Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2014 в 12:22, курсовая работа

Краткое описание

Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік 10-дығына кіреді), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады

Содержание

Кіріспе………………………………………………….....……...............................3 бет
І. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі ..................6 бет
1.1.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері....................................................................………............................11 бет
2. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі.............................................25 бет
2.1.Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік есебі...................................................20 бет
2.2.Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі.................................................22 бет
3. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары .........7 бет
Қорытынды…................……………………………………………....................24 бет
Пайдаланылған әдебиеттер............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аш реферат.doc

— 136.00 Кб (Скачать документ)

Жоғары маманданған бақша шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған. Ал жеміс-жидек шаруашылығы табиғат жағдайлары колайлы және көлік түрлерімен жақсы қамтамасыз етілген жоғары маманданған арнаулы аудандар құрайды. Бақша сияқты бұл да көп еңбекті қажет етеді. Субтропиктік (жерортатеңіздік) және тропиктік белдеулерде көбірек таралған. Жылдық өнімділігі 430 млн т, оның 2/5-сін Азия елдері жинайды. Жеміс-жидекті көп өндіретін елдер қатарына Қытай, Үндістан, Бразилия, АҚШ, Италия жатады. Жүзім өсіру Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде ерекше дамыған. Жүзім жинаудан Италия, Франция, Испания және АҚШ көзге түседі. Цитрус өсіру де АҚШ, Бразилия, Испания, Италия, Қытай мен Жапония сияқты субтропиктерде орналасқан елдерге тән. Банан — азиялық жеміс, бірақ қазір тек Азияда ғана емес, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка елдерінде де көптеп өсіріледі. Жетекші елдерге Үндістан, Эквадор, Бразилия, Филиппин және Мексика жатады. Соңғы жылдары гүл өсіруге маманданған шаруашылықтар жаппай белең алуда.

 

2.2. Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі

 

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет,т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларынасиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.

Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі — ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі.

Қазақстанда 19 ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар: Жер аумағының 70%-ға жуығын (182 млн. га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты; айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп-өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн, теріден киім-кешек, көшпелі баспана —киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен өндірісті жоспарлы түрде дамыту, жаңа жерлерді игеру және отырықшылық өмір салтының берік орнығуы Мал шаруашылығының жаңа бағыттары — сүтті және етті ірі қара шаруашылығын, биязы және биязылау жүнді мал шаруашылықтарын, қаракөл қойы шаруашылығын өркендетуге кең жол ашты. 1934 — 90 жылы аралығында ұжымдық және кеңестік шаруашылықтар жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы . Ел экономикасының тұрақталуына байланысты, 2000 жылдан бастап Мал шаруашылығында оңды өзгерістер орын ала бастады. 1999 — 2000 жылдармен салыстырғанда (3-кесте), 2004 жылы сиыр 24,0 — 22,7%-ға, оның ішінде аналық сиырлар 16,0 — 15,4%-ға, мал мен ешкі 16,0 — 15,4%-ға, жылқы 5,4 — 7,2%-ға, түйе 18,0 — 17,6%-ға көбейді. Бұл ретте ірі қарамен (сиыр, жылқы, түйе) салыстырғанда, уақ малдар саны (қой, ешкі) 20 ғасырдың 90-жылдарының басында тез кеміген болса, ал қазір қарқындырақ артып отырғандығы байқалады. Бірінші жағдай реформаның алғашқы жылдарында уақ малдың баспа-бас есеп айыру құралы ретінде қолдануға тиімді болғандығымен, ал екінші жағдай олардың өсімталдық қасиеттерінің жоғарылығымен түсіндіріледі.

 

3. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары

Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлардың бухгалтерлік есебі мен бақылауын жетілдіру. Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаудың басты мақсаты - нақты экономикалық ортада бухгалтерлік есеп жүйесінің өзіне тиісті қызметтерін кезекпен, пайдалы, тиімді және ұтымды орындау үшін қолайлы жағдай жасаудан тұрады. Ол үшін қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесінің әлемде жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп жүргізу көзқарастарына қарама қайшы болмауын қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті реформалау мақсаттары келесіден тұрады :

- пайдаланушыларды пайдалы ақпаратпен  қамтамасыз ететін есеп пен  есептіліктің стандарттар жүйесін  құру;

- Қазақсатандағы бухгалтерлік  есепті халықаралық деңгейдегі  стандарттар үйлесімінің негізгі тенденцияларымен байланысын қамтамасыз ету;

- Бухгалтерлік есептің реформаланған  моделін енгізуде ұйымдарға әдістемелік  көмек көрсету.

Қазіргі таңдағы бухгалтерлік есеп жүйесінің ХҚЕС және ҚЕҰС қолдануы жағдайында, ауыл шаруашылығы ұйымдары шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші кәсіпорындар ретінде есептіліктерін ҚЕҰС №1 –не сәйкес ұйымдастыруға құқылы. ҚЕҰС №1  сәйкес  қорлар келесідей жіктеледі:

  • қайта сату үшін сатып алынған және сақталудағы тауарлар;
  • қайта сатуға арналған мүліктер (жер, ғимарат, көлік құралдары);
  • өндірілген және сатуға арналған дайын өнім;
  • өнім өндіруге және өндірісті қамтамасыз ету үшін арналған шикізат пен материалдар;
  • аяқталмаған өндіріс;
  • өзге де көмекші қорлар.

Біздің ойымызша бұл анықтама – ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін  ескермеген. Бұл нормативті құжатқа сәйкес, ұйым ішінде өндірілетін қорлардың көп бөлігі (жем-шөп және өз өндірісіндегі тұқымдық материалдар, табиғи тыңайтқыштар) материалдық өндірістік қорлар қорлар құрамына кірмей қалады, себебі бұл нормативті құжатта дайын өнімді пайдаланудың бір ғана бағыты көрсетілген – ол өнімді сату.

Есепті жетілдіру бағыттарының бірі болып оны компьютерлік жүйелерді пайдаланудың көмегімен тиімді жүргізу. Басқару тиімділігін көтеру үшін материалдық ресурстарды басқаруды жетілдіру қажет. Тәжірибе көрсеткендей шамадан тыс қорларды ең төменгі қысқартудың өзі біршама қаржылық ресурстарды босатуға және тұрақты пайда алуға мүмкіндік береді.                Бірақ өнім шығарудың үлкен номенклатурасымен, көп мөлшерде әртүрлі шикізаттарды пайдалану қажет болған жағдайда, қорлар деңгейін тиімді мөлшерде жасауға қатысты мақсаттарды шешу қиындайды. Бұл жерде материалдық ресурстар қозғалысының нақты және жедел есебін жолға қоюға мүмкінідік беретін компьютерлік жүйелер көп көмек береді.Қазіргі кезде материалдық қорлар бойынша есеп, басқару және бақылау жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік беретін көптеген компьютерлік бағдарламалар жасалған. Мысалы өндірістегі материалдар есебін ұйымдастыру бойынша олар лимитті-жинақтама карталарын, қорлар қозғалысы бойынша құжаттарды, есептен шығару актілерін, өндірістік есептерді құруға мүмкіндік береді. Бұл жүйелерде өндіріске қорларды жіберуде сандық және құндық мөлшерлерді бақылау жүзеге асырылған. Мөлшерлеме өндіріске материалдарды жіберуге негіз болып табылатын құжат лимитті-жинақтама картаны рәсімдеу кезінде енгізіледі. Мөлшерден тыс жіберетін жағдайда өндіріске жіберу жүкқұжатында тиісті рұқсаттың деркетемелері келтіріледі. Мөлшерлерді бақылау белгілі көрсеткіштермен реттеледі. Пайдаланушы өндіріске мөлшерден тыс қорларды жіберу бойынша ведомостарды және мөлшерлеменің қалдықтары (артық жұмсалуы) бойынша есептерді қалыптастыруы мүмкін. Сонымен қатар бір материалдардың жетіспеушілігі жағдайында, оларды басқа бір түрімен алмастыру мүмкіндіктері ұсынылады.             Дайын өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттардың нормативті және нақты шығындары туралы есептілікте материалдарды есептен шығарудың әртүрлі нұсқалары есепке алынады. Материалдық шығындар есебі дайын өнім түрлері бойынша жүргізіледі. Бұндай жүйе түрлері саладағы кәсіпорындарда пайдалануы және олардың ерекшеліктеріне қарай жасақталуы мүмкін.

Қазіргі таңда «1С» фирмасымен «Бухгалтерлік есеп. Ауыл шаруашылық кәсіпорын» бағдарламасы жасалған. Бұл жерде жем, отын, тыңайтқыштар есебі үшін арнайы анықтама пайдаланылады. Натуралды көрсеткіштерді есепке алу үшін үш өлшем бірлігі қарастырылған. Сонымен қатар бағдарламада арнайы ауыл шаруашылық есептіліктері бар - «Жемдер шығысы», «Малдар қозғалысы» және басқалар. Қазіргі уақытта материалдық қорлар есебін жеңілдетудің бір мысалы, жемдер сапасының есебі сияқты арнайы мақсаттарды орындайтын қажетті кез келген бағдарламалық өнімді алуға болады. Шаруашылықтардың көпшілігінде техникалық база (компьтерлер) бар, олар толық пайдаланылмайды. Бұл жердегі жалғыз проблема - есепті компьютерлендірудің маңызын түсіну және персоналдарды оқыту.

Қорлар есебін ұйымдастыруда шаруашылықтың еңбек құралдары болып табылатын шаруашылық құралдарының есебі ерекше маңызға ие. Активтердің бұл түрі пайдалану мерзіміне байланысты екіге бөлінген - бір бөлігі негізгі құралдар құрамына кіруі тиіс, ал екіншісі өндірістік қорлар құрамына кіреді. Қандай құралдарды қай шоттарда есепке алу керек екендігі туралы шешімді, ұйым қызметінің сипаты мен шарттарына байланысты, ұйым басшысы қабылдайды. Бұл шешім ұйымның есеп саясатында бекітіледі.

 

 

 

Қорытынды

       Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру бойынша жүргізілген зерттеулер бірқатар қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.

 Есеп пен бақылаудың теориялық  негіздерін кешенді зерттеп, біз  олардың басқарудың дербес қызметі  ретіндегі маңызын анықтадық. Бухгалтерлік  есеп басқарудың барлық кезеңіне  тән, ол басқарудың әрбір кезеңін  ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз  ету қызметін орындайды; шаруашылық қызмет пен басқару шешімдерін қабылдайтын адамдар арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарады. Бірақ, бухгалтерлік есеп сияқты осындай күрделі жүйе өзінің ақпараттық қызметін орындау үшін, есепті ұйымдастыруға өзгерістер енгізіп отыру қажет. Есептің ұйымдастыру аспектісі көпшілігінде дұрыс бағаланбайды, соның нәтижесінде ақпарат жүйесі мен басқару жүйесі арасында қарама-қайшылық пайда болады. Кәсіпорынды басқарудағы бақылаудың дербес мағынасын айқындап, біз оның негізігі үш қырын анықтадық: пәні мен әдісінің ерекшелігі және объектіге алдын-ала әсер ету мүмкіндігі. Бірақ оған қарамастан, есеп пен бақылау бір бірінсіз мүмкін болмайтындай тығыз байланыста.

 Бухгалтерлік есеп бойынша  нормативті құжаттарда өндірістік  қорлар түсінігінің болмауы, оларды анықтау қажеттілігіне алып келді. Өндірістік қорлар (материалдар) – белгілі бір кезең барысында ұйымның жарғылық құжаттарымен бекітілген қызметін жүзеге асыру үшін өндіріс процесінде, басқару мақсатында және басқа да қажеттіліктер  үшін пайдаланылатын сатып алынған, өндірілген, басқа да көздерден алынған, экономикалық субъектінің меншігі болып табылатын, ұйымның бухгалтерлік балансының активінде көрініс табатын материалдық құралдар мен еңбек заттары. Бұл анықтамада, біз қорлардың экономикалық және бухгалтерлік мазмұнын біріктіруге тырыстық. Қорлардың экономикалық мазмұны олардың еңбек заттарымен қатар еңбек құралдарынан да тұратынында (еңбек құралдары бұл жағдайда өздерінің құнын дайын өнімге бірте-бірте аудару ерекшелігін жоғалтады). Бухгалтерлік мазмұны мүліктік иелік қағидасына басымдылық берумен сипатталады.

 Есептің әдістемесін зерттеу  барысында материалдық-өндірістік  қорлар есебінің алдына көздеген  мақсаттарына байланысты әртүрлі  міндеттер қойылатыны анықталды. Яғни, мақсаттар, әдетте, тек қана бір ғана бағытқа ие болады, мысалы есепті автоматтандыруға, қорлардың пайдаланылуын бақылауға және т.б. Ал басқа мақсаттар екінші кезекті болып, сұраусыз қалады. Осыны болдырмау үшін және барлық мақсаттардың бірдей маңыздылығын анықтау үшін, бірдей маңызды және өзара байланысты мақсаттар жүйесі жасалды.

Бухгалтерлік есепті реформалау бағдарламасына сәйкес жаңа нормативті құжаттарға сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Бірақ, ауыл шаруашылық ұйымдарының тәжірибесінде халықаралық есеп қағидаларын қолдану үшін, көпшілігінде есеп процесін техникалық жабдықтандыру жетіспейді. Шаруашылықтар үшін инфляция жағдайында қорларды бағалаудың орташа құн әдісін пайдалану тиімді деп анықталды. Бірақ, әлемдік тәжірибеде кең таралған қорларды бағалау әдістерін қолдану үшін қорларды партиямен есепке алуды ұйымдастыру қажет, ал ауыл шаруашылық ұйымдарында бұл қаржылық және субъективті себептерге байланысты үнемі мүмкін болмайды.

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нажикбаева К.К «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2013.

Дорошева Г. Лизинг // Бухучет на практике, 6 (19), июнь 2005 г. с. 2-30

Кондратова И.Г. Основы управленческого учета. Москва: Финансы и статистика, 2001г.-160с.

Торшаева Ш.М. Принципы бухгалтерского учета: учебное пособие. Караганды: 2006 г. 300 с.

Радостовец В.К. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: ЦентрАудитКазахстан, 2002.-728с.

Радостовец В.К. Финансовый и управленческий учет на предприятии. Алматы: ЦентрАудитКазахстан,1997.-576с.

Национальный стандарт финансовой отчетности 2 от 21 июня 2007 года 217

Типовой план счетов бухгалтерского учета. Утвержден 23.05.07 185

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары