші қабатта VIP негіздегі қонақтарға арналған бірнеше орындар бар. Осы орындарға отыру үшін кофехананың қонақтары телефон арқылы резерв қоя отырып, кешін тамаша өткізеді. Сол сияқты, үлкен теледидар, бірнеше ұзын дивандар, венециялық стильдегі шамдар, 20-шы ғасырдың ірі жұлдыздарның бейнелері екінші қабатқа арнайы шарм бере отырып, жылы атмосфераны құрайды. Бірінші қабат болса, үйдегі жайлы, әрі тыныш атмосфраны құрайды. Жихаздың, перде және т.б. заттардың гармониялық түстестігі байқалады. Осы қабаттың негізгі ерекшелігі - қабырғада француз тіліндегі афоризм жазылған. Ол афоризмнің түсінігі бойынша, "Бақыт - жылы атмосферада өмір сүріп, ароматты кофе ішіп, екінші жарына хат жазу", - деген мағынаны білдіреді. Мол сияқты, Франция еліндегі кофехана үлгісіндегідей, кішігірім әйнектен жасалған бөлме бар. Бұл бөлмеде екі үстел ғана орналасқан. Бұл бөлме көбінесе жалғыз отырғысы келген қонаққа немесе оңаша отырғысы келген жұптарға арналған. Кофехана керамикалық вазалармен, форфордан жасалған ыдыстармен әшекейленген. Кофехананың сырт көрінісіне тоқталып кетсек, жаздық алаңы - қызыл-ақ  раушан гүлдермен қоршалған. Мұнда келген қонақтарға барлық жағдай жасау мақсатында - жеңіл көлікке арналған паркинг, велосипедистерге арналған велопаркин және төлем  қабылдау пунктін орналастырған. Жазғы алаңы кішігірім - бар-жоғы 8 үстелден тұрады. Кофехана барлық техникамен жабдықталған: теледидар, тәулік бойы жұмыс істейтін WI-FI, сымсыз интернет,телефон, кассалық аппарат, радиомагниатура және т.б. Сонымен қатар, кофехана классикалық кофе,  алкогольді,алкогольсіз және кофе негізіндегі салқын сусындарды тұтынушыларға ұсынады. Арнайы даярлықтан өткен бариста әр 3 ай сайын кофе менюін жаңартып отырады, сонымен бірге қалған бармендерге арт кофе жасауды үйретеді, түрлі тренинг-семинар өткізеді. Соңғы жаңартудың нәтижесінде - "Бамбл", "Капучино крим", "Эг-ног" деген классикалық кофе негізінде жасалған жаңа кофе түрлері пайда болды. Қонақтарға 25-тен астам кофе түрлерімен қатар, "Тәтті жинақтан" кондитерлік цехта дайындайтын көптеген торттар, десерттер және т.б. тәтті тағамдар ұсынады. Кофехананың тағы бір атап кететін жайты - өз кухнясының болуы. Бұл кофехананың негізгі кухнясы - еуропа-италиандық негіздегі кухня болып табылады. Аса көп акцент - паста, салаты, сэндвичи,  ыстық тағамдарға, десерттерге бөлінген. Көптеген қонақтар, сапалы кофеге,  кухня және ароматты кальянға тартылады. Соңғы TIMEout ALmaty жүргізген негізгі рейтинг кезінде, Merci кофеханасының тұтынушылар берген бағасы анықталды.  Осы баға негізінде, кофехана "Алматының 25 танымал кәсіпорындар" - ның ішіне кіріп, 15 орынға ие болған.

 

 

  • Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ашылған жаңа кәсіпорын үшін бұл өте жақсы көрсеткішті құрайды. Негізгі  кофехана  таңдауға әсер етуші факторға тұтынушылардың  достарының,таныстарының  нұсқауы (50%)жатады.Бұл  процесс «сарафанды  радио»  деп аталады. Яғни ақпараттың ең тез, интерактивті жету әдісі. Егер кофехана келген қонақтың  барлық категория бойынша көңілінен шықса, ол міндетті  түрде өз таныстарына айту арқылы кофеханаға келуші  адам санын ұлғайтады.Осындай ішкі маркетинг арқылы  кофеханада  банкеттер болады. Таңдауға әсер  ететін маңызды екінші аспект- кофехананың орналасқан жері (35%). Кофехана  орналасқан жер адамдар көп жүретін,ашық,көркем жер болуы тиіс.  (Келесі  таңдау факторына- көркем витрина (26%) және кофехана бренді (24%)  жатады.  

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ашылған жаңа кәсіпорын үшін бұл өте жақсы көрсеткішті құрайды.

69%  - тұтынушылар кофехананы басқаларға жарнамалайды.

  • 43% - сервисті, тағам сапасын, жоғарғы кофені ұнатады.
  • 36% - тағам сапасы үшін кофеханаға келеді.
  • 22% - 2 аптада 3 рет кофеханаға барады.
  • 6% - қызмет көрсетумен қанағаттанбаған.

 

 

 

 

"Merci" кофеханасының 2005 жылдан бастап 2013 жылға дейін даму көрсеткіші:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Merci"кофеханасының - негізгі сипаттамасына көшсек:

 

Кухня

Еуропа-италиандық

Ақы төлемі

1500-3000тг

Жұмыс уақыты

9/30-02/00

Желі

Merci кофеханалары

Орналасқан жері

Медеу районы, Самал ықшам ауданы

Меню

Десерттік, диеталық, еттен және балықтан жасалған тағамдар

Музыка Жанр

Фон негізінде

Кіру

10/00-02/00

Парковка

қорғалмайтын

Арнайы шарттар

бизнес-ланч,  таңғы ас, шайдың картасы, құйылмалы сыра, десерттерге тапсырыс беру

   

Жетістіктер

Премия "Menu.ru" 2011жылы танымал кофеханалар желісі,

Көп баратын кәсіпорындарының бірі;

2010 жылдың "Кофе ассоциациясының  мүшесі".


 

 

"Merci" кофеханасына көптеп қонақтарды   тарту  үшін әртүрлі акциялар, конференциялар, психологиялық тренингтер т.б. өтеді. Атап айтсақ,

  • Кальяндық  акция.
  • «12 күнде ағылшын тілін үйрену» базалық семинары өтеді.
  • Сағат 12.00-15.00 аралығында өткізілетін бизнес-ланч.

                         Құны-999 теңге.

  • Қытай консультант-астрологы Сабина арнайы 1 күнде салмақ түсіру рецептурасын  айтады.
  • Күнде сағат 17.00-ге дейін бір пицца немес клаб-сэндвич  алсан,екіншісі  тегін.
  • Туған күн жасаушы қонақтарға 20% жеңілдік  көрсетіледі.
  • Аптаның бейсенбі  күндері кофеханада - «рыбный четверг» деп аталады. Бейсенбі күні ыстық  тағамнан балыққа тапсырыс берсен, бір бокал қызыл немесе ақ  шарап тегін.
  • «Планета женщин» семинары өткізіледі.
  • Қызықты ойындардың ойнатылуы.
  • Махаббат  күнінде  кофеханаға романтикалық  атмосфера жасап, келуші жұптарға  ойын ойнатып, бір десерт сыйлыққа береді.
  • 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде мәзірге 20 % жеңілдік жүргізіледі.Сондай-ақ, кофеханаға арнайы мим шақырылып,әрбір әйел адам өкіліне бәйшешек сыйлайды.
  • 22 наурыз мейрамы кезінде кофехана келген қонақтарды  қазақтың  ұлттық киім үлгісін  киген қызбен, наурыз көже, бауырсақ, құртпен қарсы алды. Бұл  кофехананың  қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптейтінін  көрсетеді.

Бұл акциялар арқасында, кофеханаға қонақтар көптеп келе бастады. Ең негізгі атап кететін жайт - сол келген қонақтарды жақсы қарсы алып, кофеханадағы болған атмосфераны қонақтың жүрегіне жеткізу болып табылады. Кофехананың ең негізгі звеносы - оның персоналы болып табылады. Кофехананың персоналы үшін әрқашанда бизнес тренингтер, мотивациялық жоспарлар әрдайым өтіп отырады. Бариста, официанттар, бармендер көптеген курстарға барып оқып келеді.

Соңғы жетістіктердің бірі - біздің орталығымызда,яғни Астана қаламызда осы брендтің атымен ашылатын жаңа кофехана  жуырда ашылады.

Merci кофеханасы - жас және энергиясы көпжежілік компания негізінде дамып келе жатыр. Күннен-күнге қызмет сервисін жоғарлату, тұтынушылардың көңілінен шығу - біздің басты мақсатымыздың бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер  тізімі:

 

    1. http://vk.com/merci.merci  сайты
    2. http://ru.wikipedia.org/  сайты
    3. http://business.voxpopuli.kz/  сайты
    4. http://business.voxpopuli.kz/    сайты
    5. http://organo-gold.kz/       сайты
    6. http://www.wikicity.kz/  сайты
    7. http://www.wikicity.kz/  сайты

 


Информация о работе Қазақстан Республикасында кофехана индустриясының даму тарихы