Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 17:17, реферат
Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілден-дірген әлеуметтік төлемдер, яғни барлық азаматтарға қоғамның дамуына азаматтың қосқан жеке үлесін есепке алмай бірдей деңгейдегі төлемдер (базалық зейнетақы төлемі, мемлекеттік жәрдемдер, баланың дүниеге келуіне біржолғы төлем).
Екінші деңгей – жұмыс өтілі мен еңбекақы төлеу мөлшеріне қарай жалпыға бірдей зейнетақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік сақтандыру аударымдары есебінен әлеуметтік төлемдер, яғни, азаматтарды олардың қоғамды дамытуға жеке қосқан үлесін есепке ала отырып, қосымша әлеуметтік қамсыздандыру.
Кіріспе
Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық
көрсеткіштері елеулі дәрежеде мемлекеттің
экономикалық дамуының деңгейіне қарай
белгіленеді. Ел тәуелсіздік алған сәттен
бастап әлеуметтік қорғау жүйесі, ең алдымен,
зейнетақылар мен жәрдемдердің санының
жалпы өсуімен сипатталады, қазір оның
жалпы саны 40 түрлі көрсеткіштерге жуықтады.
Көптеген азаматтар екі және одан да көп
әлеуметтік төлемдер алады. Халықты әлеуметтік
қорғау жүйесі халықаралық әлеуметтік
қамсыздандыру ұйымдарының (ХЕҰ, ХӘҚҰ,
және т.б.) үсыныстарына толық сәйкес келеді.Елдегі
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан
әрі жетілдіру «Қазақстан Республикасының
халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасында
(2001 жыл) белгіленген, онда әлеуметтік
қорғаудың негізгі салалары: 1) мемлекеттік
жәрдемдер; 2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;
3)жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
4) әлеуметтік көмек көзделген.
Сөйтіп, бүгінгі таңда Қазақстанда әлеуметтік
қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі
құрылдлы:
Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілден-дірген әлеуметтік төлемдер, яғни барлық азаматтарға қоғамның дамуына азаматтың қосқан жеке үлесін есепке алмай бірдей деңгейдегі төлемдер (базалық зейнетақы төлемі, мемлекеттік жәрдемдер, баланың дүниеге келуіне біржолғы төлем).
Екінші деңгей – жұмыс өтілі мен еңбекақы төлеу мөлшеріне қарай жалпыға бірдей зейнетақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік сақтандыру аударымдары есебінен әлеуметтік төлемдер, яғни, азаматтарды олардың қоғамды дамытуға жеке қосқан үлесін есепке ала отырып, қосымша әлеуметтік қамсыздандыру.
Үшінші деңгей – халықтың ерікті және кәсіби жинақтау жарналары есебінен әлеуметтік төлемдер.
1 Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру
Қазақстан Республикасы
азаматтарының Конституцияда
Мемлекеттің әлеуметтік
саясатының негізгі мақсаты халықтың
әл-ауқатын арттыруға қол
Жеке адамның экономикалық тұрғыдан қажетті жағдайда өсіп-өнуі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауға тиіс, бұл өз кезегінде қаржы ресурстарының үйлесімді, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету тетіктерін жасауды қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, корпорациялардың қаражаттары тартылады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету тиімділігі әлеуметтік саясаттың басым бағыттары шеңберінде ғылыми негізделген әдіснаманы және рыноктық экономикаға кіріктірілген қаржылық механизмдерді әзірлеуді қажет етеді.
Халықты әлеуметтік қорғаудың
негізділігі мен
Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық өсуіне де жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін тұрақты қаржы көздерімен қамтамасыз етудің әдіснамалары, зейнетақы қорлары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының қаржыларын тиімді қолдану проблемалары ғылыми ізденістердің шеңберінен тыс қалып отыр.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге пайдаланатын қаржы ресурстарының тиімділігін қамтамасыз ету арқылы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайту арқылы әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайда қолданылып жүрген тетіктері тұрақты және тиімді пайдаланылмайды. Халықты әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік және корпоративтік саясаттың жаңа тетіктерін жүйелі түрде әзірлеу қажет.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің бюджеттен тыс көздерінің маңызы мен тиімділігін, әлеуметтік стандарттарға сай келетін табыстылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді.
Жаңадан қалыптасқан
үш сатылы әлеуметтік қорғау жүйесінің
дамуы жеткілікті талданбаған, белсенді
халықтың еңбекке ынталылығын
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ететін институттар қызметінің тиімділігін, осы салаға арналған шығындардың, әлеуметтік қызмет көрсетудің толықтылығын бағалау, ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудағы әдіснаманы жетілдіру халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржыларын тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Осы жағдайлар зерттеу тақырыбын таңдауға, диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындауға жағдай жасады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді теориялық және әдіснамалық негізде талдау, қаржылық институттардың тиімділігін анықтау таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Мемлекет басшысы халықты әлеуметтік қорғауға ерекше мән бере отырып, «әлеуметтік саладағы реформалар мемлекеттің ресурстары мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, әлеуметтік саясаттың бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар белсенді әлеуметтік саясат экономикалық өсімді шектеу емес, керісінше оның катализаторы болуға қабілетті, – деп атап көрсетті.
Әлеуметтік бағдарланған экономикаға жаңадан жүргізіліп жатқан процестерді реттеудегі және әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекеттік мықты позиция тән. Тәуелсіз Қазақстанның экономикасының қалыптасуы кезеңінде экономикалық реформалар аясында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі де жаңартылды. 2005 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстанда экономикалық белсенді халықты әлеуметтік қорғаудың көпсалалы тетігі және көпдеңгейлі жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру өзінің басты мақсаты болып табылатын жұмыс істейтін халықтың мүддесін қорғауды және материалдық деңгейін, өмір сүру сапасын, әлеуметтік жағдайын жақсартуды айқындады.
Қазақстандық міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі ең алдымен жұмысынан және еңбек ету қабілетінен айрылу әлеуметтік тәуекелдерін, аналық пен балалықты әлеуметтік қорғауды қамтиды. 2005 жылдан бастап 2010 жылдың 30 қазанын қоса алғанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленген әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 121,5 млрд. теңгені құрады (4-сурет).
Батыстың зерттеушілері әлеуметтік сақтандыру институттарына жалпы салықтардан емес, арнайы жарналар есебінен қаржыландыру жолымен мемлекеттік емес басқару тән екенін айтады. Бүгінгі қалыптасқан әлеуметтік сақтандыру принциптері жалдамалы жұмыскерді сенімді және нарықтық жағдайға адекватты әлеуметтік қорғауды кепілдендіруге қабілетті, өйткені осындай жүйе жұмыс істейтін адамның өзінің әлеуметтік мәртебесін жоғалту тәуекелін сақтандыру үшін төменгі қажеттілігін қаржы түрінде алуға көмектеседі. Сонымен қатар ай сайынғы әлеуметтік аударымдар нақты жұмыскердің табысынан ұсталмайды, ол жұмыс берушінің еңбекақы қоры есебінен төленеді. Осылайша міндетті әлеуметтік сақтандыруда жұмыс берушінің жауапкершілігі артады.
Президент Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асыру аясында осы саладағы озық халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, жалпыға бірдей қабылданған бизнестің әлеуметтік есептілігінің ережелерін жасауды және жалпы ұлттық міндеттерді шешуде әлеуметтік жауапкершілікті арттыру міндетін қойды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің стандарттары БҰҰ жаһандық шартында айқындалған.
Бұл мәселелер Қазақстан
– өзара сыйластық пен ымыралы келісімге қол жеткізуде мемлекет, жұмыс беруші және қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі;
– елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыруда жергілікті жерлерде оның іс жүзінде орындалуына ықпал етуде ынтымақты жауапкершілік;
– әлеуметтік-еңбек қатынастарын әлеуметтік серіктестік және ұжымдық-шарттық реттеу;
– жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық мүдделері мен еңбек құқықтарын қорғау, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау;
– еңбекақы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздың жиналуына жол бермеу мәселелері.
Зерттеу объектісі - Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету институттары мен қаржы ресурстары.
Зерттеу пәніне халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қалыптасуы мен оларды пайдалану үдерісіндегі экономикалық қатынастар жатады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді талдауға арналған отандық және шетелдік экономистердің іргелі және қолданбалы зерттеулері болып табылады. Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғауды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету және әлеуметтік шығындарды қаржыландыру мәселелерімен айналысатын мамандардың ғылыми еңбектері негізге алынды. Зерттеудің әдістемелік негізіне халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді зерттеу мәселелерін ашып көрсету мүмкіндігі, өзара байланыстары мен өзара шарттасу диалектикалық қағидаттары алынды.
Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, интернеттің Web- сайтында орналасқан кәсіпорындардың, ірі ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық көрсеткіштері мен іскерлік ақпараттары пайдаланылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- халықты әлеуметтік
қорғау жүйесін қаржымен
- мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылатын халықты
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық қызметін бағалау және тарифтік саясатын жетілдіру әдістемесі;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының табыстылығын жоғарылату тетігі;
- бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігінің тиімділігін
анықтайтын қаржылық-
- ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудың автор ұсынған жаңа әдістемесі;
- әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған қаржылық ресурстарының тиімділігі.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы:
Жүргізілген зерттеу нәтижелері:
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қосымша көздерін тартуға;
- интенсивтік және экстенсивтік көрсеткіштер арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық қызметін бағалауға;
- әлеуметтік көмек,
әлеуметтік қамсыздандыру және
әлеуметтік сақтандыру
- жинақтаушы зейнетақы қорларының табыстылығын арттыруға;
- азаматтарды әлеуметтік қорғаудың барлық әдістері мен түрлерін есепке алатын, ай сайынғы ақша төлемінің мөлшерін көрсететін әлеуметтік төлемдердің біртұтас реестрін енгізу туралы ұсыныс жасауға;
- корпорациялардың әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға;
Осы нәтижелердің практикада жүзеге асырылуы елдің экономикалық қарқынының өсуі мен Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекетке айналуына , әлеуметтік саланың дамуына, халықты әлеуметтік қорғау қаржы институттарының тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің ұтымды бағытын теориялық және әдіснамалық тұрғыда зерттеу үшін оның негізін қалаушылар мен олардың ой-пікірлерін ары қарай жалғастырушы көптеген экономист ғалымдардың еңбектеріне сүйенуді және ондағы маңызды ұсыныстарды пайдалануды қажет етеді. Олардың қатарына батыстың С. Бриттан, Д. Норта, Л. Столерю, Ф. Хайек, И. Шумпетер Л. Эрхард сынды ғалымдарын жатқызуға болады.
ТМД елдерінде әлеуметтік қорғаудың қаржылық аспектілерін әр түрлі деңгейде талқылап, экономикалық маңыздылығын зерттеген ғалымдар көптеп кездеседі. Әлеуметтік мемлекет құру, әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру жөніндегі пікірлерді А. Бабич, Л. Дробозина, Е. Егоров, В. Жеребин, Е. Жильцов, С. Кадомцева, Г. Поляк, В. Роик, М. Седова, Е. Шутяк, И. Шейман, С. Шишкин, С. Янова, Ю. Якушев өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған.
Информация о работе Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру