Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 21:37, реферат

Краткое описание

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ

Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен қағидалары
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың нысандары мен жүйелері
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ



ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жұмысшылар жалақысының нысаны және жүйесі.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

- Орындалған жұмыстарды дәл есептеуге мүмкіндіктің болуы.

- Нақты бөлімдегі өнім шығаруды немесе жұмыс атқаруды көбейту мүмкіндкітің болуы.

- Нақты өндірістік бөлімшеде жұмысшыларды өнім көлемін немесе атқарылатын жұмыстарды көбейтуге ынталандырудың керетігі.

     Кесімді еңбек ақыны  қолдануға болмайды егер ол  мынаған әкелсе:

- өнімнің сапасының төмендеуіне;

- технологиялық режимнің бұзылуы;

- құрал-жабдықтарды күтудің төмендеуі;

- техника қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы;

- шикізат пен материалдың шығыны;

Мерзімді еңбек ақыны қолданудың жағдайлары:

- өнім шығаруды көбейту мүмкіндігінің жоқтығы;

- өндірістік процестің қатаң уақыты белгіленген;

- жұмысшының функциясы технологиялық процесті бақылауға     негізделген;

- өнім шығаруды көбейту бракқа немесе сапасының төмендеуіне алып келеді;

Нақты бір кәсіпорында өндірілетін өнімнің мінездемесіне, сол немесе басқа технологиялық процестің болуына, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру деңгейіне қарамастан сол немесе басқа еңбек ақы формасы қолданылады. Мысалы, кесімді жалақы тиімсіз болуы мүмкін, егер тек қана кесімді-сыйақылы немесе кесімді прогресивті варианттарын қолданса, бірақ егер аккордтық  жүйесі қолданса, онда тиімділік жоғарлайды. Сол кәсіпорындарда цехтардағы нақты бір өнім шығаруға байланысты еңбек ақы варианттарын қолдану әртүрлі болуы мүмкін. Нарық жағдайында жоспарлы экономикада мінезді қатаң уақытты белгілеу жоқ, сондықтан кәсіпкер, кәсіпорын басшылығы қолда бар барлық еңбек варианттарын қолданып көруге және кәсіпорын мақсатына сай келетің варианты таңдап алу мүмкіндігі бар.

     Сол үшін басқа  еңбек ақы формасы қолданғанда  еңбек ақы қалай анықталатының  қарастырайық.

     Тікелей кесімді жүйеде  немесе қарапайым кесімдіде еңбек  өндірген өнімнің бір данасына бағамен төленеді.

Өнімнің бір данасына жеке кесімді  баға былай анықталады: 

 

                                Зед = Зч х Tн ;                                           (1)

 

мұнда Зч - орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес белгіленетін сағаттық тарифтік ставка, теңге/сағ.;

          Вч - берілген өнімді өндірудің сағаттық нормасы;

          Tн - өнімнің бір данасына уақыт нормасы, сағ.;

     Жұмысшының жалпы  жалақысы кесімді бағаны өндірген  өнім көлеміне көбейту арқылы  анықталады.

     Кесімді-сыйақылы жүйеде жұмысшы жалақысын тікелей кесімді баға және қосымша сыйақыны алады. Бірақ бұл үшін сыйақы берілетін көрсеткіштер нақты көрсетілуі керек, олар әрбір атқарушыға белгілі болуы шарт. Жұмысқа қайта алынған адамдар осы туралы хабардар болуын қадағалау керек. Және де жұмысты орындағаны және асырып орындағаны үшін сыйақы көлемі белгіленуі керек. Бұлар еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуі; өндіріс көлемінің ұлғаюы;техникалық дәлелденген жұмыстар нормасын орындау және нормаланған еңбек сыйымдылығының төмендеуі; өндірістік тапсырмаларды орындау; ахуалды болдырмау; стандарттарды, нормативті-техникалық құжатамаларды қолдану; шикізатты, материалдарды, аспаптарды және тағы басқа материалдық құндылықтарды үнемдеу .

     Көрсеткіштер санын  жоғарлатуға болады, сол немесе басқа көреткішті қолдану нақты өндірістік жағдаймен анықталады. Мысалы, кәсіпорынның тасмалдаушыларға байланысты рекламация көлемі өсіп кетті немесе кәсіпорын сапасына байланысты талаптары жоғары сыртқы рынокқа өз өнімінен шығуға тырысады. Әрине, бұл жағдайда өнімнің сапасына талаптар орындау сапасы жоғарлайды және бұл проблеманы шешуге көрсеткіштер тізімде өз септігін тигізу керек. Бірақ бұл көрсеткіштің тізімі бес-жеті көрсеткіштен көп болмауы керек, себебі олардың көп болуы жұмысшылар есінде сақталып қалмайды.

    Жанама-кесімді жүйеде  жұмысшының жалақысы кесімді  жұмысшылар еңбек көрсететін  еңбек нәтижесіне тікелей байланысты. Бұл жүйе негізгі емес, көмекші  жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу  үшін қолданылады.

    Жанама-кесімді баға  Зк жұмысшыларға қызмет көрсету нормасы арқылы формуламен есептелінеді:                                                                                                                                                                                                                                                                          

 

                                                   Зк = Зч / Вчр  ;                                           (2)

 

мұнда, Зч - қызмет көрсетілетін жұмысшының сағаттық тарифтік стафкасы;

           Вч - өнімнің данасына байланысты қызмет көрсеттін жұмысшының сағаттық өнім шығару нормасы;

           Р  - қызмет көрсететін жұмысшылар саны қызмет көрсету нормасы.

Жалпы табыс көмекші жұмысшы  ставкасын қызмет көрсететін кесімді  жұмысшылардың қызмет көрсету нормасының орташа пайызына көбейту  арқылы немесе жанама кесімді бағаны қызмет көрсетілетін жұмысшылардың нақты өнім көлеміне көбейту арқылы есептелінеді:

 

                                   Зжал = Зч х Фкөм Y / 100  ;                          (3)

 

мұнда, Зжал – жұмыстың жалпы жалақысы, теңге;

          Зч - көмекші жұмысшының жалпы тарифтік ставкасы;

          Фкөм – берілген көмекші жұмышының нақты істелінген адам-сағат саны;

           Y –  берілген жұмысшының қызмет көрсетуінің  нормасын атқарудың орташа проценті;

 

                                     Зжал = Σ Зkj х Вфj  ;                                (4)

 

мұнда, Зкj – j-қызмет көрсететін жұмысшының өнімнің бір данасына жанама кесімді баға, теңге;

          Вфj – j-қызмет көрсетеін жұмысшының өлшеу бірлігіне сәйкес берілген кезеңде өндірілген өнімінің нақты көлемі.

     Аккоррдтық кесімді  еңбек ақыда қолданылып жүрген уақыт нормасы мен бағалау негізінде баға жұмыстың барлық көлеміне белгіленеді (жеке операцияға емес). Еңбек ақының бұл жүйесінде жұмысшыларғы жұмысты атқару уақытын азайтқаны үшін сыйақы беріледі, ал бұл болса еңбек өнімділігінің өсуін күшті ынталандырады.

     Кесімді прогрессивті  жүйеде жұмысшының еңбегі тікелей  тікелей кесімді баға арқылы  атқару нормасы шегінде төленеді, ал норманы асыра орындағанда жоғарлатылған бағаме.

     Кесімді прогрессивті  жұмысшының жалақысы Зсп қабылданған  прогрессивті төлеу жүйеге байланысты (барлық жұмыс көлемі немесе  оның бір бөлігін асыра орындау)  келесі формуламен анықталады.

          

                               Зсп = Pтс+[ Зтс (jн-jбаз)gпр]/jн      ;                  (5)

 

                               Зсп= Зтстп  (g'пр-1)jn ;                                  (6)

 

мұндағы Зтс – тікелей кесімді бағамен есептелген жұмысшының негізгі жалақысы;                   

Зтп – жұмыстың бір бөлігіне тікелей кесімді бағамен есептелген кесімді-  жұмысшының кесімді жалақысының сомасы.

              Jn – жұмысшылардың норманы орындауы, %;                                                                     

              jбаз – норманың базалық деңгейі, бұдан жоғары болған сайын жоғарлатылған бағамен төленеді, %;

             qпр – белгіленген нормадан асыра орындағанын көрсететін коэффициент;

             q'пр  - прогрессивті кесімді бағаның қатынасын көрсететін коэффициент;

     Кесімді прогрессивті  еңбек ақыны төлеуді қолданғанда  айрықша назарды бастапқы нормативтік  базаны анықтауға бағаларды көтерідің  тиімді шкаласын жасауға, өнім  өндіруді есептеу мен нақты  кеткен уақытты анықтауға аударған  дұрыс.

     Еңбек ақының кесімдік формасы нақты бір жұмысшыға, керек десе ұжымға қолданылуы мүмкін.

     Еңбек ақының подрядтық  формасы кеңінен қолдануда. Оның  мәні шарт жасауда, бір жағы  белгілі бір жұмысты орындауға  міндеттелсе, подряд алып, ал екінші  жағы, яғни тапсырыс беруші, жұмысты біткен кезде төлейтіндігіне міндеттеледі. Бригададағы жұмысшылардың жалақысы Збр бір өнімді өндіруге Зсдбр бригаданың кесімді бағасы нақты орындалған жұмыс көлеміне көбейту арқылы есептеледі Вфактбр:

                                       Збр = Зсдбр х Зфактбр;                              (7)

 

Егер бригада әртүрлі жұмыстар атқарса және олра әртүрлі бағалармен өлшенсе, онда бригадының жалпы жалақы формула арқылы есептелінеді:

                                     Збр= Σ Зсдбрi х Вфактбрi    ;                      (8)

    Мұндағы шартты белгілер  алдыңғы формуладағыдай, і-индексі  нақты жұмыс түрін және бағаны  көрсетеді.

    Мерзімді жалақыда жұмысшы  атқарылған уақыт көлеміне байланысты  ақша алады, бірақ еңбек қарапайым  және күрделі болуына байланысты еңбекті мөлшерлеу керек, бұл тарифтік жүйенің көмегімен іске асырылады. Тарифтік жүйенің құрама элементтері болып табылады:

- тарифтік ставка уақыт бірлігіне байланысты әртүрлі топтағы және  категориядағы жұмысшылардың еңбек ақысының көлемі. Бастапқысы болып минималды тарифтік ставка есептелінеді, немесе бірінші разрядтық тарифтік ставкасы. Ол неғұрлым қарапайым еңбектің ақысын анықтайды. Тарифтік ставкалар сағаттық, күндік болуы мүмкін.

- Тарифтік торлар біліктілік деңгейіне байланысты еңбек ақы қатынасына белгілеу мүмкін үшін қолданылады. Бұл тарифтік разрядтардың жиынтығы және соларға сәйкес тарифтік коэффициенттер.Тарифтік коэффициент ең төменгі разрядқа бірге тең. Келесі разрядтағы тарифтік коэффициенттер бірінші разрядқа қарағанда қаншама жоғары екендігін көрсетеді.

    Мерзімді жалақының екі  жолы бар: қарапайым мерзімді  және сыйақылы мерзімді.

    Жұмысшының жалақысы  қарапайым мерзімді жүйеде Зп  берілген разрядтағы жұмысшының  тарифтік ставкасының сағаттық (күндік) көрсеткіші ретінде көрсетілеуі:

                                   Зп= Зм/t'ж х tж    ;                                      (9)

мұнда, Зм – жұмысшының айлық мерзімдік жалақысы, теңге;

           tж – берілген айда график бойынша жұмысшылар сағаттар саны;

           t'ж – жұмысшы нақты жұмсаған сағаттар саны

     Басшылар, мамандар және  қызметкерлер үшін қызметтік  оклад жүйесі қолданылады. Қызметтік  оклад - атқарып отырған қызметіне  байланысты белгіленген жалақының  абсолютті көлемі.

     Жалақыны тариф және  оклад бойнша төлеу жағдайында ұжымдағы кейбір жұмысшылардың немесе бүкіл ұжымның арасындағы қайшылықтарды жеңу оңай емес. Еңбекті ұйымдастыру мен ынталандырудың жетілдірілген вариянты ретінде тарифсіз жүйесін қарастырайық. Бұл жүйе рынокқа өту жағдайындағы кәсіпорында кеңінен қолданылады. Берілген жүйеде кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы директордан бастап  жұмысшыға дейін еңбек ақы корындағы жұмысшының немесе кәсіпорын немесе бөлімшенің үлесі  ретінде  көрінеді. Бұл жағдайда әрбір жұмысшы жалақысының нақты шамасы кейбір факторларға байланысты:

  • жұмысшының біліктілік деңгейіне;

- еңбекке қатысу коэфиценті (КТУ);

- нақты кеткен уақыт;

     Жұмысшының біліктілік  деңгейі еңбек ұжымының барлық  мүшелеріне белгіленеді және  жұмысшының жалақысының нақты  бөлудегі бір бөлігі ретінде анықталады.

     Содан кейін кәсіпорынның  барлық жұмысшылары он біліктілік  топтарына бөлінеді, жұмысшының  біліктілік деңгейіне және әртүрлі  кәсіптегі жұмысшылардың біліктілік талаптарына байланысты.

     Біліктілік деңгейі  жүйесі тарифтік разрядтың жүйесіне қарағанда біліктілік еңбекке ынталандыруда көбірек мүмкіндік жасайды.

     Жұмысшының біліктілік  деңгейі оның еңбекке қызмет  барысында көтерілуі мүмкін. Мамандарды  сәйкес біліктілік топқа қосу  сұрағын еңбек ұжымының кеңесі  шешеді.

     КТУ кәсіпорын жұмысшыларның барлығына белгіленеді, директорды қоса алғанда және еңбек ұжымы кеңесіне бекітіледі.

     Тарифсіз жүйедегі  еңбек ақы есептеу былай есептелінеді:

- әрбір жұмысшының балының көлемі (бөлімше, цех, бригада) Мі:

                               Mi = K x N x КТУ   ;                               (10)

мұнда К – біліктілік деңгейі;

          N –  атқарылған адам-сағат саны

Информация о работе Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу