Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2014 в 12:22, курсовая работа
Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік 10-дығына кіреді), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады
Кіріспе………………………………………………….....……...............................3 бет
І. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі ..................6 бет
1.1.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері....................................................................………............................11 бет
2. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі.............................................25 бет
2.1.Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік есебі...................................................20 бет
2.2.Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі.................................................22 бет
3. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары .........7 бет
Қорытынды…................……………………………………………....................24 бет
Пайдаланылған әдебиеттер............................................
Жоспар:
Кіріспе…………………………………………………....
І. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі ..................6 бет
1.1.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру принциптері...................
2. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік
есебі.........................
2.1.Өсімдік шаруашылығы
2.2.Мал шаруашылығының
3. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары .........7 бет
Қорытынды…................…………
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының
маңызды салаларының бірі болып табылады.
Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі
жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің
экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық
факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан
көріне бермек.Республиканың экономикалық
дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола
отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы
мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның
әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің
барлық мәдениетінің дамуына және мал
шаруашылығының дамуына әсер етеді.Қазақстан
Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы
болып табылады (экспортшылардың әлемдік
10-дығына кіреді), елдің ауылшаруашылық
өнімдерінің жалпы экспортында мақта
(15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.Республикадағы
ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы
222,6 млн. га құрайды, оның ішінде 24 млн.га
егістік (10,8%), 5 млн. га шабындық жер (2,2%),
жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр.
Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін
халықтың саны 7,3 млн адам немесе елдегі
жалпы халық санының 47,2% құрайды.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында
соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстарымен
бекітілген агроөнеркәсіптік кешені мен
ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік
және салалық бағдарламалар қабылданған.Ауыл
шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі
салаларының бірі болып табылады. Оның
басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне,
ал өндірістің шикізатқа деген талабын
толық қанағаттандыру үшін өсімдік шаруашылығы
мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің
жылдық көлемін арттыру болып табылады.
Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан
және халық шаруашылдығының басқа салаларынан
оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері
бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің
де ерекшеліктері бар. Олар өндірістің
және меншіктің әр түрінің: мемлекеттік,
ұжымдық, жеке, акционерлік және басқаларының
ерекшеліктерінен туындайды.Бухгалтерлік
есеп әр ұйым мен әр кәсіпорында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік
есеп талаптарын қанағаттандырады. Осының
арқасында кәсіпорындар мен ұйымдар барлық
тұтынушылар үшін еркін қызмет атқара
алады. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк
есеп және қаржылық есеп беру туралы
заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу
жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру
мен оның пайдалануын және есепке алудың
негiзгi принцптерi мен жалпы тіртiбiн, iшкi
бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды,
сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн
белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорын бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп берудi осы заңға сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
Кез келген ұйымда бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу экономикалық мәселелердiң негiзгi және басты қажеттiлiгi болып табылады. Бухгалтерлiк есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi есепке алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты етiп бөлiп жұмсауға, яғни кәсiпорындағы шаруашылық әдерiстердiң барлығын басынан соңына дейiн есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық әдерiстердiң, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы.
Кәсiпорындардағы бухгалтерлiк маманының қай-қайсының болмасын негiзгi кәсiби мiндетi бухгалтерлiк ақпаратты пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелген мәлiмет беру болып табылады. Бұл ақпараттың мәлiметтi бiрдей дәрежеде пайдаланатын екi тұтынушы болмағандықтан, жалпы сипаттағы қаржылық есептi құру кезiнде негiзгi қағидалар мен шектеулердi, усынылатын ақпарат көлемiн объективтi бағалау қажет. Бухгалтерлiк есептегi бұл жүйе адамдар арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.
1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі .
Бухгалтерлік есеп жүйесі — бухгалтерлік есеп элементтерінің (талаптарының, ережелерінің, объектілерінің, т.б.) және олардың арасындағы ақпараттық байланыстардың жиынтығы. Белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін жасалады. Бухгалтерлік есеп жүйесі есептің мақсаттары тұрғысынан үш түрге бөлінеді, олар:
Пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан қaржылық есеп (сыртқы пайдаланушылар үшін) және басқарушылық есеп (ішкі пайдаланушылар үшін) жүйелеріне бөлінеді. Халық шаруашылығы салалары түрғысынан осындай салалардың түрлері қанша болса, сонша есеп жүйесіне бөлінеді (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, туристік есеп, сауда, көлік есебі, т. б.). Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тұрғысынан орталықтандырылған жүйе (бүкіл ұйымға бір дербес теңгерім) және орталықтандырылмаған жүйе (бүкіл ұйымға бір теңгерім және оның белімшелеріне бөлек теңгерімдер) болып ажыратылады.
Бухгалтерлік есепте қолданылатын негізгі ауылшаруашылық түсініктердің анықтамалары. Ауылшаруашылық қызметі ауылшаруашылық өнімін сату, алу немесе қосымша биологиялық активтер өндіру мақсатында биологиялық активтерді био түрлендіруді басқару.Ауылшаруашылық өнімі кәсіпорынның биологиялық активтерінен жиналған өнім. Ауыл шаруашылығында негізгі құрал болып - жер саналады. Жер тауарға айналды, себебі бағасы берілді. 1996 жылы жер реформасы болды, онда жерді негізгі құралға жатқызды. Жер шабындық, жайылымдық, т.б. болып бөлінеді. Жерге арнайы құжаттар толтырылады: қабылдау актісі, бағасы, т.б. Ауыл шаруашылығы тірі организмдермен тікелей байланысты: өсімдіктер мен жануарлар. Олар еңбек құралы, әрі өндіріс б.т. Малға да, өсімдіктерге де кезінде күрделі қаржы жұмсап, керекті деңгейге жеткізу керек. Қолданылатын шығындар дақыл түріне, қолданылатын құралдарына қарай дұрыс бөлінуі тиіс. Алынатын өнім маусымдық сипатта болуы керек.
Ауыл шаруашылығында шығындарды жіктеуге тура келді: келесі жылға жарайтын, жарамайтын, т.б. Оларды аяқталмаған өндіріске жатқызамыз.
Әрбір ұйым, өздеріне тән ішкі және сыртқы байланыстары
бар көптеген құрамдас бөліктерден тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оларды зерттеу, басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық байланыстардың барлық жиынтығын қамтитын жүйелі көзқарасты талап етеді.
Басқарудың өзі шаруашылық есептің берілгендері негіз болатын бастапқы және ағымдағы ақпаратсыз мүмкін емес. Ол өндірісті басқару қажеттілігінен туындаған: шаруашылық процестерін басшылыққа алу барысында шаруашылық өмірдің нақты фактілерін біліп, оларды есепке алу қажет. Шаруашылық есеп басқару мақсатындағы қоғамдық қайта өндіріс процестерінің сандық көрсеткіштері мен сапалық сипаттамасы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарында өнеркәсіп ұйымдарымен салыстырғанда, айналым қорларының үлес салмағы көп. Бұл өндірістің, әртүрлі материалдық ресурстарды дайындау мен тұтынудың мезгілдігімен байланысты. Шаруашылықтағы қорлар мөлшері бірнеше факторларға байланысты: мамандануына, шоғырлануына, орналасуына, көлікпен қамтамасыз етілуіне және т.б. Қажеттілігіне байланысты олардың тиімді мөлшері мен өндіріске дер кезінде келіп түсуін қамтамасыз ету маңызды.
Материалдық қорлар біржолғы тұтыну қорларының сипатында (негізгі және көмекші материалдар, отын, ыдыс - өнімнің құрамдас бөлігі болғанда) және бірте-бірте тұтыну сипатында болуы мүмкін. Олардың құрамына негізінен еңбек заттары кіреді, бір бөлігін ғана еңбек құралдары құрайды деп тұжырымдауға болады
1.1.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
принциптері
Ауылшаруашылығы экономиканың бір саласы ретінде ерекше факторлардың әрекет етуін айқындайтын көптеген қасиеттермен сипатталады.
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің негізгі ерекшелігі - ең алдымен, оның өндіріс үрдісі тірі табиғатпен, жермен және тірі ағзалардың - еңбек заты ретінде әрекет ететін жануарлар мен өсімдіктердің қатысуында.
Нарық экономикасы жағдайында экономикалық субъектінің қызмет ету мақсаты пайда табу болып табылады. Сондықтан, басшылардың басқару қызметі, бір жағынан ұйымның тұрақты жағдайын қалыптастыру мен ұстап тұруға, екінші жағынан, өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, бағытталған. Осы екі бағыт та ұйымның материалдық өндірістік қорларымен тікелей байланысты.
Көптеген шаруашылықтарда бәсекелестікке, сату нарығын жоғалтуға, шаруашылық субъектілерінің және тұрғындардың сатып алу қабілетінің төмендігіне, өнімнің өзіндік құнының жоғарылығына, ауыл шаруашылық өнімінің дайын болу мерзімділігіне, өнімді тиеудің ырғақсыздығына байланысты айналым активтеріндегі үлкен үлестік салмаққа дайын өнім иеҚазіргі уақытта бұл өндірістің төмендеуінің, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендігінің және олардың банкроттығының негізгі себептерінің бірі.
Ауыл шаруашылығының әрбір өндірістік
саласында өндірілген өнімнің құнында
материалдық шығындар, үлкен үлестік салмаққа
ие.
Бухгалтерлік есеп әдісі және оның бақылау қызметі ретінде түгендеуге деген бұндай көзқарас оның жеделдігін арттырады. Перманентті түгендеу барысында анықталған қателіктерді ағымдағы есепте түзетуге болады, ал әдеттегідей жыл соңында өткізілетін кәдімгі түгендеуден бақылаудың жеделдігі жоғалады. Есепті кезеңнің басында жіберілген қателік байқалмайды, түзетілмейді, кейбір жағдайларда әр түрлі себептермен бірнеше рет қайталануы мүмкін, нәтижесінде жыл соңында дискретті түгендеумен анықталғанмен де көптеген салдарға әкелуі мүмкін.
2.Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі
2.1.Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік есебі
Өсімдік
шаруашылығының маңызды
салаларына дәнді дақылдар, техникалық және серг
Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.
Бидай — ең басты дақыл. Оның негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған.
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары (Н. И. Вавилов пен В. В. Вольский бойынша)
Орталықтар |
Басты мәдени дақылдар |
Үй жануарлары мен құстары |
Жерорта теңізі |
Арпа, зығыр, жүзім, |
Ешкі, қой, ірі қара |
Оңтүстік-Батыс Азия |
Бидай, карабидай, арпа, |
Ірі қара, жылқы, ешкі, |
Оңтүстік Азия |
Күріш, бидай, қант құрамы, |
Ірі қара (буйвол, зебу), |
Шығыс Азия |
Күріш, қытайбұршақ, |
Қодас, шошқа, |
Оңтүстік-Шығыс Азия |
Күріш, ямс, тары, |
Шошқа, тауық |
Эфиопия |
Бидай, арпа, сорго, |
Дромедар (бір өркешті түйе), |
Батыс Африка |
Күріш, тары, ямс, |
Шошқа |
Орталық Америка |
Жүгері, маниок, батат, |
Күркетауық, үй қояндары |
Анд тауы |
Жүгері, картоп, асбұршақ, |
Лама, альпака |
Қазір бидай адам тұрақты мекендейтін барлық материктерде өседі. Бидай солтүстік жарты шарда көп өсіріледі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды. Кесте мәліметтері негізгі бес дақылды (күріш, бидай, қарабидай, жүгері, арпа) жинау көрсеткіштері негізінде құрастырылған.
Күріш — тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері — Қытай. Бидай сияқты басқа жерлерге "қоныс аударған". Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі. Егістік аумағы бидаймен салыстырғанда екі есе аз болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия, Египет және т.б.) күріштен жылына екі рет өнім жиналадыЖүгері (маис)—Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі мен қатар орналасады. Тек дән үшін ғана емес, мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсіру соңғы кезде оның таралу аймағын кеңейтті. Басты өндіруші елдер — АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері белдеуі. Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы ретінде, ал дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі.
Өндірілетін астықтың дүниежүзілік нарыққа 10—15%-ы шығарылады. Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия, Аргентина жатады. Азық-түліктік астық өз астығы жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты елдерге, мал азықтық дақылдар Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне және Ресейге жіберіледі. ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта қалуына байланысты дәнді дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30—40 млн т астық сатып алуға мәжбүр. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанда ілгерілеу байқалады. Соңғы жылдары Қазақстан астықты сыртқа шығаратын елдер қатарына қосылды. Мысалы, 2009 жылы ұн сатудан ТМД елдерінде бірінші орынға шықты.
Өсімдік шаруашылығының маңызды саласының бірі — техникалық дақылдар. Олар әр түрлі өндіріс салаларына шикізат ретінде өсіріледі. Аса маңызды техникалық дақылдарға майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты, крахмалды, сергітпе және дәм-татымдық дақылдар жатады. Олардың өзі азық-түліктік маңызы
Информация о работе Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары