Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 17:17, реферат
Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілден-дірген әлеуметтік төлемдер, яғни барлық азаматтарға қоғамның дамуына азаматтың қосқан жеке үлесін есепке алмай бірдей деңгейдегі төлемдер (базалық зейнетақы төлемі, мемлекеттік жәрдемдер, баланың дүниеге келуіне біржолғы төлем).
Екінші деңгей – жұмыс өтілі мен еңбекақы төлеу мөлшеріне қарай жалпыға бірдей зейнетақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік сақтандыру аударымдары есебінен әлеуметтік төлемдер, яғни, азаматтарды олардың қоғамды дамытуға жеке қосқан үлесін есепке ала отырып, қосымша әлеуметтік қамсыздандыру.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету аясында халыққа түсетін салық ауыртпалығын анықтаудың маңызы зор.
Салық салу әділеттігі
қоғамда қалыптасқан «
«Утилитарлық» көзқарас бойынша қоғам жалпы жиынтық молшылық, әл-ауқаттылықты қамтамасыз етеді, ал азаматтар арасында оның әділетті бөлуі қадағаланбайды. Салық арқылы халықтың әл-ауқаттыларының табысын «әлжуаз» табысы төмен халық топтарына бөлу мәселесі шешілмейді.
Ал «роулсиандық тұжырымдама» (американ экономисі Джон Роулстың атымен аталған) қоғамның әл –ауқаттылығы, қоғам мүшелерінің тұрмысы ең кедей деп саналатындардың жағдайымен сипатталады. Қоғам мүшелерінің табыстары халықтың әр түрлі санаттарының арасында бөлініп, табыстардың әркелкілігі төмендетіледі.
Осыған байланысты қоғам мүшелерінің табыстарын қайта бөлудегі салықтардың атқаратын рөлі маңызды.
Салық ауыртпалығының таралу деңгейін бейнелейтін сандық көрсеткіш халыққа түскен салық ауыртпалығы болып табылады, өйткені өндіріске салынатын салықтар тауардың бағасына кіреді, түпкілікті тұтынушылар салықтардың негізгі ауыртпалығын өз мойнына алады.
Халыққа түсетін салық ауыртпалығын бір жұмыскерге шаққандағы елдің салық әлуетін (бюджет) экономикалық белсенді халықтың жан басына шаққандағы табысының ара қатынасы ретінде анықтауға болады.
Мұндағы,
Кр- халыққа түсетін салық ауыртпалығының деңгейі;
Np-елдің салықтық әлуеті (бюджет);
D - жалдамалы жұмыскерлердің жиынтық қосылған құнға кіретін жалақы қоры;
Hn-экономикалық белсенді халықтың саны;
ІЖӨ-дегі салық әлуеті мен ІЖӨ-нің жалдамалы жұмыскерлердің жалақы қорына ара қатынасы экономикалық белсенді халықтың жалпы салық ауыртпалығы ретінде қарастырылады.
Тиісінше экономикалық белсенді халықтың жалпы салық ауыртпалығын анықтауға болады.
,
Мұндағы,
Кр –халыққа
түсетін жалпы салық
Ng–ІЖӨ-дегі салық әлуетінің деңгейі;
G–ІЖӨ-нің көлемі;;
D – жалдамалы
жұмыскерлердің жиынтық
Салық ауыртпалығы мына формула арқылы анықталады:
Мұндағы,
Kg– салық ауыртпалығының үлесі;
WDS– жиынтық қосылған құн көлемі;
Халықтың салық
ауыртпалығы тек салық
Осы көрсетілген теориялық зерттеудің нәтижелері төмендегі көрсетілген салық салу жүйесінің талдауын жүргізуге мүмкіндік берді.
Экономикалық белсенді халықтың салық ауыртпалығы жоғарылап келеді. Есеп - қисаптар көрсетіп отырғандай, 1996 - 2006 жылдар аралығында салық ауыртпалығы 0,539-дан 1,117-ге өсті. Салық төлеушілер арасында салық ауыртпалығы тепе-тең бөлінбейді.
Экономикалық белсенді халықтың жалақысына жеке тұлғалардан алынатын салық, әлеуметтік салық салынады. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру деңгейін төмендетеді.
Әлеуметтік салық жеңілдігін беру институты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің жанама механизмдерін қамтиды, бұл жағдайда жеке тұлғалар әлеуметтік салықтық жеңілдіктерді пайдалану барысында өз табыстарын ұлғайтады
Әлеуметтік салықтық жеңілдіктер теңестіру тетігі ретінде рыноктық экономика жағдайында өмір сүруге бейімделмеген азаматтарға салық ауыртпалығын төмендетуді көздейді. Бұдан басқа жеңілдіктерді әлеуметтік бағытта қызмет ететін ұйымдар, олардың қызметкерлері де ала алады. Қазіргі салық салу жүйесінде халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қаржылық элемент ретінде салықтық жеңілдіктер институты өзінің әлуетін толық орындай алмай отыр.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде орта және шағын бизнестің дамуы маңызды орын алады. Орта және шағын бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі 25%, жеке секторда экономикалық белсенді халықтың 60%-ы жұмыс істейді. Орта және шағын бизнес көбінесе сауда секторында шоғырландырылған.
Бизнестің 46%-сауда, автомобильдерді жөндеу саласында ашылса, 14%-құрылыс, 12,1%-жылжымайтын мүліктер операциясы, ал 10,9%-ы ғана өндіріске тиесілі. Орта және шағын бизнесті дамытудағы заңнамалық актілердің сапасы өте төмен. Республикада Салық кодексін түсіндіретін 400 әр түрлі құжаттар шығарылған.
Экономикасы дамыған елдерде корпорациялардың халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне қатысуы белсенді жүргізіледі. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі БҰҰ Ғаламдық келісімінің қағидаттарын енгізу, әлеуметтік әріптестік пен отандық компаниялардың тиімді қайырымдылық практикасын қалыптастыру, әлеуметтік жобалар маңыздылығының беделін көтеру арнайы автор ұсынған индикаторлар арқылы бағалануы қажет.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін бағалаудың айқын өлшемдерін белгілеу отандық және шетелдік компаниялар ерікті түрде жүзеге асыратын әлеуметтік бағдарламалардың басым бағыттарын айқындайды. Бизнес әлеуметтік есептемені АА1000 SS халықаралық стандарттары мен GRІ есептемесі жөніндегі Ғаламдық бастама ұсынымдарын енгізу мүмкіндігін зерделей отыра еріктілік және икемділік қағидаттарын сақтау негізінде бизнестің әлеуметтік есептемесіне мемлекеттің араласпау саясатын жүргізу осы саланы қаржымен қамтамасыз етудің ұтымды құралдарын қолдануға жағдай жасайды.
Сурет 1 - Қазақстандық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің бейіні
Компаниялар іске асыратын корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын ынталандыру жөніндегі шаралар компанияның бағасын көтереді.
Қазақстанда бизнес әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорын ретінде үш деңгейден өтуі қажет:
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің бірінші деңгейі –кәсіпорындардың өз жұмыскерлеріне жоғары мөлшерде жалақы төлеу;
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің екінші деңгейі - кәсіпорындардың өз жұмыскерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік пакет көлемінде кепілдік беру.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің үшінші деңгейі кәсіпорындардың халықаралық стандарттар негізінде қоғамдық бақылауды нығайтатын мөлдірлік есептемені енгізу және оларға салықтық жеңілдіктер беру болып табылады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің тиімділігін анықтайтын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға, аурудың алдын алу шараларын қаржыландыруға, мөлдірлік қағидатқа негізделген бизнесті жүргізуге, әлеуметтік есептемені жүргізуге арналған шығындардың жалпы шығындардағы үлес салмағы және салалық көрсеткіштен ауытқуы сияқты автор тарапынан қаржылық-экономикалық индикаторлар ұсынылып отыр. Жастарды жұмысқа алу квотасы жұмыскерлердің жалпы санынан 10 пайыздан төмен болмауы және бір жылда бір қызметкерге денсаулығын жақсартуға 20 мың теңгеден төмен емес қаржы бөлу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғарылатады.
Кәсіпкерлер үшін әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мәселелерінде олардың қызметі үшін қолайлы, әлеуметтік қауіпсіз орта қалыптастыруға қатысу міндеті дәлел болуға тиіс. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылық – бизнестің табысты дамуының кепілі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жаһандық шартының қағидаттарын енгізу және меценаттық пен қайырымдылық қызметі, экономикалық ынталандыру және бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылы үшін заңнамалық база құрған мақсатқа сай келеді.
Кәсіпорындардың корпорациялық
табыс салығын есептеуде
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар миссиясы мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсілдің негізінде бірыңғай рыноктық экономика құру жолымен өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу.
Жеке сектордың белсенді
қатысуынсыз республиканың
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар – бұл тауарлар мен қызметтерді өндіру және сату жолымен пайда алу мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын экономикалық орнықты бизнес-құрылымдар. Бұл ретте әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың алған пайдасының бір бөлігі өңірлердің әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттарын іске асыру үшін қайта инвестицияланады.
Қазіргі уақытта қала мен ауыл халқының тұрмыс деңгейіндегі теңсіздік күшеюде, кірістердегі өңірлік айырмашылықтар да қомақты. Ауылдық жерлерде ел халқының 43 %-ы тұрады, ресми статистика деректері бойынша оның шамамен үштен бірінің кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Бұл жағдай ел халқының тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуін күшейтеді, қоғамдағы әлеуметтік-саяси ахуалға келеңсіз әсерін тигізеді, адами даму көрсеткіштеріне және елдің инвестициялық беделіне ықпал етеді.
Ауыл шаруашылығындағы орта және шағын кәсіпорындар, шаруа қожалықтары техникалық артта қалушылықты өздігінен еңсере алмайтындығы әрі қазақстандық өнімді қомақты көлемде экспортқа өткізуді ұйымдастыра алмайтыны анық.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық мүмкіндіктерін шоғырландырады, технологиялық жаңғырудың локомотиві рөлінен көрініп, белгілі бір өңірлік кластердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал етеді.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорация мемлекеттік-жеке
«Жетісу», «Ертіс», «Батыс», «Оңтүстік», «Тобыл», «Сарыарқа», «Каспий» сияқты әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялар құрылды.
Қазақстандағы әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялар қызметі акционерлік қоғам туралы заңмен реттеледі, олар басқа елдердегі сияқты қоғамдық ұйымдар болып табылмайды, пайда табу мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасында экономика мен бизнесті дамытуға әсер ететін әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялар қызметі үшін заңдылық негіздер жасалмаған.
Қорытынды
Жүргізілген зерттеулер нәтижесі мынандай түйіндер мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
Теориялық талдаулар негізінде диссертацияда халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің ғылыми негізделген анықтамасы берілген. Әлеуметтік сақтандыру келешекте әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қаржыландыру көзі болады, сақтандыру сыйақыларының сақтық төлемдеріне сай болуы, резервтерді капиталдандыру осы қаржылық институттың дамуына септігін тигізеді.
Информация о работе Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру